Дәйексөздер (цитаталар)
Авторлардан дәйексөздерді тек олардың шығармаларынан келтіру керек. Егер дәйексөздің дереккөзі болмаса, бұл автордың басқа басылымдарда жарияланған дәйексөзін пайдалануға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда мынадай «Дәйексөз «...» кітабы бойынша....» деген түсініктеме қоса берілуі керек. Дәйексөз келтіруде оның дереккөзі бойынша дәлме - дәл сәйкестігін сақтау керек. Тек төмендегі жағдайларда ғана ауытқуларға орын беріледі: егер бұл автордың жеке орфографиясы мен пунктуациясы болмаған жағдайда, заманауи талаптарға сәйкес орфография мен пунктуациялар модернизациялануы мүмкін; дәйексөзде автордың ойы бұрмаланбай жекелеген сөздер қалдырылып, қысқарту жасалатын болса, оның орнына көп нүкте қойылады. Дәйексөздер тырнақша ішінде жазылады. Тырнақшаға алынбаған дәйексөздер «қараңыз» деген сөзге сілтемемен бірге беріледі [қараңыз]. Егер дәйексөздер бір басылымнан бірнеше рет қатарынан берілсе, қайталанған сілтемелерде «сонда» деп көрсетіліп, беті көрсетіледі (сонда, 26).
5.4 Сілтемелер
Мәтінде статистикалық мәліметтерге, дәйексөздерге, иллюстрацияларға, таблицаларға және т.б. қажетті жағдайлардың деректеріне сілтеме жасау міндетті. Пайдаланылған дереккөздеріне сілтеме жасауда төрт бұрышты жақша ішінде дереккөздерінің реттік нөмері және беттің нөмері келтіріледі: [9,38б.]. Аталған курстық жұмыстың мәліметтеріне сілтеме берілгенде мәтіннің құрылымдық бөлімінің, формулаларының, таблицаларының, суреттерінің нөмерлері көрсетіледі. Мәтіннің құрылымдық бөліміне сілтеме жасау барысында бөлімдердің, қосымшалардың, тараулардың, тақырыпшалардың нөмерлері «2 бөлімге сәйкес......», «1.4 формулаға сәйкес....», «1.1 таблицаның 3 графасына сәйкес», «1.2 суретке сәйкес....» деп көрсетіледі.
Сілтемелердің екі түрі болады:
1.Мәтін ішіндегі – мәтіннің бөлігіндегі курстық жұмыс шегінде таблицаларды, суреттер мен қосымшаларды қоса алғанда. Мысалы: «2.2 параграфына сәйкес.....»; «1 қосымшада келтірілген есептеулерде .....» беттегі 1.1 суретте «...»; 3 формула бойынша « ...»; 2.4 кестеде көрсетілгендей «.....».
2.Мәтін сыртындағы – курстық жұмыстың әдебиеттер тізіміндегі дереккөздеріне жасалған сілтемелер.
Әдебиеттер тізіміндегі дереккөздеріне сілтемелер мәтінде тік жақша арқылы жасалады. Сілтеме жасалған дереккөзінің нөмері, сосын үтір арқылы сілтеме жасалған беттің нөмері көрсетіледі. Бір әдебиеттен бірнеше рет сілтеме жасалса дәл солай нөмері және беттерінің нөмері ғана ауысысып отырады. Мысалы:
Егер әңгіме бір автордың кітабы туралы болса, сілтеме мынадай үлгіде жасалады: «В.И. Подольский [18] қорыта келе бұл мәселе туралы .....» - деп атап көрсетеді.
Егер сілтеме әдеби дереккөзінің нақты бетіне жасалса немесе дерек келтіріліп деректің нөмері және беті үлгідегідей көрсетіледі: «Д.А. Махатова өзінің монографиясында 2011 ж [11, 44 б.] былай деп жазады: «…».
Көптомдық басылымдардан сілтеме келтіргенде томның нөмері көрсетіледі, мысалы: [22, 1 т., 75-76 б.].
Егер бір автордың немесе бірнеше автордың жұмыстарына сілтеме жасалса онда жақшаның ішіне нөмерлері үтір арқылы былай көрсетіледі: Бірқатар авторлар [14, 17, 19] «…» - деп есептейді.
5.5 Санамалар
Мәтінде кездескен санамаларды төмендегі мысалда көрсетілгендей безендіру қажет. Жақша белгісі мен араб сандарының арасында пробел қалдырып, үтір арқылы ажыратылып, кіші әріптермен жазылады.
Мысал: Қазіргі заманғы Қазақстанда мынадай әлеуметтік қабаттарды бөліп көрсетуге болады: 1) жоғары, 2) орта, 3) базалық, 4) төменгі және 5) әлеуметтік түп.
Егер санамалар сөз тіркестерінен немесе сөйлемдерден құралса, санама бөліктері жаңа жолдан кіші әріптермен, жақша арқылы сандармен, әріптермен немесе тире арқылы бір – бірінен үтірлі нүкте арқылы ажыратылып жазылады.
Мысалы: Мемлекеттер экономикалық дамуы жағынан үшке бөлінеді:
а) даму жағынан артта қалған;
б) дамушы;
в) дамыған.
Достарыңызбен бөлісу: |