Қазақстан Республикасының Білім жəне Ғылым Министрлігі Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет4/19
Дата08.04.2020
өлшемі1,14 Mb.
#61983
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
k090620154


қорытынды бөлімдерден тұрады. Дайындық бөлімінің мақсаты 
-  спортшы  денесін  негізгі  бөлімде  өтетін  қарқынды,  көлемді 
жұмысқа  дайындау.  Дайындық  жалпы  жəне  арнайы  деген  екі 
бөлімге  бөлінеді.  Жалпы  дайындық  бөлімінде  əр  түрлі  жалпы 
дайындық  жаттығулары 
қол-данылады.  Мысалы,  жүгіру 
жаттығулары, əр түрлі снарядтармен жаттығулар, жалпы дамыту 
жаттығулары, екі-екіден жəне топтық жаттығулар жəне т.б. 
Арнайы  дайындық  бөлімінде  спорт  түріне,  жаттықтыру 
міндетіне  байланысты  арнайы  дайындық  жəне  жарыстық 
жаттығулар  қолданылады.  Дайындық  бөлімінің  ұзақтығы 
сыртқы  ортаға,  жаттықтыру  үрдісінің  кезеңіне,  спортшының 
дəрежесіне  байланысты  15  минуттан  30  минутқа  дейін 
созьшады.  Негізгі  бөлімнің  міндеті-техниканы,  тактиканы 
жетілдіру  жəне  дене  қуаты  қасиеттерін  дамыту  болып  келеді. 
Басында жаттығу техникасын үйрету, жетілдіру, сонан соң дене 
куаты қасиетін дамыту міндеттері орындалады. 
Жаттықтырудың  қорытынды  бөлімі  жүктемеден  кейін 
спортшының  ағзасын  қалпына  келтіру  үрдісін  тездету  үшін 
өткізіледі.  Денені  босаңсыту  жаттығулары,  жеңіл  жүгіру, 
спорттық жəне қозғалмалы ойындар қолданылады. Жаттықтыру 
сабақтары  жеке,  топтық,  фронтальдық,  айналмалы  жаттығуды 
орындау  əдістері  көмегімен  өткізіледі.  Əрбір  жаттықтыру 
сабағына  жоспар-конспекті  жазылады.  Жоспар-конспектіде 
жаттықтыру  өткізу  күні,  ұзақтығы,  міндеттері,  жаттықтыру 
мазмұны,  жаттығуларды  орындау  саны,  əдістемелік  нұсқаулар 
көрсетіледі. Үлгі түрі 43-кестеде берілген. 
Спорт 
мектептеріндегі 
негізгі 
есепке 
алу 
құжаты- 
жатгықтыру 
тобының 
журналы. 
Журналда 
жаттықтыру 

 
36 
уақытының  кестесі,  жылдық  жоспар  кесте,  əрбір  айға 
қүрастырьшған  айлықжоспар,  спортшылардың  жаттықтыруға 
қатысуларын 
күнделікті 
белгілеу 
кестесі 
(44-кесте), 
жаттықтырулардың  эр  сабақ  жазулары  (45-кесте),  спортшьшар 
туралы 
мəліметтер, 
олардың 
спорттық 
көрсеткіштері 
көрсетіледі. 
Жаттықтыру  үрдісі  барысында  қолданылған  əдістер  мен 
амалдардың  нəтижелік  деңгейін  аныктау  үшін  бақылау  мен 
бағалауды  қолдану  қажет.  Бақылау  сапалы  болуы  үшін 
спортшының  жаттықтыру  мен  жарыс  жүктемелерін,  амалдарды 
тізімдеп,  қағазға  түсіріп  отыруы  керек.  Бақылау  спортшы 
дайындығының  өсу  деңгейін  білу  үшін  ғана  емес,  артық 
жаттығып, болдыру деңгейіне дейін жібермеу үшін де керек. 
Артық жаттығу, болдыру.  
Оның себептері 
Артық  жаттығу,  шаршау,  болдыру  күйі  екі  түрлі  жағдайда 
пайда  болады.  1  Ұзақ  психикалық  қозудан,  тынышсыздықтан, 
ағзаның  демалып  қалпына  келмеуінен  (мысалы,  жиі  өткен 
жарыстар). 2 Ұзақ психикалық тежелуден (мысалы, бір сарынды 
жаттықтыру, зорығу т.с.с). 
 Артық  жаттығу,  шаршау,  болдыру  түрлері  жүктемеге  көп 
байланысты.  Ұзақ  мерзімде  қайталанган  көп  жүктеме  артық 
жаттығудың  бірінші  түріне,  ал  үзақ  мерзімде  аса  көп  жүктеме 
екінші  түріне  əкеліп  соқтырады.  Жаттықтырушы,  бапкерлер 
артық  жаттыққанда  спортшыны  əбден  титықтатып  тастайтын 
мынадай қателерді білуі керек: 
-жаттықтыру 
əдістемесінің 
қателігі, 
біртіндеушілік 
қағидасын сақтамау; 
-  көп  жүктеменің  арасындагы  демалу  уақытының  аздығы, 
өте көп жарыстар жəне т.б.); 
-  спорт  тəртібінің  бұзылуы  (түнгі  ұйқының  аз  болуы,  дем 
алу жағдайының нашарлығы, теледидарды, кинофильмдерді көп 
көруі т.б.); 
-  əлеуметтік  ортаның  жаман  əсері  (сабақтың  ауырлығы, 
көптігі,  нашар  оқу  үлгерімі,  мектептігі,  отбасындағы  ұрыс-
керістер,  маңайындағы  адамдардың  спортқа  деген  нашар 
көзқарасы); 
- денсаулықтың бұзылуы. 

 
37 
Жұмыс  қабілеттілігі  азайғанға  дейін  де  артық  жаттығып, 
шаршап,  болдыра  бастаудың  белгілері  біліне  бастайды.  Ол  үш 
кезеңге  созылуы  мүмкін.  Бірінші  кезеңде  спортшы  психикасы 
өзгереді,тынышысыздық,  өзіне  сенімсіздік,  əлсіреу  пайда 
болады.  Екінші  кезенде  ағза  қызметінде  өзгеріс  пайда  болады. 
Ұйқы  нашарлайды,  тамаққа  тəбет,  салмақ  азаяды,  ішек-асқазан 
жолдарының  жұмысы  бұзылады,  спортшы  тез  терлейді,  тез 
қалпына келе алмайды, қалпына келу уақыты көбейеді. Үшінші 
кезеңде  жұмыс  қабілеттілігі  нашарлайды.  Басында  қимыл 
үйлесімділігі,  сонан  соң  қозғалыс  қасиеттерінің  деңгейі 
төмендей бастайды.  
Сондықтан  бірінші  шаршау,  болдыру  белгілері  біліне 
бастағанда-ақ  жарысқа  қатысуды,  жиі  жаттықтыруларды 
азайтып, жүктемені аз бере бастау қажет. Қалпына келу үрдісіне 
белсенді  демалыс,  денеге  массаж  жасау,  су,  су  массажы 
процедураларын кіргізу қажет. Жаттыктыруды мүлдем тоқтатып 
қоюға  болмайды,  ол  кері  əсерін  тиігізуі  мүмкін.  Жоғарыда 
айтылған  шаршау,  болдыру  белгілері  жоғалған  соң  біртіндеп 
жаттықтыру  көлемін,  сонан  соң  жүктеме  қарқынын  көбейтіп, 
жаттықтыруды  жоспар  бойынша  одан  əрі  жалғастыра  беруге 
болады. 
 
3. Балалардың спорт дайындығының ерекшеліктері 
 
 Қазіргі кезде  балалар спортпен  өте жас  кезінен шұғылдана 
бастайды.  Сондықтан  жаттықтыру  үрдісіне,  жарыстар  өткізуге 
айрықша көңіл бөлген жөн. 
Жас  спортшылардың  жаттықтыруларына  төмендегідей 
талаптар қойылады: 
1.  Жаттықтыру  кезінде  спортшының  дене  қуаты  қасиеттері 
жан-жақты 
дамытылуы, 
ағзасының 
жұмыс 
қабілеттілігі 
жоғарылатылуы керек. 
2.  Психикалық  ширығулар  жэне  дене  қуаты  жүктемелері, 
өсіп  келе  жатқан  бала  ағзасының  мүмкіндігіне,  жасына, 
жынысына, дайындық деңгейіне сай берілуі керек. Жаттықтыру 
жетісіне 3-6 рет өткізіліп, ол балаларды жалықтырмайтындай əр 
түрлі, əсерлі, көбінесе ойын түрінде болуы қажет. 

 
38 
3.  Спортшы  ағзасының  бастапқы  қалпына  келу  тəртібі, 
жаттықтырушының,  дəрігердің  ұсыныстары,  ұйқы,  тамақтану, 
дем  алу  тəртібі  қатаң  сақталғаны  жөн.  Жаттықтырулардың 
бастапқы  кезінде  толық  жəне  қарапайым  қалпына  келу  тынығу 
аралығы  қолданылады.  Дене  қуаты  дайындығының  деңгейі 
көтерілген 
соң 
қатаң 
қалпына 
келу 
тынығу 
аралығы 
қолданылады.  Қалпына  келу  үрдісін  жеңілдету  үшін  күндік 
жүктемені  бөліп  өткізуге  болады.  Ол  кезде  бір  күндік 
микроциклдер  пайда  болады  да,  кіші  жəне  орта  жүктемелер 
қалпына келу үрдістерінің жеңіл өтуіне себебін тигізеді. 
4.  Жыныстық  жетілу  мерзімі  кезінде  спортшы  ағзасының 
қызметі  қатаң  бақылауға  алынады.  Бұл  мерзімде  жасөспірім  үл 
мен  қыз  балаларға  берілген  өте  жоғары  жүктемелер  олардың 
денсаулығына  зиянын  тигізуі  мүмкін.  Əсіресе  қыз  балаларға 
айрықша  көңіл  бөлген  жөн.  Олардың  жұмыс  қабілеттілігінің 
өзгеруі,  тез  əсерленгіш  көңіл  -күйлері  көбінесе  етеккір  келу 
циклдерінің мерзіміне байланысты. Етеккір келер алдында жəне 
келген  кезде  жаттықтыру  жүктемелері  төмендетіледі.  Ол 
арқылы  цикл  аяқталған  кезде  спортшы  қыздардың  жүмыс 
қабілеттілігінің  тез  қалпына  келуіне  жағдай  жасалынады.  Ал 
қыз 
балалардың 
ағзасының 
ерекшеліктері 
ескерілмей 
жүргізілген 
жаттықтыру 
жұмыстары 
олардың 
қабілетін 
төмендетіп, 
жаттықтыруға 
ықыласын 
азайтады. 
Жаттықтырушының  беделіне,  біліміне  сенімсіздік  туғызады. 
Өте  көп  жүктемелер  балалардың  жыныстық  жетілуіне  кері 
əсерін тигізеді. 
5.  Балаларға  «аз  уақыттың  ішінде  өте  жоғары  спорттық 
көрсеткіштерге  жету  керек»  деген  міндет  қоюға  болмайды. 
Ондай  асығыс  дайындықтардың  бала  ағзасына  зияннан  басқа 
пайдасы жоқ. 
6.  Спорт  жаттықтыруларын  жоспарлағанда  мектептегі  оқу 
үрдісінің  тоқсандарын,  демалыстарын  ескерген  жөн.  Өте 
жоғарғы  дене  қуаты  жүктемелерін  каникул,  демалыс  кездеріне 
орайластыра орындау қажет. 
7.  Дене  қуаты  жəне  психикалық  ширығуларды  азайту  үшін 
жарыстарды  жеңіл  түрде  өткізуге  тырысу  қажет.  Ол  жарыстар 
жүгіру  қашыктығын  қысқарту,  спорт  ойындарында,  жеке 
сайыстарда жарыс уақытын азайту түрінде өткізіледі. 

 
39 
8.  Спорт  жарыстарына  жас  балаларды  қатыстырғанда  жас 
шектеуге қатаң қараған жөн. Мектеп жарыстарына 9-10 жастан, 
қалалық  жарыстарға  11-12  жастан,  республикалық  жарыстарға 
15-16 жастан жоғарғы жастағы балалар қатыстырылады. 
9.  Оқу орындарындағы сабақтардың қызу кезінде жарысты 
аз өткізуге тырысу керек. 
10. 
Балалардың 
жыныс 
жəне 
жас 
ерекшеліктеріне 
байланысты 
жеңіл, 
арнайы, 
спорт 
құрал-жабдықтарын 
пайдаланған жөн. 
 
4. Жарыс жəне жарысты өткізу əдістемесі 
 
Спорт жарыстары, олардың топтары 
Спорт  дайындықтарының  деңгейін  анықтауға  арналған 
адамдардың  бəсекесін  спорт  жарыстары  дейміз.  Спорт 
жарыстары  əр  түрлі  талаптарға  байланысты  төмендегідей 
топтарға бөлінеді: 
1.  Маңыздылығына  байланысты  -  дайындық  жəне  негізгі 
жарыстар. 
2. Мазмұнына байланысты- бір спорт түріне арналған жарыс 
жəне  бірнеше  спорт  түріне  арналған  кешенді  жарыс.  Кешенді 
жарыстар  спартакиада,  олимпиада,  ойындар  (мысалы,  халық 
ойындары) деп аталады. 
3.  Көлеміне 
байланысты 

аудандық, 
облыстық, 
республикалық жарыстар. 
4. 
Қоғамдық, 
ведомстволық 
басқарылу 
жүйесіне 
байланысты  -  «Жастар»,  «Жігер»,  «Динамо»,  «Теміржолшы» 
қоғамдарының жарыстары. 
5. 
Қойылған 
міндетіне 
байланысты 

бақылау, 
классификациялық (спорт дэрежелерін орындау), болатын үлкен 
жарысқа іріктеу, біріншілік. 
6.  Сипатына  байланысты  -  ашық  жəне  жабық  жарыстар, 
тұрақты  өткізілетін  жарыстар  жəне  бір  рет  өткізілетін 
турнирлер, белгілі бір тұлғаны еске алу немесе бір салаға еңбегі 
сіңген адамды құрметтеу жарыстары, кубкалық жарыстар. 
7. 
Жеңімпаздарды 
анықтау 
есебіне 
байланысты 

командалық, жеке, жеке-командалық. 

 
40 
8.  Өткізу  жүйесіне  байланысты  -  айналма  жүйемен,  шығып 
қалу  (олимпиадалық)  жүйесімен  жəне  аралас  жүйесімен 
өткізілетін жарыстар. 
9. 
Жас 
ерекшеліктеріне 
байланысты 

балалар, 
жасөспірімдер,  жастар,  ересектер,  ардагерлер  арасындағы 
жарыстар. 
10. Жыныстарына байланысты - ерлер, əйелдер арасындағы 
жарыстар. 
11.  Кəсіптеріне  байланысты  -  оқушылар,  студенттер, 
жауынгерлер,  өрт  сөндіргіштер,  жұмысшылар,  қызметкерлер 
арасындағы жарыстар. 
12.  Денсаулық  жағдайларына  байланысты  -  саңыраулар, 
мүгедектер,  соқырлар  арасында  өткізілетін  жарыстар  деп 
бөлінеді. 
Жарыс жəне жарыстық дайындық 
Жарысқа 
дайындық 
күнтізбелік 
жарыс 
жоспарына 
өткізілетін жарысты кіргізіп, жарыс уақыты белгіленген күннен 
басталады. 
Жарыстың 
масштабына, 
маңыздылығына, 
қатысатын 
спортшылардың  дəрежесіне,  санына  байланысты  жарысқа 
дайындалу  уақыты,  кезеңдері  белгіленеді.  Шартты  түрде 
жарысқа  дайындалу  кезеңін  үшке  бөлуге  болады.  Олар:  алдын 
ала  дайындық,  жарыс  алдындағы  дайындық,  жарыс  кезіндегі 
дайындық деп аталады. 
Алдын  ала  дайындық  кезеңіне  жарыс  уақыты  күнтізбе 
жарыстар  жоспарына  кіргізіліп,  өткізу  уақытына  2-3  ай  қалған 
уақыттан басталады. Бұл кезеңнің негізгі жұмыстары: жарыстың 
мəлімдемесін 
жасау, 
демеушілерді 
дайындау, 
жарысты 
үйымдастыру  комитетін  тағайындау,  жиынын  өткізу,  жауап 
беретін жұмыстарын анықтау, марапаттау сыйлықтарын, мақтау 
қағаздарын  белгілеу,  қатысатын  командаларды,  жарысты 
өткізетін  төрешілерді  белгілеу,  мекен  жайларын  анықтау, 
мəлімдемелерді  қатысатын  командалардың  мекен  жайларына 
хат арқылы жіберу, жарыс болатыны жазылған хабарламаларды 
(афишаларды), 
жарыс 
бағдарламаларын, 
қойылымдарын, 
шақыру қағаздарын дайындау т.б. жұмыстар.  

 
41 
Жарыс  алдындагы  дайындық  кезеңі  жарысқа  бір,  бір 
жарым ай қалған кезден басталады. Бұл кезеңнің негізгі жұмыс 
мазмұны үш түрге бөлінеді: 
1.  Байланыс,  қонақ  үй  мəселелері.  Олар:  қатысатын 
командалардан, 
төрешілерден 
келген 
телеграммаларды 
жинақгау, 
телеграмма 
келмегендермен 
телефон 
арқылы 
хабарласу,  жарысқа  қатысатын  басқа  қаладан  келетіндерге 
(санын  анықтағаннан  соң)  қонақ  үйге  сұраныс  беріп,  хат 
тапсыру арқылы сол уақыттағы бөлмелерді белгілеп қою (бронь 
алып қою) жұмыстары. 
2.  Жарыс  өткізетін  жер,  дəрігерлік  қызмет  жұмыстары. 
Олар: жарыс өткізілетін спорт кешеніне сұраныс беріп уақытын 
белгілеп 
қою, 
жарысты 
дəрігермен 
қамтамасыз 
ететін 
медициналық  мекемеге  хат  апарып  беріп,  оларға  жарыс  күнін 
ескертіп  қою,  жарыс  кезінде  тамақтандыруды  ұйымдастыратын 
мекемелерге хабарласу. 
3. Жарыс ашылу салтанатына байланысты жұмыстар. Олар: 
жарыс  кезінде  коцерттік  бағдарлама  жүргізетін  мэдениет 
мекемелерімен, 
спорттық 
көрсетімдер 
көрсететін 
спорт 
мектептерімен  хабарласу,  жарыс  салтанатында  сөз  сөйлейтін 
адамдарға, спорт, еңбек ардагерлеріне шақыру қағаздарын беру, 
ұйымдастыру 
комитетінің 
жиналысын 
өткізу, 
əрбір 
командаларға мəдени шаралар өткізіп, жауап беретін мекемелер, 
адамдар  тағайындау,  жарыс  өткізілетіні  туралы  хабарламалар 
ілу т.с.с жұмыстар.  
Жарысты  өткізу.  Жарыс  -  спорттық  жетістіктерді 
көрсететін алаң. 
Жарыс  өткізілетін  алаң  адамдар  жиналатын,  көңіл 
көтеретін,  демалатын,  қызық  көретін,  əр  түрлі  сезімдерде 
болатын,  спортшьшар  сыналатын,  бағаланатын,  біреулер 
жетістікке  жетіп  куанатын,  біреулер  жеңіліп  күйінетін  жер 
болғандықган, оның дұрыс, қазіргі кездің талабына сай болуына 
өте көп көңіл бөлінуі керек. 
Жарыс  өткізілетін  жер  өте  сəнді  безендірілуі,  ашылу, 
жабылу  салтанаты  жақсы  ойластырылып  өткізілуі  қажет. 
Адамдардағы  патриоттық  сезімді  ояту  үшін  міндетті  түрде 
ашылу,  жабылу  салтанаты  кезінде  Мемлекеттің  жалауы 
көтеріліп,  Мемлекеттің  əнұраны  ойналуы  керек.  Жарыстың 

 
42 
жақсы  өтуіне  хабарлау,  хабарлап  отырған  адамның  дұрыс 
ойластырылған, нақты, сауатты сөздерінің де маңызы өте зор. 
Спортшылардың,  төрешілердің,  көрермендердің  отыратын, 
жүретін,  тұратын  жерлерінің  дұрыс  ойластырылуы,  алдын  ала 
белгіленуі, 
оған 
жауапты 
адамдардың 
сол 
жерлердегі 
тəртіптілікті  қатаң  қадағалауы  да  маңызды  мəселелердің  біріне 
жатады. Спорт жарыстарында таблолардың болуы, төрешілердің 
өз 
төрешілік 
жұмыстарын 
нақты 
орындауы, 
төрешілік 
терминдерді, қолмен көрсететін жестерді нақ, шұғыл орындауы, 
өз жұмыстарына жауапты қарауы да жарыс кезінде көзге көрініп 
тұрады.  Өйткені,  көрерменнің  көзіне  спортшының  қимыл 
əрекетімен  бірге  төрешінің  əрекеті  де  бірдей  шалынады. 
Сондықтан  спортшының  таза,  қонымды  спорттық  формасымен 
бірге  төрешінің  де  төрешілік  киімі  сəнді,  таза,  жақсы,  жарыс 
талабына сай болуы қажет. 
Жарыстың  ашылу  жабылу  салтанатында  сөз  сөйлейтін 
адамдарды  дұрыс  белгілеу,  олардың  жарыс,  спорт  бағытында, 
негізгі  өткізіліп  жатқан  спорт  түрі  жарысы,  спортты,  салауатты 
өмір  салтын  насихаттау  бағытында  орынды  сөз  сөйлеуіне  де 
жауапкершілікпен  қараған  жөн.  Концерттік  бағдарламалар, 
спорт  түрлерінен  көрсететін  көрсетілімдер  де  тиянақты 
ойластырылып, адамдар жалығып кетпейтіндей жағдайда болуы 
керек. 
 Жақсы,  салтанатты,  мереке  түрінде  басталған  жарыс, 
салтанатты,  əсем,  əсерлі  түрде  аяқталуы,  жабылуы  қажет. 
Адамдар  өткен  жарыстан  эстетикалық  қанағат  алып,  жақсы 
көңілмен тарқағаны дұрыс болады. 
Жарыстың құжаттары, оларды құрастыру əдістемесі 
Жарыстың құжаттары төртке бөлінеді. Олар: 
1. Жарыстың мəлімдемесі. 
2.Жарысқа қатысушының сұранысы. 
3. Жарыстың хаттамалары. 
4. Жарыстың бас төрешісінің есебі. 
Жарыстың мəлімдемесін құрастыру, жазу 
Барлық  дəрежедегі  жарыстарға  даярлық  алдында  ең  негізгі 
жарыс  құжатын  —  мəлімдемені  құрастыру,  жазу  керек. 
Жарыстың мəлімдемесін жазған кезде жарыстың атына, атауына 
үлкен  мəн  берген  дұрыс.  Жарыстың  атауында  жарыс  көлемі, 

 
43 
масштабы, кімдер арасында өткізілуі нақты түрде көрініс табуы 
керек.  Мысалы:  «Шаңғы  спортынан  оқушылар  арасында 
өткізілетін  Шығыс  Қазақстан  облысының  біріншілігі,  Дзю-до 
күресінен  ересектер  арасында  өткізілетін  Өскемен  қаласының 
біріншілігі» т.с.с. 
Барлық  жарыс  түрлерінің  мəлімдемелері  негізгі  жеті  түрлі 
бөлімдерден тұрады. Олар: 
1. Мақсаты мен міндеттері. Жарыстың мақсатын жазғанда, 
жарыс  негізі  қандай  мақсатта  өткізілетінін  жазамыз.  Мысалы, 
дзю-до  күресінен  қала  біріншілігін  өткізсек,  өткізу  мақсаты: 
қаланың  мықты  дзюдошыларын  анықтау.  Облыс  біріншілігін 
өткізсек,  республикалық  жарысқа  қатысатын  облыс  құрама 
команда мүшелерін анықтау т.с.с. Міндеттері 1-3 ке дейін болуы 
мүмкін.  Мысалы:  1.  Спортшылардың  денсаулығын  нығайту.  2. 
Жарыс  өткізілетін  спорт  түрін  насихаттау.  3.  Спорт  түрінің 
техникасы мен тактикасын жетілдіру жəне т.б.  
2. Жарыс өткізілетін орны мен уақыты. Өткізілетін орны 
мен  уақыты  қатаң  белгіленіп,  нақты  жазылуы  керек.  Мысалы: 
«Жарыс Өскемен қаласында, Спорт Сарайында, 2008 жылдың 1-
3 қараша жұлдызында өткізіледі». 
3.  Жарысты  басқару.  Бұл  бөлімде  мəлімдемені  бекітіп, 
оның  оң  жақ  бұрышына  «бекіттім»  деп  қол  қоятын  мекеме 
басшысы  жарысты  басқаруға  төрешілер  тағайындайды.  Сол 
төрешілер жарысты басқару бөлімінде жазылуы керек. Мысалы, 
жарысты  Облыстық  дене  мəдениеті  жəне  спорт  басқармасы 
өткізсе:  «Жарысты  басқару  ШҚО  Дене  мəдениеті  жəне  спорт 
басқармасы  бекіткен  төрешілер  алқасына  жүктеледі»,  -  деп 
жазылады. 
4.  Жарысқа  қатысушы  спортшылар  мен  командалар. 
Бұл  бөлімде  жарысқа  қатысушы  спортшылар  кімдер  екені 
(ерлер,  əйелдер,  қыздар,  ұлдар),  қай  жас  тобына  жататыны 
(жасөспірімдер,  жастар,  ересектер,  үлкен  жастағы  адамдар), 
қандай 
спорттық 
дəрежедегі 
(разрядтағы) 
спортшылар 
қатысатыны  жазылады.  Командалар  арасында  болса,  команда 
аттары  немесе  қай  лигада  ойнайтын  командалар  арасында 
өткізілетіні нақты жазылады. 
5.  Жарыстың  бағдарламасы  мен  кестесі.  Бұл  бөлімде 
жарыстың  өткізілу  уақыты,  сағаты,  ашылу  жəне  жабылу 

 
44 
салтанаты  жазылады.  Командалар  арасындағы  жарыс  болса, 
жарыс кестесі, қай команда кіммен ойнайтыны көрсетіледі. 
6. Жарысты жүргізу, есептеу жолы мен марапаттау. Бұл 
бөлімде жарыс қандай жолмен (айналмалы, шығып қалу, аралас) 
өткізілетіні,  ұпай  саны  қалай  есептелетіні  жазылады.  Мысалы, 
жарыс  айналмалы  жолмен  жүргізіледі,  ұпай  саны  I  орын  алған 
спортшыға - 10 ұпай, ІІ орын алған спортшыға - 8 ұпай, III орын 
алған  ойыншыға  -  6  ұпай  т.с.с.  беріледі  деп  жазылады. 
Марапаттауды  жазғанда  жүлделі  орын  алған  споршыларға 
қандай мақтау қағазын, қандай сыйлықтар берілетіні жазылады. 
Мысалы:  «Жүлделі  орын  алған  спортшылар  I,  II,  ІІІ  дəрежелі 
дипломдармен,  бағалы  сыйлыктармен  марапатталады»,  -  деп 
жазылады. 
7. Сұраныс жəне оны беру уақыты. Бұл бөлімде сұраныс 
қандай түрде, жарыс басталардан неше күн бұрын берілуі керек 
екені  жазылады.  Төменде  сұраныс  беру  түрі  көрсетілген.  №  4 
бағанада  күрес  түрлеріндегі  салмақ  дəрежелері  көрсетілді,  ал 
жеңіл  атлетика  жарысы  сұранысы  болса  жарыс  жаттығулары 
түрлері,  100  м,  үзындыққа  секіру,  граната  лақтыру  деп 
көрсетіледі.Дұрыс 
толтырылмай 
қалып, 
мандаттық 
комиссияның  талаптарына  сай  келмей,  спортшылар  жарысқа 
жіберілмесе, егер ол оқиға басқа қаладан барған кезде болса, ол 
жауапты  адам  мен  бапкерге  көп  шығындануына,  мекеме 
басшысы  алдында  үлкен  жауапкершілікпен  жауап  беруіне  тура 
келеді. 
Сондықтан 
сұраныс 
жəне 
спортшының 
классификациялық  куəлігінің  дұрыс,  сауатты  толтырылуына 
үлкен мəн беру қажет. 
Сұраныс  толтырылғанда  спортшының  аты-жөні,  туылған 
жылы,  спорттық  дəрежесі  оның  жеке  жэне  классификациялық 
куəлігіндегі  мəліметтерге  сай  болуы  қажет.  Міндетті  түрде 
спортшыларды  жарысқа  жіберген  мекеме  басшысының  аты-
жөні  жазылады,  қолы  қойылады,  мекеменің  мөрі  басылады. 
Спортшының  жарыс  алдында  дəрігерге  тексерілуі,  сұранысқа 
дəрігердің  қолы  қойылуы,  белгісі  (штамп)  басылуы  керек 
болады. Сұраныстың үлгі түрі төменде көрсетілген. 
8.  Спорттық  нəтижелер  жəне  олардың  спорттың 
дамуына əсер етуі 
 

 
45 
Əрекеттің  басқа  нəтижелеріне  қарағанда  (мысалы,  өндіріс-
енбекші)  спорттық  нəтиже  əрекеттің  субъктісімен  бірыңғайлы 
болады  жəне  оның  сапалы  мен  сандық  көрсеткіштерімен 
байланысты.  
«Спорттық  нəтиже»  жəне  «спорттық  жетістіктер»  деген 
ұғымдарды  бір  бірінен  айыру  қажет.  «Спорттық  нəтиже»  деген 
ұғым  «спорттық  жетістіктер»  ұғымнан  кең,  себебі  спорттық 
жетістіктер  спортшымен  көрсеткен  əрбір  нəтижені  қамтып 
көрсетпейді, тек қана бұрынғыларды озып тұрған.  
Бұл  мəселеде  маңызды  орын  алатын  спорттық  бап  – 
қойылған  нысандарды  орындауға  мүмкіндік  беретің  дайындық 
күйі. Сондықтан нəтижелердің жеке динамикасы жетістіктердің 
линиялық  өсуімен  емес,  одан  қиын  тенденцияларымен 
ерекшеленеді.  
Спорттық нəтижелер спорттық төрешілермен кейбір сыртқы 
белгілер  арқылы  өлшенеді  (мысалы,  уақыттың  мөлшері, 
кенестің  мөлшері,  салмақтың  ауырлығы).  Осындай  өлшемде 
белгіленген  нəтижелер  көпшілікке  ақпараттың  құралдары 
арқылы  жеткізледі.  Сол  нəтижелер  арқылы  əрбір  ұжымда,  елде 
спорт дамуының күйі бағаланады.  
Əр  спорттың  түрінде  спорттық  даярлықтың  барлық 
компоненттерін жүзеге  асыру  спорттық жетістіктерді  жақсарту, 
жетілдіру  бағытына  негізделген.  Жеңіл  атлетиканың  қазіргі 
таңда  даму  тенденцияларының  бір  белгісі  спортшылардың 
халықаралық аренадағы жетістіктерімен сипатталады. 1-кестеде 
жеңіл 
атлетиканың 
қазіргі 
таңдағы 
даму 
барысында 
спортшылардың 
көрсеткен 
кейбір 
нəтижелері 
берілген. 
Мəліметтер  
Н.Г.Озолин,  Д.П.Марков  [26]  жəне  «Легкая  атлетика»  [8] 
журналынан алынған. 1-кестеде берілген мəліметтерден көрініп 
тұрғандай,  1968-2006  жылдар  аралығында  (38  жыл)  400  м.,  800 
м., 1500 м. жүгіруден жүздік мөлшерінде аз ғана өзгеріс болды. 
Мысалы, 400 м. жүгіруден 43,8 секундтан 43,62 секундқа дейін 
көтерілсе  (0,18  секунд),  ал  800  м.  жүгіруден  1  минут  44,3 
секундтан  1  минут  43,9  секундқа  дейін  (0,40  секунд).  Бəрімізге 
мəлім,  дене  сапалардың  арасында  жылдамдықтың  нəтижелері 
аса көп өзгермейді. (В.М. Зациорский, 31). 

 
46 
Қазақстандағы  ең  жақсы  жеңіл  атлетшілердің  нəтижелері 
əлемдік,  ресейлік  спортшылардан  төмен.  Мысалы,  400  м. 
жүгіруден  əлемдік  рекордтан  (Джерми  Уоринер  –  43,62  сек.) 
біздің  Қазақстандық  жеңілатлет  А.  Курочкинның  нəтижесі 
(45,52  сек.)  1,90  секундқа  төмен.  Ал  Ресейлік  спортшылармен 
салыстырғанда  (Фролов  В.  –  45,09  сек.)  біздің  спортшының 
нəтижесі 0,43 секундқа төмен. 
1994-2006 
жылдар 
аралығында 
Қазақстандық 
жеңіл 
атлетшілердің  Азия  орындарында  көрсеткен  нəтижелері  2-
кестеде көрсетілген. 
Херосима  мен  Банкокта  (1994,  1998  жылдар)  өткен  Азия 
ойындарында 
Қазақстандық жеңіл атлетшілер жалпы командалық үшінші 
орынға  ие  болды.  Ал  Пусанда  өткен  Азия  ойындарында  (2002 
жыл) біздің спортшыларымыз 4-ші орында болса, Дохода (2006 
жыл) – 5-ші орынға төмендеді. Мұның себебі қандай? 
Біріншіден,  Дохода  өткен  Азия  ойындарында  кейбір 
спортшыларымыз  өзінің  жеке  қабілеттілік  мүмкіндіктерінен 
төмен көрсеткіштер көрсетті. 
Екіншіден,  əлде  де  Қазақстан  Республикасында  кешенді 
ғылыми  топтар  аздау,  сондықтан  қазіргі  талаптарға  сай 
компьютерлік  үлгілеу  т.б.  технологиялар  кеңінен  қолданыста 
болғаны жөн. 

 
47 
 
 
Сурет 2 - Қазіргі кезде спорт түрлерінің топтастырылуы

 
48 
Кесте  1  -  Жеңіл  атлетиканың  əлемдегі  даму  барысында 
спортшылардың  орта  ара  қашықтықта  жүгіруден  көрсеткен 
нəтижелерінің динамикасы 
 
Жүгірістің түрлері 
Спортшының  
Ф. А. Ə. 
Ел 
Қай жерде 
жəне 
 қай жылы  
орындалды 
400 
(с) 
 
800 (с) 
1500 
(с) 
Эванс Л. 
АҚШ 
1968 ж. 
Мехико  
олимп 
ойындары 
43,8 
 
 
Даубел Р. 
Австралия 
1968 ж. 
Мехико 
олимп 
ойындары 
 
1.44,3 
 
Кейно К. 
Кения 
1968 ж. 
Мехико 
олимп 
ойындары 
 
 
3.34,9 
Джереми 
Уоринер 
АҚШ 
2006 
43,62 
 
 
Мбулаени 
Мулаудзи 
ЮАР 
2006 
 
1.43,9 
 
Даниель 
Камен 
Кения 
2006 
 
 
3.29,0 
Фролов В. 
Ресей 
Екатеринбург 
2006 
45,09 
 
 
Борзаковский 
Ю. 
Ресей Мəскеу 
обл. 
2006 
 
 
Кривчонков 
А. 
Ресей Брянск 
2006 
 
 
3.39,70 
Курочкин А. 
Қазақстан 
1985 
45,52 
 
 
Колганов В. 
Қазақстан 
Алматы 
2004 
 
1.46,99 
 
Кальсин В. 
КСРО Киев 
1984 
 
 
3.37,54 
 

 
49 
Кесте  2  -  1994-2006  жылдардың  аралығында  Қазақстандық 
жеңіл атлетшілердің Азия ойындарындағы нəтижелері 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет