Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Логистика және көлік академиясы
Орындаған:Қожагелдиев Ернар
Қабылдаған:Доштаев.К.Ж
Тобы:ААХ-20-2к
Алматы 2023
Жоспар:
Деректер қоры
Деректер арасындағы байланыстар типтері
Қорытынды
Деректер қоры — деректерді сипаттаудың, сақтау мен өңдеудің жалпы қағидасын көздейтін, белгілі ережелер бойынша бағдарланған аталған, тұтас, бірыңғай деректер жүйесі.
Деректер қоры серпінді ақпараттық модель болып табылады, ондағы пәндік саладағы әрбір объектіге лайық қасиеттер, белгілер, параметрлердің қатары тән.
Пәндік сала — білімнің кейбір саласына жататын және 3.1. 76 қолданушылар үшін практикалық құндылыққа ие, нақты әлем объектілерінің олардың байланыстарымен жиынтығының ДҚ көрінісі.
ДҚ пайдалану деректер мен бағдарламалардың тәуелсіздігін, деректер арасында қатынастарды іске асыруды, ДҚ компоненттерінің үйлесімділігін, ДҚ логикалық және физикалық қоры өзгерісінің қарапайымдылығын, ДҚ тұтастығын, қалпына келтіру мен қорғау және т.т. қамтамасыз етеді.
Деректер қорын басқару жүйесінің (ДҚБЖ) өзі келесі екі негізгі функцияларды орындайды:
■ құрылымдық ақпаратты (деректерді) беру мен сақтау;
■ құрылымдық ақпаратқа сақтауға берілетін кейбір сұраныстарды түрлендіру.
ДҚБЖ тағайындауы:
ЭЕМ олардың сақтау ерекшеліктеріне байланысты емес терминдерде деректермен әрекеттер жасауға мүмкіндік беретін құралымен пайдаланушыны қамтамасыз етеді. Осы мағынада, ДҚБЖ жоғары деңгейдегі тілдің интерпретаторы, деректерді сипаттау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
құпияны және ақпаратқа қол жеткізу құқығын ажыратуды қамтамасыз ету;
деректердің тұтастығын қорғауы мен келісімділігі (непротиворечивость). Мысалы, сатылған билеттердің саны ұшақта орын санынан аспауын бақылау;
бір мезгілде бірнеше пайдаланушылардың (көп пайдаланушы қол жеткізу проблемасы) ақпаратқа қол жеткізуін синхрондау. Мысалы, көліктегі бір орынға екі билет сату мүмкіндігін алып тастау;
бас тартудан қорғау және бас тартудан кейін деректер қоры күйін қалпына келтіру. Осылайша, бас тарту деп жабдықтардан бас тартуды, бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысындағы қателер, қызметкерлердің техникалық қателер және т.б. айтылады
ДҚБЖ әрқайсысы объектілер арасындағы өзара байланысты көрсететін белгілі модельге негізделеді. Деректердің иерархиялық, желілік және реляциялық модельдері бар. Заманауи ДҚБЖ көпшілігі реляциялық модельді қолданады. Осындай модельдің көмегімен пәндік саладағы объектілер мен олардың арасындағы өзара байланыс ұсынылуы мүмкін.
ДҚБЖ ДҚ жұмысы кезінде келесі мақсаттар көзделеді: сақталатын деректердің артығын қысқарту, деректер қорының барлық қосарланатын жазбаларды автоматты түзету және қолдау көмегімен сақталатын деректердің үйлеспеуін жою, бағдарламаны әзірлеу құнын кеміту, сондай-ақ ДҚ қойылатын сұраныстарды бағдарламалау процесін жеңілдету. Бөлінген ақпараттық өңдеуге және бөлінген деректер қорына (БДҚ) ауысу бірқатар жетістіктерге ие, әсіресе, қолданушылардың деректері қосарлануы мүмкін болған жағдайда, мысалы, жүргізушілер мен жылжымалы құрам бойынша анықтамалар. Қосарланудың артықшылығы жұмыс станцияларында фрагменттерді сақтау құнының артуына қарай кемиді. Алайда, кейбір жағдайларда қосарлану орынды, өйткені жүйенің істен шығуларға тұрақтылығы артады. Бұл ретте, ДҚ тұтастығын қолдау үшін барлық көшірмелерді түзету талап етіледі. Қосарлануды жоюдан алынатын пайда, леректерді таңдау көлемі мен оларды жаңартудың кезеңділігі арасалмағына барабар.
БДҚ құру деректерді өңдеудің екі үрдісінен туындаған: бір тараптан – кіріктіру, ал екінші тараптан – орталықсыздандыру. ДҚ бөлінген құрылымы түпкілікті қолданушылар мен бағдарламалардың желінің жұмыс станцияларында ақпаратты орналастыру әдісіне тәуелсіздікті болжайды, ал БДҚ сұраныс жасау орталықтандырылған ДҚ сұранысына ұқсас жүргізіледі. Деректерге қойвлатын бірлескен қолжетімділік бірнеше қолданушылардың, БДҚ тұтастығын 77 бұзбастан бір деректерді түрлендіруді болжайды.
Қолданушылардың БДҚ және әкімшіліктендіруге қолжетімділігі бөлінген деректер қорын басқару жүйесі (БДҚБЖ) көмегімен жүзеге асырылады, ол келесі функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді:
■ сұраныста талап етілетін деректер сақталатын тораптарды автоматты түрде анықтауды;
■ жеке қосымша сұраныстардың жекелеген тораптардың ДҚ бөлінген сұраныстарын декомпозициялауды;
■ сұраныстарды өңдеуді жоспарлауды;
■ жеке қосымша сұраныстардың берілуі мен олардың қашықтатылған тораптарда орындалуын
■ жеке қосымша сұраныстардың орындалу нәтижелерін қабылдау;
■ желінің әртүрлі тораптарында қосарланған деректерді көшірмелеудің келісілген жағдайын қолдау;
■ қолданушылардың БДҚ параллельді қолжетімділігін басқару;
■ БДҚ тұтастығын қамтамасыз ету.
Қолданушылардың БДҚ-мен жұмыс тиімділігі БДҚ құрамындағы деректер, олардың құрлымы мен орналасуы туралы олардың ақпаратпен қамтамасыз етілуіне тәуелді. Бұл тапсырманы желінің бір торабында орналасқан немесе бірнеше тораптарда қосарланатын деректердің желілік сөздік-анықтамалығы шешеді
Архитектура клиент – сервер әртүрлі қолданбалы бағдарламаларға ортақ ДҚ біруақытта қолдануға мүмкіндік береді. Аталған архитектура деректерді басқарудың бірнеше маңызды қызметтерін орталықтандыруға мүмкіндік береді: ДҚ ақпаратын қорғау, деректердің тұтастығын қамтамасыз ету, ресурстардың бірлесіп қолданылуын басқару. Бұдан туындайтыны, деректерді басқару бағдарламасын жұмыс станциясынан серверге ауыстырудың жұмыс станцияларының ресурстарын босатуға ықпал етеді, жеке, жергілікті шешілетін міндеттердің санын арттыру мүмкіндігін береді. «Шебер клиент» (ағылш. thin client) — ол компьютер — клиент-серверлік архитектурадан тұратын клиент сети, ол «толық клиенттен» компьютер клиенттің деректерді сақтау үшін негізінен тек соңғысын қолдана отырып, серверге қарамастан ақпаратты өңдеуді жүргізуімен ерекшеленеді. «Шебер клиент» мысалы веб-қосымшалармен жұмыс жасау үшін қолданылатын, браузері бар компьютер бола алады.
Деректерді үлестіріп өңдеудегі сервер клиенті архитектурасының маңызды артықшылықтарының бірі сұранысты іске асыру уақытын қысқарту мүмкіндігі болып табылады. Клиент-сервер 78 архитектурасындағы ақпаратты өңдеудің екі базалық технологиясын қарастырайық.
Файлдық сервер ортасындағы жұмыс станциясында орындалатын деректерді басқару бағдарламасы, егерде қолданушыға кейбір талаптарды қанағаттандыратын жазбаны алу қажет болатын болса, ДҚ әрбір жазбасының серверіне сұранысты жүзеге асыруы тиіс (3.1- сурет). Ақпаратты өңдеудің аталған технологиялық нұсқасы желі арналары бойынша деректерді берудің біршама уақытына ие және деректерді беру арналарының шамадан тыс өткізу қабілетін талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |