14- Дәріс.
Тақырып. ЭҚ сенімділігі және техникалық диагностикасы.
Мазмұны: ЭҚ сенімділігі туралы түсінік. ЭҚ диагностикалау әдістері және тәсілдері. ЭҚ сынау.
Қозғалтқыштың сенімділігі – бұл оның берілген шектеуде қабылданған пайдалану көрсеткіштерін, уақытпен сақтай отырып берілген функцияларды орындау қасиеті.
Сынау жинақталған бірліктердің, түйіндердің және жалпы қозғалтқыштың бөлек тетіктерінің жасалу сапасын, оның дұрыс жиналуын, нақты жағдайлармен қаралған шарттарға дизельдің негізгі сипаттамаларының сәйкестігін тексеруге арналған негізгі құрал болып табылады. Сынау дұрыстық, сенімділік және пайдалану тиімділігінен басқа қозғалтқыштың жұмыстық үрдісін және құрылымын жетілдіру үшін материалдар береді.
Қозғалтқышты сынау дизель жасау зауытының стендінде және жоспарлы, жоспардан тыс, капитальдық жөндеуден кейін жөндеу зауытының стендінде жүргізіледі. Олардың көлемі және түрі олардың жасалу мақсатына байланысты қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |