Қорытынды
|
Қорытынды да орындалған жұмыстың нәтижесі бойынша автордың қысқаша маңызды тұжырымдары, қойылған міндетті шешудің толыққандылығының бағасы, жұмыстың нәтижесін нақты қолдану бойынша ұсыныстар, оның экономикалық, әлеуметтік және ғылыми маңыздылығы, курстық жұмыс бойынша қойылған мақсатқа жету деңгейі көрсетілуі тиіс. «ҚОРЫТЫНДЫ» бөлімнің тақырыбы азат жолдан бас әріптермен жазылады. Қорытынды бөлімнің көлемі 2-3 беттен тұрады.
|
6.5
|
Әдебиеттер тізімі
|
Қолданылған әдебиеттер тізімі тақырыптың терең және кеңінен зерделенгендігін сипаттайды, зерттеу жұмысының эрудициясы мен мәдениетін көрсетеді. Тізімге мәтінде сілтеме жасалған барлық дерек көздерін алфавиттік ретпен жазып шығады. Тізімге қосылған әрбір құжат библиографиялық жазбаға сәйкес безендіріледі, тізімдегі дерек көзінің атауының алдында реттік нөмер қойылады. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ деген тақырып мәтінге симметриялы бас әріптермен жазылады. Дереккөздерді орналастыру реті:
1. ҚР Заңдары.
2. ҚР Президентінің Жарлықтары.
3. ҚР Президентінің Жолдаулары.
4. ҚР Парламентінің Қаулылары
5.Тақырып бойынша нормативтік құжаттар (бірнешеу болса алфавиттік ретпен жазылады)
6. Статистикалық деректер (ресми жинақтар, хабарламалар, шолулар) хронологиялық ретпен безендіріледі.
Ары қарай алфавиттік ретпен:
6. Оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар.
7. Мерзімдік басылым материалдары ( газет, журналдардың мақалалары).
8. Электрондық ресурстар (интернет-сайттардың және компакт-дискілердің материалдары) және т.б.
Курстық жұмыстарды орындауда әдебиеттер тізімін түзу үлгісі :
Ресми – құжаттық басылымдар:
1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2007 жылғы 27 шілде, 6- бап, 2 бөлім, 6 бет.
2. «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, 2016 жылғы 1 наурыз, 1-бөлім, 2 абзац, 2 бет.
3. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2014 жылғы 11 қараша. 3 тарау, 2 абзац, 12 бет.
4. «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы »Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы, 2012 жылғы 23 тамыз №1080. 3 бөлім, 14 бет.
5. «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Бұйрығы, 2007 жылғы 23 қазандағы № 502. 6 бап, 2 бөлім, 6 абзац, 5 бет.
Кітаптар:
1.Атшабарова Ғ. Қисын (логика) Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 56 бет.
2.Ақмамбетов Ғ. Парасат. Әдеп. Тәртіп. – Алматы: Қазақстан, 1980. – 71 бет.
Мақалалар:
1.Әлиева Ж.М. Студенттердің таным іс-әрекетінің белсенділігін арттырудың педагогикалық процестегі жолдары. //Вестник КазГУ. Педагогикалық ғылымдар сериясы. – Алматы, 2000. №4. – 55-58беттер.
|
Достарыңызбен бөлісу: |