4.1 Модульдің мақсаты Оқушылардың жабдықтардың құраушылары мен тораптары туралы білімдері бар. Олар технологиялық үдерістің сұлбасын құрады және түсіндіреді. Оқушылар профилактикалық қызмет көрсетудің маңызын түсінеді және түрлі материалдардың қолданылуын негіздей алады. Олар тазалау, залалсыздандыру және күту үздіксіз өндірістік үдерістің және өнімнің жақсы сапасының кепілі болып табылатынын түсінеді. Тазалағыш және зарарсыздандырғыш құралдарды қолдану кезінде еңбек қорғау ережелерін және экологиялық талаптарды сақтау қажет.