Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасы



бет8/12
Дата22.04.2023
өлшемі276,35 Kb.
#175184
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Дене тәрбиесі құралдары және пайдалануы
KineticsBookstaver
2.2 Гигиеналық факторлар
Жеке бас гигиенасы – әр адамның дене мүшелерін күтуде гигиеналық ережелерді орындауға бағытталған жұмыстар жиынтығы.

Жеке бас гигиенасының түрлері

1. Тері күту

2. Шаш, тырнақ күту

3. Ауыз қуысын күту
4.Мұрын қуысын күту
5. Киімдер мен аяқ киім күту т.б.
Тері күту. Тері адам денесінің сыртқы жамылғысы. Тері адам организмін сыртқы орта әсерінен, одан зақымданудан сақтайды. Теріде тер және май бездері болады. Олар ересек адамға қарағанда балаларда көп болады. Балалардың тершең болатындығы сондықтан. Тері бездері-алақанда, табанда, қолтықта көп. Үлкен адамға қарағанда бала терісі оңай жарақаттанады. Сондықтан да теріні әр түрлі тері ауруларынан сақтау қажет. Тері аурулары сау адамға ауру адамдардан, заттардан, кейде ауру жануарлардан жұғады. Олар: қотыр, сүйел, сыздауық, теміретке, т.б. Сондықтан да кейбір гигиеналық ережелерді сақтауқажет.
Есте сақтау ережесі!
Ауру адамдармен байланысудың қажеттілігі жоқ;

  • Басқа бір адамның шұлығын, баскиімін, аяқкиімін киюге болмайды.

  • Беторамалды, тері ысқышты, тарақты ортақ пайдалануға болмайды.

  • Иесі жоқ көшедегі мысықпен, итпен ойнауға болмайды.

Тері бүкіл дененің сыртын қаптайтын болғандықтан,тіпті зақымданбауы мүмкін емес. Дегенмен, теріні күту, сақтану ережелерін білгеннен кейін, оны сақтап, алдын алған дұрыс. Қажет болған жағдайда тері зақымданған кездегі алғашқы жәрдем жасауды ұмытпа.
Ал, теріні тек зақымданудан сақтау бұл жеткіліксіз, оны шынықтыру қажет. Ол үшін салқын сумен жуыну, салқын суға малынған сулы орамалмен сүртіну, күнге күю, шомылу, массаж жасау керек. Міне осы жұмыстар нәтижесінде терінің қан айналымы жақсарып, терінің сезімталдық қабілеті артады.
Теріге түскен лас, шаң, тер және май бездерінен бөлінген маймен қосылып, тері бетіндегі пораларды (тесіктерді) бітейді. Міне осының әсерінен терінің қызметі бұзылады. Лас тері әр түрлі ауру тудыратын микробтарды көп жинайды.
Негізінен аяқ, қол, бет, тері қыртыстарына, тырнақ астына - лас көп жиналады. Май бездерінен бала терісі жұмсақ болады, оны жарылудан, құрғап кетуден сақтайды. Бала өскен сайын май бездерінің саны азаяды. Бала терісінің тершең және майлы болуынан бала терісіне өте үлкен күтім керек.

  • Терінің микробтарды жою қабілеті анықталған, ал терінін бұл қабілеті балаларда өте жақсы жетілген. Бұл затты тек таза тері ғана бөледі. Таза теріге түскен микробтың 85 пайызы, ал ластеріге түскен микробтың 5 пайызы ғана өледі.

  • Терінің бұл қасиеті күзде, көктемде ерекше байқалады. Ал, қыста терінің бұл қасиеті төмендейді.

• Жуынуға бөлме температурасындағы суды пайдаланган жөн. Себебі, жылы су аяқ пен қолдың терісін нәзіктендіріп жібереді, ал төмен температурадағы су тері сезімталдығын арттырады.
• Әсіресе, теріні өтпелі кезенде дұрыс күту керек. Бұл кезде организмде гормоналдық өзгерістер жүргендіктен, тері қызметі бұзылады. Терінің өте майлы болуы безеудің пайда болуына алып келеді. Сондықтан да бетті жылы сумен бактерецидтік сабынмен жуып, күніне 1-2 рет арнайы сұйықтықтармен бетті сүрту керек. Бұдан басқа ащы, майлы, тұзды, тәтті тамақты көп жемей, оның орнына жеміс-жидекті көбірек пайдаланған дұрыс.
Шаш пен тырнақты күту. IIIаш - түктері жамылғасының бір бөлігі. Олар алақан мен табан және кілегейлі қабықшадан басқа, адамның денесінін барлық бөлігін жауып тұрады. Шаш пен түк терінің бетіне көлбеу орналасады. Әрбір шаш пен түктің түбірі мен өзегі болады. Түбір шаш қалтасында орналасады. Әр шаш қалтасына бір бұлшық ет талшығы жалғасады, оған май бездері нерв талшықтары және қан тамырлары жалғасқан, ол арқылы шаш қоректенеді. Май бездері шашқа серпімділік, жылтыр түс береді. Ал, бұлшық еттері адам шашын қозғайды. Адам қорыкқанда, қатты ренжігенде шаш тікірейіп тұрады оны "Шашым тік тұрды" дейді. Шаш үнемі өседі. Шаштың тіршілігінің ұзақтығы 2-4 жылдың арасы. Түскен шаштың орнына байқалмастан, жаңасы шығып отырады. Шаш айына 1 см-дей еседі, күніне 30-40 шаш түседі. Бүл қалыпты физиологиялық процесс. Дегенмен, шаштың шамадан көп түсуі адамның денсаулық жағдайына да байланысты болады.
Міне, осы жағдайларды білгеннен соң, шашты күту қажеттілігін анғарасыңдар.
Шаштың көп түсуі, не түсіп қалуы шашты дұрыс күтпеуден болады. Бұның негізгі себептері-шаштың қоректенуінің бұзылуы, жүйке жүйесінің жұқаруынан,темекі тарту, ауру, дәрі-дәрмекті шектен тыс пайдалану. Салқын күндерде баскиімсіз жүру, тар баскиім кию т.б. болады. Сонымен, шашты әдемі күйінде сақтау үшін оны жастайынан дұрыс күту қажет.
Шашты қалай күту керек?
Шашты майлығына байланысты жуып, сүлгімен жақсылап сүртіп, массаж жасап (маңдайдан желкеге қарай) кептірілген жөн. Егер шашыңызды жағдайы көңіліңізді толтырмай жүрсе, массажды күніне 2 рет, тамақтанып болғаннан соң 1-2 сағаттан кейін жасаған дұрыс. Өйткені бұл кезде қан құрамында қоректік заттар көп болады, шаш жақсы қоректенеді.
Күніне 2-3 рет тарақ пен не массаж шеткасымен шашты тараған пайдалы. Шашты дұрыс күте білсек, оны үстемелеп қоректендірудің қажеттілігі жоқ. *Адамның бойындағы ең жақсы қасиет- оның жеке басының ерекшелігі. Ал, шаш осы қасиетті сырттай бейнелейтін бір белгі екендігін жас кезіңнен есінде ұстаған дұрыс.
Тырнақ - тері түзіндісі, ол мүйізденген жұқа пластинка. Тырнақ түспейді, үнемі өседі. Сондықтан оны үнемі алып отыру керек.
Тырнақты қалай күту керек?
Тырнақты аптасына 1 рет алып тұру қажет. Қол тырнағының айналасын дөңгелек, ал аяқ тырнағын тік етіп алу керек. Қол тырнағын дөңгелек алудың қажеттілігі, тырнақ астына лас көп жиналады. Ал, аяқ тырнағын тіке алмаса, өскенде тері астына қарай өсіп, оған лас жиналып іріндеуі мүмкін.
Тырнақ пішіні мен түсіне қарай отырып, адамның денсаулығы туралы айтуға болады.
Мысалы: тырнақты жеп қою немесе тырнақты тістелеп кеміру - жүйке жүйесінің ауыратындығын не іш құрттарының бар екендігін білдіреді. Ал, тырнақты жолақтардың пайда болуы, ішек ауруларын көрсетеді.
Тар аяқкиім аяқ тырнағының қисаюына, ауруына, дұрыс өспеуіне әсер етеді. Сондықтанда тар аяқкиім киюдің қажеттілігі жоқ.
Түрлі түсті тырнақ лагын ерте пайдаланудың керегі жок, ол тырнақты сынғыш етіп, сарғайтып жібереді.
Ауыз қуысын куту. Ауыз қуысын тазалаған кезде, тілді де, тісті де тазалауды ұмытпау керек.
Тамақтың дәмін, ыстығын, суығын, қатты-жұмсағын, пайдалануға болатын-болмайтындығын анықтайтын рецепторлар тілде орналасқан. Тілдің ұшында тәттіні, екі жанында тұзды, тіл түбірінде ашыны ажыратын рецепторлар орналасқан.
Тіл арқылы қабылданған сезім ас қорыту жолдарына беріліп, ас қорыту жүйесін жұмысқа дайындайды. Сондықтанда тілді тазартуға да үлкен мән беру қажет.
Тілді, үстіндегі өңезді таңертең және кешкілік тазалау керек. Тілді жұмсақ тіс щеткасымен тазалауға болады. Тіл таза қызғылт түсті болғанша тазалап, аз ғана тұз салынған тұзды сумен шаю керек.
Тілді біртіндеп, ұшынан бастап тазалауға үйренген дұрыс. Тісті де дұрыс тазалауға үйренген жөн.
Тісті - екі рет тазалау нәтижесінде ондағы микробтарды тазартады.
Тісті - үш минут екі жағынан тазалау, тіс өзегінен тазалайды.
Тісті тазалауға фторы бар пастаны пайдалану тіс эмалін қатайтады.
Тіс щеткасының жасанды болғаны жақсы, онда ауру тудыратын микробтар аз жиналады.
Тіс шеткасын сабындап, жоғары қаратып, таза ауада қалдыру қажет, бұл жағдайда щеткаға микробтар жиналмайды.
Тісті тазалағаннан соң, қызыл иекке массаж жасау тістің қоректенуін жақсартады.
Кез келген тамақтанудан кейін ауызды шаю қажет. Тісті аурудан сақтау барлық организмнің саулығын сақтаудың ең маңызды шарттарының бірі екендігін есіңнен шығарма.
Кейбір жағдайларда ауыз ішінде (стоматит) пайда болады. Оның белгілері: еріннің, таңдайдың, қызыл иектің сілемейлі қабатының қызаруы, тамақ ішкенде ашуы т.б. жағдайлар. Бұған негізгі себептер ауыз қуысы гигиенасын дұрыс сақтамау, витаминдердің жетіспеуі, тістің бұзылуы, асқазанның ауруы т.б. Бұндай жағдайларда ромашка (түймедақ) және шалфейдің тұнбасымен ауызды үнемі шайған дұрыс.
Мұрын қуысы күтімі - тыныс алу системасы мұрын қуысынан басталады. Мұрын жолдары кірпікшелі сілемейлі қабатпен қапталған. Кірпікшелері ауамен ірге келген шаң-тозаңды тұтып қалады, кейін оны сыртқа шығарады.
Мұрын жолдарында қан тамырлары өте көп, ол тыныс алатын ауаны жылытады. Осылайша өкпеге жылынған ауа өтеді.
Мұрынның сілемейлі қабаты ауру тудыратын бактерияларды өлтіретін зат бөлетін қабілеті бар. Осылайша мұрын арқылы тыныс алудың арқасында организмді қауіп туғызатын бактериялардан сақтайды.
Егер ауа өкпеге ауыз арқылы өтетін болса, ауа мұрын қуысындағыдай тазартылмайды, жылытылмаған және залалсыздандырылмаған болар еді. Сондықтан да, ауыз арқылы емес, мұрын арқылы тыныс алу қажет.
Мұрын-иіс сезу органы. Әр түрлі иісті сезу арқылы адамдар өздерін ауадағы улы заттардан уланудан т.б. жағдайлардан сақтайды.
Олай болса, мұрын қуысын дұрыс күтіп, мұрынмен тыныс алуға дағдылану керек.
Ауызбен тыныс алатын бала әртүрлі аурулармен жиі ауырады. Ауызбен тыныс алатын баланың басы жиі ауырады. Өйткені, мидың оттегімен қамтамасыз етілуі төмендейді.
Сондықтан да мұрынмен тыныс алуға жастайынан дағдылану қажет. Бұл салқын тиюден сақтанудың бір жолы.
Мұрын қуысын аз ғана ас тұзы қосылған бөлме температурасындағы сумен таңертен және кешкілік шаюды дағдыға айналдырған дұрыс.
Киімдер мен аяқкиім гигиенасы. Киімге қойылатын негізгі талаптар:

Киімнің ауа өткізгіштігінің негізгі себебі: ішінде тер жиналса, жылу шығаруды қиындатады. Ауа өткізетін мата шыққан терді тез буландырады.
Таза табиғи талшықтан жасалған киімдерді киюге дағдылан.
Қыста киім көбіне қоңыр, қоңырқай түсті матадан тігілген дұрыс. Өйткені, бұндай түс күн көзінің жылуын бойына тартады.
Ал, жазда киім ақшыл түсті матадан тігілгені дұрыс, бұл түс жылуды аз сіңіреді. Киім таза болуы керек. Кір киім ауа мен суды нашар өткізеді. Киімдерді таза ұстау үшін мына талаптар сақталу керек:

  • іш киім жиі жуылып ауыстырылады;

  • жазғы жеңіл киімдер де жиі жуылады.

Аяқкиімге қойылатын талаптар: баланың аяқкиімі жеңіл, ыңғайлы, табаны жұмсақ, бас жағы кең өқшесі 1.5 см болуы керек. Өкшесі жоқ аяқкиім аяқты жалпайтып жібереді.
Тар, ыңғайсыз аяқкиім бала жүрісін өзгертіп жібереді. Сүйелдің пайда болуына себепші болады.
Өте кең аяқкиім киюдің қажеттілігі жоқ. Бұндай аяқкиім баланың еркін қимылдауын қиындатады, аяқтың қажалуын туғызады.
Резеңкеден не ылғалды аз өткізетін материалдан тігілген аяқкиімді ұзақ кию зиянды. Ол аяқты терлетеді, ал қыста тоңдырады.
Қысқы аяқкиімдерді жүн матадан, теріден тігілгендері жақсы. Бұндай аяккиім жылы болады: тері мен жүн киімдер күнге ілініп кептіріліп, щеткамен тазаланыланады.
Сабақты мына сұрақтарға жауап алу арқылы қорытындылауға болады:

  1. Сен өзіңнін теріңді, бетіңді, қолыңды қалай күтесің?

  2. Сен өз шашың мен тырнағыңды қалай күтесің?

  3. Ауыз қуысы күтімі не үшін қажет, сен оны қалай жасайсың?

  4. Мұрын арқылы дем алудың маңызы, оның күтімі қандай?

  5. Киімдерге және аяқкиімге қойылатын талаптар қандай?

Бұл сабақтан кейін сен қандай дағдыларды әдетке айналдыруың қажет
екендігін ойлан!
Мұғалім оқушыларға коммуналдық гигиенаның қандай жұмыстар атқаратындығын, маңызын келесі таблица арықылы көрсетуіне болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет