8- Дәріс.
Тақырып: ІЖҚ негізгі көрсеткіштері.
Мазмұны: ІЖҚ индикаторлық және тиімді көрсеткіштері. Механикалық жоғалтулар.
Қозғалтқыштың жұмыстық циклінің жалпы көрсеткіштері индикаторлық (ішкі) және тиімді (сыртқы) болып бөлінеді.
Индикаторлық крсеткіштер, тек қана жылу жоғалтуларды (салқындату жүйесіне берілетін жылу шығындары, өңделген газдармен кететін шығындар) есепке ала отырып жұмыстық циклдің жетілгендігінің дәрежесін сипаттайды.
Тиімді көрсеткіштер жылу шығындарымен бірге үйкеліс түйіндеріндегі механикалық шығындарды (цилиндр піспегі, иінді білік мойынтіректері) және иінді білікке газдардың кеңеюіндегі энергиясын беруде көмекші қондырғылар (су сорғысы, май сорғысы және т.б.) тартымына берілетін шығындарды есепке алады.
Достарыңызбен бөлісу: |