4. Магистралды құбырдың механикалық есебі.
Бұл есептерде құбырдың қалыңдығы, оны беріктікке және орнықтылыққа тексеру жүргізіледі. Мұнай тасымалдау құбырының механикалық есебі келесі реттілікпен жүреді:
Магистральді мұнай тасымалдауға арналған құбырдың қалыңдығын анықтаймын. Магистральді мұнай тасымалдауға арналған құбырдың ішкі диаметрін анықтау үшін құбыр қабырғасының қалыңдығы есептелінеді. Магистральді құбыр қабырғасының қалыңдығы төмендегі теңдеу арқылы анықталады [9]:
(9)
Мұндағы:
ne – құбыр материалының салмаққа төзімділік коэффициенті, ne=1,1 [9];
Р – құбырдағы жұмысшы қысым, МПа. 1.3-кестеден қабылданады, [9];
R1 – құбыр металлының есепті кедергісі, ол төмендегі теңдеу арқылы анықталады [9]:
мПа (10)
Мұндағы: RH1- пісіріп біріктірулер мен құбыр металлының созылуға
нормативті кедергісі, ол болаттың үзілуіне уақытша
кедергісіне тең деп, Г-қосымшасынан қабылданады [11];
my- категориясына байланысты құбыр өткізгіштің жұмыс шартының коэффициенті, my= 0.75 [9];
К1- материалға байланысты беріктік коэффициенті, К1=1.4 деп
4.1- кестеден алынады [9];
KH- құбырдың диаметріне байланысты төзімділік коэффициенті. Егер құбырдың диаметрі D≤ 1000 мм болса, КН1=1; егер D> 1000 мм болса КН1=1.05 [9]
Жоғарыдағы мәндерді пайдалана отырып құбыр металының есепті кедергісін, құбырдың қабырға қалыңдығын анықтаймыз.
Есептелінген құбыр қабырғасының мәнін стандартты деңгейіне дейін жоғарылатып дөңгелектеп аламыз [9,10]. Яғни, менің 780 мм диаметрлі құбырымның қалыңдығы 9 мм болады. Ары қарай жоғарыда таңдалған құбырлардың қалыңдықтарын анықтаймыз.
Құбырдың ішкі диаметрі төмендегі теңдеу арқылы есептелінеді [9]:
, мм (11)
Мұндағы:
D - құбырдың сыртқы диаметрі, мм
δ – құбыр қабырғасының қалыңдығы, мм
мм;
мм;
мм.
Құбыр өткізгішті беріктікке және орнықтылыққа тексеру. Жер асты және жер бетіндегі құбыр өткізгіштерді бойлық бағыттағы беріктікке, деформацияға және ортақ орнықтылыққа, сонымен қоса қалқып шығуға қарсы тексереді. Ішкі қысым құбыр қабырғасында сақиналық және бойлық кернеу туғызады. Ішкі қысымнан сақиналық кернеу σс төмендегі теңдеу арқылы анықталады [9]:
,МПа (12)
Мұндағы: ne – құбыр материалының салмаққа төзімділік коэффициенті
р – құбырдың жұмысшы қысымы, МПа
d – құбырдың ішкі диаметрі, мм
δ – қабырға қалыңдығы, мм
R1 – құбыр металлының есепті кедергісі, МПа.
σ1, яғни шарт орындалды. Бұл жағдайда пластикалық деформация болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |