2. Кəсіптік-қолданбалы дене дайындықты
анықтайтын факторлар
Б.И.
Загорский
КҚДД
теориясы
мен
əдістемесінің
қатынастық
кестесі
мен
КҚДД
еңбектің
объективті
факторларымен байланысын көрсететін аралас ұғымдар ұсынды
(1 сурет).
Олардың жүргізген зерттеу нəтижелері бойынша адамның
дене жəне басқа да қолданбалы дайындық жақтарына деген
айрықша талаптарды анықтай түсетін факторлар туралы
127
көзқарастар мен мəліметтер нақтыланды. Келесі факторлар атап
көрсетілді:
а)
қызметті
ақпаратпен
қамтамасыз
ету
ерекшеліктері; ə) негізгі жұмыс қимылдарының сипаты; б)
қызметтің ерекше сыртқы жағдайлары.
Қызметті ақпаратпен қамтамасыз ету ерекшеліктері
келіп түскен ақпараттардың сипатымен, көлемімен жəне оны
адамдардың еңбек қызметі барысында қабылдау жағдайларымен
байланысты. Бұл жерде модальдық, түрлер, дабылдардың
қарқындылығы мен олардың қарқындылығының өзгергіштігі,
келіп түскен ақпараттардың уақыт бірлігіндегі саны, қабылдау
шарттары (уақыт лимиті, еңбек оъектісі мен субъектісінің
қимыл барысындағы, кедергі кезіндегі қабылдауы ескерілген).
Нақты қызмет барысында көрсетілген белгілерді, олардың
көріну дəрежесін анықтай отырып, мысалы, операторлардың
белгілі бір факторларға байланысты түрлі ағза жүйесіне
қойылатын талаптарды орнықтыру мүмкін.
Негізгі жұмыс қимылдарының сипаты. Бұл ұғым еңбек
қимылдарының анағұрлым нақты моторлық ерекшеліктерін
көрсететін жұмыс қимылдарының жалпылама сипаттамасын
білдіреді.
Соңғысы
дəл,
сандық
көрсеткіштер
арқылы
бейнеленген түрде (соққылық, айналмалы қимылдар, белгілі
дозалық микроқозғалыстар жəне т.б.) ұсынылуы мүмкін. Нақты
қызмет
барысындағы
негізгі
жұмыс
қимылдарының
параметрлері (динамикалық, кеңістік, уақыттық, кеңістік-
уақыттық) адамның дене, психикалық жəне сенсорлық
сапаларына деген айрықша талаптарының шарты болып
табылады.
Негізгі жұмыс қимылдарының сипаты еңбек мазмұны жəне
формасы,
оның
технологиялық
процестерінің
нақты
ерекшеліктері, аспаптар, машиналар мен оларды басқару
тетіктерінің конструкциясы арқылы жанамалана түседі.
Еңбек формасын өзгерту барысында негізгі жұмыс
қимылдарының заңды түрдегі өзгерісі байқалады: а) қол тетігін
пайдалану барысында, ə) механикалық құралдар жəне б)
автоматтандырылған өндіріс құралдары арқылы.
Қызметтің ерекше сыртқы жағдайлары адамға деген
танымал қатынас талаптарының шарты болып табылады.
Қолайсыз сыртқы жағдайлар: қызу микроклимат, шайқау,
128
жылдамдық өзгерту барысындағы асыра жүктемелер, ауаның
химиялық құрамы, стресті психологиялық факторлар жəне т.б.
ағза қызметінің қосымша ширығуын туындатады, жұмыс
қабілетін төмендетеді жəне жұмыс қимылдары параметрлерін
нашарлатады [7, 10-12 б.].
Кəсіптік - қолданбалы дене дайындығы (КҚДД) өзбетінше,
көп қырлы жəне күрделі дене тəрбиесінің бір тарауы бола
отырып, көптеген мамандықтардың еңбек жағдайлары мен
сипатындағы маңызды айырмашылықтармен жəне бір-бірінен
дараланып тұрған климаттық- географиялық факторлармен
байланысты болып келеді. Осыдан барып «КҚДД» ұғымын
түрліше
түсіндіру
мен
жұмысқа
қабілетті
мамандар
қалыптастыруда осы қолданбалы бағыттың түрлі құрылымы мен
мазмұнын жасау қажеттілігі туындады.
Қазіргі танда енбектің түрі үнемі өзгеріп турады (оның
интеллектуалдық
бөлшегі,
тоталдық
компьютеризация
байқалады).
Төрт,
бес
жылдан
студентпен
тандаған
мамандықтың мазмүны өзгеру мүмкін, сондықтан студент
болашақта мамандықтың қандай жағдайлары болады екенің
білмей мүмкің (климатагеографиялық жағдайлар, «өнеркəсіп
жағдайлардың
зиянды
əсері»,
«нақты
енбек
орнының
ерекшеліктері жəне талаптарымен анықталатың тандалған енбек
əрекетінің
жағдайлары»).
Бұл
жағдайларды
оның
да
оқытушылары білмейді.
В.И.Ильинич [11] келесі жағдайға өзіннің назарынын
аударған: кəсіптік-қолданбалы дене дайындығы процесі сол
кезде басталу қажет, қашан индивид нақты кəсіпті тандап оны
игеру үшін күш жумсайды. Сондықтан, бұл процессті тиімді
іске асыру үшін тандалған кəсіптің қазіргі тандағы мазмүның,
құрылымың, оған қойлатың талаптарын үнемі мониторингтен
өткізу қажет.
3 Кəсіптік-қолданбалы дене шынықтырудың
қызметтері мен міндеттері
Кəсіптік-қолданбалы дене шынықтырудың адам қызметінің
айрықша бір формасы ретінде оның маңызды əдіснамалық
элементін – жеке тұлғаның қайта туындауындағы сапалар мен
129
объективті мүмкіндіктерге тəн функцияларды қарастыруды
көздейді.
Қоғамдық
құбылыстармен
байланысын
атап
көрсететін кəсіптік-қолданбалы дене шынықтырудың айрықша
қызметіне адамгершілікті-көзқарастық, мəдениеттанушылық,
профессиографиялық, құндылықты-бағдарлық жəне спорттық
қызметтерді жатқызуға болады.
Жалпы
мəдени
қызметтерге
келесілер
жатады:
адамгаршілікті-көзқарасты,
мəдениеттанушылық,
профессиографиялық, қүндылықты-бағдарлы, спорттық.
Адамгаршілікті-көзқарасты қызметті келесі мағнада
түсіну
қажет.
Жеке
түлғаның
көзқарасы
танымдық
процестермен ғылыми көзқарастың бірынғайлығын қамтамасыз
етеді. Жаратылыс ғылымдарының білімдеріне сүйене отырып
коршаған ортаны сезіну арқасында жеке түлғаға енбектің
тəжиребесінде өзінің көзқарасын қалыптасыруға көмектеседі.
Адамгершілік бұл жеке тұлғаның жүріс-түрісінің нормасы мен
ережелері.
Олар
кəсіби-қолданбалы
дене
дайындықтың
процесінде еніп, қоғамдық моралдың нормаларына сəй жеке
түлғаның іс əрекетінде қалыптасады.
Мəдениеттанушылық қызметінің негізімен жеке түлғаның
этикалық жəне эстетикалық саласына əсер ету болып табылады.
Осының арқасында жеке түлғада өзінің спорттық жəне енбек
əрекетінде əдемілкті көруге, сезінуге, қабылдауға қабілеттері
қалыптасады.
Кəсіби-қолданбалы дене дайындықтың профессиография-
лық қызметтері эргономика ғылыммен байланысты – адамның
енбек
əрекетінің
тиімділігің,
қауыпсыздығың
жəне
рахаттылығың
қамтамасыз
ету
мақсатында
жинақталған
білімдердің жұйесі туралы ғылым. Өзінің профессиографиялық
қызметтеіңі кəсіби-қолданбалы дене дайындық кəсіп- жəне
спортография өзара байланысты процестерде жүзеге асырады.
Олар ағзаға əрбір кəсіптің əсер етуің зерттеуіне сонымен қатар
кəсіптің талабына сəйкес келетін адамның дене мен рухани
күштердің қалыптасуына көмектесетін дене шынықтыру
əрекетінің түрлерін анықтыуға бағытталған.
Құндылықты-бағдарлық қызметтерің екі аспектіде түсіну
қажет. Біріншісі жеке түлғамен өзі үшін манызды əртүрлі
құндылықтарды
сатымен
бөліп
қалыптастыру.
Екіншісі
130
тіршіліктің оқиғаларына жеке түлғамен бағаларды қоюдың
адамгершілік, көзқарастық, этикалық, эстетикалық, азаматтық
дəлелдігің қалыптастыру жəне сол тіршілікте өзінің орның табу.
Кəсіптік-қолданбалы
дене
дайындықтың
спорттық
қызметтері арқылы адам организмнің мүмкіндіктері туралы
білімдер мен көзқарастар кенееді. Сонымен қатар, спорттық
қызметтер спорттық қарым-қатынастардың өрісінде адамдарды
жақындату процесің қамтамасыз етеді.
Кəсіптік-қолданбалы
дене
шынықтырудың
айрықша
қызметтері ретінде дене шынықтырудың айрықша салаларына
тəн қызметтерді түсіну қажет. Жалпы алғанда, айрықша
қызметтердің жиынтығы қолданбалы дене шынықтыру біліміне
(білімдік), дене жай-күйлерін оңтайландыруға (сауықтыру),
оқушы жастарға толық кəсіптік бағдар беру мен кəсіптік
бейімдеуге деген білім берудің түрлі кезеңдеріндегі қоғамдық
қажеттілікті қанағаттандыратын сапалар арқылы анықталады.
Айрықша қызметтерді іске асыру негізінен арнайы
білімдердің,
қолданбалы
қозғалыс
біліктіліктерін
қалыптастыруды
қамтамасыз
ететін
арнайы
іріктелген
формаларды, тəсілдер мен əдістерді жəне білім берудің барлық
кезеңдеріндегі кəсіптік-қолданбалы дайындығын жетілдіру мен
қолдау
дағдыларын
пайдалану
арқылы
арнайыланған
педагогикалық процесс деп түсінетін бейінді дене тəрбиесі
барысында
іске
асырылады.
Сонымен
қатар
кəсіптік-
қолданбалы дене шынықтыру-рекреативті жəне қайта қалпына
келтіру сипатындағы шаралар тиімді болып табылады.
Кəсіптік-қолданбалы дене шынықтырудың білім беру
қызметі кəсіптік-қолданбалы қозғалыс біліктіліктері мен
дағдылары кешенін жүйелі қалыптастыруда, қолданбалы дене
жəне жеке тұлғалық қасиеттер мен сапалар мен соған
байланысты қабілеттерде, профессиографиялық сипаттағы
білімдерде, дене тəрбиесінің теориясы мен əдістемесінің
негіздерінде өз көрінісін табады.
Негізгі сауықтыру функциялары ағзаның шынығуы мен
сыртқы ортаның жағымсыз факторлары жəне өндірістің өзіне
тəн қарсы тұра білу мүмкіндігін арттыруды; кəсіптік-
қолданбалы жəне дене шынықтыру-гигиеналық сипаттағы
131
сауықтыру
шараларын
пайдалануға
арналған
арнайы
біліктіліктерді қамтамасыз етеді [9, 44-46 б.].
Кəсіптік-қолданбалы дене шынықтырудың міндеттері
келесі:
1. Тандаған кəсіби қызметінің ерекше талаптарына жауап
беретін
(яғни,
«кəсіби
қасиет»
құрылымына
жататын
қабілеттеріне) тұлғалық қабілеттерді дамыту.
2. Таңдаған мамандығында қолданылатын, не оны игеруде
жəрдемі тиетін икемділік пен машықты қалыптастырып жəне
жетілдіру.
3. Кəсіби қызметің ерекше жағдайларының қолайсыз
əсеріне ағзаның бейімделігін қалыптастыру.
4. Дене тəрбиесі дайындығының тəсілдері арқылы таңдаған
кəсіпке қажетті ерік-жігер мен басқа да психикалық қасиеттерді
дамыту.
5. Дене тəрбиесі тəсілдері арқылы мектептерде болашақ
тəрбие жұмыстарын жүргізетін мұғалімдер даярлау
Студенттердің КҚДД-ның айрықша міндеттерінен басқа
белгілі бір дəрежеде жастарды нақты еңбек қызметіне дайындау
мен бағдар беру проблемаларын шешеді: жаңа жағдайларға
кəсіби-еңбек тұрғысынан бейімделу, өндіріс ұжымына жылдам
ену, тұлға аралық қатынастар орнықтыру мен нығайту.
2. Семинарлық сабақтар
2.1. Қазіргі кезеңде кəсіптік-педагогикалық жəне кəсіптік-
қолданбалы
дене
дайындығының
теориялық-əдістемелік
негіздері.
Мақсаты – Қазіргі кезеңде кəсіптік-педагогикалық жəне
кəсіптік-қолданбалы
дене
дайындығының
теориялық-
əдістемелік негіздерін анықтау.
Жоспар: 1. «Кəсіптік-педагогикалық дене дайындық» жəне
«кəсіптік- қолданбалы дене дайындық» ұғымдары жəне олардың
арасындағы байланысы.
2. Кəсіптік-қолданбалы дене дайындықты анықтайтыН
факторлардың ерекшеліктері.
3. Кəсіптік-қолданбалы дене шынықтырудың қызметтері
мен міндеттерінің ерекшеліктері.
132
Əдістемелік нұсқаулар
1. «Кəсіптік-педагогикалық дене дайындық» жəне «кəсіптік-
қолданбалы
дене
дайындық»
ұғымдары жəне
олардың
арасындағы байланысын анықтаңыз.
2. Кəсіптік-қолданбалы дене дайындықты анықтайтын
факторлардың ерекшеліктерін анықтаңыз.
3. Кəсіптік-қолданбалы дене шынықтырудың қызметтері
мен міндеттерінің ерекшеліктерін анықтаңыз.
3.ОСӨЖ
3.1. Тақырып: Кəсіптік-қолданбалы дене дайындығы-
ның негізгі ұғымдары жəне осы процессті анықтайтын
факторлар.
Мақсаты – кəсіптік-қолданбалы дене дайындығының
негізгі ұғымдары жəне осы процессті анықтайтын факторлардың
ерекшеліктерін анықтау.
Жоспар: 1. Қазіргі кезенде кəсіптік-қолданбалы дене
дайындығының негізгі ұғымдарының ерекшеліктері.
2. Қазіргі кезенде кəсіптік-қолданбалы дене дайындығының
процесін анықтайтын факторлардың ерекшеліктері.
Əдістемелік нұсқаулар
1. Қазіргі кезенде кəсіптік-қолданбалы дене дайындығының
негізгі ұғымдардың ерекшеліктерін дəптерге жазыңыз.
2. Қазіргі кезенде кəсіптік-қолданбалы дене дайындығының
процесін анықтайтын факторларды дəлелдеңіз.
ОСӨЖ
3.2
Тақырып:
Кəсіптік-қолданбалы
дене
шынықтырудың
қызметтері
мен
міндеттерінің
ерекшеліктері.
Мақсаты – кəсіптік-қолданбалы дене шынықтырудың
қызметтері мен міндеттерінің ерекшеліктерін анықтау.
Жоспар: 1. Кəсіптік-қолданбалы дене шынықтырудың
қызметтері.
2. Кəсіптік-қолданбалы дене шынықтырудың міндеттері.
133
Əдістемелік нұсқаулар
1. Кəсіптік-қолданбалы дене шынықтырудың қызметтерінің
ерекшеліктерін дəптерге жазыңыз.
2. Оқулықтарға, мақалаларға сүйеніп, қазіргі кезенде
кəсіптік-қолданбалы дене шынықтырудың міндеттерінің шешу
жолдарын дəлелдеңіз.
СӨЖ
4.1. Тақырыптар бойынша баяндамаларды дайындау:
1. «Кəсіптік-педагогикалық дене дайындығы» ұғымының
ерекшеліктері.
2. «Кəсіптік-қолданбалы дене дайындығы» жəне «кəсіптік-
қолданбалы
дене
шынықтыру»
деген
ұғымдардың
ерекшеліктері.
3. Кəсіптік-қолданбалы дене дайындықты анықтайтын
факторлардың ерекшеліктері.
4. Кəсіптік-қолданбалы дене шынықтыру қызметтерінің
ерекшеліктері.
5. Кəсіптік-қолданбалы дене шынықтыру міндеттерінің
ерекшеліктері.
6. Қазіргі таңда кəсіптік-қолданбалы дене дайындықтың
мəселелері жəне оларды шешу жолдары.
134
Дəріс №2. Кəсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру
формалары, амалдары жəне əдістері
Жоспар
1. Кəсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру
формалары
2. Кəсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру
амалдары
3. Кəсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру
əдістері
Əдебиет
1. Тайжанов С., Караков А. Дене тəрбиесі. 4-кітап / жоғары
оқу орындарына арналған оқулық. Алматы, «Ұш Қиян», 2009. –
Б. 75-89.
2. Иванов Г.Д., Кульназаров А.К. Физическое воспитание
студентов. – Учебник. – Алматы, 2002. – С.66-73.
3. Физическая культура (включая валеологию) по всем
специальностям
и
направлениям/Типовая
программа
по
предмету «физическая культура» для высших учебных
заведений. – Астана,2002. – 35 с.
4.Лубышева Л.И. К концепции физкультурного воспитания
студентов // Теория и практика физической культуры,1993. -№5-
6. -С.15-18.
5. Эммерт М.С., Шулятьев В.М. Содержание и структура
профессионально-прикладной
физической
подготовки
студенток,
обучающихся
специальности
«Управление
персоналом //Физическая культура: воспитание, образование,
тренировка, 2008. - №3. – С.29–32.
6. Гук Е. П. Профессионально прикладная физическая
подготовка врача – хирурга: автореф. дис…. канд пед наук:
13.00.04. - М., 1992. - 23 с.
7. Иванов Н.Т. Рациональное соотношение средств общей и
специальной физической подготовки летного состава на этапе
профессионального
обучения:
автореф….канд.пед.
наук.:13.00.04. - РНИФК, 1992. – 24 с.
135
8. Гетман В.А. Программирование профессионально–
прикладной физической подготовки ( на примере студентов
ориентированных на специальность « Бортинженер»): автореф...
канд. пед. наук: 13.00.04. – М., 1989. – 23 с.
1. Кəсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру
формалары
Қазіргі кезде студенттердің дене тəрбиесі жүйесінде
кəсіптік-қолданбалы дене шынықтырудың іске асырудың
бірнеше формалары анықталды, оларды келесі тұжырымдамалар
бойынша топтастыруға болады.
1) арнайы ұйымдастырылған оқу сабақтары (міндетті жəне
қосымша);
2) дене тəрбиесі мен спорт түрлері бойынша өзіндік жəне
өзіндік əрекет сабақтары;
3) оқу күні сабақтарындағы дене жаттығулары, көпшілік
сауықтыру жəне дене шынықтыру мен спорттық іс-шаралар.
Осы топтың əрқайсысы КҚДД-н іске асырудың бір немесе
бірнеше формаларына ие болғандықтан, ЖОО-дың таңдауы
бойынша түрлі бейіндегі факультеттерде қолданылуы мүмкін.
Академиялық сабақтардан басқа осы уақытта КҚДД сабақтары
оқу практикасы кезінде оқытушылардың жетекшілігімен кең
қолданысқа ие болып келеді. Сабақтан тыс уақыттағы КҚДД
студенттердің өзіндік сабақтарында да бірнеше формаларға ие:
оқытушылар жетекшілігі арқылы қолданбалы спорт түрлері
бойынша сабақтар – спорт секцияларындағы жаттығуларға,
сауықтыру-спорттық лагерлеріндегі, оқу практикасындағы, оқу
жылы бойындағы бос уақыттарда.
Арнайы ұйымдастырылған оқу сабақтары. Олар жоғары
оқу орындарына арналған дене тəрбиесінің типтік бағдарламасы
бойынша іске асырлады. Мұнда «дене мəдениеті» пəнінің
мақсаты білім жүйесін меңгеру, практикалық іскерлік пен
дағды, дене қуатын толық жетілдіруді қамтамасыз ету,
денсаулықты
күшейту,
жоғары
шығармашылық
кəсіби
белсенділігіне
дайындық
болып
табылатындығы
атап
көрсетілген.
136
Дене мəдениеті сабағы білім беру, тəрбие жəне сауықтыру
міндеттерінің шешімдерін алдын-ала қарастырады:
- өмірлік маңызы бар дене қабілетін дамытуда жəне оны
толық жетілдіруде, денсаулықты көп жыл сақтауда жəне
оңтайлы кəсіби жұмыс қабілеттілігін қолдауда дене мəдениеті
жəне спортты пайдалану туралы ғылыми-негізделген базалық
білім беру;
- дене мəдениетіне уəжді-құнды көңіл бөлу жəне жүйелі
сабақтарда дене қуаты жаттығулары мен спорт қажеттілігін
қалыптастыру;
- дене қуаты қабілетін дамыту бойынша əлеуметтік-мəдени
тəжірибені жəне дене мəдениеті мен спорттың əлеуметтік-
мəдени құндылықтарын жан-жақты іскерлік жəне дағдыларды
игеруді қамтамасыз ету;
- дене мəдениеті-спорттық қызметтің əртүрлі формаларын
пайдалана отырып, ұйымдастырушылық қабілет пен мүмкіндікті
дамыту;
- дене мəдениеті тəсілдері мен əдістерін пайдалана отырып,
психикалық күйді басқаруды үйрену;
- дене қуаты жаттығулар жүйелерін жəне сыртқы орта
факторларын
пайдалана
отырып,
жеке
биологиялық
мүмкіндіктер мен кəсіби қызметті ескере отырып, организмнің
дене қуаты жəне физиологиялық қорлармен ғылыми негізделген
дифференцияланған басқаруды қамтамасыз ету;
- бос уақытта жəне салауатты өмір салтында (СӨС) дене
жаттығулары мен спорт түрлерін пайдалануды үйрету;
- спорттық-сауықтыру туризмнің жаттығулар жүйесін
(дамытатын, алдын алатын, қалпына келтіретін) кəсіби ауруды
алдын ала емдеу мақсатында дене мəдениетінің сауықтыру-
оңалту амалдарын пайдалануды үйрету...» [ 136, 4 б.].
«Жоғары оқу орнындағы студенттердің дене мəдениетінен
қойылатын біліктілік талаптары. Студент білуі тиіс:
- дене мəдениеті жəне спорттың əлеуметтік функцияларын;
- дене тəрбиесінің жүйелерін;
- дене мəдениеті жəне спорттың теориялық негіздері мен
əдістемесін;
- дене қуаты белсенділігі жəне жұмыс қабілеттілігінің əр
түрлі режимдеріне организмнің əрекет ерекшеліктері;
137
- кəсіби қызметке ықпал етуші анағұрлым маңызды
психофизикалық жəне жəне функциональды көрсеткіштер мен
негізгі формалар, тəсілдер жəне оларды реттеу əдістерін;
- ден саулықты күтудің гигиеналық негіздерін;
- кəсіби аурулардың алдын-алу шараларын.
Студент істей білу керек:
- арнайы кəсіби жұмысқа қабілеттілікті, денсаулық жəне
кəсіби аурулардың алдын-алу шараларын қолдау үшін дене
мəдениеті жəне спорт тəсілдері мен əдістерін қолдануды;
-
дене
қуаты
жəне
функциональды
дайындықты
жоспарлауды, бақылауды жəне басқаруды;
- таңғы жəне өндірістік гимнастика кешендерін құруды.
Студент дағдысы:
-
дене
жаттығуларының
орындалуын,
организмнің
физиологиялық
мүмкіндіктеріндегі
жүктеме
тепе-теңдігі
бағалануын көрсете білу;
- дене қуаты дайындығын басқару;
- ертеңгілік жəне өндірістік гимнастика жүргізу;
- жеке, отбасылық салауатты өмір салтын қалыптастыру;
- таңдап алынған жəне қолданбалы спорт түрлерінде
тактиканың
орындалу
техникасы
мен
жарыс
өткізудің
ережелерін ...» [14, 5 б.].
Жоғарыдағы айтылып кеткендей, қазіргі танда дене
мəдениеті сабағы эллективтік курс деп есептелнеді жəне оған
кредит берілмейді. Бірақ, оған қарамастан бұл пəн Ақтобе
мемлекеттік педагогикалық институтта 1-2 курстарда (1-4
семестрлар) жүргізледі. Міндетті түрде өтетін сабақтарға əрбір
семестрде 60 сағаттан беріледі.
Сабақтар 100 минуттан өтеді . Сабақ ұш бөлімнен түрады.
Бірінші бөлімге (дайындық бөлімі) 25 минут бөлнеді. Əр бір
сабақ қойылған міндеттерге байланысты өткізілу керек. Олар
студенттердің оқитын мамандықтарына сəй қойылу керек. Олар
жөнінде біз басқа, осы мəселеге нақты бағытталған бөлімдерде
теренірек қарастырармыз. Бұл жерде айта кететің бір жағдай
мынандай. Дене мəдениеті сабағына бір уақытта əртіұрлі
мамандықтарда оқитың студенттер топтары келеді (мысалы,
математиктер мен филологтар). Оларға разминка (дайындық
бөлімі) бірдей жұргізілу керек, ал негізгі бөлімі - болашақтағы
138
мамандық енбегінің түрі мен мазмүнына сəйкес қойылған
міндеттеріне байланысты.
Негізгі бөлімінде типтік бағдарламадағы үсынылатың
материал игерлуге тиісті (жылдық жəне тоқсандық жоспарына
сəйкес).
Жоғарғы оқу орнында дене тəрбиесі процесің жүзеге
асыруда келесі өзекті мəселелерді есепке алу қажет.
Қазіргі танда жоғарғы оқу орындарында студенттердің
дене
шынықтыру
тəрбиесінің
тұжырымдамасы
[Л.И.Лубышева,15] іске асырлады. Осы тұжырымдамасына
сəйкес Мемлекеттік білім беру стандарты дене тəрбиесі алдына
студенттердің өмір стилін қалыптастыру міндетін қойып
отыр. Яғни, əрбір студент дене мəдениеті өрісіндегі бар рухани
құндылықтарды игеріп, өзіннің жеке өмірінде қолдану қажет.
Екіншіден, кредиттік технология бойынша студент көбіне
өз бетімен жұмыс жасау керек. Бірақ, осы əрекетке оны
оқытушы үйрету керек. Сондықтан, міндетті түрде өтетің дене
мəдениетінің сабақтары, Л.И.Лубышеваның пікірі бойынша,
практикум-консультация ретінде болу қажет. Яғни, оқытушы
сабақ
үстінде
студенттерге
олармен
игеретің
дене
қозғалыстардың техникасың негізгі нуктелеріне, оларды дұрыс
жасауына назар аудару керек.
Үшіншіден, сабақтағы үсынылған мəліметтерді бекіту үшін
оқытушымен дайындалған оқу-əдістемелік құралдар қамтамасыз
етілу керек (соның ішінде, электрондық оқулықтар).
Дене тəрбиесі мен спорт түрлері бойынша өзіндік жəне
өзіндік əрекет сабақтары.
Бұл жерде мынандай жағдайды түсініп алу қажет: өзіндік
əрекет ұйге берген тапсырмадан қандай айырмашылығы бар?
Тапсырманы ұйге беру барысында оқытушы студенттерге
келесі мəліметтерді үсынады: қандай жаттығуларды орындау
қажет, неше рет қайталау қажет, қандай қарқындылығымен,
қандай ұзаұтықта б ұл тапсырманы орындау қажет. Сонымен,
оқытушы студенттерге қандай жақдайларда бұл тапсырманы
орындау керек, жəне қалай сол жағдайларды ұйымдастыру
қажет екені жөнінде айтады. Кейбір уақыттан кийін оқытушы
сол тапсырманы тексереді, соған сүйене отырп келесі
тапсырманы береді.
139
Өзбетімен
орындайтын
тапсырмалар
келесі
схема
бойынша орындалады.
Студенттердің алдында нақты мақсат қойылады, мысалы
«кермеге тартылу» Президенттік сынама бойынша норматив
орындау. Студент өзі құралдарды тандау, жаттығудың уақытың
жоспарлау қажет, өзіне қажетті жағдайларды қамтамасыз ету
керек,
өзіннің
күйің,
жұктемесің,
əрбəр
сабақтағы
дайындылығының өзгерістерің бақылау қажет. Нақты уақыттан
кийің алынған нəтижелерді талдап, осыған сүйенен отырып
өзіннің əрекетіне өзгерістерді енгізу. Оқытушы студенттерге
жаттығулардың кешендерің шамамен үсыну мүмкің, бірақ
оларды студент өзіннің жеке ерекшеліктеріне сүйене отырып
тандау қажет.
Оқу күні сабақтарындағы дене жаттығулары, көпшілік
сауықтыру жəне дене шынықтыру мен спорттық іс-
шаралар.
Студенттердің арасында əртүрлі жарыстар өткізледі. Олар:
студенттердің
институттік
спартакиадасы,
бірінші
курс
студенттердің арасындағы жарыстар т.с.с.
Достарыңызбен бөлісу: |