Қазақстан Республикасының Білім жəне Ғылым Министрлігі Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет3/19
Дата08.04.2020
өлшемі1,14 Mb.
#61983
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
k090620154


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
25 
Дəріс  №2.  Спорттың  негізгі  жақтары,  оларды  жоспарлау 
жəне қазіргі таңда жүзеге асыру ерекшеліктері 
 
Жоспар 
1. Спорт жаттықтыруының негізгі жақтары 
2. Жаттықтыру үрдісін жоспарлау 
3. Балалардың спорт дайындығының ерекшеліктері 
4. Жарыс жəне жарысты өткізу əдістемесі 
5.  Спорттық  нəтижелер  жəне  олардың  спорттың  дамуына 
əсер етуі. 
6.  Олимпиялық  спорттың  жəне  Олимпиялық  қозғалыстың 
казіргі мəселелері жəне даму тенденциялары. 
 
Əдебиет 
 
1.  Теория  спорта  //Учебное  пособие.  –  Под  ред. 
Ф.П.Суслова, Ж.Холодова. – М.,2000. -  
2.Мамытов А. Теория спорта //Учебное пособие. – Бишкек, 
2001. – 253 с. 
3.Аманбаев  Р.Р.  Спорт  теориясы  мен  əдістемесінің  жалпы 
негіздері // Оқу құралы. – Алматы, 2001. – 107 б. 
4.Уанбаев  Е.Қ.,  Уанбаева  Ф.Ж.  Дене  мəдени  еті  жəне 
спорттың  ілімі  мен  əдістемесі//  Оқу  құралы.  2-ші  басылым. 
Өңделіп  толықтырылған.  -  Өскемен:  С.Аманжолов  атындағы 
ШҚМУ баспасы, 2009. – 260 б. 
5.Турлыханов  Д.Б.  Уроки  летних  Олимпийских  игр  2000 
года в Сиднее (Австралия) и задачи по развитию спорта высших 
достижений  в  Республике  Казахстан  //  Теория  и  методика 
физической культуры. – 2000. - № 2. - С. 6-11. 
6.Легкая  атлетика  /  Н.Г.  Озолин,  Д.П.  Марков.  Учебник.  – 
М.: Физкультура и спорт, 1972-672с. 
7.Лосев  С.А.  Развитие  легкой  атлетики  в  Казахстане  в 
период  с  1941  по  1991  годы  //  Вестник  физической  культуры  - 
2007. -№1- 2 (13-14) – С.56-62.  
8.  Горанько М.И., Хаустов С.И. Игры XXIX Олимпиады – 
2008 завершены. Олимпийскую эстафету принял Лондон – 2012 
// Теория и методика физической культуры. – 2008. - № 2. - С. 5-
11.  

 
26 
9.  Кульназаров А.К. Об итогах выступления Казахстанской 
спортивной делегации на XXIX летних олимпийских играх 2008 
года  в  Пекине  (КНР),  и  задачах  по  подготовке  национальных 
сборных команд к XXX летним олимпийским играм 2012 года в 
Лондоне // Материалы II- Международной научно-практической 
конференции  «Теория  и  практика  физической  культуры  и 
спорта». – Алматы, 2008. – С. 3-5.  
 
1. Спорт жаттықтыруының негізгі жақтары 
 
Спорт 
жаттыктырулары 
дене 
қуаты 
дайындығы, 
техникалық,  тактикалық,  психологиялық  жəне  теориялық 
дайындықтар  деген  спортшы  дайындығының  жақтарынан 
кұралады. 
Дене  қуаты  дайындығы.  Спорттық  жаттықтырудағы  дене 
қуаты  дайындығы  спортшының  ағзасының  мүшелері  мен 
жүйелерін  нығайтуға,  олардың  қызметтік  мүмкіншіліктерін 
жоғарылатуға,  дене  қуаты  қасиеттерін  дамытуға  бағытталған. 
Дене  қуаты  дайындығы  жалпы  жэне  арнайы  деп  бөлінеді. 
Арнайы  дене  қуаты  дайындыгы  алдыңғы  жəне  негізгі  арнайы 
дайындық  деген  екі  бөлімге  бөлінеді.  Алдыңғы  арнайы 
дайындық  бөлімі  негізгі  бөлімге  фундамент  ретінде  қаланса, 
негізгі бөлімі спорт түріне бағытталған қимыл дайындығын кең 
мөлшерде қамтамасыз етуге қолданылады. 
Жаттыктыру үрдісінің үлкен циклінде алдымен жалпы дене 
қуаты  дайындығы  жүргізіледі.  Оның  үстіне  арнайы  дайындық 
фундамент  ретінде  қаланады  да,  оның  негізінде  жоғарғы 
деңгейдегі 
қимыл 
əрекеті 
қасиеті 
дамытылады. 
Осы 
дайындықтар  баспалдақ,  саты  ретінде  орындалады.  Төменгі 
саты  неғүрлым  мықты  болса,  келесі  саты  согырлым  биік 
болады, келесі қозғалыс қасиеттерін де сондайлықбиік деңгейде 
дамытуга  кол  жеткізуге  болады.  Осы  үшсатылы  дайындық 
үрдісі 
шаңғышылардың, 
ескекшілердің, 
конкимен 
жүгірушілердің, 
волесипедшілердің, 
суда 
жүзушілердің 
жаттықтырулар  циклдерінде  анық  көрінеді.  ¥зақ  мерзімге 
төзімділікті  керек  ететін  циклдік  спорт  түрлерінің  жылдық 
жаттықтыруында осындай үшсатылық дайындық міндетті түрде 
орындалуы қажет. 

 
27 
Дене  куаты  дайындығы  дене  қуаты  қасиеттерін  дамыту 
арқылы орындалады  
Техникалық дайындық. Техникалық дайындық деп жарыс 
жат-тығуларын  орындауды  жоғары  деңгейде  меңгеру  үрдісін 
айтамыз.  Оның  негізгі  міндеті  -  спорттүріндегі  негізгі 
қозғалысты шеберлікпен меңгеру, дағдьшану. 
 Əрбір спорт түрлерінде жаттығу техникасы əр түрлі болып 
келеді.  Мыс.  гимнастика,  конькимен  мəнерлеп  сырғанау  спорт 
түр-лерінде 
жақсы 
техника 
қозғалыс 
əдемілігі 
жэне 
нақтылығымен  бағаланады.  Төзімділікті  керек  ететін  спорт 
түрлерінде техниканы жетілдіру қимыл-қозғалысты тиімді түрде 
орындауға  байланысты.  Мыс.  жүгіру  техникасын  дұрыс, 
экономиялы  орындау.  Зерттеулер  нэтижесінде  спортшының 
жүгіру  қарқыны,  адым  үзындығы  жэне  физиологиялық 
көрсеткіш-оттегі  қолдану  мүмкіншілігі  араларында  өте  мəнді 
байланыс  бар  екені  анықталган.  Марафонды  қашықтықтарға 
жүгірушінің дұрыс оттегі қолдануы жүгіру қарқыны 16 км/сағат, 
адым  ұзындығы  150см  болғанда  ғана  тиімді  болатыны  гылыми 
түрде 
дəлелденген. 
Осындай 
байланыс 
суда 
жүзу,конькимен,шаңғымен жүгіру спорттарында да кездеседі. 
Əрбір  спорт  түрлерінде  жаттығуларды  орындаған  кезде 
«эталондық» орындау керек деген көзқарас қалыптасқан. Ол ең 
жақсы  спортшының  өз  спорт  түрінде  негізгі  жаттыгуды 
орындауы.  Ол  кітапта  жазылған,  суретте,  кинотүсірулерде 
көрсетілген  жаттығуды  орындау  түрі,  техникасы  жаттығуды 
үйренуге негіз болуы керек.  
Ал спортшыдан дəл осындай орындау керек деп талап еткен 
дұрыс болмайды. Спортшы сол көрсетілген жаттығуды орындау 
техникасын негізге алып, өз ерекшеліктерін ескеріп, жаттығуды 
орындауы  керек.  Ол  ерекшеліктер:  дене  құрылысы,  дене  қуаты 
дайындығы, физиологиялық, психикалық ж.б. қасиеттер. 
Техникалық  дайындық  кезінде  спортшылар  мынандай 
талаптарды орындауы керек: 
1.  Техника  нəтижелілігі  -  жарыс  жаттыгу  техникасының 
нəтижелі  орындалуы.  Мысалы,  волейболшының  шабуыл 
соққысы  соққан  доп,  ойын  алаңына  түсуі,  балуанның 
қарсыласын ұпай санына лақтыруы, боксердің соққысының дəл 
тиюі. 

 
28 
2.  Тиімділігі  -  биомеханика  зандылықтарына  сай  тиімді 
қозғалыс құрылысын орындау. 
3.  Тұрақтылығы  -  тұрақты  жоғары  көрсеткіштер  көрсетуге 
бағыт-талган қозғалыс техникасын құрастыру. 
4.  Бейімділігі  -  спортшының  жетілдірілген  қозғалыс 
техникасын барлық жарыс жағдайында орындай алуы. 
5. Үнемділігі - энергияны неғұрлым аз жұмсайтын қозғалыс 
құрылысы 
Тактикалық  дайындық.  Тактикалық  дайындық  дегеніміз, 
жарыс  кезіндегі  жеңіске  жету  үшін  пайдаланылатын  əдіс-
амалдарды,  айла-тəсілдерді  қолдана  білу  өнері.  Тактикалық 
дайындық екі кезеңнен түрады: 
-  спорттық  күресті  жүргізу  жолдарын  өз  мүмкіншілігіне, 
қарсыластарының 
ерекшеліктеріне, 
жарыс 
жағдайларына 
байланысты жоспарлау; 
-  осы  жоспарды  спортшының  жарыстағы  мүмкіншілігіне 
байла-нысты  амалдар  мен  жолдар  арқылы  іске  асыру. 
Тактикапық  дайындықты  дүрыс  іске  асыру  үшін  төмендегідей 
міндеттерді орындау керек; 
-  қазіргі  кездегі  өзі  айналысып  спорт  түрінің  тактикалық 
тəсілдер негізін оқу, үйрену, тиімді пайдалана білу; 

мықты 
спортшылардың 
тактикалық 
тəжірибесімен 
танысу;-өтетін 
жарыстың 
ережелерін, 
шарттарын, 
қарсыластарының  мүмкіншіліктерін  зерттеу  (уақыты,жарыс 
өткізілетін орын т.б.);  
- жарыстың тактикалық жоспарын жасау; 
-  тактикалық  тəсілдерді,  оларды  орындау  жолдарын 
тəжірибе жүзінде меңгеру; 
-  қарсыласына  психологиялық  басымдылық  көрсете  алу 
шеберлігін  қалыптастыру,  оны  ыңғайсыз  жағдайда  жарысуға 
мəжбүр ету; 
-  өткен  жарысты  талдау,  тиімді  тактикалық  əрекеттерді 
жетілдіру.  Тактикалық  дайындық  кезінде  мынадай  əр  түрлі 
жолдар  қолданылады:  алдын  ала  жасалған  тактикалық 
жоспарды  жаттықтыру  сабақтарында,  жарыс  жағдайына  ұқсас 
жағдайларда қайталау; арнайы кітаптар оқу, əңгіме өткізу; бейне 
жазумен түсірілген жарыстарды көру, оны жан-жақты талдау.  

 
29 
Психологиялық  дайындық.  Спортшыға  жарыс  кезінде, 
жарыс 
жаттығуларын 
орындау 
кезінде 
кездесетін 
психологиялық 
қиындықтарды 
жеңуге 
тəрбиелейтін 
педагогикалық үрдісті психологиялық дайындық дейміз. 
Психологиялық дайындық процесі екі бөлімнен тұрады: 
1.  Жалпы  психологиялық  дайындық.  Ол  спортшыны 
спортпен  жүйелі  түрде  айналысуға,  қиыншылықтарды  жеңуге, 
еңбексүйгіш азамат ретінде тəрбиелеуге бағытталған. 
2.  Арнайы  психологиялық  дайындық.  Жарысқа  қатысуға 
дайындайтын  бүл  арнайы  дайындық  -  жарыс  болар  алдындағы 
кезеңде  спортшының  спорттық  күреске  психикалық  дайын 
күйге  түсуіне  бағытталған.  Психикалық дайындыққа батылдық, 
қайсарлық, ынталылық, табандылық, тəуекелшілік, ұстамдылық 
секілді 
жігер-қайрат 
дайындығы 
кіреді. 
Психологиялық 
дайындық əртүрлі əдістермен іске асады:  
Психикалық реттеу жаттығуларының əдісі - көңіл-күйді 
көтеру,  көңілдену,  қиыншылықтары  жеңуге  ойша  дайындылу, 
тактикалық  ойлауды  дамыту,  сыртқы  қоршаған  ортаны  тез 
сезіну,  келешек  істелетін  жұмыстарға  дайындалу,  жинақталу 
жəне т.б. əдіс-тəсілдер. 
 Идеомоторльщ  жаттыгулар  əдісі  -  жаттығуларды  ойша 
қайталау  арқылы  негізгі  қимылдарға  бар  ықылас  зейініңді 
аудару. 
Спорттағы  психодиагностика  əдісі  —  КБС  (К  -  көңіл 
күйі,  Б  -  белсенділік,  С  -  сергектік)  əдістемесі  бойыңша  еске 
сақтау,  ықылас,  қозғалыс  жылдамдығын,  алаңдаушылық 
деңгейін,  көңіл-күй  көрсеткіштерінің  өзгеру  деңгейін  əр  түрлі 
аспаптар, тəсілдер арқылы анықтау. 
Теориялық  дайындық.  Теориялық  дайындық  кезінде 
спортшыларға дайындық жактарының заңдылықтарын, олардың 
əдістемелерін 
үйретеміз. 
Теориялық 
дайындықсыз 
дайындыктың  басқа  жактарын  іске  асыру  мүмкін  емес. 
Спортшы  арнайы  дэрістерді  тындап,  спорт  туралы  жазылған 
ғылыми  əдістемелік,  көркем,  тарихи  əдебиеттерді  оқып, 
кинофильмдер 
көріп 
білімін 
дамытып 
отырғаны 
жөн. 
Спортшыны  спорт  түрінен  дайындау  жүйесінде  теориялық 
дайындықтың 
маңызы 
ерекше. 
Спортшы 
теориялық 
ақпараттарды  көп  білген  сайын  спорттағы  жетістіктер  тезірек 

 
30 
жоғарылайды. 
Теориялық 
білім 
спортшыға 
спорттық 
жетістіктерге  жылдам  жетуге  ғана  емес,  күнделікті  өмірде  де, 
маңайындағы  адамдарды  салауатты  өмір  салтын  насихаттауда 
да қажет болады.  
Теориялық  дайындық  бағдарламасы  кең  көлемде  болғаны 
дұрыс. Ол келесі бөлімдерге бөлінеді: 
1  Дене  мəдениеті  мен  спорттың  Қазақстанда  дамуы, 
қоғамдағы рөлі. 
2 Спорт түрінің пайда болуы, дамуы, қазіргі жағдайы. 
3 Дене жаттыгуларының адам ағзасына əсері. 
4  Спортшының  гигиенасы,  тамақтануы,  шынығуы,  күн 
тіртібі туралы мағлұматтар. 
5  Дəрігерлік  бақылау,  өзін  өзі  бақылау,  жарақаттарды 
болдырмау, емделе білу жолдары мен спорттық массаж. 
6 Спорттық жаттықтырудың негізгі əдістемелері. 
7 Спортшының жалпы жəне арнайы дене қуаты дайындығы. 
8  Спортшының  техникасы,  тактикасы  жэне  оларды 
жетілдіру əдістері. 
9 Спорттық жаттықтыруды жоспарлау. 
10 Спорт түрінен өткізілетін жарыс ережесі. 
 
2. Жаттықтыру үрдісін жоспарлау 
 
Жоғары  спорттык  көрсеткіштерге  жету  үшін  спортшы  көп 
жылдар  бойы,  10  жылдан  артық  мөлшерде,  үзіліссіз  жаттығуы 
керек.  
Осы  көп  жылдық  жаттығу  шартты  түрде  төрт  кезеңге 
бөлінеді. 
Алғашқы  дайындық  кезеңі.  Республикамызда  спорт 
мектептерінің  алғашқы  дайындық  топтарына  өз  еркімен 
спортпен  шұғылданғысы  келген,  ата-аналарының,  мектеп 
басшыларының, 
дəрігердің 
келісімін 
алған 
балалар 
қабылданады. 
Бұл 
балалар 
спорт 
мектептерінің 
жас 
ерекшеліктеріне,  спорт  түріне байланысты  бекітілген  ережелері 
бойынша  спорт  топтарына  бөлінеді.  Мысалы,  гимнастика  6 
жастан, суда жүзу 7 жастан, футбол 8 жастан, хоккей 9 жастан, 
ескек есу 10 жастан, ат спорты 11 жастан т.с.с. 

 
31 
 Осы  топтардағы  оқушылар  үш  жыл  бойы  жалпы  дене 
қуатын  дамытумен,  бастапқы  техника  негіздерін  үйренумен 
айналысады  да,  əр  түрлі  сынақтар  тапсырғаннан  кейін  оқу-
жаттығу топтарына ауыстырылады.  
Бастапқы  мамандану  кезеңі  балалардың  жасөспірім  жас 
шағына  сəйкес  келеді.  Бұл  кезеңнің  негізгі  міндеті  организмді 
жан-жақты дамыту жэне қимыл-қозғалыс ептілігі мен дағдысын 
жетілдіру  болып  табылады.  Бастапқы  мамандану  кезеңінің 
ұзақгығы  3-4  жыл,  бірақ  спортшының  дарындылығына, 
спорттың  түріне  байланысты  ол  уақыт  өзгеруі  де  мүмкін. 
Балалардың 
жастарына, 
жаттыққандығына 
байланысты 
жаттықтыру  уақытының  ұзаруы,  жаттықтыруларды  бір  апта 
ішінде қайталау жиілігі біртіндеп көбейіп отырылуы қажет.  
Тереңдете  жетілдіру  кезеңі.  Бұл  кезең  спортшының 
есейген  кезіне  сай  келеді.  Кейбір  ерте  жастан  жаттыға 
бастайтын суда жүзу, гимнастика, мəнерлеп сырганау т.б. спорт 
түрлерінде  жасөспірім  жас  мөлшеріне  сəйкес  келіп  қалуы  да 
мүмкін.  Бұл  кезеңнің  негізгі  міндеті  жоғары  спорттық 
шеберлікті  меңгеру.  Жаттықтыру  кезінде  жүктеме  көлемі  мен 
қарқындылығы  ең  жоғары  шекке  дейін  өсіріледі,  жарыстың 
саны  көбейеді,  дəрежесі  жоғарылайды.  Бұл  кездегі  жас  шектеу 
мөлшері жылдамдықты керек ететін спорт түрлерінде 18-ден 26 
жасқа  дейін,  төзімділікті керек  ететін  циклдік  спорт  түрлерінде 
30 жасқа дейін болады. 
Спортта ұзақ жасау кезеңі.  
Бұл  кезең  дайындалғандық  деңгейін  төмен  түсірмей  ұстап 
тұра  алған  кезге  дейін  созылады.  Бұл  кезенде  спортшылардың 
жас  ерекшеліктеріне,  психикалық  болдыруына,  жаттықтырулар 
мен 
жарыстардан 
шаршауларына 
байланысты 
спорттық 
көрсеткіштері  біртіндеп  төмендей  береді.  Жалпы  жүктеме 
көлемі  жайлап  азайтыла  бастайды.  Жаттықтыруларда  жүктеме 
қарқыны,  жарыстар  саны  азаяды.  Əрбір  спортшы  бұл  кезенде 
жаттықтыру  жүктемелерін,  жаттықтыруларды  кенеттен  қойып 
кетпей,  біртіндеп  азайтуы  керек.  Бұлай  етпеген  жағдайда 
денсаулығына зиян келетінін білуі қажет.  
Спорттық жаттықтыру кезеңдері 
Көп  жылдық  жаттықтыру  үрдісі  үлкен  макроциклдерден 
тұрады.  Олар  жылдық,  жəне  жартыжылдық  деп  аталады.  Əрбір 

 
32 
жылдық  немесе  жарты  жылдық  цикл  дайындық,  жарыс  жəне 
өтпелі деген үш кезеңнен тұрады. 
Дайындық  кезеңі.  Дайындық  кезеңі  жылдық  циклде  4-5 
айға,  жарты  жылдық  циклде  2-3  айға  созылады.  Бұл  кезеңнің 
міндеті  организмнің  мүмкіншілігін  жоғары  деңгейге  жеткізу. 
Дайындық кезеңі 2 бөлімге бөлінеді. 
1.  Жалпы  дайындық  бөлімінде  спортшы  ағзасының  жалпы 
қызметтік  мүмкіндіктерінің  деңгейін  көтеру,  қозғалыс  қасиеті 
мен  қозғалыс  шеберлігін,  дағдысын  жетілдіру  мəселелері 
шешіледі.  Жалпы  дайындық  бөлімі  екі  түрлі  тарту  жəне 
негіздеу деген орта циклдерден тұрады. 
Тарту  циклінің  мақсаты  -  жүктеме  қарқындылығы  мен 
көлемін  жайлап  өсіру.  Негіздеу  немесе  базалық  циклінің 
мақсаты - негізгі жаттықтыру жүктемесінің көлемін орындау. 
2.  Арнайы  дайындық  бөлімінің  міндеті  -  спортшының  өзі 
айналысқан 
спорт 
түріне 
керек 
дене 
қуаты 
қасиеттерін,техникасын,тактикасын дамыту. 
Бұл  бөлімде  арнайы  дайындыққа  60-70  пайыз  уақыт 
бөлінеді.  Жарыс  жаттығуларына  ұқсас  жаттығулар,  бақылау, 
тексеру,  жаттықтыру  амалдары  қолданылады.  Бұл  бөлім 
тексеру,  дайындау,  шыңдау  циклдерінен  тұрады.  Тексеру, 
дайындау 
циклінде 
жаттықтыру 
жүмыстары 
бақылау 
жарыстарына 
қатысуымен 
араласа 
жүргізіледі. 
Шыңдау 
циклінде  тексеру  жарыстарынан  кейін  анықталған  техника, 
тактика 
кемшіліктерін 
жою, 
айла-əдістерін 
шындау 
жаттығулары  жүргізіледі.  Жүктеме  қарқындылықты  арттыру, 
жаттықтыру көлемін азайту түрінде қолданылады. 
Жарыс  кезеңі.  Бұл  кезеңде  спортшы  өзінің  негізгі 
жарыстарына  қатысады.  Бұл  кезеңнің  басты  міндеті  -  алдыңғы 
кезенде  жақсы  жаттыққан  спортшы  ағзасының  жарысқа  дейінгі 
күйін ұзақ уақытқа сақтау. Жарысқа қатысу жиілігі спорт түріне, 
спортшы дəрежесіне байланысты. 
 Жарыс  алдындағы  циклде  спорттық  бабына  кіру  жəне 
алдыңғы  жарысқа  дайындалу  жаттығулары  жүргізіледі.  Жарыс 
циклдері  негізгі  жарысқа  қатысу  кезінде  өтеді  де  бірнеше  кіші 
циклдерге  бөлінеді  (микроциклдер).  Олар:  жарыс  алдындағы, 
жарысқа қатысу жəне қалпына келу циклдері. Қалпына келу - 
көтермелеу  циклі  кезінде  сипаты  бір-біріне  ұқсас  жаттықтыру 

 
33 
үрдістерінен 
спортшыларды 
жалықтырмау 
үшін 
басқа 
жаттығуларды пайдаланады. Сол жаттығулар көмегімен ағзаның 
қалпына келуін тездетеді  
Өтпелі  кезең.  Бұл  кезеңнің  міндеті-жаттықтыру  мен 
жарыстардан 
алған 
əсерін 
жоғалтпау, 
ағзаны 
қинамай 
уақытында  босаңсытып,  қалпына  келтіру.  Бұл  кезенде  арнайы 
дайындық 
жаттығулары 
азайтылып, 
жалпы 
дайындық 
жаттығулары  көбейеді  (спорт  ойындары,  табиғат  аясында 
жүгіру  т.б.).  Көбінесе  ағзаны  тез  қалпына  келтіретін,  спортшы 
ұнататын  жаттығуларды  пайдаланған  тиімді.  Өтпелі  кезең  2-3 
орта  циклдерінен  тұрады.  Қалпына  келтіру  -  көтермелеу  жəне 
қалпына келтіру - дайындық циклдерінен біртіндеп, келесі үлкен 
жаттықтыру  циклінің  дайындық  кезеңінің  тарту  мезоцикліне 
ауысады.  Кейбір  кездерде  өтпелі  кезеңнің  орнына  қысқа 
жеңілдету  фазалары  кіргізіледі.  «Қосақталған  микроцикл»  деп 
аталады да, жарыс кезеңінен кейін екінші дайындық, одан кейін 
екінші жарыс кезеңі, содан соң ғана өтпелі кезең кіргізіледі. 
Осындай  жаттықтыру  процестері  күш  жылдамдығын  керек 
ететін  спорт  түрлерінде  қолданылады.  Мысалы:  ядро  лақтыру, 
биіктікке секіру, ауыр атлетика, спорт ойындары т.б., ал циклдік 
сипатындағы  спорт  түрлерінде  (марафондық  жүгіріс,  шаңғы 
спорты 
т.б.) 
көбінесе 
жылдық 
жаттықтыру 
циклдері 
қолданылады.  Жаттықтыру  микроциклдерінің  жалпы  ұзақтығы 
бірдей  болса  да  жеке  кезендерінің  ұзақтығы  спорт  түрлеріне 
байланысты 
əртүрлі 
болып 
келеді. 
Мысалы: 
көпсайыс 
түрлерінде  дайындық  кезеңі,  ал  спорт  ойындарында  (футбол, 
хоккей) жарыс кезеңі ұзақ болады. 
Жоғары  спорттық  шеберлік  деңгейінде  олимпиадалық 
ойындарға  дайындалуына  байланысты  төрт  жылдық  цикл 
жоспары қолданылады.  
Жаттықтыру 
үрдісінің 
ұзақтығына 
байланысты 
жоспарлаудың  үлкен  кезеңдік  (болашақтық) жəне  кіші  кезеңдік 
(жедел)  деген  екі  түрі  болады.  Үлкен  кезеңдік  жоспарлау  төрт 
жылға  немесе  бір  жылға  арналып  жасалады.  Ал  кіші  кезеңдік 
жоспарлау  айлық  (мезоцикл),  апталық  (микроцикл)  жəне  жеке 
жаттыктыру  сабақтарына  арналып  жасалады.  Микроциклге 
спортшы қатысатын жарыстардың түрі, уақыты, сол жарыстарда 
спортшының  орындайтын  міндеті,  оның  дайындығындағы 

 
34 
айлық  кіші  міндеттер  жəне  жыл  көлемінде  орындалатын  үлкен 
міндеттер  сипаты,  жүктеменің  көлемі  кіргізіледі.  Əдістемелік 
нұсқаулар  беріледі.  Бақылау  түрлерінің  жəне  дəрігерлік 
бақылаудың өткізілу уақыты белгілінеді. 
Жылдық 
жоспар 
жасағанда 
спортшының 
шамасы, 
мүмкіншіліктері спорттық көрсеткіштерінің өсу қарқыны негізге 
алынады. Жоспарды спортшымен келісе отырып жасаған дұрыс. 
Ол  жоспардың  дұрыстығына  сеніп,  оның  дұрыс  орындалуына 
бар 
мүмкіншіліктерін 
пайдалана 
білуі 
керек. 
Өскемен 
қаласындағы 
облыстық 
балалар 
жəне 
жасөспірімдер 
олимпиадалық  ізбасарлар  спорт  мектебінің  жеңіл  атлетикамен 
шұғылданатын  спорттық  жетілдіру  тобының  жылдық  жоспар 
кестесін  қараңыздар  (41-кесте).  Жылдық  жоспардың  міндеттері 
кіші  кезеңдік  жоспар  жасағанда  кеңінен,  нақтылы  ашыла 
көрсетіледі.  Мезоциклдер  (айлық  цикл)  3-4  микроциклдерден 
құралады  да,  2-3  екпінді  жəне  1  -2  қалпына  келу  толқындары 
түрінде 
жүргізіледі. 
Айлық 
жоспар 
үлгісі 
42-кестеде 
көрсетілген. 
Микроцикл дегеніміз  -  бірнеше  жаттықтыру  сабақтары  мен 
қалпына келу күндерінен қүралған, жаттықтыру процесі түрінің 
толық 
біткен, 
бірақ 
қайталанатын 
апталық 
циклі. 
Микроциклдердегі  жүктеме  толқын  түрінде  өзгеріп  тұрады  да, 
2-3  екпінді  кезендерден,  қалпына  келтіру  жаттықгыруларынан 
құралады.  Жарыс  кезінде  спортшыга  жоғары  қалпыны  келу 
жағдайы 
жасалуы, 
жүктеме 
дұрыс 
бөлінуі 
қажет. 
Микроциклдегі дене қуаты қасиеттерін, техникасын, тактикасын 
дамытатын  жаттығулар  араластырылса,  өз  кезегімен  берілуге 
тиіс. 
Күш  жылдамдығын  керек  ететін  спорт  түрлерінің  жалпы 
дайындық  кезеңі  микроцикліндегі  жаттықтыру  сабақтарының 
келесі міндеттері бар: 
-  техника  дайындығы  жəне  жылдамдыққа  тəрбиелеу;  - 
қалпына келтіру жаттықгырулары; 
- техника дайындығы; 
- күш жылдамдығын тəрбиелеу, арнайы төзімділікті дамыту, 
жалпы төзімділікті дамыту. 
Арнайы  дайындық  кезеңіндегі  циклді  спорт  түрлерінің 
микроциклдегі жаттықгыру міндеттері: 

 
35 
- техника қозғалыстарын жетілдіру; 
- жылдамдық мүмкіндіктерін тəрбиелеу; 
- арнайы төзімділікті дамыту; 
- қалпына келтіру жаттықтырулары; 
-  жарыс  жағдайында  қолданылатын  арнайы  төзімділікке 
тəрбиелеу. 
Жоғарыда 
берілген 
жаттықтырулар 
əсері 
спортшының  жалпы  өмір  сүру  тəртібін  (оқу  бітіру,  еңбек  ету) 
толықтырады, күшейтеді, жұмыс қабілеттілігін арттырады. 
Жаттықтыру сабағы жаттықтыру процесін ұйымдастырудың 
негізгі  түрі  болып  келеді.  Ол  дайындық,  негізгі  жəне 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет