Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі курстық ЖҰмыс



бет4/20
Дата03.06.2020
өлшемі66,03 Kb.
#72150
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Қойшыбай Құдірет

Курстық жұмыстың өзектілігі. Дене тәрбиесі оқу пәні ретінде бұрынғы КСРО-ның жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарына 1929 жылдан бастап енгізілді. Осы бір ұйымдастырылуы жағыннан күрделі пәнді бағдарламалық-әдістемелік жағынан қамту сол кезден қолға алынды.Оның құрылымы мен мазмұны тек 1937 жылы барлық жоғары орындары үшін біріңғай оқу бағдарламасы мен белгіленді. Алайда, Ұлы Отан соғысы, одан кейінгі Жапониямен соғыс оның қалыптасуы мен дамуын ұзақ уақытқа кідіртті, тек жеңістен кейін ғана жалғасын тапты.

Дене тәрбиесі бойынша соғыстан кейінгі алғашқы оқу бағдарламасы 1951 жылы дайындалып, қабылданды, бірақ ЖОО-ның ерекшелігі мен әртүрлі мамандануына сәйкес негізгі қолдануға ие бола алмайды.Одан кейін 1955,1963,1957 жылдарда «Жоғары оқу орындарындағы студенттер дене тәрбиесін ұйымдастыру – педагогикалық негіздері» тақырыбынағы кандидаттық диссертацияда талдау жасалынды.

Оқу процесінің ұйымдастыру-әдістемелік негіздері, әсіресе,одақтас республикалардың жоғары білім беру министрліктерінде, соның ішінде Қазақстанда да 1959 жылы әскери және дене дайындығы бөлімдері құрылғаннан кейін қалыптасып, дамуда. Қазақстанда дене тәрбиесінен басқа жоғары оқу орындарында шеберлігі жоғарғы спортшылардың көпшілігін дайындауға септігін тигізген Республикалық студенттер ойндары дәстүрге айналып, кең қанат жая бастады. Олардың көпшілігі Дүниежүзілік универсиадалардың, Бүкілодақтық студенттер ойындарының және КСРО Халықтары Спартакиадасынның жеңімпаздары мен жүлдегерлері болды. Мұның барі оқытушы-профессорлар құрамы мен ЖОО басшыларының дене тәртиесін мойындап, оны дамытуға ұмтылысын көрсетті. Осындай психологиялық-педагогикалық процесс оңайлықпен келген жоқ. Өкінішке қарай, бірқатар себептерге байланысты сонғы жылдары жағымсыз реңге ие болды, бұл туралы алдағы тарауларда айтылады.
ЖОО-ғы дене тәрбиесінің дамуы мен жетілуінде, өзінің беттерінде әдістемелік және ғылыми мазмұндағы проблемалық мақалардың көптеген сандары жариялаған негізгі ғылыми-теориялық журнал – «Дене тәрбиесінің теориясы мен практикасының» орны бөлек.

Журнал беттерінде, белсенді авторлар мен теоретиктердің бірі М.Я.Виленский жоғарғы оқу орындары студентері дене тәрбиесінің ғылыми-әдістемелік тұрғыда қалыптасуы мен дамуын кезең-кезеңімен көрсетеді.Соғыстан кейінгі кезеңнің бірінші сатысында дене тәрбиесі шапшаң қарқынмен дамыды, бүкілодақтық деп аталатын ғылыми-әдістемелік жиындар мен конференциялар өткізіле бастады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет