Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ақмола облысының білім басқармасы астрахан ауданының білім бөлімі химия пәні Нуралиева Ділдаш Құлтайқызы



бет2/2
Дата14.04.2017
өлшемі256,93 Kb.
#13908
1   2

Рецензия

Химия пәні мұғалімі Нуралиева Ділдаш «Химия-тәжірибеде» қолданбалы курс бағдарламасы-«егер адамға балық берсең, ол бір күн тоқ болады, ал егер қармақ беріп, оны қолдануды үйретсең, ол өмір бойы тоқ болады» дейді шығыс даналығы. Сондықтан қазіргі білім берудің басты мақсаты – оқушылардың өзіне қажетті білімді өзі анықтап, оны өздігінен іздеп таба алатын деңгейге жеткізу болып табылады.

Оқушының бәсекеге қабілетті жеке тұлғасын қалыптастыру – барлық педагогикалық ұжымдардың бірігуін талап етеді. Жеке тұлғаға бағытталған сабақ оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты. Әр оқушының болмысы арқылы дамытушылық ойлау, өз бетінше шешім қабылдау қабілеті қалыптасуы тиіс.

Мектеп пәнінің құралдары әрбір сабақта оқушының бойында шығармашылық ойлауды « дербестікті», бастамшылықты дамытатын оқу жағдайларын жасауы тиіс.

Қазіргі кезде оқушыларды химиялық әзірлеудің жоғарғы деңгейіне қол жеткізу үшін химиялық білім беруді дамытуда айқындалған жалпы әлемдік тенденцияларға яғни химиялық білім берудің мазмұнын экологияландыру, басқа жаратылыстану ғылымдарымен кіріктіру және оқытудың жаңа әдістерін қолдануға барынша сүйену қажет.

Мен 10-сыныпқа химия пәнінен "Химия тәжірибеде" қолданбалы курсын сіздерге ұсынбақшымын.Қолданбалы курстың ерекшелігі оқушылар күнделікті сабақ жоспарынан тыс тың материалдарды көп ізденеді.. Мұнда химиялық экспериментке сүйенген есептер курс мазмұнын тереңдете түседі.

Бағдарлама 34 сағатқа жоспарланған. Бұл бағдарлама бұрын жазылған еңбектер мен материалдарды жинақтай отырып дайындалған. «Химия-тәжірибеде» курсы бағдарламасы оқу  пәнінің  білім  беру  мазмұнын  анықтайтын  мемлекеттік  білім  беру  стандартының  негізінде  жасалған.  Авторлық  бағдарламаның  мазмұндық  құрылымы  мен  тұжырымдамасы  жалпы  білім  беру  стандартына  сай  келеді.

Мазмұны:

Түсінік хат 3 бет

Оқу-әдістемелік жоспары 6 бет

Курс бойынша тақырыптық күнтізбелік жоспары 9 бет

Қолданбалы курсқа қойылатын талаптар 11 бет

Пайдаланылған әдебиеттер 13 бет

«Химия тәжірибеде» қолданбалы курс бағдарламасы

Түсінік    хат

«Химия тәжірибеде»  қолданбалы курс бағдарламасы оқушылардың химия пәнінен алған теориялық білімдерін есеп арқылы кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамыту.

Оқушылар теориялық білімдерін іс жүзінде қолданумен бірге, химиялық есептер оқушылардың тыңдау қабілетін дамытуға,дәстүрлі емес жағдайда білімін қолданып, шығармашылық деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Оқушылардың есеп шығаруы арқылы, олардың қызығушылығы артады, шабыттанады пәнге деген, білімді болуға деген

шабыты артса артады ,кемімейді. Қазіргі таңда оқушының білімділігі мен тәрбиелілігі- оның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Бұл курс бағдарламасы арқылы оқушылар химиялық теңдеулер,химиялық формулалар,газдардың көлеиі және салыстырмалы тығыздығы т.б. ұғымдарға байланысты есептерді шығаруда дұрыс пайдалануға дағдыланады.Есеп шығарып,жаттығулар орындау білімді тексеру ғана емес,сонымен қатар оқушыларды өздігінен ізденуге де дағдыландырады.Оқушылар өз білімдерінің жетіспейтін тұстарын анықтап, онымен жұмыс істеуге,қосымша және арнайы әдебиеттерді пайдалануға үйренеді.Есеп шығару барысында оқушының білімі,зердесі,ойлау қабілеті дамумен қатар,химиялық білімді,заңдарды,құбылыстарды тереңірек түсінуі қалыптасады.

Оқулықтардың теориялық білімін баянды етуде,ой-өрісін кеңейтуде химиядан сандық есептер шығарудың маңызы зор, сондықтан бұл бағдарламада есептер теориялық материяға негізделеді, сандық мәліметтер пайдаланылады.

Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына , Қазақстан Республикасы     Білім және ғылым министрінің  2013 жылғы 3 сәуірдегі      № 115 бұйрығы негізіндегі «Химия» пәніннің типтік оқу бағдарламасын басшылыққа алып әзірленген.

Бағдарлама аптасына 1 сағат, жылына 34 сағатқа құрылған. 

  

Курстың мақсаты мен міндеттері:

Курстың мақсаты: Оқушылар мектептік программада қаралған және олимпиадалық тапсырмаларды шешуге үйрету ғана емес, сонымен бірге түлектерге арналған конкурстық емтихан тапсырмаларды үйрету.

Курстың міндеті:


  1. есептердің негізгі типін шешуге әртүрлі әдіс және тәсілдерді пайдалану, сандық шешу есептер, алгоритмдерді қолдану.

  2. Кейбір жаттығуларды шешу қосымша әдебиеттерді қажет етеді және терең теориялық материалдар қажет.

  3. Оқушылардың жаңа материалды игеруін тексеру және оны практикада қолдану.

  4. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту.

Күтілетін нәтижелер:

Оқушылар білуге тиісті:

- химиялық формуланы білу,

- эквивалент түсінігі,

- Авогадро заңы,

- Гесс заңы

- заттардың концептрациясының түрлері,

- ерігіштік көбейтіндісі түсінігі,

- тотығу-тотықсыздану реакциялары,

- электролиз түсінігі,

- неорганикалық заттардың құрамы,

- органикалық заттардың құрамы,

Оқушылар анықтауға тиісті:

- заттардың химиялық формуласын,

- қосылыстардың, заттар қоспасын және құймалардың құрамын,

- химиялық реакциялардың типі,

Оқушылар есептеуге тиісті:

- химиялық формула бойынша,

- эквиваленттік қатынас заңының негізінде,

- реакциялардың жылу эффектілерін,

- еріген заттың концептрациясы,

- ерігіштік ұғымы,

- электрқозғалыс күшін,

- тепе-теңдік константасын, реакция өнімінің шығымын, өнімнің

шығуына реагенттердің концентрациясы және қысымның әсері.

Оқушылар құруға тиісті:

- реакция термохимиялық теңдігі,

- тотығу-тотықсыздану реакциясын,

- неорганикалық және органикалық молекулалардың бір-біріне

айналуы,


Оқушылар білуі тиіс:

- әртүрлі әдістермен сандық есептерді шешу,

- күрделі жаттығуларды шешудің рационалды әдістерін табу.

Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат.

Оқу-әдістемелік жоспары


  1. Химиялық формулалар бойынша есептеу (1 сағ)

Заттардың химиялық формуласын анықтау. Химиялық формулалар бойынша есептеулер жүргізу. «Эквивалент» ұғымына байланысты есептер. Эквиваленттік қатынастар заңына есептер шығару. Зат мөлшері, газдардың молярлық көлемі, газдардың салыстырмалы тығыздығы ұғымдарына есептер шығару. Химиялық реакциялардағы газдардың көлемдік қатынасына есептеулер. Қалыпты газдардың күйі теңдеуі, клайперон-Менделеев теңдеуіне арналған есептер. Бірдей жағдайдағы газдар қоспаларына есептер шығару. Заттардың және құймалардың құрамын анықтауға арналған есептеулер. Термохимиялық теңдеулер арқылы жүргізілетін есептер. Гесс заңдары бойынша реакцияның жылу эффектісін есептеу. Радиоактивті өзгерістерге есептеулер.

  1. Зат мөлшері. Моль.Авогадро саны бойынша есептеу. (3 сағат)

Зат мөлшері, газдардың молярлық көлемі, газдардың салыстырмалы тығыздығы ұғымдарына есептер шығару. Химиялық реакциялардағы газдардың көлемдік қатынасына есептеулер. Қалыпты газдардың күйі теңдеуі, клайперон-Менделеев теңдеуіне арналған есептер Әртүрлі концентрациялардағы ерітінділерді араластыруға арналған есептерді шығарудың жай әдісі, алгебралық әдісі және крестеу ережесі. Заттардың ерігіштігіне арналған есептер. Еріген заттардың молярлы, моляльды, нормальды концентрациясын есептеу. Ерітінді құрамындағы компоненттердің молярлық үлесін есептеу. Концентрация өзгертілген жағдайда есептеулер жасау. Әлсіз қышқыл мен негіз ерітінділеріндегі сутек ионы және гидроксид иондарының концентрациясына есептеулер жүргізу. Гидролизденген тұздар ерітінділеріндегі сутек ионы концентрациясына арналған есептер. Ерігіштік көбейтіндісіне есептер шығару.

  1. Химиялық теңдеулер бойынша есептеу (1 сағат)

Химиялық қосылыстардың бір-біріне айналуы, оларды ажырату,химиялық теңдеулер түрінде жазу,оларды теңестіру. Бейорганикалық молекулалардың бір-біріне айналу өзгерістері. Бейорганикалық және органикалық заттар өзгерістерін жүзеге асыру. Айналулар арқылы заттар алу. Химиялық қосылыстарды ажырату. Тотығу-тотықсыздану әдістеріне есептер шығару. Электр қозғаушы күшті анықтау. Әртүрлі қосылыстар мен қоспа құрамындағы ерітінділердің электролизденуіне сандық есептеулер жүргізу.

4.Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс. (2 сағат)

Бейорганикалық молекулалардың бір-біріне айналу өзгерістері. Химиялық қосылыстардың бір-біріне айналуы, оларды ажырату Реакция жылдамдығы константасы және активтену энергиясына байланысты есептеулер жүргізу. Әрекеттесуші заттар концентрациясының реакция жылдамдығына әсеріне арналған есептер.Тепе-теңдік константасы, реакция өнімінің шығымын есептеу, реакция шығымына әрекеттесуші реагенттер концентрациясының және қысымның әсерін зерттеулерге арналған есептер.

5.Газдардың молярлық көлемі бойынша есептер (2 сағат)

Химиялық реакциялардағы газдардың көлемдік қатынасына есептеулер. Қалыпты газдардың күйі теңдеуі, клайперон-Менделеев теңдеуіне арналған есептер. Бірдей жағдайдағы газдар қоспаларына есептер шығару. Заттардың және құймалардың құрамын анықтауға арналған есептеулер.

6,Ерітінділер бойынша есептеулер. (4сағ). Әртүрлі концентрациялардағы ерітінділерді араластыруға арналған есептерді шығарудың жай әдісі, алгебралық әдісі және крестеу ережесі. Заттардың ерігіштігіне арналған есептер. Еріген заттардың молярлы, моляльды, нормальды концентрациясын есептеу. Ерітінді құрамындағы компоненттердің молярлық үлесін есептеу. Концентрация өзгертілген жағдайда есептеулер жасау. Әлсіз қышқыл мен негіз ерітінділеріндегі сутек ионы және гидроксид иондарының концентрациясына есептеулер жүргізу. Гидролизденген тұздар ерітінділеріндегі сутек ионы концентрациясына арналған есептер. Ерігіштік көбейтіндісіне есептер шығару.

7.Тотығу дәрежесі. Тотығу-тотықсыздану реакциясы (2 сағ). Тотығу-тотықсыздану әдістеріне есептер шығару. Электр қозғаушы күшті анықтау. Әртүрлі қосылыстар мен қоспа құрамындағы ерітінділердің электролизденуіне сандық есептеулер жүргізу.Электрон баланс бойынша теңестіру.

8.Құрамында қоспасы бар заттарға арналған есептер (3сағ). Бірдей жағдайдағы газдар қоспаларына есептер шығару. Заттардың және құймалардың құрамын анықтауға арналған есептеулер. Термохимиялық теңдеулер арқылы жүргізілетін есептер алкандар, алкендер, алкадиендер, алкиндер, циклопарафиндер, арендер), қышқыл құрамды қосылыстар (спирттер, альдегидтер, кетондар, қышқылдар, эфирлер, майлар, көмірсулар). Азотты қосылыстар (нитроқосылыстар, аминдер, аминқышқылдары, азотты қосылыстар, гетероциклді қосылыстар).

9.Олимпиада есептерін шығару (3 сағ). Қазіргі кезде баланы дамыту және дамуына жағдай жасау керектігі ешкімге таңсық емес. Сондықтан да олимпиадаға қойылатын талаптар күшеюде. Облыстық, республикалық олимпиада мектеп бағдарламасынан да білімді тереңдетуді қажет етеді. Олимпиадаларда химияны өте жақсы меңгерген, қызығушылықтары жоғары балалар күш сынасады. Сондай жарыстарға оқушыларды іріктеу мақсатында бұл курс жүргізіледі, курстың материалдары олимпиада есептерін шығаруы теориялық жағынан қамтиды. Есептеу есептерін шығару арқылы оқушылардың ойлау қабілеті оқу материалдарын терең меңгеруі артады. Теориялық алған білімдерін практикада қолдана білу де есептер шығару арқылы жүзеге асырылады.
10.Химиялық формулаларды табу(3 сағ).
Химиялық формулалар бойынша есептеулер жүргізу.
11.Химиялық реакция жылдамдығы (1 сағ).
Термохимиялық теңдеулер арқылы жүргізілетін есептер. Гесс заңдары бойынша реакцияның жылу эффектісін есептеу. Радиоактивті өзгерістерге есептеулер.

12.Органикалық химияға байланысты есептер (8 сағат).



Алкандар, алкендер, алкадиендер, алкиндер, циклопарафиндер, арендер), қышқыл құрамды қосылыстар (спирттер, альдегидтер, кетондар, қышқылдар, эфирлер, майлар, көмірсулар). Азотты қосылыстар (нитроқосылыстар, аминдер, аминқышқылдары, азотты қосылыстар, гетероциклді қосылыстар).

«Химия тәжірибеде» курсының күнтізбелік-тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Негізгі ұғым

Сағат саны

1

Химиялыһ формулалар бойынша есептеулер

 

1-сағат

2

Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны.

 

1-сағат

3

Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны.

 

1-сағат

4

Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны.

 

1-сағат

5

Химиялық рекакция теңдеулері бойынша есептеулер

 

1-сағат

6

Биорганикалық қосылыстар арасындағыгенетикалық байланыс

 

1-сағат

7

Биорганикалық қосылыстар арасындағыгенетикалық байланыс

 

1-сағат

8

Газдардың молярлық көлемі бойынша зат мөлшерін , көлкм бойынша массасын газдың тығыздығын, салыстырмалы тығыздықты есептеу

 

1-сағат

9

Газдардың молярлық көлемі бойынша зат мөлшерін , көлкм бойынша массасын газдың тығыздығын, салыстырмалы тығыздықты есептеу

 

1-сағат

10

Ерітінді. Ерігіштік. Ерітінді бойынша есептер

 

1-сағат

11

Ерітінді. Ерігіштік. Ерітінді бойынша есептер

 

1-сағат

12

Ерітінді. Ерігіштік. Ерітінді бойынша есептер

 

1-сағат

13

Ерітінді. Ерігіштік. Ерітінді бойынша есептер

 

1-сағат

14

Тотығу дәрежесі. Тотығу-тотықсыздану реакциялары

 

1-сағат

15

Тотығу дәрежесі. Тотығу-тотықсыздану реакциялары

 

1-сағат

16

Құрамында қоспасы бар заттарға арналған есептерді шығару

 

1-сағат

17

Құрамында қоспасы бар заттарға арналған есептерді шығару

 

1-сағат

18

Құрамында қоспасы бар заттарға арналған есептерді шығару

 

1-сағат

19

Олимпияда есептерін шығару

 

1-сағат

20

Олимпияда есептерін шығару

 

1-сағат

21

Олимпияда есептерін шығару

 

1-сағат

22

Химиялық формулаларды табу

 

1-сағат

23

Химиялық формулаларды табу

 

1-сағат

24

Химиялық формулаларды табу

 

1-сағат

25

Химиялық реакция жылдамдығы

 

1-сағат

26

Тестпен жұмыс

 

1-сағат

27

Органикалық химия. Изомерия

 

1-сағат

28

Қаныққан көмірсутек, оның құрамы бойынша изомерін табу

 

1-сағат

29

Қаныққан көмірсутектер бойынша есептер шығару

 

1-сағат

30

Қанықпаған көмірсутектер, түрлері, құрамы, изомерлері

 

1-сағат

31

Қанықпаған көмірсутектер бойынша есептер шығару

 

1-сағат

32

Араматик көмірсутектер, құрамы, құрылысы

 

1-сағат

33

Оттекті органикалық қосылыстар

 

1-сағат

34

Азотты органикалық қосылыстар

 

1-сағат


Қолданбалы курсқа қойылатын талаптар :

-- курстар санының таңдауға лайық мейлінше көп болуы; - вариативтілігі, әр оқу жылында ғылым мен техниканың жетістігін ескере отырып, курстарды жаңарта білу;«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ» - қысқа мерзімділігі, яғни оқушылар бір оқу жылында бірнеше элективті курстарды таңдауға мүмкіндігі болады. Әр тоқсанға арналған элективті курстар болса өте ыңғайлы болады; - мазмұнының өзіндігі, химия пәнінің ерекшелігін және химияға тән танымдық әрекетерді(эксперимент, модельдеу, т.б. ) көрсету. Мектеп курсының мазмұнын қайталауға болмайды. курсты ұйымдастыруда әрекеттік тәсілді қолдану; - курсты оқытуда белсенді оқу әдістерін, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану шеберлігін кеңейту. Бейіндік оқыту сыныптарында (10-11-сыныптар) қосымша мынандай талаптарды ескерген жөн: - оқушылардың химия ғылымына қызығушылығын арттыру; - бейіндік деңгейде химияны меңгеруге дайындау; - оқыту барысында химиядан практикалық біліктілігін қалыптастыру және дамыту. Қолданбалы курстардың жіктелуі. - пәнге бағытталған; - пәнаралық; - қолданбалы. Пәнге бағытталған қолданбалы курстар. Олардың мақсаты – оқу жоспарына кіретін базалық пәндер бойынша білімді тереңірек және ауқымды меңгерту. Бұл курстарды былай топтауға болады: - Химияны терең меңгертуге бағытталған жоғарғы деңгейдегі курстар. Мысалы, "комплексті қосылыстар" , "Ерітінділер теориясы", "Биогенді элементтер", "Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру", "Судың қасиеттері", "Компьютерлік моделдеу" Тоығу-тотықсыздану реакциялары" т.б. - Қоғамдық – гуманитарлық бағытта оқитын оқушылар үшін немесе химия тереңдетіп оқылатын мектеп оқушыларына арналған бірыңғай ұлттық тестке дайындық мақсатында енетін қолданбалы курстар. Пәнаралық қолданбалы курстар. Олардың мақсаты – табиғат пен қоғам туралы білімдерді интеграциялау, дүниенің біртұтас бейнесін қалыптастыру. Мысалы : "Тірі организмдегі химиялық элементтер", " Биохимияға кіріспе", " Химия және денсаулық" және т.б. Қолданбалы курстар. Олардың мақсаты – химия пәнінің теориялық негіздерін қолданбалы сипатта пайдалануын мектеп оқушыларына кеңірек және ашық көрсетіп, сол арқылы олардың білімдерін қалыптастыру. Мысалы : "Қазақстанның химия өнеркәсібінің дамуы", " Химия және қоғам", "Ғарыш химиясы", " Химия «ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ» және медицина", " Химия және тағам" т.б. оқушылардың қызығушылығын тудырады. Мысал ретінде:

Сан есептерін шығару әдістемесі Сан есептерін оқыту, тәрбиелік маңызы:

1. Сан есептері арқылы жаңа білім алынады, білім нығайтылып, жетілдіріліп қолданылады.

2. Тәрбиелік маңызы: Заттар мен құбылыстардың арасындағы сандық қатынастар жүзеге асады. Оқушынының диалетикалық және материалистік көзқарасын дамыту. Еңбексүйгіштікті мақсатқа жетуде табандылықты, өзінің жауапкершілігін арттырады.

Дамытушылық мақсаты: өте терең сан есептерінің үлесі өте кең.

1) Есеп шығару барысын түсіну, талқылау, ой елегінен өткізіп тұжырым жасау.

2) Салыстыру, талдау, жинақтау. Жалпыдан жекеге, жекеден жалпыға ауысып ойлау арқылы оқушының ақыл-ойы дамиды. Интелектуалдық ақыл - ойы қалыптасады

 

.


Қосымша пайдаланылған әдебиеттер мен көмекші құралдар:

1. «Химия анықтамалығы» журналы №5, 2013. №3, 2014.

2.     Аханбаев К . Химия.- Алматы. «Ана тілі» , 1993

3     «Химия мектепте» журналы №6, 2003; №4, 2004; №3, 2005: №2, 2006; №2,№3 2008.

4.     Мырзабаев А. Элементтер – химия негізі. – Алматы. «Рауан», 1990

5.     «Денсаулық журналы»№4,2005;  №11, 2006; №5, 2007.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет