23. Негізгі жаттығуларды меңгеруді жеңілдететін қимыл-
əрекеттер не деп аталады?
а/ жақындататын жаттығулар;
б/ дайындық жаттығулары;
в/жарыс жаттығулары;
г/ бейнелеу жаттығулары;
д/ арнайы дайындық жаттығулары
24.
Спортшының
айналысатын
спорт
түрінің
негізгі
жаттығуларына көп ұқсамайды, спортшының қимыл-қозғалыс
қорын көбейтуге, жалпы жаттыққандығын жоғарлатуға арналған
жаттығулар қалай аталады?
а/ жақындататын жаттығулар;
б/ дайындық жаттығулары;
в/жарыс жаттығулары;
г/ бейнелеу жаттығулары;
д/ арнайы дайындық жаттығулары
25. Циклдік жаттыгуларды ұзақ уақытқа, тынығу аралығынсыз
орындау түрінде қолданылатын əдіс қалай аталады?
а/бірқалыпты орындау;
б/ қайталау;
в/ стандартты-ағымды;
г/ аралық орындау;
д/ ойын əдісі
26. Бөлшектеп үйрету, тұтас үйрету, тұтас-бөлшектеп үйрету
əдістердің қай тобына жатады:
а/ бірінші;
б/ екінші;
в/ үшінші;
г/ төртінші;
д/ бесінші
27. Жарыс əрекетін үлгілеу əдістері жарысқа ұқсата
ұйымдастырылған жағдай кезінде қолданылады. Олар қай топқа
жатады?
а/ бірінші;
б/ екінші;
в/ үшінші;
г/ төртінші;
114
д/ бесінші
28. Спортшының талантына, жеке басы мүмкін дігіне, өзіндік
жаттығу
техникасын
орындау
ерекшелігіне
байланысты
жаттықтыру əдістемесінің өзгеруі қағиданың қандай түріне
жатады?
а/ біртіндеушілік;
б/ жүйелілік;
в/ циклдік;
г/ жүктеме қозғалысының толқындылық;
д/ даралық
29. Жүктемені жоғары деңгейге дейін бір-тіндеп өсіру спорттық
жаттықтырудың қандай қағидаларына жатады:
а/ біртіндеушілік;
б/ жүйелілік;
в/ циклдік;
г/ жүктеме қозғалысының толқындылық;
д/ айналысқан спорт түрін терең меңгеру, өз жеке бас
мүмкіншіліктерін пайдалана білу, жоғары көрсеткіштерге жету
30. Спортшының ағзасының мүшелері мен жүйелерін
нығайтуға, олардың қызметтік мүмкіншіліктерін жоғарылатуға,
дене қуаты қасиеттерін дамытуға бағытталған дайындық қалай
аталады?
а/ дене қуаты дайындығы;
б/ техникалық;
в/ тактикалық;
г/ психологиялық;
д/теориялық
31. Жарыс жаттығуларын орындауды жоғары деңгейде меңгеру
үрдісі қандай дайындыққа жатады?
а/ дене қуаты дайындығы;
б/ техникалық;
в/ тактикалық;
г/ психологиялық;
д/теориялық
32. Жарыс кезіндегі жеңіске жету үшін пайдаланылатын əдіс-
амалдарды,
айла-тəсілдерді
қолдана
білу
өнері
қандай
дайындыққа жатады?
115
а/ дене қуаты дайындығы;
б/ техникалық;
в/ тактикалық;
г/ психологиялық;
д/теориялық
33. Спортшыға жарыс кезінде, жарыс жаттығуларын орындау
кезінде кездесетін психологиялық қиындықтарды жеңуге
тəрбиелейтін
педагогикалық
үрдісті
қандай
дайындыққа
жатқызамыз?
а/ дене қуаты дайындығы;
б/ техникалық;
в/ тактикалық;
г/ психологиялық;
д/теориялық
34. «Осы топтардағы оқушылар үш жыл бойы жалпы дене
қуатын дамытумен, бастапқы техника негіздерін үйренумен
айналысады да, əр түрлі сынақтар тапсырғаннан кейін оқу-
жаттығу топтарына ауыстырылады» деген анықтама қандай
дайындықтың қандай кезеніне тəн;
а/ алғашқы дайындық кезеңі
б/ бастапқы мамандану кезеңі
в/ тереңдете жетілдіру кезеңі.
г/ спортта ұзақ жасау кезеңі
д/барлық кезендер
35. «Жылдық циклде 4-5 айға, жарты жылдық циклде 2-3 айға
созылады. Бұл кезеңнің міндеті организмнің мүмкіншілігін
жоғары деңгейге жеткізу» деген анықтама макроциклдің қай
кезеніне сай?
а/ дайындық;
б/арнайы дайындық;
в/жарыс;
г/өтпелі;
д/ дайындық, жарыс
36. Жарысқа бір, бір жарым ай қалған кезден басталатын кезен
қалай аталады?
а/ дайындық;
б/арнайы дайындық;
116
в/жарыс;
г/өтпелі;
д/ Жарыс алдындагы дайындық кезеңі
37. Қойылған міндетіне байланысты қандай жарыстар болады?
а/ бақылау, классификациялық (спорт дэрежелерін орындау),
болатын үлкен жарысқа іріктеу, біріншілік;
б/ дайындық жəне негізгі жарыстар;
в/ аудандық, облыстық, республикалық жарыстар;
г/ ашық жəне жабық жарыстар, тұрақты өткізілетін жарыстар
жəне бір рет өткізілетін турнирлер;
д/ командалық, жеке, жеке-командалық
38. «Бұл спорттың негізгі белгісі мен ерекшеліктерін көрсетеді
жəне
спорттық
жарыс
категорияларымен,
спорттық
дайындықпен
жəне
спорттық
машықтанумен
тығыз
байланысты» деген анықтама спорттың қандай қызметін
білдіреді?
а/ Мөлшерлі;
б/ Диагностикалық;
в/ Тартымдылық;
г/ Сауықтыру-реактивті;
д/ Дайындық қызметі;
39. Тұрғындар мен спортшылар үгіт-насихат, басқа да шаралар
өткізіп отыру жолымен іске асатын қызмет қалай аталады?
а/ Мөлшерлі;
б/ Диагностикалық;
в/ Тартымдылық;
г/ Сауықтыру-реактивті;
д/ Ағартушылық;
40. Адамды өмірге дене жағынан дайындайды жəне қажетті дене
дамуына жеткізуді мақсат етететін қызмет қалай аталады?
а/ Мөлшерлі;
б/ Диагностикалық;
в/ Тартымдылық;
г/ Сауықтыру-реактивті;
д/ дайындық
41. Спорттық қозғалыс бүгінгі дүниеде спорттың алатын орны
мен атқаратын қызметі, спорттық дайындық пен жарысты
117
ұйымдастыру
мен
əдістеме
туралы
хабарлар
етіп
отыратындығымен айқындалатын қызмет қалай аталады?
а/ Мөлшерлі;
б/ Диагностикалық;
в/ Тартымдылық;
г/ Сауықтыру-реактивті;
д/ Спорттың ақпаратты қызметі
42. Спорттың бірқатар əлеуметтік мəселелерді əсіресе,
денсаулықты шыңдау халықтың еңбек ету мүмкіндігін көтеру
мəселелерін шешу құралы ретінде пайдалану заңдылықтарын
танып білуге байланысты қызмет қалай аталады?
а/ Мөлшерлі;
б/ Диагностикалық;
в/ Тартымдылық;
г/ Сауықтыру-реактивті;
д/ Спорттың ақпаратты қызметі
43. Дайындық жəне негізгі жарыстар қандай талаптарға
байланысты топқа бөлінеді?
а/ мазмұнына байланысты;
б/ маңыздылығына байланысты;
в/ көлеміне байланысты;
г/ қойылған міндетіне байланысты;
д/ сипатына байланысты
44. Спорттық нəтижелердің белгілерімен «объективтік»,
«субъективтік» жəне «аралас» болып табылады. «Объективтік»
нəтиже немен сипатталады?
а/кенестің, уақыттың жəне салмақтың мөлшерімен өлшенетің
нəтижелері;
б/шартты ұлгісімен салыстыратың нəтижелер
в/ кенестің, уақыттың жəне салмақтың мөлшерімен өлшенетің
нəтижелері, шартты ұлгісімен салыстыратың нəтижелер жəне
басқа да белгілермен сонымен қатар жарыс əрекетінің
нəтижелерімен байланыстыратын нəтижелер (мысалы, спорттық
ойындар);
г/ салмақтың мөлшерімен өлшенетің нəтижелері;
д/ уақыттың мөлшерімен өлшенетің нəтижелері
118
45. Спорттық нəтижелердің белгілерімен «объективтік»,
«субъективтік» жəне «аралас» болып табылады. «Субъективтік»
нəтиже немен сипатталады?
а/кенестің, уақыттың жəне салмақтың мөлшерімен өлшенетің
нəтижелері;
б/шартты ұлгісімен салыстыратың нəтижелер
в/ кенестің, уақыттың жəне салмақтың мөлшерімен өлшенетің
нəтижелері, шартты ұлгісімен салыстыратың нəтижелер жəне
басқа да белгілермен сонымен қатар жарыс əрекетінің
нəтижелерімен байланыстыратын нəтижелер (мысалы, спорттық
ойындар);
г/ салмақтың мөлшерімен өлшенетің нəтижелері;
д/ уақыттың мөлшерімен өлшенетің нəтижелері
46. Спорттық нəтижелердің белгілерімен «объективтік»,
«субъективтік» жəне «аралас» болып табылады. «Аралас»
нəтиже немен сипатталады?
а/кенестің, уақыттың жəне салмақтың мөлшерімен өлшенетің
нəтижелері;
б/шартты ұлгісімен салыстыратың нəтижелер
в/ кенестің, уақыттың жəне салмақтың мөлшерімен өлшенетің
нəтижелері, шартты ұлгісімен салыстыратың нəтижелер жəне
басқа да белгілермен сонымен қатар жарыс əрекетінің
нəтижелерімен байланыстыратын нəтижелер (мысалы, спорттық
ойындар);
г/ салмақтың мөлшерімен өлшенетің нəтижелері;
д/ уақыттың мөлшерімен өлшенетің нəтижелері
47. Қазіргі танда Орталық жəне Шығыс Европада олимпиялық
спорттың
жəне
олимпиялық
қозғалыстың
даму
тенденцияларына төменгілерден қандай жатпайды?
а/ жоғарғы коммерциализация;
б/- объективті емес төрешілігінің іске асуы;
в/ терең кісіптілік;
г/ спорттың жасару процесі
д/ Олимпиялық ойындардың дайындау жəне өткізудың
адекваттық емес жағдайлары
119
48. Мамандардың пікірлері бойынша, спорттың жаңа моделі
басқа логика арқылы жүзеге асырылуы қажет. Келесі
сыйлықтарды беру кеңінен таратылған:
- ойынның ережесін дəл сақтаған үшін;
- лас (грубый) ойыннан бас тарту;
- қарсыласушыны келемештеуден бас тарту;
- алаңда сыртқы түрі үшін;
- мейрімді істер үшін
Төменгілерден қандай бағытқа тан:
а/ «Мейрімдік (благородный) іс (жест) үшін» Пьер де
Кубертеннің трофейі жəне «спорттық карьерараның барысында
мейрімдік үшін».
б/жарыстың ережелеріне өзгерістер енгізу / Мини-баскетболда
(8-13 жастағы балаларға) халықаралық федерация сыртқы түрі,
тəртіп, жаттықтырушылардың жүріс тұрысы үшін қосымша
ұпайларды енгізді /
в/ жеңімпаздарды анықтаудың жұмсақ моделдері енгізу;
г/ спорттың ойындық бағытын күшейту;
д/ қарсыласушымен емес, өз өзімен күресу үшін акцентті
күшейту
49. Мамандардың пікірлері бойынша, спорттың жаңа моделі
басқа логика арқылы жүзеге асырылуы қажет. Жұмыс жасағанда
спорттық
əрекеттің
гуманистік
аспектілерін
жоғарлату
мақсатында сюжеттік, қимыл ойындар қолданылу мүмкін. Бұл
қандай модельге жатады?
а/ «Мейрімдік (благородный) іс (жест) үшін» Пьер де
Кубертеннің трофейі жəне «спорттық карьерараның барысында
мейрімдік үшін».
б/жарыстың ережелеріне өзгерістер енгізу / Мини-баскетболда
(8-13 жастағы балаларға) халықаралық федерация сыртқы түрі,
тəртіп, жаттықтырушылардың жүріс тұрысы үшін қосымша
ұпайларды енгізді /
в/ жеңімпаздарды анықтаудың жұмсақ моделдері енгізу;
г/ спорттың ойындық бағытын күшейту;
д/ қарсыласушымен емес, өз өзімен күресу үшін акцентті
күшейту
120
50. Мамандардың пікірлері бойынша, спорттың жаңа моделі
басқа логика арқылы жүзеге асырылуы қажет. Жеке есептен бас
тарту талап етіледі (қорытынды командалық есеп бойынша
жүзеге асырлады). Мысалы, АҚШ, Канада жəне Германия
елдерінде «Кооперативтік ойындар» (байланыстың ойындары)
өткізіледі. Бұл қандай моделге жатады?
а/ «Мейрімдік (благородный) іс (жест) үшін» Пьер де
Кубертеннің трофейі жəне «спорттық карьерараның барысында
мейрімдік үшін».
б/жарыстың ережелеріне өзгерістер енгізу / Мини-баскетболда
(8-13 жастағы балаларға) халықаралық федерация сыртқы түрі,
тəртіп, жаттықтырушылардың жүріс тұрысы үшін қосымша
ұпайларды енгізді /
в/ жеңімпаздарды анықтаудың жұмсақ моделдері енгізу;
г/ спорттың ойындық бағытын күшейту;
д/ қарсыласушымен емес, өз өзімен күресу үшін акцентті
күшейту
121
Модуль №2. Кəсіптік-педагогикалық жəне кəсіптік-
қолданбалы дене дайындығының теориялық-əдістемелік
негіздерінің компоненттері
Дəріс
№1.
Кəсіптік-педагогикалық
жəне
кəсіптік-
қолданбалы дене дайындығының теориялық-əдістемелік
негіздері
Жоспар
1. «Кəсіптік-педагогикалық дене дайындығы», «кəсіптік-
қолданбалы дене дайындығы» жəне «кəсіптік-қолданбалы дене
шынықтыру»деген ұғымдар. Олардың қазіргі тандағы өзектілігі.
2. Кəсіптік-қолданбалы дене дайындықты анықтайтын
факторлар
3. Кəсіптік-қолданбалы дене шынықтырудың қызметтері
4. Кəсіптік-қолданбалы дене шынықтырудың міндеттері
Əдебиет
1. Физическое воспитание студентов // Учебное пособие /
Под общ.ред. Л.С.Дворкина. – Ростов н/Д: Феникс; Краснодар:
Неоглори, 2008. – С. 80-192.
2. Тайжанов С., Караков А. Дене тəрбиесі. 4-кітап / жоғары
оқу орындарына арналған оқулық. Алматы, «Ұш Қиян», 2009. –
Б. 136-138.
3. Иванов Г.Д., Кульназаров А.К. Физическое воспитание
студентов. – Учебник. – Алматы, 2002. – С.124-125.
4. Закирьянов К.Х., Иванов Г.Д., Ордабаев Н.О.,
Жаксылыков
М.Ф.
Профессионально-педагогическая
и
прикладная физическая подготовка студентов // Учебно-
методическое пособие. – Усть-Каменогорск: Изд-во ВКГУ,
1998. – С.3-15.
5. Загорский Б.И. О содержании основных понятий теории
и
методики
профессионально-пркладной
физической
подготовки // Теория и практика физической культуры. – 1984. -
№ 7. – С. 44-46.
122
6. Габриелян К.Г., Ермолаев Б.В. Профессионально-
прикладная физическая подготовка студентов. Смена парадигмы
// Теория и практика физической культуры. – 2006. - № 12. – С.
44-46.
7. Полянский
В.П.
Формирование
теории
и
совершенствование
практики
профессионально-прикладной
Физической
культуры
как
особого
социокультурного
образования // Теория и практика физической культуры. – 2008.
- № 5. – С. 12-17.
8.
Менщиков
В.
М.
Профессионально-прикладная
физическая культура учащейся молодежи как предмет
теоретического
исследования
//
Физическая
культура:
воспитание, образования, тренировка. – 2000. - №4. – С. 2-5.
9. Коровин С.С. Функции профессионально-прикладной
физической культуры // Теория и практика физкультуры. - 1996.
- № 11. – С. 44-46.
10. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. – М.:
Политиздат, 1977. – Изд. 2-е, доп. – С.42.
11. Жолдак В.И. Физическая культура в системе научной
организации труда. М.: МОГИФК, 1988. - 108с.
12. Ильинич В.И Профессионально-прикладная физическая
подготовка студента //Студенческий спорт и жизнь/Учебное
пособие для студентов высших учебных заведений. – М: АО
«Аспект Пресс», 1995. – 64 с.
13. Раевский Р.Т. Профессионально-прикладная физическая
подготовка студентов технических ВУЗов//Учебное пособие. –
М.: Высшая школа,1985. -136с.
14. Физическая культура (включая валеологию) по всем
специальностям
и
направлениям/Типовая
программа
по
предмету «физическая культура» для высших учебных
заведений. – Астана,2002. – 35 с.
123
1. «Кəсіптік-педагогикалық дене дайындығы», «кəсіптік-
қолданбалы дене дайындығы», «кəсіптік-қолданбалы дене
дайындылығы» жəне «қəсіптік-қолданбалы дене
шынықтыру»деген ұғымдар. Олардың қазіргі тандағы
өзектілігі
Арнайы оқу орнындарындағы дене тəрбиесінің кəсіптік
бағыты олардың болашақтағы мамандығына қойылатын нақты
талаптар бойынша анықталуы тиіс. Студенттерді кəсіптік-
қолданбалы дене дайындығына үйрету өздерінің кəсіптік
сапаларын өзіндік бағалау барысында көмегін тигізеді. Өзіндік
тұрғыдан берілген бағаның дəлдігі мен лайықтылығы болашақ
мамандықтың сипаты туралы өзінің анағұрлым маңызды деген
көзқарасы арқылы анықталады. Жоғары оқу орнында оқу
барысында кəсіптік бағыттылық қызметі өзінің мазмұны мен
шарттарын іске асыру жағынан болашақ маманның атқаратын
қызметіне жақын түрде тəрбиеленеді. Педагогикалық процесс
күрделі де көп факторлы құбылыс ретінде болғандықтан,
жүйелілік теориясына сүйене отырып, тек қана қызметтің
психологиялық теориясына жатқызылуы мүмкін. Оның дамуына
едəуір үлес қосқан А.Н. Леонтьев жеке тұлғаның қалай
қалыптасатыны биологиялық тіршілік иелері мен жануарлардың
инстинктілі өмір деңгейінен дамудың жоғары дəрежесіне
жеткен адамға ғана қатысты өз мінез-құлқын саналы түрде
басқаруға ауысады деген маңызды теориялық тұжырымға
келеді. Осы тұжырымдаманың бастапқы кезеңіндегі негізгі ой
белгілі бір қызметке жұмылдырылған жеке тұлға деп лайықты
мотивациясы бар адамды ғана айта аламыз. Қызмет теориясы
туралы маңыздылығы жағынан одан кем түспейтін басқа
тұжырымдама осы қызметке мотивациясы бар тұлғадан ғана
толықтай
осы
іске
өзіндік
берлуімен,
шығармашылық
белсенділігімен қоса өмірлік тəжірибе арқылы жинақталған
тəжірибесі, білімі, біліктілігі мен дағдыларын жинақтаған
табиғат берген қабілеттерді өзіндік іске асыруымен байланысты.
Жəне осы теорияның шарықтау шегі бойынша жеке тұлғаның
нақты бір қызметке жұмылдырылуы арқылы ғана оның санасы
қалыптасып, тұлға ретінде дами бастайды, сонымен қатар
болашақ мамандығын меңгереді [10, 42 б.].
124
Осылайша, қызмет теориясы тұрғысынан ЖОО жағдайында
мамандар дайындау процесіне деген көзқарас бойынша оқыту
тиімділігі оны ұйымдастыру мазмұны мен əдістеріне ғана емес,
көп жағдайда оқу барысында студенттің болашақ меңгеретін
мамандығына
лайықты
мотивациялауды
қалыптастыруға
байланысты болып келеді. Бұл жерде сөз педагогикалық еңбекті
(оның міндеттерін, стилін, тəсілдерін, əдістерін, мотивтерін
жəне т. б.) модельдеуде, студенттің алған білімдері мен
тəжірибесі негізінде оқу-тəрбие функциясын тиімді орындауға
жаттығатын жағдайлар жасау туралы болып отыр. Дене
тəрбиесіндегі қолданбалы бағыт маңызды қоғамдық қажеттілік
бола отырып, ең алдымен қоғамдық өндірістің қазіргі
сипатындағы сұраныстарға байланысты болуы керектігі атап
көрсетіледі.
Кəсіптік-қолданбалы дене дайындығы теориясының негізін
қалаушылардың бірі Б.И. Загорский. Ол «кəсіптік-қолданбалы
дене дайындығына арнайы дене тəрбиесінің бір түрі ретінде
жеке тұлғаның дене қабілеттерімен байланысты психикалық
қасиеттерін дамытуға, сонымен қатар, нақты еңбек жəне əскери
қызмет ерекшеліктеріне қатысты қозғалыс біліктіліктері мен
дағдыларын қалыптастыруда қолданылады» деп баяндаған.
Бұндай тіркеспен барлық оқымыстылар келісе қойған жоқ.
Кейбір авторлар оқулықта келтірілген КҚДД ұғымы көптеген
ерекшеліктерді көрсете қоймайды, ол адамның кəсіби жұмыс
қабілетін арттыру үшін ғана жүргізіліп қоймай, сонымен қатар
кəсіби оқытудың тиімділігін арттыру үшін де жүргізіледі деп
көрсетті.
В.И. Жолдак [11] өз жұмыстарында КҚДД процесінде жеке
тұлғаның болашақ мамандығына қатысты əлеуметтік сапалары
мен қасиеттерін дамыту қажеттілігін атап көрсетеді.
В.И. Ильинич КҚДД туралы басқа ұғымды ұсынады. Оның
пікірінше, кəсіптік-қолданбалы дене дайындығы – бұл адамды
белгілі бір кəсіптік қызметке дайындау үшін дене шынықтыру
жəне спорт құралдарын арнайы бағытта жəне таңдамалы түрде
пайдалану [12] .
Р.Т. Раевский КҚДД ұғымы көп сатылы, кəсіпқой жеке
тұлғасының дене тəрбиесі мен қалыптастыру жүйесімен
байланысты күрделі ұғым екендігін атап көрсетті. Ол өз пікірін
125
былайша баяндайды: «КҚДД деп нақты мамандық қызметі үшін
аса үлкен маңызға ие жеке тұлғаның сапалары мен қасиеттерін
қалыптастыру мен жетілдіруді қамтамасыз ететін дене
тəрбиесінің кіші бір жүйесін айтамыз» [13, 18 б.].
«Кəсіптік-қолданбалы дене дайындығы» ұғымымен қатар
дене тəрбиесінің практикасында «кəсіптік-қолданбалы дене
шынықтыру» ұғымы да іске асырылады.
«Кəсіптік-қолданбалы
дене
шынықтыру»
ұғымы
қолданбалылық көзқарас тұрғысынан өзінің тар жəне кең
мағыналы ұғымы арқылы түсіндіріледі.
Кең мағынасында «кəсіптік-қолданбалы дене шынықтыру»
таңдаған еңбек қызметіне қатысты өмірлік тəжірибеде қолдану
арқылы көрінетін субъектінің əлеуметтік тұрғыдан қалыптасқан
дене қабілеттерін дамыту деңгейі деп түсіну керек. Осындай
қолданбалылықтың
негізінде
ағзаның
функциялық
мүмкіндіктерін интеграциялы түрде арттыру құралдары ретінде
жəне
өмірлік
маңызды
қозғалыс
біліктіліктері
мен
дағдыларының бай жеке қорын жасау дене шынықтыру
факторларын құрайды.
Дене шынықтырудың «қолданбалылықтың» тар мағынасы
деп таңдаған кəсіптік қызметтің арнайы дайындалу процесіне
жарамды белгілі бір факторларды практикалық тұрғыдан
мақсатты түрде пайдалана білу. Сондықтан ол «кəсіптік-
қолданбалы дене шынықтыру» деп аталады, ал өндіріс
саласында жұмыс қабілеті мен оны орындаушыларға деген
еңбектің əсерің тікелей қолдану үшін - «өндірістік дене
шынықтыру» [8, б. 44].
Осылайша,
«кəсіптік-қолданбалы
дене
шынықтыру»
біріншіден, жеке тұлға мен жалпыға тəн кəсіптік-қолданбалы
жеке тұлғалық қасиеттердің, сапалар мен функциялардың,
екіншіден, білім берудің барлық кезеңдерінде мамандық
меңгеруге жəне кəсіби қызметті одан əрі жетілдіруге қажетті
қолданбалы
дене,
психофизиологиялық
сапалар
мен
функциялар, қозғалыс біліктіліктері мен дағдылары кешенін
қалыптастырудың
қоғамдық
жəне
жеке
қажеттіліктерін
қанағаттандыруға жұмылдырылған.
Дене тəрбиесін бүкілодақтық іске айналдыруда, адамдардың
салауатты тұрмысын ұйымдастыруда маңызды орын олардың
126
кəсібіне жəне өндірістік қызметінің түріне қарамастан, жоғары
оқу орындарын бітірушілерге беріледі. Əрбір мұғалім, инженер,
бригадир, ауысым бастығы, звено жетекшісі жəне тағы
басқалары дене тəрбиесінің кейбір ұйымдастырышулық-
əдістемелік негіздерін, тек өздері үшін ғана емес, отбасылық
дене тəрбиесі топтарын құруға, қараундағылар үшін, игеріп
алуы керек.
Осыған байланысты «студенттердің кəсіби-педагогикалық
дене дайындығы» ұғым қолданылады. Оны қолдану барысында
мүндай міндеттер шешледі:
а) Өсіп кележатырған үрпақтың білімі жəне тəрбиенің
жалпы жүйесінде дене тəрбиесі манызың анықтау.
б) Оқушылардың денсаулығын нығайту, шынықтыру, дурыс
келбетің қалыптастыру, дене қасиеттерді дамыту, дене
жаттығулармен айналасуға бейемдету үшін болашақтағы
мұғалімдерді дене тəрбиесі құралдарын, əдістерін жəне əр түрлі
ұйымдастыру түрлерің жөнімен іске асыруға ұйретіп шығу.
Қазіргі танда болашақтағы мамандардың кəсіби дене
дайындылығына талаптар өсуде. Оның себебтері: енбектің
нарығы үнемі өзгеріп туратың жағдайларға дайын болу;
өндірістегі техникалық прогресстің күшеуйі. К.Г.Габриелян,
Б.В. Ермолаев [6] пікірлері бойынша қазіргі танда «жеке
денсаулықт» тұжырымдаманы құрастырып, соның құрамалық
бөлшектерің зерттеуге көшу керек дейді: физикалық статус
(дене дамуы мен дене дайындылық); физиологиялық статус
(физиологиялық резервтер); психикалық статус; биохимиялық
статус; клинико-соматикалық статус.
Достарыңызбен бөлісу: |