Жалпы ережелер
Бұл әдістемелік нұсқау Алматы қаласы Білім басқармасы білім берудегі технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ғылыми – әдістемелік зертханасы, «қалалық әдістемелік» кабинеттің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру бойынша (НМЛ «ГМК» хаттама №5 06.10.2016ж.) ұсыныстарын негізге ала отырып, педагогикалық мамандықтардың өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес құрастырылды.
Курстық жұмысты орындау колледжде студенттердің теориялық білімдері мен әдістемелік жағынан біліктіліктерін арттыру құралы. Курстық жұмысты орындау барысында болашақ мұғалімнің тұлғасы қалыптасады, өзекті педагогикалық және әдістемелік проблемаларды шешу дағдылары дамып, ғылыми педагогикалық, психологиялық әдебиеттермен дербес жұмыс жүргізуге, теориялық білімін практикада тиімді қолдануға үйренеді.
Курстық жұмысты орындау студенттерден педагогикалық және арнайы білімдерін жетілдіруді, оқу орындарындағы жекелеген педагогтардың озық тәжірибелерімен танысуды және оқыту - тәжірибелік және экспериментальдық тұрғыда оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелелерін шешудің тиімді әдіс –тәсілдерін апробациялау мен әзірлеуді талап етеді.
Курстық жұмысты орындап, қорғау барысында студенттің теориялық білімді меңгеру деңгейін, практикалық дағдылары мен оларды қолдану шеберліктерін, ғылыми жұмысқа икемділіктері мен қызығушылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Курстық жұмыс педагогикалық колледждегі оқу және ғылыми – зерттеу жұмыстарының негізі түрі және студенттердің оқу жұмыстарын бақылау нысаны болып табылады. Курстық жұмыс пәнге бөлінген сағаттың шегінде орындалады. Курстық жұмыстарды нақты пәннің теориялық бөлімін немесе тарауын аяқтаған соң, аталған пән бойынша курстық жұмысты орындауға жеткілікті білімді меңгеріп, өзінің кәсібі саласында кешенді міндеттерді шешуге қолдануды үйрене жүріп қорғау ұйымдастырылады.
Курстық жұмысты орындаудың негізі мақсаты студенттердің арнайы пәндер бойынша білімдерін жүйелеуді, бекітуді, өз бетімен жұмыс жүргізуді меңгерту, шығармашылықпен ойлау қабілеттерін дамыту және теориялық білімдерін педагогикалық – өндірістік сипаттағы сұрақтарды шешуде практикалық тұрғыда қолдануға үйрету.
Курстық жұмыс ғылымның теориялық және практикалық жағдайына сүйене отырып, жаңашылдық элементтерін қамтуы керек. Курстық жұмысты 3-4 курстың барлық бітіруші студенттері орындайды. Ол ҚР ЖММБС сәйкес колледждің оқу жоспарында қарастырылғандықтан, оқу үдерісінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Курстық жұмыстың мазмұнына бірқатар талаптар қойылады:
1.Зерттеудің өзектілігі, педагогикалық теория мен практиканың болашақтағы даму мен оның заманауи жағдайына сәйкестігі.
2.Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді зерделеу және оларға сын тұрғысынан талдау жасау.
3.Озық педагогикалық тәжірибелерді және студенттің педагогикалық практика үдерісіндегі жеке тәжірибелерін зерделеу және талдау.
4.Өзіндік зерттеу жұмыстарын жүргізу.
5.Зерттеудің мақсатын мен міндеттерін, пәнін нақты сипаттау, экспериментті сипаттау және талдау.
1.Зерттеу жүргізудің практикалық мәні мен ғылыми жаңашылдығы.
2.Жүргізілген зерттеу нәтижелерін жалпылау, қорытындылары мен практикалық ұсыныстарын негіздеу.
3.Өңдеу және рәсімдеу мәдениеті (талаптарына сәйкестігі).
Курстық жұмысты жазу барысында келесі міндеттерді шешу көзделеді:
1.Пән бойынша студенттердің теориялық білімдерін бекіту және тереңдету.
2.Студенттерді оқу, ғылыми-әдістемелік материалдары іздеу жинақтау, жалпылау, сондай-ақ сын тұрғысынан баяндау арқылы ғылыми –зерттеу жұмыстарына тарту.
3.Таңдаған тақырыбы бойынша өз бетімен және практикалық жұмыстар жүргізу дағдыларын дамыту.
4.Жүргізген зерттеулерінің нәтижелері бойынша ұсыныстар дайындау және оларды нақты ұйымда апробациялау.
5.Студенттерді дипломалды практикадан өту кезінде бітіруші біліктілігі жұмысын жазуға дайындау.
Курстық жұмысты жазу болашақ маманды кәсіби дайындауда үлкен роль атқарады, ол студенттің ғылым мен практиканың жаңалықтарына қатысты болуына мүмкіндік береді, оқиғалар мен фактілерге зерттеуші ретінде баға бере білу дағдысын қалыптастырады, көптеген жеке қасиеттерінің (мақсаткерлік, жауапкершілік, бастамашылдық, шығармашылық және т.б.) дамуына ықпал етеді.
Курстық жұмыс логикалық жағынан жүйелі, бірізді, ғылыми стильдегі әдеби тілде жазылуы керек. Зерттеу материалын жекелеген алғашқы дереккөздерін толығымен баяндамай, жалпылай отырып, қысқаша баяндау қажет. Курстық жұмысқа көздеген мақсатпен байланысты және қызығушылық тудыратын мәселелерді ғана жазуды және тұжырымдардың қысқа және нұсқа, дәлелдемелердің нақты болуын естен шығармау керек.
Тұжырымдар жасау барысында, қандай да бір ойды білдіру барысында меншікті нысанда емес, «автордың пікірі бойынша», «ғалымдардың зерттеуі бойынша» деген сөз тіркестерін қолдану ұсынылады. Мысалы: «педагогтің тәжірибесін зерделеу ............. тұжырымның дұрыстығын дәлелдейді»; «талдау қорытындысының негізінде ............... негіздеуге болады»; «жүргізілген зерттеулер....... дәлелдейді» және т.б. Курстық жұмыстың мазмұны бойынша студент өзінің дербес жүргізген бақылау, тәжірибе немесе эксперимент нәтижелерін бірінші жақта жекеше түрде баяндайды: «мен бақыладым», «мен есептеймін», «менің пікірімше» және т.с.с. Басқа ғалымдардың зерттеу нәтижелеріне сүйенген болса, «біздің пікірімізше», «біз ойлаймыз» деген сөзтіркестері қолданылады. Курстық жұмыста баяндау стилінің бірлігі сақталуы тиіс, қазіргі заманғы қазақ тілінің нормаларына сәйкес орфографиялық, синтаксистік және стилистикалық сауаттылық қамтамасыз етілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |