Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ақмола облысының білім басқармасы астрахан ауданының білім бөлімі



бет3/36
Дата07.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#87618
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
сахна мәдениеті

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың сахналық мәдениеті, сөйлеу дағдысы қалыптасады, көркем сөйлеу мәнері, тілдік тәсілдер мен сөз шеберлігін орнымен қолдану қабілеттері дамиды. Сахнада жүру, тұру, сөйлеу, кейіпкер бейнесін сомдауды, өзін - өзі білу, сыйлау мәдениетіне үйренеді, өзі жаман нәрсені қайталамауға тырысады. Осылайша жан - жақты тәрбиеленген тұлға бар жаттаған, естіген білгендерін өмірде кездесетін түрлі жағдайда да орынды қолдана білуге тырысады.
Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат.
Оқу-әдістемелік жоспары

  1. Сөз өнері жайлы ғылым- 1 сағат

Сөз өнері жайлы түсінік беріледі. Сөз өнері жайлы ғылым. Енді сол сөз өнері жөніндегі ғылымды, оның туу, даму тарихын қысқаша шолып өтіп, әдебиет тану — сөз өнерін зерттейтін ғылым екеніне тоқталу керек.

  1. Сөз сыры. Көркем сөздің қоғамда атқаратын рөлі- 1 сағат 

Қазақтың тілі қонымды да, сұлу толымды тіл. Сөз кестелеп өріп, өрнектеп, өлмейтін, өшпейтін ғажайыптар тудырады. Асыл мұра, қазынасы сарқылмайтын алтын сандық - қазақтың әдеби тілі. Қазақтың әдеби тілінің інжу - маржаны деуге боларлық бір түрі – шешендік сөздер. Бұл сөздердің қаны мен жаны - төзім, мәрттік, кеңдік, адалдық, ақ жүрек қайырымдылық сияқты халықтық қасиеттерін үйрету. Сол сөздердің астарын, сөз сырын ұғыну өте күрделі қасиет болып табылатынын оқуыларға түсіндіру қажет. Қазақтың атақты билері Төле би, Қазыбек би, Әйтекеден қалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес. Олардың қастерлі мұралары, даналықпен қара қылды қақ жарған әділдіктің айғағы шешендікпен айтылған сөздерін оқушылардың бойына сіңіріп, сол арқылы өз еліміздің айтулы тұлғаларын қастерлеуге, көркем сөйлеуге және сөз сырын түсіне білуге үйрету.
Көркем сөздің қоғамдағы рөлі халықтық тәрбие дәстүріндегі мәні зор екені сөз етіледі.Қазақтың ұлттық тәрбиесін бойына сіңіру, оны сақтап ұрпақтан ұрпаққа жеткізу көркем сөздің құдіреті екеніне терең тоқталу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет