Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасы


Жұмыста материалдарды орналастыру реті



бет10/15
Дата12.12.2023
өлшемі79,97 Kb.
#196415
түріНұсқаулар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
2017 КУРСТЫҚ ЖҰМЫС НҰСҚАУ ЖАҢА

6. Жұмыста материалдарды орналастыру реті

р\н

Жұмыста материалдарды орналастыру реті

Ескертулер

1

2

3

6.1

Мұқаба бет

3 қосымшада

6.2

Кіріспе

Кіріспеде жұмыста қаралып отырған тақырыпқа жалпы сипаттама беріледі; зерттеудің мақсаты мен міндеттері қалыптастырылады. Курстық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі, тақырыптың тарихы және теорияның қазіргі қарастырылып отырған практикадағы жағдайы, ғылыми әдебиеттердегі зерттелу, әзірлену деңгейі, жұмыстың проблемасы, объектісі мен пәні, қойылған міндеттерді шешудің құралдары мен әдістері анықталады.
Кіріспе бөлімнің құрылымы:

  • курстық жұмыстың мақсаты;

  • өзектілігі;

  • міндеттері;

  • талдаудың объектісі мен пәні. Кіріспенің көлемі-2-3 бет.

Өзектілік - бұл зерттеудің неліктен дәл осы уақытта қажеттілігін, қаралып отырған тақырыптың мағыздылығын көрсетеді. Мақсат - деп курстық жұмысты орындау барысындағы жетістіктер, соңғы күтілетін нәтиже түсіндіріледі. Міндеттербұл студент біртіндеп орындау арқылы қойған мақсатына жетудегі жұмыстың кезеңдері. 3 міндетке дейін қою оңтайлы деп есептеледі.

6.3

Негізгі бөлім

Негізгі бөлімнің мәтіні қарастырылып отырған сұрақтардың құрылымы мен мазмұнына сәйкес бөлімдерге, бөлімдер параграфтарға, параграфтар бөлімшелерге бөлінеді Курстық жұмыстың негізгі бөлімі оның бөлімдерінің мазмұнына сәйкес баяндалады. Бөлімдердің параграфтары өзара логикалық байланыста болып, өзінің жиынтығымен оның тақырыптарын ашуы керек. Әрбір параграфтан кейін қысқаша тұжырымдар қалыптастырып отыру керек.
Теориялық бөлімде тақырыпты меңгеру нәтижелері баяндалады. Бірінші бөлім мазмұны мынадай мәселелерді қамтуы мүмкін:
1.Оқу және ғылыми әдебиеттерге талдау жасау негізінде негізгі ұғымдар мен анықтамалардың қалыптастырылуы.
2.Зерттелініп отырған тақырыптың тарихи аспектілері бойынша мәліметтер
3.Тақырып бойынша құқықтық және нормативтік әдебиеттерге сын тұғысынан шолу жасау, талдау және шешілмеген, қайшылықты сұрақтарға назар аудару .
4.Иллюстрациялар, сандық, статистикалық мәліметтер.
Бұл бөлімде қазіргі заманғы ғылыми әдебиеттермен, дерек көздерімен, дербес жұмыс жүргізе білу, проблеманы терең, жан-жақты зерттеу, қазіргі заманғы ғылыми терминологияны қолдану дағдылары көрсетіледі. Теориялық бөлімнің көлемі компьютермен тергенде орташа есеппен 10-12 беттен, қолжазбамен 13-15 беттен тұрады.
Екінші практикалық бөлім мазмұны мынадай мәселелерді қамтуы мүмкін:
1.Практикалық бөлімнің зерттеуін жүргізуге қажетті деректерді талдау.
2.Қандай да бір проблеманы шешудің нақты әдіс –тәсілдерін көрсету.
3.Сандық материалдар мен аналитикалық таблицалар келтіру.
4.Жүргізілетін практикалық зерттеуді жоспарлау. Фактілерді келтірумен шектелмей, кемшіліктерді ашып көрсету, себептерін талдап, шешу және жақсартудың мүмкін жолдарын көрсету. Практикалық бөлімнің көлемі компьютермен тергенде орташа есеппен 10-12 беттен, қолжазбамен 13-15 беттен тұрады.
Бөлімдердің мәтіндері иллюстрациямен бірге жазылуы мүмкін: таблицалармен, диаграммалармен, сызбалармен. Әрбір бөлімді жаңа беттен бастау ұсынылады. «КІРІСПЕ», «МАЗМҰНЫ», «ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ», «ҚОСЫМШАЛАР» құрылымдық бөлімдерінің әрқайсысы жаңа беттен жазылады.

6.4



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет