45
Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері:
Жеке міндеттеме
–– белгілі мерзім аралығында өзі атқаратын
міндеттерді таңдап алып, есеп жүргізу, өзіне-өзі құрмет көрсету.
Өзіне-өзі міндеттеу
әдісі иландыруға ұқсас. Оны бала өз кемшілігін
жою үшін қолданады. Үй тапсырмасын әркез орындауға, таза жазуға,
оларды байсалдылықпен ойланып істеуге жаттықтырып, оны әр
уақытта қайталап, орындауға күш-жігерін жұмылдырады. Оқушы
белгілі бір міндетін орындауда енжарлық көрсеткенде өзін-өзі
міндеттеу, өзіне-өзі бұйыру әдісін қолданады.
Өзіндік есеп беру
–– қоғамдық жұмысты атқару, баланың өз іс-
қылығына жауаптылығы, жолдастарымен тәжірибе алмасуы.
Өз іс–қылығына талдау жасау ––
өзінің кейбір қылықтарына
сын көзбен қарап, себебін білгісі келуі, оны жоюға тырысуы.
Достарыңызбен бөлісу: