Реостаттық сынау. Жөндеу зауытында және депода реостаттық сынауды жөндеуден кейін дизель‑генераторды обкаткалау үшін, дизельдің жұмысының көрсеткштерін тексеру және қуатты цилиндрлерге бөлуді реттеуді жүргізу үшін, тепловоздың электрлік сұлбасын қалыптастыру және оның басқа түйіндерін сынау үшін жүргізеді. Реостаттық сынауды ТО-9, ТО-8, ТО-7 ----- жөндеуден кейін, сонымен бірге пайдалану уақытында дизель‑генератор жұмысының қандай да бір ауытқушылықтарында жүргізіледі. Оларды көрсеткіштері реттелген жағдайдан өте өзгеше, жергілікті қоршаған ортада тепловоздарды пайдалану алдында жүргізу қажеттірек.
Реостаттық сынауда генераторды су реостатымен жүктейді. Дизельдің қуатын тоқпен кернеу мәндерімен табады. Дизель‑генератордың негізгі және пайдалану тәртіптеріне сипатты көрсеткіштерді толық (номинальдық) қуатта анықтйды. Бірақ сынауда міндетті түрдегі тәртіптер болып табылатындар:
бос жүріс;
минимальдық жүктеме және тепловоздық сипаттама бойынша 25, 50 және 75% номинальдық қуат;
Әр қозғалтқыштың обкатка (жұмысын үйлестіру) ұзақтылығы және тәртіптері қозғалтқыштың жасалу технологиясының деңгейі және тұрақтылығына байланысты тәжірибе жолымен қабылданады.