22
2-
тапсырма.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Хаттама қандай құжат?
2. Ол қай кезде жазылады?
3. Хаттаманың қандай бөліктері бар?
4. Хаттаманы кім жүргізеді?
5. Хаттамаға кімдер қол қояды?
3-
тапсырма.
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемді толықтырыңыз.
Жиналыста А.С Оспановтың есепті баяндамасы ... . Қатысушылар өз ұсыныстарын ... .
Мәжіліс төрағасының ұсынған жаңа бағдарламасын бекіту жөнінде ... ... . Оқу орны ұжымы
Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын
міндеттерді басшылыққа ала
отырып, оқу
-
тәрбие жұмысын одан әрі жандандыра беру жөнінде ... қабылдады.
7.
Практикалық сабақ.
Бақылау жұмысы
8.
Практикалық сабақтың тақырыбы
:
Анықтама
-
ақпараттық құжаттар: хат, жеделхат,
телефонхат
Сабақтың мақсаты
: Ақпараттық
-
анықтамалық құжаттар туралы түсінік беру. Осы
құжаттарды дұрыс толтыру жолдары мен қызметтік хаттарды толтыру тәртібін үйрету.
Жеделхаттар, баяндау хаттар. Анықтама және акт
Сабақтың
барысы:
1.Сабақтың мазмұнын ауызша баяндау.
2.
Тақырыпқа байланысты тапсырмалармен жұмыс.
Ұйымдық
-
өкілеттік құжаттардың көп кездесетін түріне
анықтама
-
ақпараттық
құжаттар
жатады. Олар: хат, жеделхат, телефонхат, түсініктеме, мәлімхат, акт,
анықтама
және т.б. қызметтік хаттар. Бұл құжаттардың барлығы ақпарат беру мақсатында жазылады
және ұйымдық басқаруды қандай бір іс
-
әрекетпен ұштастырады, кейде белгілі
бір оқиғаны,
фактіні, іс
-
әрекетті белгілейді, баяндайды. Қызметтік хаттарды
жазуда кең тараған формат
түрі А4 болып қала береді. Жазылу мақсатында хатта айтылатын мәселенің ерекшелігіне
байланысты қызметтік хаттардың бірнеше түрлері болады. Олар:
1.
Ресми хат
2.
Ұсыныс хат
3.
Сұраныс хат
4.
Жолдама хат
5.
Баяндау хат
6.
Ақпарат хат
7.
Циркуляр хат
Бланкіде көрсетілетін барлық қызметтік информация:
тіркеу нөмірі, дата, т.б. арнайы
штамппен қойылуы керек. Бұлардың ешқайсысы болмаған жағдайда ғана қолмен жазылады.
Қызметтік хаттардың стилі ресми әрі түсінікті болуы керек.
Қайталаулар мен
шұбалыңқы тіркестер алынып тасталады немесе керекті мәліметтер қосылады. Мәтін оңай
оқылатындай болуы үшін ол бояуы қанық, үлкендеу шрифтімен басылуы керек.
Ақпараттық
-
анықтамалық
құжаттарға хаттар, жеделхаттар, телефонограммалар,
актілер, анықтамалар, мағлұмат хаттар мен түсінік хаттар, арыздар т.б. жатады. Ішкі, тысқы
ақпараттық
-
анықтамалық қатынас хаттар басқару құжаттары көлемінің 80 пайызын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: