Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасы



бет7/12
Дата22.04.2023
өлшемі276,35 Kb.
#175184
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дене тәрбиесі құралдары және пайдалануы
KineticsBookstaver
Сумен шынығу
Су процедурасы-бұл шынығудың ең тиімді құралы. Ауаға қарағанда судың жылу өткізгіштігі 28 есе жоғары. Сондықтан терінің беті сумен жаңасқанда ағзаға ауамен шынығудағыға қарағанда неғұрлым терең өзгерістер болады. Осыған байланысты сумен шынығуды өте абайлап жүргізу керек. Суда ұзақ болу қан тамырларында іркілу құбылыстарын туғызып, терінің көгеруіне, оның аса салқындауына себепші болуы мүмкін. Сондықтан сумен шынығу оның температурасын біртіндеп төмендетіп және су процедурасының ұзақтығын біртіндеп арттырып отырғанда ғана тиімді болады.
Сумен шынығуды жылдың жылы мезгілінде бастау керек. Алғашында судың температурасы +32-34°С кем болмауы тиіс. Әр апта сайын температураны 1°С төмендете келе, оны біртіндеп +18°С дейін жеткізу ұсынылады.
Сумен шынығудың денені ішінара және жалпы шынықтыру деген түрлері бар. Денені ішінара шынықтыру дегеніміз-бұл аяқ ваннасын қабылдау, жуыну, ішінара сумен сүртіну. Денені сумен жалпы шынықтырудың үш түрі бар: сүртіну, су құйыну және шомылу.
Денені сумен сүртінуді гупкамен немесе салфеткамен мынадай тәртіппен жүргізеді: алдымен қол иықты (саусақтардан иыққа қарай), одан соң мойынды, кеудені, ішті, арқаны, бөксені, аяқты (табаннан санға қарай) сүртеді. Дененің әр бөлігін оның терісі қызарғанша сүрту керек. Одан соң денені құрғақ түкті сүлгімен барынша ысқылайды.
Су құйынуды душ астында немесе су сепкіштің жәрдемімен жүргізеді. Басқа су құюдың керегі жоқ. Бүкіл процесс жарты минуттан аспайды, одан соң денені терісі қызарғанша құрғақ сүлгімен қызу ысқылау керек. Процедура өткен соң дене қалтырай бастаса оны тоқтату немесе температурасы біраз жоғары суды пайдалану керек.
Суға шомылу-ең жақсы шынығу құралы болып табылады. Шынығуды ауаңың температурасы +25°С және судың темпертурасы +20°С төмен болмайтын желсіз ауа райыңда бастау керек. Алғашқы екі шомылу уақыты өте қысқа, яғни 2-3 минуттан аспауы тиіс, бұдан соң олардың ұзақтығын біртіндеп 20-25 минутқа дейін арттыруға болады. Шомылуды шынығудың басқа түрлерімен ұштастыру керек. Әдетте күнге қыздырылғаннан кейін шомылып шынығады.
Сумен шынығудың негізгі ем шараларына жататындар: ысқылау, суық су құю, монша, душ қабылдау, әуізге түсу, қыста суға шомылу. Жалпы шынықтыратын суық су ем шаралары тұтас ағза төзімділгін арттырады. Суық су организмге жағымды әсер етеді. Оның түрлі тұмау ауруларына төзімділігін арттырады. Суды қабылдаудың ережесі: жылыдан суыққа біртіндеп көтеру, 300С жылылықтан 10С салқындыққа жеткізу. Мақсат. Ағзаның қысқы суыққа төзімділігін арттыру. Су қабылдау тәсілдері:
1. Классикалық тәсіл температурасы 30-310С суды, 100С жылылққа дейін қабылдау.
2. Баяу салқындату. Оған душ суларын қабылдау.
3. Сумен ауаны алмастыра қабылдау.
4. Ыстық сумен суық суды алмастыра қабылдау.
Тәсілдерді қабылдаудың мақсаты: сыртқы ортаның кез-келген ыстық, суық факторларына кнеттен пайда болған жағдайға ағза төзімділігін арттыру және дайындау.
Сумен шынығу ережелері:
1. Ағзаның суға төзімділігін арттыру үшін судың температурасын біртіндеп төмендетеді.
2. Ауруға тез шалдығатын дене бөлімінің суыққа төзімділігін арттыру.
3. Теріні тітіркендіру.
4. Жұтқыншақты үнемі шынықтыру.
Шынықтыру әдістері:
1. Ұйықтар алдында аяқ мүшесінің жуу ережесі. Алғашқы судың жылылығы +27-280С болу керек. Күнделікті төмендете отырып +100С-қа жеткізу.
2. Аяқты контрактілі сумен булау. Бір ыдысқа 38-400С ыстық су, 2-шы ыдысқа 10-50С салқын су құйылады.
Ем шара тәсілі: 1-2 мен ыстық су, 12-15 сек салқын су. Осылай 4-5 рет қайталау біртіндеп 8-10 ретке жеткізу. Шынығу ұйықтар алдынан 1 сағ бұрын жасалынады.
Мақсат: аяқтағы әсерден байланысты суығын алу суық сумен алмастыра суыққа төімділігін арттыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет