Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасы


Дене шынықтыру табиғи құралдарды пайдалану



бет5/12
Дата22.04.2023
өлшемі276,35 Kb.
#175184
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дене тәрбиесі құралдары және пайдалануы
KineticsBookstaver
2. Дене шынықтыру табиғи құралдарды пайдалану
2.1 Табиғаттың емдік күштері
Шынығудың маңызы және оның табиғи факторлары. Шынығу дегеніміз-бұл жылу реттеуші механизмдерді жаттықтыру және жетілдіру, яғни ағзаның температураны ауытқуы мен басқа да өзгеріп отыратын климаттың факторларға тез бейімделу қабілетін арттыру, мұның өзі қолайсыз метеорологиялық жағдайларға төзімділікті қалыптастырады. Сонымен бірге ол дене тәрбиесінің құрамды бөлігі және балаларды салқын тию ауруларынан сақтандыратын кең таралған сауықтыру шарасы болып табылады.
Табиғи факторлар-ауа, күн және су ең жақсы және барлық жерде қолайлы шынықтыру құралдары болып табылады. Теріге әсер ете отырып, олар тамырды кеңейту-тарылту рефлекстерін жаттықтырады, оларды жеделдетеді және қоршаған ортаның нақты жағдайларына ұқсастың дәрежесін арттырады. Шынығу барлық мүшелер жүйесінің жұмысын жандандырады, балалардың өсіп, жетілуіне, жас ағзаның жұқпалы және салқын тию ауруларына қарсы төтеп беру қабілеттілігіне қолайлы әсер етеді. Шыныққан балалар әдетте жарқын жүзді, төбеті жақсы болып, жұмысқа ынталана кіріседі.
Ағзаға ауаның әсер етуі щынығудың ең қолайлы әрі жайлы құралы болып табылады, оны жылдың барлық мезгілінде қолдануға болады. Ауа қозғалысының арқасында баланың терісі белгілі дәрежеде салқындайды. Қоршаған орта температурасының мұндай кезектесе ауытқып отыруы қан тамырларын рефлекторлы жолмен бірде тарылтады, бірде кеңейтеді. Ауамен шынығуды терезелері айқара ашылған, температурасы +18°С бөлмеде жүргізуге болады, бұл температура біртіндеп әр аптада 1-2°-қа кемітіледі. +12-14°С температурада ауа ваннасын шыныққан балалар ғана қабылдай алады. Алғашқы ауа ваннасының ұзақтығы 15 минуттан аспауы тиіс, одан соң оның ұзақтығын күн сайын 2-3 минутқа арттырады. Күзгі, қысқы уаұқытта сондай-ақ, жауын-шашында ауа райында ауа ваннасын бөлмеде, ал көқтем мен жаздағы ашық ауа райында тек сыртта қабылдау керек. Ауа процедураларын қимылды ойындармен және гимнастикалық жаттығулармен ұштастыру тиімді.
Балалардың таза ауада жүруінің жалпы ұзақтығы тәулігіне 3-4 сағаттан кем болмауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет