Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасы


Курстық жұмысты безендіруге қойылатын талаптар



бет8/15
Дата12.12.2023
өлшемі79,97 Kb.
#196415
түріНұсқаулар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
2017 КУРСТЫҚ ЖҰМЫС НҰСҚАУ ЖАҢА

5. Курстық жұмысты безендіруге қойылатын талаптар
5.1 Жалпы талаптар
1. Курстық жұмыс А4 форматты ақ қағазда орындалады (210 х 297).
2.Компьютерлік тәсілмен Microsoft Word мәтіндік редакторында 1,0 интервал арқылы Times New Roman 14 қаріпімен жолдарды колденеңінен түзете отырып, қара түсті сиямен тереді.
3. Ақ шеттердің өлшемі: сол жақ - 30мм, оң жақ - 10мм, жоғарғы жақ - 20мм, төменгі - 25мм
4. Жұмыс тігілген (түптелген) болуы керек.
5. Жұмыстың парақтарының бетін араб сандарымен құжаттың барлық бетін толассыз нөмерлеуді сақтай отырып нөмерлейді. Мұқаба беттен бастап барлық беттер нөмерленеді. Мұқаба бет бірінші бет деп есептелгенімен оған «1»

нөмері қойылмайды. Бөлімдер мен тараулардың тақырыптары болуы керек. «Бөлім» деген сөз жазылмайды. Барлық беттер нөмірленеді және ол әр беттің төменгі жағының ортасына соңына нүкте қойылмай 12 қаріппен жазылады. Сыртқы бетке нөмір қойылмайды.


6. КІРІСПЕ, МАЗМҰНЫ, ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ, ҚОСЫМШАЛАР сияқты құрылымдық бөлімдердің тақырыптары жолдың ортасына үлкен әріптермен соңына нүкте қойылмай жазылады, төменде жазылатын мәтіннен үш қатараралық интервалмен бөлінеді. Тақырыптарды тасымалдауға болмайды. Әрбір бөлімді жаңа беттен бастап жазу ұсынылады.
5.2 Тақырыптар
1. Бөлімдердің, тараулардың және параграфтардың тақырыптары мазмұнын ашатын болуы керек. Негізгі бөлімнің тақырыптары мен «МАЗМҰНЫ» деген сөз мәтінге симметриялы түрде үлкен әріптермен теріледі немесе жазылады. Бөлімдердің мен тараулардың параграфтарының тақырыптары азат жолдан кіші әріптермен (бірінші бас әріптен басқалары) жазылады. Тақырыптарда сөздерді тасымалдауға болмайды. Тақырыптардың соңына нүкте, қос нүкте қойылмайды. Тақырыптардың нөмерлерінен кейін нүкте қойылады. Тақырып екі сөйлемнен құралған жағдайда олардың соңына нүкте қойылады. Тақырыптарды басқа түспен ерекшелеуге, астын сызуға болмайды.
2. Барлық тақырыптар мәтіннен немесе басқа тақырыптардан пробелмен немесе бөлу қатарымен бөлінеді. Тақырыптар мен мәтіннің арақашықтығы екі екеленген қатараралық интервалға тең болуы керек; бөлімдер мен тараулардың, тақырыпшалардың тақырыптарының арасы бір қатараралық интервалға тең болуы керек. Тақырыптардың алдында «бөлім», «тарау», «параграф» сөздері көрсетілмейді, тек санмен белгіленеді. Тақырыптарды нөмерлеуде тек араб сандары қолданылады.
5.3 Таблицалар
Таблица мәтін ішінде бірден ол туралы айтылғаннан кейін орналастырылады. Таблицаның тақырыптары бірінші бас әріпінен басқасы кіші әріппен таблицаның үстіңгі жағына жазылады. «Таблица» сөзі бірінші бас әріпінен басқасы кіші әріппен таблицаның үстіңгі сол жағында жазылады. Егер таблица бір бетке симаса келесі бетке «1 - таблицаның жалғасы» деп деп жазылады. Таблицалар толассыз және бөлімдер бойынша да нөмерленуі мүмкін. Бөлім бойынша нөмерленген жағдайда таблица нөмері нүкте арқылы бөлімнің және таблицаның нөмері көрсетілген екі саннан тұрады. Таблица графаларының тақырыптары бас әріппен басталуы керек, тақырыпшалары тақырыппен бір сөйлем құраса кіші әріптермен, ал дербес болса бас әріптермен басталып жазылады. Қайталанатын сандар, белгілер, математикалық символдардың орнына жақша белгілерін қоюға болмайды. Графалардағы сандар тізбегі бір – бірінің астына бірдей көлемдегі ондық белгілермен орналастырылуы тиіс. Таблица бойынша берілетін ескертулер таблицаның астына жазылады. Таблица графаларының шегінде сандық мәліметтер бір өлшем бірлігінде көрсетілген болса, онда олар әрбір графаның тақырыбында көрсетіледі. «№ р/с» деген графа таблицаға енгізілмейді. Таблицалардың ішіне жазылатын мәліметтердің мәтіні 12 қаріппен теріледі.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет