Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Исакова С. А., Айнабекова И. Т


Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау



Pdf көрінісі
бет47/77
Дата19.06.2020
өлшемі1,79 Mb.
#74023
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   77
Байланысты:
Isakova Karjilik esep
экзамин жауаптары
4.3 Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау 
 
Қаржылық-шаруашылық  қызметі  туралы  есеп  беру  нысаны  табыс  пен 
шығыс  шоттарын  алып,  оларға  шолу  жасайды.  Қаржылық-шаруашылық 
қызметінің есеп беру келесі көрсеткіштерден тұрады: 
- өнімді, жұмысты, қызметті сатудан түскен табыс: ҚҚС, акциздер және 
басқа  міндетті  төлемдер  мен  салықтар  шегертілген  түрінде  көрсетіледі, 
қайтарылған  тауар  құнын,  бағадан  және  сатудан  жасалған  жеңілдіктерді 
қоспағанда; 

өнімнің,  жұмыстың,  қызметтің  сатылған  өзіндік  құнына 
кәсіпорынның нақты шығындары, яғни өнімді, жұмысты қызметті өндірумен 
байланысты тікелей шығындар кіреді
-  жалпы  табыс-өнімді,  жұмысты,  қызметті  сатқаннан  түскен  табыстан 
өнімнің  нақты  өзіндік  құнын  алып  тастағаннан  соң  шығатын  қаржылық 
нәтижесі; 
-  кезең  шығыстары  -  өнімнің,  жұмыстың,  қызметтің  өндірістік  өзіндік 
құнына  енбейтін  шығыстар:  жалпы  және  әкімшілік  шығыс,  сату  бойынша 
шығысы, пайыздарды төлеу бойынша шығыстары; 
-  негізгі  қызметтен  түскен  табыс  (зиян)  -  жалпы  табыс  пен  кезең 
шығыстарының айырмасы; 
-  негізгі  емес  қызметтен  түскен  табыс  (зиян)  -  кәсіпорынның  негізгі 
қызметімен  байланысты  емес  операциялардан  алынған  табыс  (негізгі 
құралды,  материалдық  емес  акивтерді,  бағалы  қағаздарды  сатқаннан, 
субсидии т.б.). 
-  салық  салынғанға  дейінгі  әдебиеттегі  қызметінен  алынған  табысы  - 
негізгі және негізгі емес қызметтерін біріктіргеннен алынған табыс; 
-  табыс  салығы  бойынша  шығыс  -  11  БЕС  салынған,  соның  ережесіне 
сәйкес есептік кезең үшін анықталған табыс салығы бойынша шығысы
-  салық  салынғаннан  кейінгі,  әдеттегі  қызметінен  алынған  табыс 
(зиянды)  –  салық  салынғанға  дейінгі  табыс  салығы  бойынша  шығысын 
шегергеннен соң алынған табысы (зияны); 
-  төтенше  жағдайдан  алынған  табысы  (зияны)  –  есептік  кезеңде  орын 
алған төтенше жағдайдың сальдоланған нәтижесі; 
-  таза  табыс  (зиян)  -  есептік  кезеңде  кәсіпорынның  алған  қаржылық 
нәтижесі. 
Енді,  бухгалтерлік  есепке  алудың  3-сандарды  «Қаржы-шаруашылық 
қызметінің  нәтижелері  туралы  есептің  2-нысанды  жасауға  қойылатын 
талаптарды қарастырамыз». 
Бұл  стандарт  қаржы-шаруашылық  қызметінің  нәтижелері  туралы  есеп 
баптарын  жіктеу  мен  есепке  алудың  тәртібін  заңды  тұлғалардың  (банктер 
мен бюджеттік мекемелерден басқа) ретімен әзірлеп, есеп беруі мақсатында 
айқындайды, бұл заңды тұлғаның әртүрлі есептегі қаржы есептемелерін түрлі 
заңды түлғаның қаржы есептемелерімен салыстыруды қамтамасыз етеді. 
Стандарт  сондай-ақ  әдеттегі  қызметтен  алынған  табыс  пен 
шығындардың,  төтенше  жағдайлардан,  тоқтатылған  операциялардан  болған 


 
95 
табыс пен залалдың әртүрлі баптарын, есептік бағалаулардағы, есеп жүргізу 
саясатындағы өзгерістерді есепке алу және есептеріндегі елеулі қателіктерді 
түзету кезінде ашып көрсету тәртібін айқындайды. 
Төтенше  жағдайлар  -  заңды  тұлғаның  әдеттегі  қызметінен  өзгеше 
оқиғалар немесе операциялар. Мұндай оқиғалар мен операциялар жиі немесе 
жүйелі түрде қайталанбайды деп болжам жасалады. 
Елеулі  қателіктер  -  есепті  кезеңде  байқалған,  өткен  кезеңдердің 
қателіктері,  ал  олардың  маңыздылығы  соншалық,  өткен  кезеңдердің  қаржы 
есептері олар жасалған уақытқа қатысты дұрыс деп есептелмейді. 
Тоқтатылған операция - заңды тұлға қызметінің жеке бір бағыты болып 
табылатын филиалды сату немесе тарату. 
Қаржы-шаруашылық  қызметінің  нәтижелері  туралы  есепте  мынадай 
ақпаратты ашып көрсету қажет: 
а) өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алынған табыс; 
б) өткізілген өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны; 
в) жалпы табыс; 
г) есепті кезеңнің шығындары: 
- жалпы және әкімшілік шығындар
- өткізуге жұмсалған шығындар; 
Есептік бағалаулардағы өзгеріс нәтижесі: 
а) егер өзгеріс тек осы кезеңге әсер етсе, есепті кезеңде; 
б)  өзгеріс  болған  есепті  кезеңде  және  егер  өзгеріс  оларға  да  әсер  ететін 
болса  келесі  есепті  кезеңдерде  алынған  таза  табысты  немесе  келген 
залалды айқындау кезінде есепке қосылады. 
Әртүрлі  кезеңдегі  қаржы  есептерін  салыстыруды  қамтамасыз  ету 
мақсатында,  бұдан  бұрын  бағалау  үшін  қаржы-шаруашылық  қызметінің 
нәтижелері  туралы  есептің  қандай  баптары  пайдаланылса,  есептік 
бағалаулардағы өзгерістер сол баптарға енгізіледі. 
Есепті кезеңнің немесе келесі есепті кезеңдердің нәтижелерінен елеулі 
түрде  ықпал  ететін  есептік  бағалаулардағы  өзгерістердің  мәнісі  мен  көлемі 
ашып көрсетілуі тиіс. 
Осыдан  бұрынғы  кезеңдердің  қаржы  есептерін  жасау  кезінде 
жіберілген  қателіктерді  түзету  сомасы  есепті  кезеңнің  табысына  немесе 
залалына енгізіледі. 
Осыдан  бұрынғы  кезеңдерге  қатысты  елеулі  қателіктерді  түзету 
сомасы: 
а)  бөлінбеген  табыстың  бастапқы  сольдасын  өзгерту  арқылы  есепте 
көрсетілді; 
б)  есепті  кезеңнің  таза  табысын  немесе  залалын  айқындау  кезеңінде 
қосылды. 
Бөлінбеген  табыстың  бастапқы  сальдосын  өзгерту  арқылы  елеулі 
қателіктерді  түзету  кезінде  (  егер  бұл  мүмкін  болса,  салыс  –  тырмалы 
мәліметтер тиісінше түзетіледі) мыналарды: 
а)елеулі қателіктің сипатын; 


 
96 
б)есепті  кезеңдегі  және  осыдан  бұрынғы  есеп  берілген  әрбір  кезең        
үшін түзету сомасын; 
в)салыстырмалы  мәліметтерге  енгізілген  кезеңдерден  бұрынғы 
кезеңдерге қатысты түзету сомасын; 
г)қайта  саналғансалыстырмалы  мәліметтерді  немесе  оларды  қайта 
санаудың мүмкін болмау себептерін ашып көрсету керек. 
Осыдан  бұрынғы  кезеңдердің  елеулі  қателіктерін  есепті  кезеңнің 
нәтижелеріне  қосу  арқылы  түзету  кезінде  салыстырмалы  мәлімет  осыдан 
бұрынғы  кезеңнің  қаржы  есептерінде  ол  қалай  көрсетілсе,  сол  күйінде 
беріледі. Алайда елеулі қателік ол жол берілгенкезеңде қалай түзетулі мүмкін 
болса, дәл солай түзетіліп, есепті кезеңнің және кез – келген осыдан бұрынғы 
кезеңнің  таза  табысын  немесе  залалын  көрсету  үшін  қосымша  ақпарат 
жекелеген кестелер түрінде берілуі мүмкін. Бұл орайда ұйым: 
а) елеулі қателіктің сипатын; 
б)есепті  кезеңнің  таза  табысына  немесе  залалына  қосылған  түзету  
сомасын; 
в)қосымша  мәліметтер  тапсырылған  әрбір  кезеңге  енгізілген  түзету 
сомасы  мен  қосымша  мәліметтерге  енгізілген  кезеңдердің  алдындағы 
кезеңдерге қатысты түзету сомасын ашып көрсету керек. 
Есеп жүргізу саясатын Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке 
алу  жөніндегі  ұлттық  комиссиясының  талап  етуі  бойынша  немесе  мұндай 
өзгеріс  қаржы  есептерінде  барынша  немесе  мұндай  өзгеріс  қаржы 
есептерінде  барынша  сенімді  ақпараттар  беруге  жағдай  жасайтын  болса 
өзгертуге болады. 
Есеп  жүргізу  саясатындағы  өзгерістердің  нәтижесінде  пайда  болатын 
түзетулер сомасы: 
а)  есепте  бөлінбеген  табыстың  бастапқы  сальдосын  өзгерту  жолымен 
көрсетіледі; 
б) есепті кезеңнің таза табысын немесе залалын айқындау кезінде есепке 
алынады. 
Есеп  жүргізу  саясатындағы  өзгеріс  есепті  кезеңге  және  қаржы 
есептемелерін тапсырудың бұрынғы кезеңіне елеулі түрде ықпал ететін және 
келесі  есепті  кезеңдерге  әсер  етуі  мүмкін  жағдайларда  заңды  тұлға 
түсініктеме жазбахатта мынадай ақпаратты: 
а) өзгеріс себептерін
б)  есепті  кезеңдегі  және  есептеме  тапсырылған  әрбір  алдыңғы  кезеңдеріне 
енгізілген түзету сомасын; 
в)  есепті  кезеңнің  таза  табысын  немесе  залалын  анықтау  кезінде  есепке 
алынған түзету сомасын; 
г)  салыстырмалы  мәліметтерге  енгізілген  есепті  кезеңдердің  алдындағы 
кезеңдерге түзету сомасын; 
д)  қосымша  мәліметтер  берілген  әрбір  есепті  кезеңге  енгізілген  түзету 
сомасын  және  қаржы  есептемесіне  енгізілген  кезеңдердің  алдындағы 
кезеңдермен байланысты түзету сомасын ашып көрсету керек. Егер қосымша 
мәліметтер ұсыну мүмкін болмаса, бұл жағдайды ашып көрсету керек. 


 
97 
е)  Қайта  есептелген  салыстырмалы  мәліметтерді  немесе  оларды  қайта 
есептеудің қажет еместігінің себептерін ашып көрсетуі керек. 
Кірістер  мен  шығыстар  туралы  есеп  беруі  келесі  көрсеткіштерден 
тұрады: өнімді сатудан түскен табыс; негізгі қызметтен түскен табыс; негізгі 
емес  қызметтен  түскен  табыс;  салық  салынғанға  дейінгі  және  кейінгі 
қызметінен алынған табыс; табыс салығы бойынша шығыс; таза табыс.Есеп 
беру  деп  кәсіпорынның  өткен  кезеңдегі  қаржылық  -  шаруашылық  қызметін 
кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру 
процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады. Қаржылық 
есеп  берудің  мақсаты  пайдаланушыларына  заңды  тұлғаның  қаржылық 
жағдайы  туралы  сенімді,  мәнді  және  пайдалы  ақпараттарды  беру  болып 
табылады. 
Кәсіпорынның  нарықтық  экономика  жағдайында  қызмет  етудің 
экономикалық  тиімділігі  табыс  табумен  анықталынады.  Кәсіпорынның 
қаржы  нәтижелері  -  ол  оның  табысы  немесе  зияны  болып  табылады.  №18 
ҚЕХС  «Түсім» бойынша қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі не 
болмаса  пассивтердің  азаюы  түріндегі  есепті  кезеңдегі  экономикалық 
пайданың  ұлғаюы  болып  табылады.  Бұл  акционерлер  салымдарының 
есебінен 
өсуден 
басқа 
жағдайдағы 
капиталдың 
өсуіне 
әкеледі.    
Кәсіпорынның  қаржылық  нәтижесі  №2  «Табыстар  мен  шығыстар»  есебінде 
қарастырылады.    Кәсіпорынның  нарықтық  экономика  жағдайында  қызмет 
етудің  экономикалық  тиімділігі  табыс  табумен  анықталынады.  Табыстар  - 
дегеніміз  қаржының  келуі  немесе  активтердің  құнының  өсуі,  пассивтердің 
азаюы  түріндегі  есепті  кезеңдегі  экономикалық  пайданың  ұлғаюы  болып 
табылады. Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп 
беру туралы» Заңында «табыстар» – дегеніміз есептік кезеңдегі активтердің 
ұлғаюы  немесе  міндеттемелердің  азаюы  деп  көрсетілген.  Табыстар 
жинақталған  түрде  кәсіпорынның  қаржылық  нәтижесін  көрсетеді. 
Сондықтан,  кәсіпорын  қызметінің  басты  мақсаты  –  табыс  алу  болып 
табылады.  Нарықтық  экономикада  табыстар  кәсіпорынның  өндірістік  және 
әлеуметтік дамуының негізі ретінде қарастырылады. 
Табыстылықтың  көрсеткіштер  жүйесі  ең  алдымен  қаржылық  нәтижелердің 
абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар өнімді өткізуден алынатын табыс; 
жалпы  табыс,  негізгі  қызметтен  түскен  табыс;  салық  салынғанға  дейінгі 
дағдылы  қызметтен  алынатын  табыс;  салық  салынғаннан  кейінгі  дағдылы 
қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; 
Қаржылық  экономика  жағдайында  акционерлік  қоғамның  қызметін 
бағалаудағы  көрсеткіштерінің  бірі  қаржы  нәтижелері,  яғни  табыс  немесе 
зиян. 
Табыстың орындалуын талдаудың негізгі міндеттері: 
-  шаруашылық  қарекеттің  түпкі  қаржы  нәтижесі  ретінде  өнім  өткізуден 
түскен  табыстың  орындалуын  бағалау;  салық  салынуға  дейін  табысты 
бағалау; 
- кәсіпорынның негізгі емес қызмет түскен қаржы нәтижелерін талдау; 
- табыстың арттыру резервтерін анықтау. 


 
98 
Табыстылық екi абсолюттi көрсеткiштермен сипаттталады. Оның бiрiншi 
абсолюттi көрсеткiшi өнiмдi өткiзуден алынатын табыс. 
Өнiм  өткiзуден  түсетiн  табыс  соммасына  қоймадағы  өтпеген  бұйымдар 
қалдықтарының  және  сатып  алушының  жауапты  сақталуындағы  тиелiп 
жiберiлген  тауарлардың  жауапты  сақталуындағы  тиелiп  жiберiлген 
тауарлардың  өзгерiстерi  белгiлi  бiр  әсер  етедi.  Тауарлы-материалдық 
құндылықтардың    азаюы  немесе  керiсiнше  өсуi  бiрiншi  жағдайда  өткiзуден 
түсетiн табыс сомасының өсуiне, екiншiден - азаюына өсер етедi. 
Қоғамдағы  өнiмдi  өткiзуден  түскен  табыс  жоспарланған  тауар 
өндiрiсiнен  және  бұйымдардың,  сатып  алушының  жауапты  сақталуындағы 
өтпеген  бөлiгiнiң  қалдықтарының  өзгерiсiнен  алынуы  керек.  Бiрақ  өнiмдi 
өткiзуден  түсетiн  табыс  көлемi  жоспарының  төмендеуi  ауыспалы  тауарлы 
материалдық  қорлардың  тым  азаюы  есебiнен  болатын  жағдайлар  да 
кездеседi. 
Жалпы  табысқа  әсер  ететiн  маңызды факторлар  өзiндiк  құн,  сондықтан 
оның төмендеуi оның көлемiне көп әсерiн тигiзедi. 
Табыстылықтың екiншi абсолюттi көрсеткiшi жалпы табысы. Ол өнiмдi 
өткiзудiң  қаржылық  нәтижесiн  бiлдiредi  және  негiзгi  қызмет  нәтижесiнде 
өнiмдi өткiзуден түскен табыс пен өткiзiлген өнiмнiң өндiрiстiк өзiндiк құны 
арасындағы айырма ретiнде анықталады. 
Жалпы  табысқа  әсер  ететiн  маңызды  фактор  өндiрiстiк  өзiндiк  құн, 
сондықтан оның төмендеуi оның көлемiне көп әсерiн тигiзедi. 
Жалпы  табыс  көрсеткiшi  кәсiпорынның  белгiлi  бiр  кезеңде  тапқан 
табысының  жалпы  сомасын  сипаттайды,  ол  кәсiпорынның  өндiрiстiк  - 
шаруашылық қызметiнiң соңғы қаржылық нәтижелерiн көрсетедi. 
Факторлық талдау  - жалпы табысқа әсер ететiн баға, шығындар сияқты 
барлық  факторлармен  көрсеткiштердi  талдау,  солардың  негiзiнде  табыс 
анықталады. 
Жалпы табыстың көлемiне келесi факторлар әсер етедi: 
- өткiзiлген өнiм бағаларының өзгеруi
- өткiзiлген өнiмнен түсетiн табыстың өзгеруi; 
- өткiзiлген өнiмнiң бiр теңгесiне кеткен шығындардың өзгеруi. 
Жалпы  табыстың  өзгеруiне  әсер  етушi  негiзгi  факторларға  келесi 
өзгерiстер жатады: 
1. Өткiзiлген өнiмдердiң бағасының өзгеруi; 
2. Өнiмдi өткiзуден түскен табыстың өзгеруi; 
3. Өткiзiлген өнiмнiң 1 теңгеге шаққандағы шығындарының өзгерiсi. 
Негiзгi қызмет табыстылығының (табыс нормасы) тағы бiр көрсеткiшi  - 
бұл өткiзiлген өнiмнiң табыстылығы. 
Өнiмнiң  табыстылығының  модификацияланған  көрсеткiшi  -  бұл  сату 
көлемiнiң табыстылығы, ол мына формула бойынша анықталады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет