51
беруі қажет. Бұған мұғалімнің оқушының жүріс-тұрыс тәртібі мен
мінез-құлық қылықтарына баға беруі, оны басқалармен салыстыруы
әсер етеді. Мұғалім тұлғалық сапалар мен қылықтардың арасындағы
байланыстың сырын оқушыға ашып береді.
Өз тұлғасын ұғынудың өзі кейде оқушыны өзін-өзі тәрбиелуге
жетелей бермейді. Өз кемшіліктерінің немқұрайлы пайымдаушысы
болып қала береді. Оларды түзетуге тырыспайды. Бұл жағдайда
түсіндіру ұжым тарапынан сынау арқылы, өз кемшіліктерін түсініп
күйзеліске келтіру арқылы сезіміне қозғау салу қажет.
Өзіндік міндеттеменің орындалуына, өз кемшіліктерін түзетуге
оқушының бүкіл еркін жұмылдыруға өзіндік бұйыру көмектеседі.
Тұлғаға сөз түрінде берілген: “қажет”, “жетеді”, “орындау керек”,
“шыдау керек”, “тұр”, “өзіме бұйырамын” және басқа өзіндік бұйыру
еркін жұмылдыруға және қиындықтарды жеңуге мүмкіндік береді.
Өзіндік бұйырумен орынды қылықтарды орындаудың сапалы
жаттығулары өзін-өзі тыңдаудың берік дағдыларын қалыптастыруға
көмектеседі. Өзіндік бұйырумен таңертең белгілі уақытта тұруға,
күнделікті жұмыс ырғағын орындауға, тәртіп сақтауға және т.б.
орындауға болады.
Өзін-өзі тәрбиелеуде алдын-ала дайындық негізгі іс-әрекеті,
қарым-қатынасы жөнінде ұжымда өзіндік есеп беру де қолданылады.
Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуіне педагогикалық басшылық
оралымды, икемді болу керек және олардың өзін-өзі тәрбиелеу
құралдарын меңгеру барысындағы түрі өзгеріп отыруы керек.
Алғашқы кезде мұғалімдер арнайы ұйымдастырылған іс-шараларына,
өзін-өзі тәрбиелеудің ұйымдастырылған ұжымдық іс-әрекеттерге
сүйенеді. Оқушылар өзін-өзі тәрбиелеудің құралдарын меңгере түсу
барысында бұл шаралар бәсеңси түседі. Әрине, бұл оқушыларды
бетімен қоя беру деген емес. Онан әрі де ұжымда бірлескен іс-әрекет,
қоғамдық пікір ықпалы, бетпе-бет пікірлесу арқылы көмектесіп
отырған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: