Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасы


Мектепке дейінгі балалар мекемесінің гигиенасы



бет11/12
Дата22.04.2023
өлшемі276,35 Kb.
#175184
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Дене тәрбиесі құралдары және пайдалануы
KineticsBookstaver
Мектепке дейінгі балалар мекемесінің гигиенасы.
Мектепке дейінгі балалардың мекемесіне жалпы пайдаланылатын бір күндік және тәуліктік мекемелер: ясли, бақша/балалар үйі мен ақылы кем және дене мүгедектеріне арналған көмекші мекемелер жатады.
Мектепке дейінгі балалар мекемесінің қашықтығы (ясли, бақшалар) олардың түрғын үйлерінен 300 м аспау керек. Сондықтан ондай үйлерді тұрғын үйлер кварталының ортасына, көщеден қашықтау, қөлік жол қатынасынан алыс, халық күндіз көп жиналатын мекемелерден алшақ салады. Қазіргі кезде мектепке дейінгі балалар мекемесінің бірнеше түрі бар.
Қалалар мен ірі тұрғын орындары үшін кемінде 140 орындық ясли-бақшалары жоспарланады. Олардың негізгі үйіне қоса жазда орын санын 50% көбейту үшін ауласында жеңіл павильондар салынады. Негізгі үйдің биіктігі екі қатардан аспау керек. Әр қатардағы бөлмелердің биіктігі 3 м. Біздің республикамыздың аса ірі қалаларындағы мектепке дейінгі балалардың көптігін ескеріп жаңа құрылған жас қалаларда негізгі үйді 3 қабат етіп салып жүрді. Бірақ мұндай үйлерді пайдалану балалардың жүрек-қан тамырлар жүйесіне күш түсіріп ауру тудыратын болғандықтан қазіргі кезде 3 қабатты үйлерді жоспарламайды. 1960—2010 жылдары балалар бақшалары аса ірі компілексті (280—330 орындық) түрде салынды. Мұндай бақшаларда бір топтан екінші топқа ауысқанда бала тәрбиесін мирасқорлық жолмен жалғастыру оңай болады. Бірақ гигиеналық тәртіпті сақтау өте қиын. Сондықтан комплексті балалар бақшасының үйін салғанда балалар топтарын бір-бірінен айырып тәрбиелеуді ескере отырып, үй нұсқаларын блокты немесе күрделі іргелес түрде жоспарлайды, ал шағын мөлшерлі бақшалар үйінде әрбір топтың пайдаланатын бөлмелерінің шығатын есігін жекелеп жоспарлайды. Екінші қабаттағы топтар мен бірінші қабаттағы сәбилер тобы үшін 2 топқа бір баспалдақтан, 4 топқа бір шығатын есіктен артық-жоспарланбайды. Балалардың жарақаттануын ескере отырып баспалдақтарға биіктігі 1,2 м тор жасап, оның тік шыбықтарының арасын 0,1 Мгден асырмайды. Баспалдақтың шарбақтарының қол ұстағыштары кішкентай балаларға 0,5 м, ересек адамдар үшін 0,85 м биікте жасалады. Бақшалар үйінің әрбір балалар тобына арналған топ жайлары бірнеше бөлмеден тұрады: шешінетін бөлме (қабылдау бөлмесі деп те аталады), ойын, ұйқы бөлмелері, дәретхана, асхана. Таршылық жағдайда ойын бөлмесі мен асхананы бір бөлмеге жасап оның ойын бұрышын бөлектейді. Мектепке дейінгі балалар мекемесін салғанда қауырт жағдайларда (өрт, жер сілкіну, соғыс, су тасқыны) балаларды тезірек қауіпсіз жерге шығару жағын ойластырады. Сондықтан да үйдің биіктігін 2 қабаттан асырмай, есіктерін жеңіл ашып жабатындай жағдайда ұстайды. 2 этажды үйлердің баспалдағы балалардың адымына сай болу керек. Сондықтан әр аяқ басқыштың тереңдігі (ені) 27—30 см, биіктігі 12—14 см аспау керек, баспалдақтың екі иірімінің арасын 12—13 басқыштан асырмайды.
Сәбилер тобында балалардың киімін сақтайтын екі бөлмелі (үстіңгі және астыңғы) шкафтар болады және балаларды киіндіріп шешіндіретін қабылдау бөлмесінің бұрышы болады. Қабылдау бөлмесіне балаларға арналған отырғыштар мен ата-аналарға орындық қояды. Яслидің ересектер тобындағы киім ілгіш шкафтарын қабырға бойына жерді тарылтпайтындай етіп орналастырады. Далада ойнайтын ойыншықтарды және гимнастикалық жабдықтарды қоятын арнайы сөресі болады. Қыста баланың киімін кептіретін кептіргіштері болады. Қабылдау бөлмесінің жалпы-ауданы 18 м2.
Ересектер тобында ойын бөлмелерінде балалар тек қана ойнап қоймай, тамақ ішеді, сабақ өтеді. Сондықтан тамақтану және оқу бұрыштарына бөлек жер бөлінеді. 4 жасқа дейінгі балаларға екі кісілік, қалған топтарда 4 кісілік столдармен қамтамасыз етіледі. Сабақ кезінде столдарды мектептегі парталар тәрізді орналастырады, ал тамақ ішерде екі-екіден біріктіріп қояды. Столдарды сабаққа арнап орналастырғанда терезе отырған баланың сол-жағында болу керек. Столдарды сабақ кезінде 0,5 м, тамақтану кезінде 1,2 м аралықта қояды. Балалардың еркін қозғалып ойнауына жер молырақ бөлінеді. Ойын бөлмесінде ойыншықтар қоятын жер, басқа жабдықтарды орналастыратын орын болады. Мұның бәрін:ескере отырып ойын бөлмесінің ауданын 50—62 м2 етеді. Естиярлар тобында дене шынықтыруға қажетті гимнастикалық қабырға, баспалдақтар, отырғыштар болады. Оларды арнайы бөлінген-спорт бұрышына ықшам орналастырған жөн.
Балалар санына қарай мектепке дейінгі мекемелерде музыка және гимнастика сабақтарына арналған ауданы 75—130 м2 үлкен залдары болады. Шағын мөлшерлі ясли-бақшаларда ауданы 75 м2 бір зал, 140—275 орны бар мекемелерде 100 м2, одан ірілерінде 75 м2-ден екі зал болады: мұндай ірі залдар балалардың дене тәрбиесін кең көлемде ұйымдастыруға, балалардың қимыл-қозғалыстарын көбейтуге мүмкіндік береді. Оған қоса көркем өнер тәрбиесін дене шынықтырумен қоса күшейтуге мүмкіндік туады. Залдарға қоса тіркес орналасқан жабдықтарды сақтауға арналған ауданы 66 м2 шағын бөлмелері болады.
Табиғи жарық бөлменін терезесі арқылы түседі. Сондықтан мектепке дейінгі балалардың мекемелерін, алғаш жобалағанда оның негізгі бөлме терезелерін жарығы, ұзақ оңтүстік, қосалқы бөлмелерін теріскей жақтан шығарады. Табиғи жарық бір қалыпты тегіс, жеткілікті мөлшерде, заттармен шағылысып жалтылдамайтын, көлеңке бермейтін, бөлмені қыздырмайтын болу керек. Терезеден жарық оңтүстік, оңтүстік шығыс және шығыстан түссе күннің алғашқы жартысында бөлме жақсы жарықтандырылып, ертерек аэрацияланады және инсоляцияланады, бірақ батыстан түскен жарық тәрізді бөлмені қыздырып жібермейді. Негізгі бөлме терезесінің ені-1,8—2м, ұзындығы 2—2,5 м, терезенің жоғарғы жақтауы төбеден 0,15—0,3м қашықта, еден мен төменгі жақтауының арасы 0,5—0,6 метрден биік болмау керек. Терезенің жоғарғы жақ бетінің 1/3-інен түскен жарық сәулелері бала организміне жағымды әсер етеді. Терезелердің ара қашықтығы 0,5м аспау керек. Оның үстіне гүл шоқтарының құмырасын қоюға болмайды, яғни терезеде гүл өсіруге болмайды. Терезені пердемен көлеңкелеп таңғы сәулелердің бөлмеге өтуіне кедергі жасамау керек.Терезе шаң, кір, лас болса жарық 40 процентке дейін төмендейді. Сондықтан күнделікті шаңын сүртіп, ай сайын (тіпті айына 2 рет) терезені жуып тұру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет