Қазақстан Республикасының Білім жəне Ғылым Министрлігі Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты


 Кəсіптік бағыттағы оқу сабақтарды



Pdf көрінісі
бет12/19
Дата08.04.2020
өлшемі1,14 Mb.
#61983
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
k090620154


2. Кəсіптік бағыттағы оқу сабақтарды  
ұйымдастыру амалдары 
 
Студенттердің  кəсіптік-қолданбалы  дене  шынықтыруы 
төмендегідей бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 
студенттердің  жұмыс  жағдайларын,  демалыс  пен  жас 
ерекшеліктерін  ескеру  арқылы  дене  шынықтыру  жəне  спорт 
тəсілдерін  еңбек  пен  демалыс  тəртібінде  қолдану  біліктіліктері 
мен дағдыларын қалыптастыру; 
1)  жекелеген  спорт  түрлері  элементтерінің  құрылымына 
ұқсас қолданбалы біліктіліктер мен дағдылар ендіру; 
2)  нақты  мамандық  бойынша  жоғары  еңбек  өнімділігіне 
қажетті қозғалыс сапаларын арнайы түрде тəрбиелеу арқылы. 
Кəсіптік-қолданбалы 
дене 
шынықтыру 
құралдарың 
төмендегі 
келтірілген 
нақты 
педагогикалық 
міндеттерге 
байланысты топтарға бөлуге болады: 
а) кəсіпке қажетті манызды дене қабілеттерді тəрбиелеу; 
б) қайратты жəне басқа психикалық қасиеттерді тəрбиелеу; 

 
140 
в)  кəсіпте  қолданатың  ептіліктермен  əдеттерді  құрастыру 
жəне жетілдіру; 
г)  сыртқы  ортаның  зиян  келтіретің  жағдайларына  ағзаның 
тұрақтылығын нығайту. 
Бірінші  топта  кəсіптің  ерекшеліктеріне  байланысты  əрбір 
дене  қасиетке  əсер  ететің  жаттығуларды  қолданады.  Мысалы, 
гимнастикалық 
жаттығулар 
(құралмен 
жəне 
құралсыз, 
гимнастикалық жардағы, арнайы конструкциялардағы – сөрене). 
Екінші  топта  -  спорттың  əр  түрлі  спорттың  түрімен 
айналысу.  Олар  əрбір  кəсіпке  қажетті  психикалық  жəне 
қайратты қасиеттерді тəрбиелеуге мүмкіндік туығызады (сезімді 
информацияға реакциясы, эмоционалдық тұрақтылық). 
Үшінші  топта  –  жаратылыс  қозғалыстары  қолданылады 
(секіру,  өрмелеу,  жүзу,  шанғымен  жүру,  атпен,  мотоциклмен 
ауысу). 
Төртінші топта – дене қасиеттерді дамытатың жəне ағзаның 
өттегіні 
жетпийтің 
жағдайына 
тұрақтылығын 
котеретің 
жаттығулар (жүзу, жүгіру т.б.). 
Қолданбалы білімдерді қалыптастыру процесі студенттердің 
күнделікті  өмірде  аурулардың  алдын  алу  мен  өндірістік 
шаршауды ескерту мақсатында дене шынықтыру жəне спорттың 
əдістері мен тəсілдерін пайдалану туралы білімдерін меңгертуді 
қарастырады. 
Қолданбалы білімдердің белгілі бір бөлігі кəсіптің нақты бір 
түрі  үшін  айрықша  болып  табылады.  Мысалы,  тауда  жұмыс 
істейтін 
геодезистерге 
тау 
гипоксиясының 
жұмыс 
қабілеттілігіне  əсері  туралы  қолданбалы  білімдер,  сонымен 
қатар  осы  факторларға  деген  тұрақтылығын  арттыру  үшін  дене 
шынықтыру жəне спорт тəсілдері туралы білімдер қажет. 
Болашақ 
медицина 
қызметкерлері, 
мысалы, 
дене 
шынықтыру  жəне  спортпен  шұғылдану  барысында  дəрігерлік 
бақылау  мен  өзіндік  бақылау  туралы,  спорттық  массаж  бен 
өзіндік  массаж  əдістемесіне,  дене  шынықтыру  жəне  спортпен 
шұғылданатын  орындарға  деген  санитарлық  талаптар  бойынша 
спорттық  жаттығу  негіздерінің  жалпы  мəселелері  бойынша 
теориялық білімдерді меңгеруі тиіс. 
Қолданбалы  сапаларды  тəрбиелеу  барысында  қолданбалы 
білімдер  үлкен  маңызға  ие  болғандықтан,  студенттің  өзінің 

 
141 
болашақ  мамандығының  ерекшелігі  бойынша  көзқарасы  мен 
білімі  ретінде  түсіндіріледі,  яғни  болашақ  маманды  өндіріс 
жағдайларына 
дайындап, 
вестибулярлық 
тұрақтылығын 
тəрбиелеуі қажет. 
Қолданбалы  дене  сапаларын  тəрбиелеу  -  ол  КҚДД 
мақсатында  адамның  дене  сапаларын  (күшін,  жылдамдығын, 
төзімділігін, ептілігі мен икемділігін) тəрбиелеу мен жетілдіру. 
Қолданбалы 
дене 
сапаларын 
тəрбиелеу 
барысында 
жаттығудың  кешенді  əдісі  анағұрлым  тиімді  болып  табылады, 
себебі  бастапқы  кезеңде  жағымды  құбылысқа  ауысуымен 
байланысты 
барлық 
дене 
сапалары 
жақсара 
түседі. 
Жаттыққандықты  ауыстыру  үшін  дайындық  пен  арнайы 
жаттығулардың  мөлшерін,  қарқындылығы  мен  құрылымын 
ғылыми негізде іріктеу жолымен басқару керек. 
Жүйелі жаттығуларды тоқтату қозғалыс жылдамдығын, күш 
пен  төзімділік  қабілеттерін  жоғалтуға  алып  келеді,  сондықтан 
кəсіптік-қолданбалы сапалардың оңтайлы деңгейін қолдау үшін 
жоғары  оқу  орнын  аяқтаған  соң  да  дене  жаттығуларын  үнемі 
орындап жүруі қажет.  
Күш  қабілеттерін  тəрбиелеу  күш  мүмкіндіктерінің  өсе 
түсуіне ықпал етіп қана қоймай, басқа сапаларды да арттырады. 
Сондықтан бұлшық ет күші белгілі бір дəрежеде жылдамдықты, 
төзімділікті,  ептілікті  дамытуға  ықпал  етеді.  Студенттердің 
бойында абсолютті күшті анықтаумен бірге 1 кг дене массасына 
қатыстысын  анықтау  арқылы  жеке  адамның  күш  мүмкіндіктері 
туралы анағұрлым нақты ақпарат береді.  
Күшті  өзінің  жеке  салмағы  мен  ауыр  салмақты  заттар 
арқылы жаттығулар көмегімен тəрбиелейді. Жаттығуларды жеке 
дара  іріктеу  қажет, бірақ  жаттығу  барысында  жалпы  принципті 
басшылыққа  алу  керек:  олар  өзінің  құрылымы,  шамасы  мен 
жүйке,  бұлшық  ет  күштерінің  сипаты,  жұмыс  қимылдарының 
бұрышты  амплитудасына  бағытты  əсер  етуі  арқылы  (локальді 
жəне жалпы) ұқсас болуы тиіс. 
КҚДД мақсатында кеңінен қолданылуы тиіс: изометриялық 
жаттығулар  өзбетінше  жəне  динамикалық  жаттығулармен  қоса 
кешенді  түрде.  Барлық  осы  жаттығулар  арнайы  дайындықты, 
құрал-жабдықтарды  қажет  етпейді,  аз  уақытты  алады  жəне 
жұмыс орнында орындалуы мүмкін. 

 
142 
Болашақ маманды КҚДД мақсатында жылдамдық тəрбиелеу 
барысында  жұмыс  жағдайларының  ерекшелігі  моделін  ескеру 
қажет, себебі жылдамдық сапасын ауыстыру ұқсас құрылымдық 
қозғалыстар бойынша іске асады. 
Қазіргі  мамандықтардың  көптеген  бөлігінде  қозғалыс 
жылдамдығы  мен  нақтылығының  оңтайлы  түрде  тіркесуі  талап 
етілгендіктен, 
едəуір 
бұлшық 
ет 
күшін 
қажетсінбейді 
(конвейерлердің, 
есептегіш 
құралдардың, 
басқару 
пульттарының операторлары жəне т.б.).  
Жылдамдықты  тəрбиелеу  үшін  қозғалмалы  жəне  спорт 
ойындарын  қолдану  студенттердің  КҚДД  барысында  маңызды 
рөль  атқаратын  қозғалмалы  нысандары  арқылы  қозғалыс 
реакциясының  жылдамдығына  ықпал  ететін  жəне  тəрбиелейтін 
мақсатқа сай келер еді. 
КҚДД  процесінде  төзімділікті  тəрбиелеу  үшін  студент 
ағзасындағы  оның  жүрек-тамыр  жəне  тыныс  алу  жүйесінің 
қызметтік мүмкіндіктерінің деңгейін арттыру қажет.  
Арнайы  төзімділік  адамның  арнайы  еңбек  қызметі  арқылы 
анықталады.  КҚДД  мазмұнын  анықтау  барысында  еңбек 
қызметі  мен  ұсынылған  жаттығулар  арасындағы  сəйкестікті 
(еңбек 
пен 
жаттығулардың 
қозғалыс 
қимылдарының 
қарқындылығы  мен  ұзақтығын;  осы  жəне  басқа  да  қайталаулар 
санын; демалыс интервалы мен сипатын) табу қажет.  
КҚДД  мақсатындағы  ептілік  пен  икемділік  жалпы  дене 
дайындығы тəсілдерінің көмегімен тəрбиеленеді. Бұл сапалар өз 
бетімен аса үлкен маңызға ие емес, тек көмекші сипатқа ие. 
Арнайы  қолданбалы  сапалар  арнайы  дене  жаттығулары 
көмегімен  қоса  еңбек  қызметі  процесінде  белгілі  бір  шекке 
дейін  тəрбиеленеді.  Сондықтан  КҚДД-ның  мазмұны  адамның 
қызметі  мен  сапаларының  дамуымен  тығыз  байланысты 
болғандықтан,  оларды  болашақ  мамандығында  қолданады. 
Спорт  ойындары  көру  бұрышының  арта  түсуіне  əсер  етіп, 
кеңістік  пен  уақытта  бағдар  алу  мен  басқа  да  көптеген 
сапаларын  жақсарта  түседі.  Ағзаға  гимнастика,  акробатика 
жүзумен  айналысу  айрықша  əсер  етеді.Дене  жаттығуларын 
қолдану  əдістемесі  нақты  еңбек  жағдайларымен  тығыз 
байланыста 
болып, 
студенттің 
болашақ 
мамандығында 

 
143 
кездесетін 
тітіркендіргіштерге 
деген 
тұрақтылығын 
қалыптастыруы тиіс.  
Студенттердің  КҚДД  тəсілдерін  іріктеу  əрбір  нақты 
жағдайда 
жоғары 
оқу 
орнындарының 
дене 
тəрбиесі 
кафедралары арқылы шешімін табады. 
Жекелеген  қолданбалы  дене  жаттығуларын  іріктеу  еңбек 
қозғалысындағы ұқсастыққа сəйкес жүргізіледі. 
Спорттың  қолданбалы  түрлерін  тұтастай қолдану  спорттың 
белгілі  бір  түрімен  шұғылдану  нəтижесінде  болатын  ағзаның 
сол өзгерістеріне негізделген (дене, психикалық жəне т.б.). 
Табиғаттың  сауықтыру  күштері  мен  гигиеналық  факторлар 
– студенттердің КҚДД-ның міндетті тəсілдері. Сондықтан, дене 
тəрбиесі 
процесінде 
студенттің 
суыққа, 
ыстыққа 
күн 
радиациясына жəне ауа температурасының кенет өзгерістері мен 
басқа да факторларға деген тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. 
Осыған  байланысты  студенттер  дене  тəрбиесі  процесінде 
гигиеналық жəне қайта қалпына келтіру шараларына үйренеді.  
КҚДД  –ның  тиімділігін  қамтамасыз  етуші  көмекші 
құралдарға  көрнекі  құралдар  мен  техникалық  оқу  құралдары 
жатады,  оларды  пайдалану  болашақ  еңбек  ерекшеліктері  мен 
студенттердің жаттығу тəртібін сəйкестендіруге ықпал етеді. 
 
3. Кəсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру əдістері 
 
Дене  тəрбиесі  міндеттерін  шешудегі  маңызды  рөлді 
жаттығу əдістері жəне оларды практикада қолдану білімдері мен 
біліктілігі  арқылы  маманның  кəсіби  тұлғасын  едəуір  дəрежеде 
анықтай  түседі.  Осы  əдістерді  жалпыланған  түрде  үлкен  екі 
топтарға 
бөлуге 
болатыны 
баршаға 
мəлім: 
жартылай 
регламенттелген  жаттығу  əдістері  жəне  қатаң  регламенттелген 
жаттығу əдістері. Бірінші топ екі əдістен тұрады: ойындық жəне 
жарыстық,  екіншісі  –  қалғандары.  Екінші  топ  өте  кең  түрде 
қарастырылғандықтан, көптеген жаттығу əдістерінен тұрады. 
Түрлі  мамандықтар  бойынша  жоғары  оқу  орнындарының 
студенттеріне  арналған  КҚДД-н  ұйымдастыру  əдістері  мен 
формаларын  мамандар  жасап  шыққан,  ғылыми-əдістемелік 
əдебиеттерге талдау жасалынған. 

 
144 
М.С.  Эммерт,  В.М.  Шулятьев  [5]  «Мамандарды  басқару» 
мамандығы бойынша оқитын студент қыздар үшін КҚДД келесі 
əдістер  арқылы  іске  асырылды:  ойындық,  айналма  жəне 
көрнекілік  əсері  бар  үздіксіз  жəне  қатаң  регламенттелген 
жаттығулар арқылы. КҚДД бойынша жасалған жəне сауықтыру 
кешенді  бағдарламаларының  негізі  ретінде  жалпы  қабылданған 
кестелер  мен  оларды  өткізу  тұжырымдамаларын  сақтауды 
қарастыратын 
сабақтар 
болып 
табылады. 
Сабақтардың 
құрылымы  жалпы  қабылданған  сипатқа  ие  –  дайындық,  негізгі 
(аэробты жəне күш блоктары) жəне қорытынды бөлімдерге. 
Жалпы төзімділікті тəрбиелеуге сауықтыру степ-аэробикасы 
мен  тренажер  қондырғыларындағы  сауықтыру  жүгіру  тəсілдері 
ықпал  етті.  Сабақтардағы  жүктемелер  аэробты  жаттығуларды 
орындау 
қарқындылығының 
артуы 
орындалатын 
би 
композициялары  күрделілігінің  артуы  есебінен  өсіп  отырды 
(жоғары 
үйлестіру 
күрделілігі 
элементтері, 
жоғары 
амплитудалы  қимыл-қозғалыстар  қосылып,  орын  алмасу 
қозғалыстары  мен  бұрылыстардың  саны  барған  сайын  артып 
отырды). 
Дəрігер-хирург  Е.П.  Гуктың  кəсіптік-қолданбалы  дене 
дайындығында  келесі  жаттығулар  қосылған  болатын.  Арқасы 
мен  аяқ  бұлшық  еттерінің  статикалық  төзімділігі  бұлшық 
еттердің  ұзақ  уақыттық  ширығуын  талап  ететін  жаттығуларды 
орындау арқылы дами түседі. Оған аяқ пен арқа бұлшық еттерін 
дамытуға  бағытталған  жалпы  дамыту  жаттығулары  енді, 
қозғалмалы  ойындардың  эстафеталары,  хоккей  элементтері 
(төменгі  тұрыста  жəне  шынтақ  бүгілісінде  клюшка  арқылы 
конькимен сырғанау), футбол элементтері (доп лақтыру, алысқа 
лақтыру). Кеңістік жəне күш дифференциясының нақтылығы əр 
түрлі заттар арқылы нақтылыққа жаттығу негізінде қалыптасады 
(теннис  доптары,  клюшкалар,  гимнастика  таяқшалары,  секірме 
жіптер).  Қимыл-қозғалыс  үйлесімі  мен  тепе-теңдікті  сақтауды 
жетілдіру  жаттығулары,  хоккей  мен  футбол  элементтері 
қолданылды (алып жүру, беру, лақтыру, қақпаға дəл соққылау). 
Есте  сақтау,  қабылдау  функциясы,  көру  айырмасының 
жылдамдығы,  спорт  ойындарымен  шұғылдану  барысындағы 
жүйке 
процестерінің 
қозғалмалылығы 
(хоккей, 
футбол), 

 
145 
сонымен қатар түрлі орын ауыстырулар арқылы гимнастикалық 
жаттығуларды орындау барысында [6, 11 б.]. 
Н.Т. Иванов өткізген зерттеу нəтижелері бойынша талапкер-
ұшқыштардың 
дене 
дайындығы 
мен 
жүйке-эмоциялық 
жағдайының  динамикасы  тыңдаушылардың  жылдық  оқу 
циклінде  функциялану  тəртібі  ерекшеліктерін  ескеру  арқылы 
оқу  процесін  кезең-кезең  бойынша  құруды  қарастырады. 
Бірінші  кезеңде  жалпы  дене  дайындығының  міндеттері  келесі 
тəртіптер  бойынша  шешіледі:  оқытуға  бейімдеу(қыркүйек-
қазан),  дене  сапаларын  коррекциялау  (қараша)  жəне  емтихан 
сессиясы  кезінде  жоғары  жүйке  жүктемелерін  коррекциялау 
(желтоқсан-қаңтар).  Екінші  кезеңде  маңызды  кəсіби  сапаларды 
жəне  жоғары  жүйке  жүктемелерін  дамыту  (ақпан-сəуір)  мен 
жетілдіру  тəртібі  арқылы  (мамыр-маусым)  арнайы  дайындық 
міндеттері шешімін табады. 
Жалпы  дене  дайындығы  кезеңдерінде  функцияланудың 
түрлі  тəртібі  арқылы  келесі  дене  жаттығуларын  қолдану 
мақсатқа сай іске асуы тиіс: 
-  жылдамдық  арттыруға  аралған  жаттығуларға  бейімделу 
кезінде; 
-  артта  қалған  сапаларды  дамытуға  арналған  басым 
бағыттарды коррекциялау процесінде; 
-  емтихан  сессиясы  кезінде  –  төзімділікке  арналған 
жаттығуларды орындауда [7, 21 б. ]. 
В.А.  Гетман  КҚДД  бойынша  үздіксіз  бағдарлама  жасауды 
ұсынды,  оның  мəні  əдістемелік  жұмысты  рет-ретімен  ашып 
көрсету арқылы ұсыныс жасауда болып табылады: 
1.   КҚДД 
жағдайларына, 
проблеманың 
теориялық 
өңделуіне,  оқытушылар,  студенттер,  сонымен  қатар  дене 
тəрбиесі  əдістері  мен  тəсілдерінің  мүмкіндіктері  мен  шектелуі 
туралы алдын-ала көзқарастарға талдау жасау. 
2.  Жасау  мақсаттарын  қоя  білу.  Мақсат  бүкіл  жұмысты 
тұтастай алғанда (кəсіби бағдарланған дайындық – КҚДД) жəне 
алдағы  уақытта  болжанған  «адымдар»  үшін  анықталуы  мүмкін 
(бағдарламада жəне іс-əрекет барысында). 
3.  Осы  кезеңнен  кейін  бағдарламаларды  іске  асырудың 
мүмкін  болған  оң  жəне  теріс  салдарын  талқылау  көзделеді 
(басқа  оқу  бағдарламаларының  орындалуына  əсері,  3-5 

 
146 
курстарда  КҚДД-ның  жалғасуы  жəне  студенттің  жеке  өмірінің 
жекелеген ерекшеліктерінің өзгерістері). 
4.  Алынған  мақсаттарды  міндеттер  блогына  ауыстыру.  Бұл 
жұмыс қолданыстағы əдістер мен тəсілдерге инвентаризациялау 
мен талдау жасауды көздейді. Іс-əрекет тəсілдерінің мақсаттарға 
сəйкес келуі барысында міндеттердің бағдарламалар мен жұмыс 
жоспарларына  шартты  түрде  ауысуы  мүмкін.  Кездескен 
қиындықтардың 
тіркелуі 
проблемалардың 
блок-тізбесін 
анықтауға  мүмкіндік  береді  (осы  кезеңде  қиындықтар  мен 
проблемалар  туындамаған  жағдайда  бағдарламалау  процесі 
жұмыс жоспарын құрумен аяқталуы мүмкін). 
5.  Проблемаландыру  –  принципті  қиындықтар  мен  дау-
дамайлы 
жағдайлардың 
анықталуы 
(ЖОО-да 
оқытуды 
ұйымдастырудың 
қиындығы, 
КҚДД 
практикасындағы 
жасалынған  бағдарламалардың  қарама-қайшылығы).  (Екінші 
«адымға» ауысу). 
6.  Кейінгі  іс-əрекеттерді  іске  асыру  жолдары  мен 
нұсқаларын 
талқылау, 
проблемаларды 
типтік 
міндеттер 
жиынтығына 
ауыстыру 
(педагогикалық, 
əдістемелік, 
ұйымдастырушылық-басқарушылық).  Соның  ішінде  ерекше 
міндеттер  кешені  түріндегі  проблемаларды  шешуге  мүмкіндік 
беретін  жаңа  əдістер  мен  тəсілдерді  іріктеу  барысы  іске 
асырылады. 
7. 
Міндеттерді 
шешуді 
қамтамасыз 
ететін 
жұмыс 
жоспарларын  құру.  Жұмыс  жүйесін  жоспарлау  (бағдарлама 
алдындағы шараларды жəне КҚДД бағдарламалары мен оларды 
іске асыру барысын жасау). 
Ұйымдастыру-қызметтік 
бағдарламалау 
бойынша 
жұмыстың  жеке  кезеңі  КҚДД  бағдарламасын  жасау  болып 
табылады. 
КҚДД 
мазмұнын 
жасауда 
ұйымдастыру-қызметтік 
бағдарламалаудың ұсынылған теориялық негіздерін пайдалану – 
оқыту  мен  тəрбиелеудегі  икемделген  қызмет  пен  кезеңдік 
технологиялық 
зерттеулер 
қажеттілігінің 
мүмкіндіктерін 
көздейді.  Аталған  көзқарас  бағдарламаның  дамытылған  оқу 
мазмұнының  жұмыс  бағытын,  студенттер  мен  оқытушылардың 
рефлексті ойлауы мен қарым-қатынасы дамуын анықтайды. Осы 
бағдарламалау  принциптерін  пайдалана  отырып,  студенттермен 

 
147 
бірлескен жұмыс барысындағы КҚДД бағдарламаларын жасауға 
бағытталған  дене  тəрбиесі  əдіскерінің  басты  көзқарасы 
анықталады [8, 9-10 б.]. 
 
2. Семинарлық сабақтар  
2.1.  Қазіргі  кезеңде  кəсіптік  бағыттағы  оқу  сабақтарды 
ұйымдастыру формалары, амалдары жəне əдістері 
Мақсаты  –  қазіргі  кезеңде  кəсіптік  бағыттағы  оқу 
сабақтарды  ұйымдастыру  формалары,  амалдары  жəне  əдістерін 
анықтау. 
Жоспар:  1.  Қазіргі  кезеңде  кəсіптік  бағыттағы  оқу 
сабақтарды ұйымдастыру формалары. 
2.  Қазіргі  кезеңде  кəсіптік  бағыттағы  оқу  сабақтарды 
ұйымдастыру амалдары. 
3.  Қазіргі  кезеңде  кəсіптік  бағыттағы  оқу  сабақтарды 
ұйымдастыру əдістері. 
 
Əдістемелік нұсқаулар 
 
1.  Қазіргі  кезеңде  кəсіптік  бағыттағы  оқу  сабақтарды 
ұйымдастыру формаларын анықтаңыз.  
2.  Қазіргі  кезеңде  кəсіптік  бағыттағы  оқу  сабақтарды 
ұйымдастыру амалдарын анықтаңыз. 
3.  Қазіргі  кезеңде  кəсіптік  бағыттағы  оқу  сабақтарды 
ұйымдастыру əдістерін анықтаңыз. 
 
3. ОСӨЖ 
3.1. Тақырып: Жоғары оқу орнында кəсіптік бағыттағы 
оқу  сабақтарды  ұйымдастыру  формаларын  жүзеге  асыру 
ерекшеліктері. 
Мақсаты  –  жоғары  оқу  орнында  кəсіптік  бағыттағы  оқу 
сабақтарды 
ұйымдастыру 
формаларын 
жүзеге 
асыру 
ерекшеліктерін анықтау. 
Жоспар:  1.  Жоғары  оқу  орнында  кəсіптік  бағыттағы  оқу 
сабақтарды ұйымдастыру формалары.  
2.  Жоғары  оқу  орнында  кəсіптік  бағыттағы  оқу  сабақтарды 
ұйымдастыру формаларын жүзеге асыру ерекшеліктері. 
 

 
148 
Əдістемелік нұсқаулар 
 
1.  Жоғары  оқу  орнында  кəсіптік  бағыттағы  оқу  сабақтарды 
ұйымдастыру формаларын дəптерге жазыңыз.  
2.  Жоғары  оқу  орнында  кəсіптік  бағыттағы  оқу  сабақтарды 
ұйымдастыру  формаларын  жүзеге  асыру  ерекшеліктерін 
дəлелдеңіз. 
 
ОСӨЖ 
3.2 Тақырып: Жоғары оқу орнында кəсіптік бағыттағы 
оқу  сабақтарды  ұйымдастыру  амалдарын  жүзеге  асыру 
ерекшеліктері. 
Мақсаты  –  жоғары  оқу  орнында  кəсіптік  бағыттағы  оқу 
сабақтарды 
ұйымдастыру 
амалдарын 
жүзеге 
асыру 
ерекшеліктерін анықтау. 
Жоспар:  1.  Жоғары  оқу  орнында  кəсіптік  бағыттағы  оқу 
сабақтарды ұйымдастыру амалдары. 
2.  Жоғары  оқу  орнында  кəсіптік  бағыттағы  оқу  сабақтарды 
ұйымдастыру амалдарын жүзеге асыру ерекшеліктері. 
 
Əдістемелік нұсқаулар 
 
1.  Жоғары  оқу  орнында  кəсіптік  бағыттағы  оқу  сабақтарды 
ұйымдастыру амалдарын дəптерге жазыңыз.  
2.  Оқулықтарға,  мақалаларға  сүйеніп,  қазіргі  кезенде 
жоғары  оқу  орнында  кəсіптік  бағыттағы  оқу  сабақтарды 
ұйымдастыру 
амалдарын 
жүзеге 
асыру 
ерекшеліктерін 
дəлелдеңіз. 
 
ОСӨЖ 
3.3 Тақырып: Жоғары оқу орнында кəсіптік бағыттағы 
оқу  сабақтарды  ұйымдастыру  əдістерін  жүзеге  асыру 
ерекшеліктері. 
Мақсаты  –  жоғары  оқу  орнында  кəсіптік  бағыттағы  оқу 
сабақтарды 
ұйымдастыру 
əдістерін 
жүзеге 
асыру 
ерекшеліктерін анықтау. 
Жоспар:  1.  Жоғары  оқу  орнында  кəсіптік  бағыттағы  оқу 
сабақтарды ұйымдастыру əдістері. 

 
149 
2.  Жоғары  оқу  орнында  кəсіптік  бағыттағы  оқу  сабақтарды 
ұйымдастыру əдістерін жүзеге асыру ерекшеліктері. 
 
Əдістемелік нұсқаулар 
 
1.  Жоғары  оқу  орнында  кəсіптік  бағыттағы  оқу  сабақтарды 
ұйымдастыру əдістерін дəптерге жазыңыз.  
2.  Оқулықтарға,  мақалаларға  сүйеніп,  қазіргі  кезеңде 
жоғары  оқу  орнында  кəсіптік  бағыттағы  оқу  сабақтарды 
ұйымдастыру əдістерін жүзеге асыру ерекшеліктерін дəлелдеңіз. 
 
СӨЖ 
4.1. Тақырыптар бойынша баяндамаларды дайындау
1.  Кəсіптік  бағыттағы  оқу  сабақтарды  ұйымдастырудың 
жаңа формалары. 
2.  Кəсіптік  бағыттағы  оқу  сабақтарды  ұйымдастыру 
амалдары. 
3.  Кəсіптік  бағыттағы  оқу  сабақтарды  ұйымдастыру 
əдістері. 
4.  Нақты  мамандыққа  байланысты  кəсіптік  бағыттағы  оқу 
сабақтарды ұйымдастыру амалдарын анықтау. 
5.  Нақты  мамандыққа  байланысты  кəсіптік  бағыттағы  оқу 
сабақтарды ұйымдастыру əдістерін анықтау. 
6.  Қазіргі  танда  кəсіптік  бағыттағы  оқу  сабақтарды 
ұйымдастыру əдістеріне ғалымдардың көзқарасы.  
7.  Қазіргі  танда  кəсіптік  бағыттағы  оқу  сабақтарды 
ұйымдастыру амалдарына ғалымдардың көзқарасы. 
8.  Қазіргі  танда  кəсіптік  бағыттағы  оқу  сабақтарды 
ұйымдастыру формаларына ғалымдардың көзқарасы. 
 
 
 
 
 
 
 

 
150 
Дəріс  №3.  Маман  моделі  жəне  оның  кəсіптік-қолданбалы 
дене  дайындықтың  бағдарламасын  құрастыру  ерекшелік-
тері  
 
Жоспар 
 
1.  «Модель» жəне «модельдеу» деген ұғымдар.  
2.  «Маман моделі» шешу мəселелері. 
3.  Болашақтағы маманның «профессиограммасы». 
4.  Маманның  кəсіптік-қолданбалы  дене  дайындықтың 
бағдарламасын құрастыру ерекшеліктері 
 
Əдебиет 
 
1.  Дахин  А.Н.  Педагогическое  моделирование.  М.:2001.  – 
230 с. 
2.Комарова 
А.Д., 
Набатникова 
М.Я. 
Модельные 
характеристики  юных  спортсменов  //  Основы  управления 
подготовкой  юных  спортсменов.-  М.:  Физкультура  и  спорт, 
1982. - С.41-85. 
3. Суходольский Г.В., Структурно- алгоритмический анализ 
и синтез деятельности.- Л.: ЛГУ,1976. – 120 с. 
4.  Верхошанский  Ю.В.  Программирование  и  организация 
тренировочного  процесса.  -  М.:  Физкультура  и  спорт,  1985.  - 
176с. 
5.  Марищук  В.Л.  Информационные  аспекты  управления 
подготовкой спортсменов. - М.: Физкультура и спорт,1981. -111 
с. 
6.  Никитин  И.В.,  Чернышев  С.В.  Моделирование  и 
комплексное  тестирование  в  оздоровительной  физической 
культуры  //Сб  научн  тр.  /Под.  общ  ред.  Сонькина  В.Д.  –  М., 
1991.- С. 161-164. 
7. Новиков А.А., Кузнецов В.В., Шустин Б.Н. О разработке 
модельных  характеристик  спортсменов  //  Теория  и  практика 
физической культуры, 1976. - № 12. – С. 58-60 
8. Корецкий В.М. Модель специалиста и профессионально – 
педагогическая  деятельности  //Теория  и  практика  физической 
культуры, 1978. - №1. -С. 50-52. 

 
151 
9.  Кузнецов  В.В.  Новиков  А.А.,  Шустин  Б.Н.  Научные 
основы 
создания 
«моделей 
сильнейших 
спортсменов» 
//Проблемы 
современной 
системы 
подготовки 
квалифицированных  спортсменов.  –  М.:ВНИИФК,  1975.  -  Вып. 
2. – С. 24-26. 
10.  Селуянов  В.Н.  Научные  и  методические  основы 
разработки 
инновационных 
спортивных 
педагогических 
технологий //Теория и практика физической культуры. – 2003. - 
№5. – С.9-12. 
11. Ляхова В.В. Королёв Д.И., Павлов Д.А. Характеристика 
психофизической  подготовленности  будущих  учителей  как 
объективная  основа  моделирования  их  профессиональной 
готовности  //  Тезисы  докладов  V  Всесоюзной  научно- 
практической конференции . - Кировоград, 1991.-С.61-64. 
12. Рыбачук Н.А. Модель подготовки современного учителя 
в  процессе  физического  воспитания  в  педагогическом  вузе 
нефизкультурного  профиля  //  Теория  и  практика  физической 
культуры. – 2002. - №12 - С. 5-8. 
13. Тюленьков С.Ю., Зуев С.Н., Крылова Л. М. Технология 
преподавания физической культуры в вузах // Теория и практика 
физической культуры. -2001. - №5. – С. 50-56. 
14.  Рютина  Л.Н.  Методология  научного  поиска  при 
определении 
содержания 
профессионально- 
прикладной 
физической  подготовки  студентов  вузов  железнодорожного 
транспорта // Теория и практика физкультуры. -2005. - № 4. – С. 
45-47. 
15. Иванов Г.Д. Научно-прогностический аспект интеграции 
вузовской 
профессионально-прикладной 
подготовки 
с 
современным производством //Вестник физической культуры. – 
2001. - №2. - С. 50-54. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет