Жоспар.
1. Шығармашылық ұғымына түсінік.
2. Қазақ халқының шығармашылық философиясы.
3. Өзіндік таным шығармашылығы.
1. “Шығармашылық тек қана сазгерлерге суретшілерге ақындарға
тән деп айту өте жабайылық”- /Ошо/. Шығармашылық кез-келген
маман иесіне тән болуы тиіс. Әр адам өз жұмысына шығармашылық
тұрғыда қарағанда, атап өтсек өз жұмысында күнделікті іс-әрекетті
қайталамай сол әрекетіне үнемі жаңалық енгізіп , әрбір ісін жаңадан
туындатып отырғанда ғана ол адамның іс әрекеті жүйелі мағаналы
мақсатына жете алады. Ал, шығармашылықтың белсенділігі
ғылымның, экономиканың, білім беру жүйесінің негізгі қозғағыш
күші. Шығармашылық әрекет психологтардың пайымдауынша әр
түрлі қалыпта әр адамның бойынан табылады. Сол себептен
қоғамның әрбір мүшесінің жүрегіне жол салып, шығармашылық
белсенділігін арттырып оны әрбір саланы өркендетуге шебер
қолдануға үйрете білу, интелектуальдық білімдерін шығармашылық
тұрғыда дамыту бүгінгі педагогика саласының алдына қоятын өзекті
мәселерінің қатарына жатады.
Қазақ халқының өзіндік танымын және дүниетанымын оның
дәстүрлі шаруашылығымен тікелей байланыста қарастыруымыз
қажет. Дәстүр мен шаруашылықтың тығыз байланыста болғандығын
В.В. Радлов еңбектерінен байқауға болады. Қазақтар жыл бойы
далада көшіп қонып жүретін нағыз көшпелі халық екендігін айтады.
53
Олардың дүниетанымы, әдет ғұрпы, ойлау өрісі оның өзіндік
ерекшелігі бір сөзбен айтқанда мал жан үшін көшіп жүретін және осы
өмір салтына байланысты қалыптасқан ерекше өзіндік дүниетанымы
бар халық. Ежелгі қазақ қоғамындағы өзіндік танымымен
дүниетанымынын сипаттау үшін қоғамның шаруашылық құрылымын
атап кету жөн деп санаймыз. М.Дулатов “Сибирские вопросы”
мерзімді басылымында жарық көрген “Қазақ халқының дәстүрлі
дүниетанымы” мақаласында: қазақтарда ең басты өнім мал, онымен
қазақтың өмір салты байланысты. Кисе киім, жесе тамақ, ішсе сүт,
мінсе көлік оның мәні тіпті адамнан да жоғары тұрады - дейді.
Қазақтар өзін малмен тұтас қарастырған. Мысалы: “Мал-жан есен
бе?”- дегеннен амандық салтында, малдың бірінші орында тұруы,
“Нан болса - ән болады” - дегенді басқаша айтсақ “Мал болса - жан
болады”, яғни аман болады дегенге итермелейді.
Малдың негізгі өмір тірегіне айналуы оған деген ерекше
әлеуметтік және рухани қатынас тудырды. Ол жеке меншік объектісі
ретінде жоғарыдан төмен қарай берілді. Оны вертикальдық арна
ретінде қарастыруға болады.
Сонымен бірге адамның қоршаған ортаны тануы да вертикальдық
арна арқылы беріліп отырды. Әкеден балаға, баладан немереге ары
қарай осы бетінде жүріп отырады. Осы орайда А.Н. Бөкейхановтың
“Казахи сибирского уезда” атты еңбегіне сүйенетін болсақ:
қазақтардың өзіндік танымы түркілік кезеңнен бастау алады.
Көптеген түркі халықтарына ортақ танымы қалыптасқан. Олар
өздерін қоршаған ортамен бірге тұтас қарастырады. Исламға дейін
тәңірлік ұғымдарға сай өздерін табиғат туындысы - деп санаған. Атап
өтсек, аспанды көк тәңірі -әке, жерді-ұмай –ана, ал ортасындағы адам
мен тіршілік әлемінің осы екі құбылыстың ортасынан туындайтын
ұмай мен тәңір ұрпағы деп санаған. Тіршіліктің пайда болуына да
ерекше көзқараспен қараған. Тәңір әкенің нұрын /жаңбыр күн
сәулесін/ ұмай ананың қойнауына енуінен туындайды деп есептеген.
Кейбір қазақ тайпалары мен рулары өздерінің көк бөріден т.б.
жануарлардан
тарағандығын
аңыз
ретінде
қалдырған.
А.Н.
Бөкейхановтың бұл мәліметтері В.В. Родловтың пікірімен ұштасып
жатады. Осы ғалымдардың көзқарастарын топшылай келе маңызды
да керемет дүниетанымдық пікірлерді келтіруге болады. Қазақ мал
үшін өмір сүреді. Мал туыстан да өмірден де қымбат. Төрт түлік мал
қасиетті саналған. Мысалы С.Е. Толыбеков, А. Төлеубаев. Әрине,
әлеуметтік салаларды құрайтын осы бір ерекшеліктің халықтың
рухани дүниетанымының негізін құрайды [34]. М.О. Әуезов “… бүкіл
54
бір елдің жалпы дүниеге көзқарасы да, өткен өмірді түсінуі де бір-ақ
түрде болады. Кейінгі буын өмірді түгелімен алдыңғыша түсініп,
соларша тәрбиеленеді. … ауыз әдебиеті елдің белгілі ұғымын
білдіреді, жалпы дүниеге көзқарасын сездіреді”- дейді.
XI-XII ғасырлардан бастап қазақ философиясындағы өзіндік
таным ислам мәдениетінің ықпалынан өзгеше бір сипатқа иеленді.
Қазақстанның оңтүстігінде түркі тәңір танымымен ислам танымының
арасынан туындаған ерекше софылық рухани мәдениет қалыптасты.
Осы кезеңнің көрнекті ойшылы Қожа Ахмет Яссауидің “Диуани
хихмет” еңбегін атауға болады. Бұл еңбекте ислам мәдиниетіне сай
рухтың біріншілігін, ал материалдық дүниенің қосалқылығын және
адам баласының өзін тану үшін біріншіден-жаратушы алланы
танудың қажеттігін көрсетеді. Осындай көзқарас дидактикалық
шығарма “Құтадғу-білік”/құтты білік/ атты исуф Хас Хаджиб
поэмасынан аңғаруға болады.
А.Құнанбаев - әлемнің ақиқат танымына адам баласы біліммен
жетеді, ал өзіндік танымын көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен
ұстап, тілмен дәмін татып, мұрынмен иіскеп біледі. Осылай адам
әлемді таниды. Бұндай сезімде адамның танымын жамандық пен
жақсылықпен сынап нығайтады - деп сипаттай келе адамзаттың өзін-
өзі тануы ол күрделі үрдіс екенін оны дамыту үшін ғылымға жүгіну
керек екендігін сол ғылым арқылы көңілге тоқып, өмірдегі болып
жататын жамандық пен жақсылық шекарасын айырудың мәнін
түсіндіруге ұмтылады.
Абайдың осы көзқарасынан бастау алатын және евроазиатсво
идеясының негізін қалаушысы еңбектері кеңінен танымал болған
Л.Н. Гумилевтың тұжырымдамасына тоқталып кетуді жөн көрдік.
Ол өзінің еңбектерінде “Қазақтар нағыз евразиялық халық –олардың
дүниетанымынан Шығыс пен Батыстың сипатын байқауға болады”.
Қазақ
ұлтының
дүниетанымы
мен
мәдениеті
ешқашан
бұзылмайтындай болып көрінетін дәстүрлі мәдениет және оның
әлеуметтік өзгерістерге түрткі болған уақыт талаптарына , заман
келбетіне, қандай да болмасын өз оң әсерін тигізері айқын. Кез
келген мәдениеттің бір-бірімен араласып, еуразиялық халықтардан
байқалатын тұтастыққа әкелетіндігі сөзсіз. Өркениеттілікті айналып
өтуге болмайды. Ол қазіргі заман шындығы. Сондықтан идеялық
көзқарастар басқа да сипатқа ие болатындығын айтуға болады.
Ш. Айтматов “Өркениеттер қақтығысы” еңбегінде “…Өзін толық
мәнінде түсініп білген халық, өз болмысы мен өз тарихын жете
білген халық глобализациялау /ғаламдаму/ кезеңінде өз рухани,
55
мәдени және генетикалық ерекшеліктерін сақтай алады және ғалам
өркениетінің ажырамас тұтас бөлігі ретінде қалыптаса алады – деген
идеясын осы орайда келтіріп кетуге болады.
М.С. Орынбеков “Қазір өркениетті даму концепциясына үлкен
үміт
артылып
отыр.
Бұл
дүниетанымдық
теориялардың
еуроцентристік
түрінің
жалпы
әлемдік
әмбебаптылыққа
ие
болмағандығына байланысты келіп тірелген тұйық. Танымның даму
түрінің көпқабаттылығы идеясы, эволюция жолдарының плюрализмі,
яғни өркениет Шығыста да Батыстағыдай әрқилы жолдармен жүреді
делінеді… Бұрынғы әлемдік философия тарихын қазіргі мәселеге
қою жағдайынан өзгешелігі сол, онда евроцентризм үстемдік алды.
Ол Батыстағы шешімді асырып жіберіп, Шығыстық философияны
теріс бағалады. Бұған сенсек, Шығыста барлық уақытта бір түрлі
философия өмір сүрген. Оның негізгі белгілері – пессимизм,
интровертность,
иррационализм,
идеализм.
Отаршылдықтың
көптеген ғасырлары Шығыс ойларының пессимистігі, инерттілігі
делінетін менсінбей қараушылықпен белгілі, - дей келіп, - Шығыс
философиясына зер салсақ, оның ешқашан жалпы болмағандығын...
көреміз. Сондай-ақ рационализмнің, материализмнің, активизмнің,
экстравенттіліктің, тағы да басқа бағыттардың әртүрлі қалыптары
Шығыста өмір сүргендігі белгілі”- деп қорытады. Бұл халықтық
даналық ой тудырған ой – тұжырымдар халқымыздың әлеуметтік
және рухани тарихының көрнісі ғана емес, сонымен бірге онда жеке
адам мен қоғам, адам мен адам арасындағы адамгершілік нормалар,
дүниеге деген өзіндік көзқарас, әсемдік, сұлулық жөніндегі түсініктер
жинақталған деп есептеуіміз керек. Мұның өзі халықтың өзін-өзі
тануы әлем туралы түсінігін ұғуымызға мүмкіндік береді.
2. Мәдени рухани шығармашылық адамның немесе белгілі бір
адамның қоғам қауымдастығының тарихи этникалық мұраларды
және нормаларға сүйеніп туындататын шығармашылық.
Бұл орайда халық шығармашылығы және жеке адамның
шығармашылығы бөлінеді. Шығармашылықтың бір түрі бұл
бейнелеу өнер шығармашылығы. Дәстүрлі өнердің соның ішінде қол
өнерінің өзіндік заңдылықтары бар. Мұнда тұтастылық пен бірлік,
масштабтылық пен гармония, әсемдік саналылық уақыт талаптары
мен функциялық қолданыстарына сай үйлесімді шешімін табады.
Қазақ өнерінің қазіргі жағдайын толығырақ түсініп, оның
болашағына көз жүгірту үшін біз халықтық дәстүрлі өнер тудырған
табиғи көркем заңдылықтарды да, әлемдік мұраны да, қазіргі таңда
56
күнделікті өмір қойып отырған жаңа міндеттерді де назардан тыс
қалдыра алмаймыз.
Бейнелеу өнері шығармашылығында дәстүрлі өнердің канондық
мәдени заңдылықтары бұзылғанмен халықтық өнердің керемет
динамикалы ішкі энергиясы, үндестігі, философиялы ой-тәжірибесі
реалистік өнер үшін де маңызды. Халықтық дәстүрлі дүниетанымның
тұрақты нақыштарына тереңірек бойлай алмай, оның формальді
белгілерімен ғана шектелген шығармашылық тығырыққа тірелері
сөзсіз.
Бейнелеуші және айқындаушы құрал-тәсілдер шығарманың
көркемдік тілін, оның мазмұнын айқындайды. Дүниетанымдық
тұжырым мен көркем стильдердің динамикалық өзгерістерінде
байқалатын
көркем
образдың
жасалу
жолдарының
жалпы
заңдылықтары уақыт талабына сай жаңарып тұруы тиіс.
Қалай айтқанда да бейнелеу өнері мен дәстүрлі өнер арасында
үлкен айырмашылық бар екендігі сөзсіз. Кенеп бетіндегі екі өлшем,
үшінші өлшемді оптикалық иллюзия арқылы жасау мүмкін емес.
Ондағы бояу түсі де нұсқадағы табиғи бояу түсінен бөлек, өзгеше.
Ал, халықтық дәстүрлі дүниетанымдағы кеңдік, биіктік, тереңдік-
масштабты зор ауқымды өлшеммен байланысты.
Дәстүрлі өнердің кең масштабтылығы, героикалы асқақтылық,
дүниенің біртұтас көрнісі оны бейнелеу өнерінен ажырата түседі.
Сонымен бірге эмоционалды мазмұндық мәннің хабаршысы болып
табылатын бейнелеуші және айқындаушы құрал-тәсілдер дәстүрлі
өнерде рәмізді мәнге ие болса, бейнелеу өнерінде олар атқаратын
міндет күрделілене түседі. Ақ, қара, қызыл, көк, жасыл, сары
түстердің қазақ өнерінде пайдалану ретіне қарай рәміздік мағынасы
бар. Ал, бейнелеу өнері позициясынан қарастырсақ, жалғыз түстің,
егер оған форма ретінде күні бұрын мазмұндық мән берілмеген
болса, ол ешқандай көркемдік қасиетке ие бола алмайды.
Дәстүлі өнерде бояу түсі өзінің тұрақты мағанасымен қуатты
күшке ие. Ол дүниетанымдық көзқараспен байланысты. Бір жағынан,
эмоционалды екпінділікті күшейтуге жағдай жасайтын живопистік
реңдер өнертану теориясы тұрғысынан тереңірек ашылса, ал біздің
жағдайымызда қарастырылатын бояу түсінің тұрақты нақыштарын
мәдениет философиясы тұрғысынан талдаған ыңғайлы.
И. Кант өнер мен көркемдік кәсіпшілікті ажыратып таратады,
бірішісі-еркін өнер, екіншісі табыс үшін жасалатын өнер. Бұрынғы
және қазіргі шеберлердің шығармаларында бір-бірінен түбегейлі
айырмашылық болмауы мүмкін. Оған таң қалудың қажеті жоқ:
57
халықтық өнер біздің қабылдауымыз сияқты дәстүлі, өзгеріссіз
құндылықтарды, формалар мен бейнелерді бағдар тұтады. Оның
міндеті-өнердің бұрынғы келбетін бүгінгі күнге табиғи етіп қайта
жаңғырту. Бірыңғай нәтижеге әкелетін секілді жолдар мен
шығармашылық айла-шарғылардың қаншалықты әр алуан жолы бар.
Қазіргі халық шеберін не жасап жатқандығынан бейхабар аңғал
қолөнерші ретінде қабылдауға болмайды. Халық шеберінің өзі бізде
суретші болса, оның кәсібі-өнер, ал оның қолынан шыққан зат өнер
зерттеушілердің бірі. Фабрикалар шығарған бұйымға қарағанда
халық шеберлері жасаған бұйымдар жоғары бағаланады. Таза өнер әр
уақыт жоғары бағаланатын.
1925 жылы В.С. Воронов: “Суретшінің міндеті халық шеберінің
алдында тұрған көркем-шығармашылық ерекшеліктерді ұғынуға
көмектесу”6- деп жазады.
Көркемдік, авторлық ой-сананың қалыптасуында халықтық
өнердің көркемдік тілін меңгеру және басқаларға бере білу, жеткізу
әдісі де соңғы рөл атқармайды. Әрине, қазіргі кезеңде халықтық
өнердің технологиялық әдіс-тәсілдері мен образды әуендерді
туыстық белгілер бойынша атадан балаға берілетін жеке нақты
шебердің мұрағаты деп қарастыруға болмайды.
Өйткені халықтық өнердің көркемдік тілі ғылыми және
әдістемелік басылымдарда, көрнекі оқу құралдарында, заттық
үлгілерде талданып жүйеленген. Қазір шеберлерді тәрбиелеу, оқыту
әдісі де өзгерген. Оның мәні бұрынғыдай дағдылану, шеберлікті
жетілдіру, қолдың машықтылығын дамытумен шектелмейді. Ең
бастысы-көркем шығармашылық процесін, өнер принциптерін тану,
меңгеру, ұғу. Бүгінгі күндері халықтық өнерге арнайы оқу
орындарында оқытады. Онда оқушылар алдында мақсатты міндеттер
қойылады. Оның ең бастысы- көркем шығарма жасауға, көркем
образды сомдауға үйрету.
Қолмен тоқып не ойып істеген жұмыстың бәрі бірдей өнер емес,
іске зер салып, ой жүгіртіп, материалдың қасиеттерін шеберлікпен
пайдаланып, түрлі-түсті бояуды талғаммен енгізген, істің ырғағын
түсінген жерде ғана өнер болмақ. Халық шеберлерінің қолынан
шыққан бұйымдарда осының бәрі бар. Әрине, халық шеберлерінің
қолынан шыққан бұйымдарда осының бәрі бар. Халық даналығы
ғасырлар бойында қалыптасты. Уақыт озған сайын жақсы іріктеліп,
шеберлердің талғамы, өнері шыңдала бермек. Бейнелеу өнерін
философиялық тұрғыдан бағалауға үйренген теоретиктер қол өнері
бұйымдарын бұрынғы тұрмыстық ортадан көруді көксейді. Мазмұн
58
мен форма үйлесімділігін аңсайтын олар қарапайым тұрмыстық
заттардан, бұйымдардан семантикалық сәйкестік іздейді. Сондықтан
да осындай нәрселердің табиғи сипатын ұғатын олар үшін
шеберлердің
көрмеге
дайындалған
әсем
бұйымдары,
әсіре
сәндендірілген әшекейлер, бұратылған сәнді пластика артық нәрсе
болып көрінеді. Себебі мұндай заттар табиғи өнерге қылау түсіреді.
Ал әдейі маманданған, кәсіптік дайындықтан өткен шеберлер
өздерінің білімдері мен дағдысын соны композициялар арқылы
сомдап отыруға әуес.
Халық өнері шебері атанған суретшінің алдына қойған өзіндік
ерекше міндеті бар. Ол халықтық, ұлттық, тарихи мәдени
құндылықтарды
иеленуші
және
оны
материалды
формаға
айналдырушы. Ол әруақытта дәстүрлі өнердің көкейтесті жақтарын
айқындап, оны жанды құбылысқа айналдырып отырады. Мұражай
қалпына еніп, құрғақ білімге айналдырған өлі дүниені тірілтіп, қазіргі
өнердің талаптарына сәйкес оны табиғи бірлікте бізге жеткізетін де
халық шығармашылығы. Дәстүрлі өнердің қыры мен сырын толық
меңгерген қазіргі халықтың шығармашыл шеберлері оның тағдырына
және оны таза сақтау үшін жауапты. Белгілі философ: “өркениетте
мамандануға бағытталған бастау көздері жеңеді, онда біртұтас
рухани мәдениет байқалмайды. Мәдениет руханилықтан жұрдай
болып, өркениетке өтеді. Руханилық кеми түседі. Сапа санмен
алмасады”-деп көрсетеді.
“Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар таза түрінде және
қарым-қатынастардан, қоғамдастықтан тыс қалыптаспайды. Ұлттық
сезім – ерекше әлеуметтік-психологиялық құбылыс, ол және сыртқы
әсерлерге тез бой алдырады, тез қызуланып, сағы тез сынады.
Сондықтан ол үнемі тәрбиелеуді және ақыл – парасат тарапынан
бақылауды қажет етеді. Жеке тұлғаның ұлттық сезімін тәрбиелеу
айналасындағы ортаның қалыптасқан, олар үшін өмірлік қағида
болып табылатын белгілі бір құндылықтармен толықтыру арқылы
жүзеге асырылуы тиіс. Ақыл-ойдың бақылауындағы және белгілі бір
ортаның ықпалындағы ұлттық сезім ізгі, адамгершілікті болады.
Табиғи, биологиялық, тектік нышандармен органикалық түрде
астарласады. Бірақ ақыл-парасаттың өзі адамдың қандай да бір
бөлігінде, ал кейбір жерлерде едәуір бөлігінде әртүрлі қоғамға қарсы
идеялармен, психологиялық тойымсыздықпен, өзімшілдікпен, басқа
ұлттық құндылықтарды қабылдамау арқылы да ластануы мүмкін”.
Даналық пен даналықты сүю – бірінсіз-бірі болмайтын, бірақ
екеуі де екі сипаттағы туынды дүние. Даналықтың өзі Даналықтың
59
көрініс сипаттарын, мағыналық, мәндік мазмұнын, құрылымын
жүйелеп түсіндіретін ілім. Даналық адамның ойлау қабілеті мен
әрекетінің үздік нәтижесі. Ойлау қарымы қоғам тарихының өн
бойында әр адамда, әр кезеңде әр түрлі. Оның іс-әрекетіндегі нәтиже
де сонымен ұштас. Демек, даналықтың сапасы, мазмұны, идеялық,
ұғымдық аясы әр деңгейде болуы осыдан келіп туындайды. Бірақ
одан ақиқатты тани түсуге ешқандай нұқсан келмейді.
Ең ғажабы, даналық – қанша алуан сипатта бой көрсеткенімен,
нақты аяда, деректі жағдайға байланысты танылатын феномен. Және
ол адам мән берген барлық саласына қатысты туындай алады.
Даналық-ең әуелі тек адам арқылы ғана аян болатын үздік
құбылыс. Ол-ой, еңбек машығы және олардың нәтижесі, ерік-жігер,
моральдық-адамгершілік шешім, қарым-қатынас түрінде кездесетін
қарама-қайшылықтарды жеңудің биік, үздік бітімді, оқшау үйлесімді
нұсқасы.
Даналық нұсқасы, даналық дерегі біздің халқымыздың тіршілігі
мен тарихында, танымы мен түсінік әрекетінде аз ба? Біздің қазақ
бақытын да, нәубетін де биік зерде, зор парасат тұғырында байыптай
алған халық. Мақсатына бірде жетіп, бірде жетпесе де, Мұрат
ізгілігінен, Даналық үрдісінен табан тайдырмаған халық. Т.П.
Григорьева шығыстық ақыл-ой үлгілерін сараптай келіп: “Сананың
сызықтан тарамауы, параллельдігі, біруақыттылығы, себеп-салдар
байланысының болмауы, ішкі мүмкіндіктерге көңіл тоқтату, жүйе
ішінде жекеге салыстырмалы бостандық беретін интроверттілік,
бүкілінің “бірі бәрінде, бәрі-бірінде” үлгісінде байланысқан
бейдуальділік, яғни екіге жарылмайтын жалпылықтың бір салдары
ретіндегі
абсолюттік,
эмперикалық,
жалқылық
деңгейінің
біруақыттылығы ақыл-ой түрлерінің көптүрлілігін көрсетеді. Осы
тамаша модель дәстүрлі өнер сипатында және индивидуальді сана
деңгейінде көрінген сомдаушы көзқарасында түйінделеді”,- дейді.
Алғашқы қауым адамы өзінің практикалық іс-әрекетінде
логикалы ойлап, дұрыс бақылаулар жасап, бүгінгі күн адамдарына
қарағанда онысын жақсырақ пайдалана білді. Себебі ол қоршаған
ортаға жақсырақ бейімделеген болатын. Алғашқы қауымдық
қоғамның өзінде қарадүрсін тотемизм адам мен табиғат арасын
үйлестіруде өзіндік реттеуші қызметін атқарды. Шын мәнінде бұл
жерде біз адамның қоршаған ортамен бірлігін қамтамасыз етіп, оның
адамдық “мендігін” табиғатқа сіңдіріп жіберетін “тотемистік
моральмен” істес болып отырмыз.
60
Қоғамның құнды дүниетанымдық бағытына байланысты, яғни
онда ненің жақсы, ненің жаман, пайдалы және керексіз, әсем және
сиқысыз екендігіне байланысты адам іс-әрекетіне сәйкес келетін
бағасы қалыптасады. Жеке мәдени-тарихи аймақтардың құндылықтар
жүйесінде, соңғы нәтижесінде ежелгі қоғам өмірінің экономикалық
негізіндегі ерекшелікке бағынған өзгеріс сипатында белгілі-бір
дамулар пайда болады.
Мифологиялық санада екі жетекші қызмет атқарған басым
қондырғы болды: Табиғаттың адамзатқа үстемдігін мойындау және
табиғи құбылыстарға табыну. Алғашқы адам өзінің тумысынан
коммуникативті тіршілік иесі болғандықтан өзін қоршаған ортамен,
табиғатпен тығыз байланыс орнатты. Ол субъектілер арасындағы
қатынас секілді болды. Мұндай жағдайда табиғат диалогтің жетекші
жағында қалды да адам оның зерек оқушысына айналды. Әлеуметтік
және табиғи ортамен өзара қатынас жасай отырып, архаикалық адам
өзін табиғаттан бөлектеген жоқ. Пұтқа табынушы пантеизм өз
Құдайларын адамға жақын етіп, табиғат бірлігін құрайтын біртұтас
әлем болып табылады.
Дәстүрлі өнерге арналған әдебиетте:”Дәстүрлі өнер-барлық
халықтарда дамудың төменгі сатыларында болатын және барлық
негізгі аспектілерінде тығыз сабақтастық сақталатын өнер,- деп
көрсетеді. Оның айрықша ерекшеліктері: шығармашылығының
кәсіби сипат алмағандығы, оның жеке бастан тәуелсіздігі,
мифологиялық символикаға толы болуы, бүкіл діни табыну
комплексімен ажырағысыз байланыстылығы”.
3. Өзіндік таным пәнін оқыту процесіне енгізу және ол арқылы
тұлғаның қоғамның дамуына қажетті қасиеттерін қалыптастыру,
педагогика ғылымының маңызды аспектісінің бірі болып саналады.
Жоғарыда
көрсетілген
философиялық,
психологиялық
және
педагогикалық
көзқарастарды
қорыта
келе,
философиялық
метадологиядағы диалектикалық әдісті логикамен таным арасындағы
шекара деп айтуға болады. Өзіндік таным ілімінің жүйелігі тарихтың
терең қойнауынан бастау алады. Оның гнесологиялық маңызы
Гегельмен жан-жақты түбірлі зерттелген. Оның айтуынша “Жүйесіз
пәлсапалау-ғылыми тұрғыда ешқандай мәнсіз, сонымен бірге ол
адамның субъективтік көзқарасын айқындайды. Ал оның мазмұны
кездейсоқтық болып саналады. Әрбір мазмұн өзінің тұтастығымен,
маңызды болып табылады. Тұтастығынан ажыраған мазмұн негізсіз
немесе субъективтік көзқарас болып саналады”. Өзіндік таным
ілімінің негізін құрайтын жүйелік көзқарас ілімі, жүйелік
61
теориясынан бастау алады және ол ақиқат шынайы объекті болып
саналады. Жүйелілік ұғымына ерекше қасиеттер тән және сол арқылы
кез-келген формальдық тектес ұғымдардан ажыратылады. Жүйені
объект ретінде негіздейтін белгісі оның әрбір элементіне тән жалпы
қасиетінің болуы. Жүйелік ұғымы өзіндік таным тұрғысында
адамның кейбір қасиеттеріне бағытталған кешендік шаралар. Атап
кетсек, осы жұмыста қарастырылатын психологиялық және
педагогикалық әдіс – тәсілдер арқылы адамның шығармашылық
қабілеттілігін арттыру. Жүйелі көзқарас тұрғысында ғылыми
танымдық әдістер /В.М. Бехтерев/ айтуы бойынша “Адамды зерттеу
бұл жүйелі кешенді әдістер көмегімен жүзеге асады”. Мысалы,
Жоғарғы нерв жүйесі /И.П. Павлов/, Мидың қызметтік жүйесі /П.К.
Анохин/, Психикалық қызметтердің динамикалық орналасуы /А.Р.
Лурия/ , Б.К. Ломов Инженерлік психология, Тұлға құрлымы /Б.Г.
Ананьев, А.Г. Ковалев/, Педагогикалық іс-әрекеттік қызметтік
құрлымы /КузмиН.В/. Тұтас педагогикалық процестің қызметі. /Н.Д.
Хмель, Г.Д. Алимухамбетова/. Өзіндік таным пәнін жүргізетін
мұғалімдер сабақ жүргізу кезінде студенттерді өз мамандығы
бойынша нақты жүйелі білім беруге дағдылануы керек. Сабақ
өткізудегі жүйелілік студенттің қалыптасуындағы ішкі жүйесімен
үндесіп отыру қажет.
Кешенді білім беру жүйесіндегі оқытушы, тәрбиеші, жетекші
ұйымдастырушы ролін атқарушы ретіндегі педагогтың нақты орны іс
жүзіндегі тәрбиеші, оқытушы, үйретуші және оқушылардың
қабілетін дамытушы қызметіне сәйкес келуі үшін, білім беру мен
оқытудың барлық субъектілері білімді ұғыну, көзқарасты иелену,
білгеніңді игеру және өзін моральдық, имандық, этика және
менеджмент жетістіктерінде жүйелеуде ғана мүмкін болады.
ХХ ғасырдың 30 жылдарынан бастап, педагогикалық ғылымда
оқытушылардың тәжірибелік жұмыстары бір-бірімен толықтырылып
салыстырылып келеді. Оның ішінде /А.С. Макаренко, Ю.Ф. Головин,
Н.Д. Левитов т.б./ мамандыққа орай шеберлікті артыру мәселесі де
зерттелінді.
Ал,
50-60
жылдардағы
психолого-педагогикалық
зерттеулерде педагогикалық мамандардың дайындалу сапасына /Ф.Н.
Гоноболин, А.Г. Ковалев, К.К. Платонов, С.Н. Архангельский т.б./
көңіл бөледі. Әрі қарай педагогикалық зерттеу құрлымдарында
мұғалімнің іс-әрекетінде педагогикалық шеберлілікті оқыту, болшақ
мамандардың бойында өз пәніне деген қызығушылықты арттыру
мәселелері /А.И. Щербаков, Н.В. Кузьмина, И.Г. Огородников, О.А.
Абдулина т.б./ ғалымдардың жұмысында зерттелінген. Барлық
62
зерттеулердің бойында педагогикалық шеберлікті арттыру немесе
оны қалыптастыру дәрежелері қарастырылғанда онда келесі
мәселелер қамтылмайды:
1.
Бұған дейінгі ғалымдардың зерттеулерінде студенттердің
немесе болшақ маман иелерінің өзіндік таным тұрғысынан
шығармашылық
белсенділігін
арттыру
мүлдем
қарастырылмайды, олардың өзіндік таным шығармашылық
белсенділігінің деңгейіне баға берілмейді.
2.
Шеберлілікті, мамандыққа орай педагогтардың дайындық
сапасын арттыруда оның ішкі дамуына, ішкі күшіне, талпыныс
деңгейіне оны көре отырып шығармашылық деңгейін арттыру
зерттелмеген.
Ол жағдайды зерттеу болшақ маман бүгінгі студенттен бастау
бұл өзекті мәселе. Студент болашақ ұрпақты дайындау сапасына
өзінің шығармашылық белсенділігін арттыра отырып, сол арқылы
оқушылардың шығармашылығын арттыру қажет. «Шығармашылық
сапасы – бұл адамның бүкіл әлемді тануға ұмтылысы, оны тек
бейнелеп қана қоймай, әрі қарай жетілдіріп, дамытуға тырысуы.
Жалпы қандай да болмасын адам кішкентай кезінен өмірдің
заңдылықтарына үлес қоссам, өзгертсем десе, барлық өмірін соған
сарп етері сөзсіз. Себебі, адам белсенділігі, еркіндігі, қажеттілігі,
қызығушылығы арқылы шығармашылыққа енгенде ғана өмір сүру
мәнін аша алады» – деп сипаттайды Мухамеджанов Б.Қ.
Жастық шақ кісінің өмір жолына, өзінің қандай жағдайға
жеткеніне, неге шамасы келетініне, дүниеде не үшін өмір сүріп, жер
басып жүргеніне, нені біліп, не қойғысы келетініне, жұртқа нендей
пайда тигізетіндігіне, яғни болашағына айрықша үңіліп қарайтын
кезең. Олай болса бұл кезең олардың өзімен-өзі кеңесіп, «жан
дүниесіне үңілуге құштар» шағы /Қ.Жарықбаев/ Шығармашылық
белсенділікті арттыру жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі /белгілі бір
мақсатқа жету жолында ылғи да ізденіп, өлшеусіз еңбек етуге,
талаптанып отыруы/, өз ішіне үңілу арқылы өз бойындағы ерік
сапаларын арттыруы /тоқтамға келу, табандылық, ұстамдылық,
ерлік/,
өз
қабілеттіне
көңіл
аударуы
/ұйымдастырғыштық,
музыкалық, суретшілік т.б./ оқу-тәрбие процесінде өз бойындағы
қабілетін аңғара отырып, барлық жақсы қасиеттерін белгілі бір
мақсатқа жетуде сарп ету жолындағы белсенділігі болып табылады.
Адам өзін-өзі түсініп, өзінің бойындағы ерекше қабілетін қастерлеп,
оны көре біліп соны дамытуға өз еркіне күш жігер бергенде
шығармашылық белсенділігі артып, өз ішіндегі талпынысы тума
63
бойындағы дарынымен тіл табысып олардың санасы барынша
өткірленіп, мейлінше айқындалады, бақылампаздығы онан сайын
артып, жасайтын іс-әрекеті нәрленіп, іште пісіп жетіледі соның
арқасында жеке тұлға өз ісінің хас шебері атанып, қоғамға пайдалы
іс әкеледі.
Мұғалім
өз-өзін
құрметтемейді.
Өйткені
ол
өзінің
шығармашылық
мүмкіншілігін
ескермейді,
жеңіл
–
желпі
жетістіктермен қанағаттанады, тәртібі нашарлаған мектепте өзінің
құқын қорғамайды, шыдамдылыққа көнеді.
Адамның өзін-өзі тәрбиелеуі оңайлықпен қолға түспейді. Жеке
тұлғаның санасының оянуы, оның өзіндік «менін» сезіне бастауы,
Абай тілімен айтқанда, бұл кісінің өзіне-өзі ұдайы есеп беруінен,
өзін-өзі аңғара , байқай алу қабілетінен көрінеді. Өзіңе -өзің үңіліп,
өзіңді тізгендеуге тырысу, белгілі мақсат көздеу – осы істегі
шығармашылыққа бастапқы қадам. «…Адам баласы ұшқыр ой, көп
ақыл, өткір сезім, қайратының арқасында ғылым, білім, өнер тауып,
өзгеден үстем, дүние жүзінің қожасы болып отыр» Жүсіпбек
Аймаутов. Аданың өзін-өзі тәрбиелеуі жан мен тәнді үнемі
шынықтырып, жаттықтырып отыруы тиіс. Он екі мүшесі сап-сау,
тепсе темір үзетін адам түгіл туысынан кеміс, әлжуаз-шынжау, ауру
сырқаулы адамдар да арнаулы жаттығулар арқасында өзін-өзі
тәрбиелеп алға қойған мақсаттарына шығармашылық табыспен жетіп
отырған. Бұған мысал: Ежелі дәуірде өмір сүрген аты шулы шешен
Демосфен, американдық соқыр мылқау, керең әйел Эллен Келлер,
француз суретшісі Анри Ренуар, атақты композитор Бетховен, украин
жазушысы Леся Украинка, керең соқыр, мылқау ғалым О.
Скороходова т.б. тумысында жазылмайтын құзырға ұшыраған
жандар еді. Тумысынан бұлардың біреуі тіл-құлақтан, көру
қызығынан айырылған, енді біреулері сал ауруға ұшыраған, т.с.с.
бірақта сол ауыр халдеріне қарамай, өз ішіне үңіліп, өзінің жан –
тәнімен мәнді өмір сүру үшін күресе білді, мақсаттарына жету
жолында үнемі ізденіс, еңбек ету жолында болды. Осылардың
әрқайсысы зор мәнді шығармашылық іспен айналысты. Одан өздері
ләззат алды. Іс-әрекетке деген ынтызарлық, өз күшіне толық сене
білу, аса күшті ерік - жігер, керемет қажыр – қайрат – бұлардың
барлығы
да
өзіндік
таным
шығармашылық
белсенділігін
арттырудағы басты құрлымдар. Өзіндік таным шығармашылық
белсенділігін арттыру мақсатында адам өзін өзі тәрбиелеуде асқан
шыдамдылық, қиыншылықтарға төзімділік, ерекше ұстамдылық
танытып ұзақ уақыт қажымай талмай, ерінбей-жалықпай өз-өзімен
64
жұмыс істей білуге машықтануы тиіс. «… Сахнада мыңдаған
жұрттың алдында қимылдамастан тұру оңай емес», деп жазды орыс
сахнасының майталманы К.С. Станисславский осы жөнінде. «Мен
осы дәрежеге жеттім, өйткені өзіме-өзім бір қалыптан қозғалма деп
бұйырдым, осының салдарынан тәнім бұрынғыдан бетер сіресіп
қалатын болды. Бірақ жүре келе бір репетициядан кейін екіншісіне,
бір спектакльден екінші спектакльге көшкен сайын бұлшық еттердің
сіресуінен арыла бастадым. Бойымдағы жалпылай сіресуді белгілі
орталық мүшеге ғана жинайтын болдым; қолымның не аяғымның
саусақтарына» не қалың етіне , анығырақ айтқанда ең мықты жерім
осы деп өзіме шамалаған жеріме жинайтын болдым…. Бұл менің жер
тепсінбей, басы артық қозғалыссыз еркін тұруыма мүмкіндік берді».
Сөйтіп
К.С.
Станиславский
өзіндік
таным
шығармашылық
белсенділігін
арттыруда
жаны
мен
тәнін
қосарландыра
жаттықтырған, бұл екеуінің органикалық бірлігін жасауға шамасы
келетіндігін іс жүзінде көрсеткен. Оның бұл жүйесі сол кездің өзінде-
ақ көптеген ғалымдарға, мысалға академик И.П. Павловқа жоғарғы
жүйке қызметінің сан қилы құбылысын осы тұрғыдан әрмен қарай
зерттей түсуге түрткі болған еді. Шындығында адамның өзіндік
таным
шығармашылық
белсенділігі
таңғажайып,
сан
қилы
мүмкіндіктерге толы. Белгілі балалар жазушысы К.И. Чуковский
өзін-өзі тәрбиелеу арқылы шығармашылық белсенділікті дамыту
тұрғысында А.П. Чеховтың басынан кешірген небір азаптары туралы
оның күнделігінен мынандай үзінді келтіреді: «Тәрбиелеу үшін, - деп
жазыпты Чехов, - өзім жүрген ортаның деңгейінде болу үшін…
күндіз түні талмай еңбектену, өмір бойы оқу, жаттығу, қажырлы-
қайратты болуым қажет.. Мұнда әрбір сағат қымбат». Жазушының
пікірінше өзін-өзі тәрбиелейтін адам нағыз ұлы шығармашылыққа
жол ашады. Олар әрдайым адамның жеке басын құрмет тұтады,
сондықтан кешірімді, биязы, кішіпейіл, көнгіш келеді. Олар ақкөңіл,
өтірік айтуды қаламайды, одан қорқады. Тіпті, түкке тұрмайтын
нәрселерге байланысты өтірік айту дегенді білмейді. Басқаның жан
дүниесінің нәзік жеріне тимейді. Аяғанды, аялағанды қаламайды.
Олар абыржымайды. Атақтылармен танысу секілді жалған беделге,
жылты-руққа жоламайды. Ұсақ түйекке есепті ұнатпайды…
Бұл кетіріп өткен мысалдардың барлығы жас адамды өзін-өзі
тәрбиелеу процесінде оны әрдайым шығармашыл іс -әрекетке
итермелейтін ішкі түрткілер. Осылайша өзін-өзі тәрбиелеуге белді
бекем буған адам әркез өзіне нақтылы уәде беріп, серттеседі,
бұйырып, міндеттеме алады, өзін-өзі мақұлдап , не айыптайды, кейде
65
ойлаған ісінен бас тартады, өзін қайрайды, не жұбатады, тағы сол
сияқты түрлі ішкі –сыртқы түрткілерге жауап бере отыруды әдетке
айналдырады. Осы айтылғандардың барлығы адамның адамның
күнделікті ісінде, көздеген мақсатқа жету жолындағы түрлі
кедергілерді қиыншылықтарды жеңуде шығармашыл әрекетке
ұмтылдырады. Ал өзіндік танымның шығармашылық белсенділігі
бұл адамның өз бетімен алдына мақсат қоя білуі, оған жеткізетін
жолдарды өздігінен іздестіре алуы, оның орындалуын үздіксіз
қадағалап отыруын талап ететін процесс.
Адам белгілі бір мақсат қойып, оған итермелеуші күш, іс-әрекет
арқылы нәтижеге жетуге ұмтылады.
Іс -әрекет - адамның рухани өмір байлығы, ақыл – ой тереңділігі,
күйінуі, қиялдау қабілеті мен ерік – жігері, икемділігі мен мінез –
құлық сипаты. Философ В.С. Шавырев: “Іс- әрекет субъектінің өзін-
өзі тәрбиелеуімен, өзін-өзі өзгертуімен, өзін-өзі дамытуымен
сипатталады” –дейді [140]. Іс-әрекет адамның өмір жолын
анықтайды, белгілі мақсат көздеген іс-әрекет қоршаған ортада көрніс
тауып, мінез – құлық процесіне айналады. Адам психикасы мен іс-
әрекеті арасында күрделі қатынас бар. Психика бір жағынан іс-
әрекетті қалыптастырады, екінші жағынан іс-әрекетті реттеп
отырады. Іс-әрекет кезінде белгілі бір жағдайға байланысты мақсат
көзделінеді. Белгілі бір жағдай дегеніміз-қажетсіну, алға қойған
мақсатқа
жетуге
талпыну,
мақсатқа
жету
барысында
өз
шығармашылық белсенділігін салу.
Достарыңызбен бөлісу: |