Өзін-өзі бақылау–– кемшіліктерін болдырмау үшін жағымды
мінез-құлықтарын дамыту мақсатында күнделік жүргізу.
Өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі –– тәрбиеші өзін-өзі тәрбиелеуге
баланың ынтасын оята алғанда тәрбие жұмысы нәтижелі жүреді.
Өзіне баға беру –– мінез-құлықтарының кемшіліктерін жою үшін
баланың өзін өзі тәрбиелеуі. Қазіргі қоғамдағы белсенді өмір
сүрудегі жеке тұлғаның тәрбиесін ең алдымен әрбір тұлғаның өз-
өзіне деген үлкен талап қоя білуі өз ісіне жауапкершілікпен қарауы,
сонымен қатар бойындағы ізгі қасиеттерді дамытудағы саналы іс-
әрекеті құрайды. Ғалымдардың зерттеулері бойынша бұндай үрдісте
өзін-өзі тәрбиелеу маңызды рөл атқарады. Өзін-өзі тәрбиелеу
мәселесін әр түрлі қырынан тануға болады. Л.И. Рубинский өзін-өзі
тәрбиелеуді “адамның өзін-өзі өзгерту мақсатындағы іс-әрекеті” деп
қарастырады. А.И. Кочетков өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін тек жеке
бастың
қызығушылығынан
емес,
қоғамдық
талаптардан
да
туындайды деп таниды. Өз еңбегінде “өзін-өзі тәрбиелеу жеке
тұлғаға саналы түрде бағынышты өзіндік даму. Адам бойындағы
күш-қуаты және қабілеті қоғам тудыратын талап, мақсат-мүдде,
қызығушылықтар қалыптастырады”, - деп көрсетеді. Ал В.П. Киселев
өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі саналы түрде өзін-өзі тану барысында
өзін биікке жетелейтін жолдарды, ерекшеліктерді жете тани білуде
деп есептейді.
Өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінің ішкі құрылымы мен негізін. Мына
кестедегідей етіп ұсынады: