Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі батыс



Pdf көрінісі
бет12/112
Дата09.12.2022
өлшемі0,66 Mb.
#161978
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   112
Байланысты:
deloproizvod umk

3-
тапсырма

Сөздікті қарап, берілген терминдердің мағынасын анықтаңдар. 
Терминдерді саласына қарай ретке келтіріп көшіріңдер.
 
Минерал, графика, жазықтық, диаметр, синоним,
ядро, қисса
-
пояма, тенор, белок, 
лексика, бас, морфология, глобус, бастауыш, етістік, радиус, шеңбер, химия, сопрано, 
көміртек, капелла, организм, хор, қосымша, фонетика, энергия, калория, сутек, пропорция, 
радиус, компас, қоғам, қышқыл, диффузия, пейзаж,
витамин, сюжет, циклон, жасуша.
 
Көркем әдебиет тілінің стилі
 
Тіліміздегі басқа стильдерге қарағанда көркем сөз стилінің аясы кең. Мұнда барлық 
стильдердің элементтері кездеседі. Тілдік тәсілдер көркемдік мақсатта жұмсалады. Образды 
сөздер жиі қолданылады. Әр жазушының өзінің талғамына қарай тіл ерекшелігі, қолдану 
тәсілі болады. Ол ерекшеліктердің бәрі бір
-
бірімен ара қатынаста болып, көркем әдебиет 
стилінің басқа стильдерінде қайталанбайтын, айрықша жүйесін жасайды.
Көркем әдебиет стилі немесе көркем сөз

ойды және сезімді образ арқылы бейнелеітін 
айрықша өнер. Тіл көркем шығармада ерекше эстетикалық қызмет атқарады. Көркем 
шығармалар –
жазушының өмір тануына, дүние сезінуіне, көзқарасына, өмір фактісін 
жинақтап, қорытып, бейнелі тілмен жазу мәнерінен болады. Сөйлеу тілімізде сөздер 
бұрыннан машықталған үйреншікті қалыпта жұмсалады, ал көркем шығармада сөздер 
сараланып, белгілі стильдік мақсатта қолданылады.
Әдеби шығарманың көркемдік құралы –
тіл. Тіл арқылы өмірдің тұтас картинасы 
жасалады. Үлкен палотнорға салынған суреттің көк түсті бояуындай, әдеби шығармада 
келтірілетін сөйлеу формалары мен стильдер де көркемдік деталь.
Көркем әдебиет –
сөзбен салынған сурет; оқиғаға кейіпкерлердің іс
-
әрекеті, сөзі, мінезі, 
келбеті қатысып баяндалады; оқиға болған күннің реті, жер жағдайы аталады. Мұны оқиғаны 
образды түрде бейнелеу дейді. 
Көркем әдебиет оқиғаны оқырманға жеткізуде автордың әсерін, сезім күйін қоса 
суреттейді. Осы жайлар көркем әдебиеттің ерекше баяндалу мәнерін, стилін 
қалыптастырады. 
Қазақ көркем әдебиет стилінің қалыптасуына, дамуына халық ауыз әдебиеті, атақты 
ақын, жазушылар: Абай, Жамбыл, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов т.б. зор үлес қосты. 
Көркем әдебиет стиліне тән ерекшеліктер мынадай:
1.
Эмоционалдық, бейнелі, экспрессивті сөздер мол қатысады.
2.
Сөйлемдердің ырғақ, интонациясы мәтінге әсерлілік беру үшін айрықша құрылады.


11 
3.
Шығарма тартымды болу үшін синоним сөздер, тұрақты тіркестер барынша көп 
жұмсалады.
4.
Осылардың бәрі грамматикалық амал
-
тәсілдерді ерекше қиюластырып қолдану арқылы 
беріледі. 
Көркем әдебиет стилінің бұл ерекшелігін ұлы Абай Құнанбаев былай айтқан:
Өлең –
сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп
-
тегіс жұмыр келсін айналасы.
Көркем әдебиет оқырманға рухани тәрбие береді. Өмірдегі, табиғаттағы, сұлулықты, 
әсемдікті танып, оны сезінуді үйретеді. Көркем әдебиет тілдің стильдік нормаларын 
танытады. Тілдегі амалдарды тапқырлықпен, ізденспен жұмсаудың жолын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет