Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет29/55
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#88658
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55
Байланысты:
Ерғалиева Г.А. Өзін-өзі тану пәні (1)

 
 
Жоспар. 
1. Патриотизм ұғымына түсінік.
2. Отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыру.
3. Жалпыадамзаттық құндылықтар негіздері.
Бүгінгі таңда қоғам мен мемлекеттің білім беру жүйесінің алдына 
қойып отырған міндеттерінің бірі-жас жеткеншектерді қазақстандық 
патриотизм мен Қазақстанды мекендейтін халықтардың ұлтаралық 
ынтымақтастығы рухында тәрбиелеу болып табылады.
Ұлттық бірегейлікті сақтаудың басты жолдарының бірі – жас 
жеткеншектерге патриоттық тәрбие беруде өлке тарихи мәдени 
естеліктері мен халық тұлғаларының ерлік мұрасын пайдалану. 
Жас жеткеншектердің азаматтық, патриоттық қасиеттерін 
жастайынан 
қалыптастыру 
проблемасына 
Қазақстан 
Үкіметі 
құжаттарында және Елбасы Жолдауында аса үлкен мән берілген. 
Елбасы өзінің жолдауларының бірінде «Өз тарихымыз Бен ерекше 
жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз де 
бар» (1997) десе, екіншісінде «Біз бірлесе отырып, ерлікті ұлт 
жасақтау жолында алға жылжуымызға қажетті берік негіз 
қаладық»(2005) деп өзіміздің тарихымызды, ділімізді, ұлттық 
қасиеттерімізді алғы шепке шығарады. Президенттің патриоттық 
сезімге толы осы ой-пікіріне сәйкес, Қазақстан Республикасының 
«Білім туралы» Заңында жас жеткеншектер тәрбиесіндегі ең 
маңызды міндеттер (өз Отанын сүю, туған өлке тарихи тұлғаларын 
білу, азаматтық пен патриотизмді қалыптастыру, мемлекет рәміздері 
мен халықтардың салт-дәстүрлерін құрметтеу, Ата Заң мен қоғамға 
қайшы 
келетін 
көрністерге 
төзбеу, 
әлемдік және 
отандық 
жетістіктерді игеру, қазақ және республикада мекендейтін басқа да 
халықтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін, тарихын жете білуге 
тәрбиелеу) сараланып көрсетіледі.


67
Қазақстан Республикасының жаңа экономикалық, әлеуметтік, 
саяси жағдайға көшуі еліміздегі түбегейлі өзгерістер педагогика 
ғылымының алдына шешімін күттіретін күрделі практикалық 
міндеттерді жүктеп отыр.
Педагог жаңашыл өзгерістерге орай жаңа ұрпақ тәрбиелеу 
мәселесін көтеріп, олардың бойындағы жауапкершілігі арта түсуде. 
Қазіргі Қазақстандағы түбегейлі өзгерістер адамның еркін 
дамуды таңдауы, егеменділік жоғары білім беру жүйесінің 
құрылымына өзгерістер енгізуде. Елімізде қалыптасқан нарықтық 
қатынастарға байланысты республикамыздағы бастауыш мектепте 
жүргізілетін тәрбиелік шаралардың сапасына жаңа талаптар 
қойылуда. Тек қана оқу жүйесінің жаңаруы ғана емес, сонымен бірге 
жалпыадамзаттық құндылықтар ар, ождан, шындық, қайырымдылық, 
ұлтжандылық т.б. сана сезімнің өзгерісі байқалып отыр.
Бұл мәселеге байланысты Қазақстан Республикасының «Білім 
туралы» заңында «… жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді 
алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы бар адамды тәрбиелеу 
ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және 
дүниежүзілік 
құндылықтарды 
қабылдауға 
қабілетті, 
рухани 
адамгершілік 
мүмкіндігі 
мол 
тұлғаны қалыптастыру 
болып 
табылады» - деп атап көрсетілген.
Сондықтан әр саладағы педагог-кадрларға жастарға патриоттық 
тәрбие беруде негізгі методологиялық принциптерге сүйену қажет.
Негізгі патриоттық тәрбиені қалыптастырудағы принциптерге 
біздер: 
1.
ғылыми; 
2.
ізгілік; 
3.
демократиялық 
4.
Қазақтан Респуликасының мәдени салт сана, әдет-ғұрыптары 
мен атамекен, атакәсіп, атамұра құндылықтары; 
5.
жүйелі 
түрде 
ұрпақтан 

ұрпаққа 
халқымыздың 
құндылықтарын жеткізу; 
6.
патриоттық тәрбиенің тиімділігін арттырудағы қолданылатын 
әдістер т.б. 
Патриоттық тәрбие беруде бұл принциптерді шешу мақсатында 
келесі міндеттер алға қойылады: 
1)
патриоттық тәрбие жүйесінің қызметінің әдістемелік және 
басқару формасын жетілдіру; 


68
2)
патриоттық тәрбиені жетілдірудіде аудиториялық және 
аудиториядан тыс уақытты тиімді пайдалану жолдарын 
анықтау; 
3)
жағдай туғызу; 
4)
тұлғаның жеке қоғамдық маңызды сапаларын Отанға деген 
сүйіспеншілік, өз елін, жерін құрметтеу, қорғау т.б.) жетілдіру, 
5)
жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, 
6)
жаңа түрде жаңа заманға сай өз Отанының патриоты, жауапты 
тұлғаны 
тәрбиелеуде 
әрбір 
тұлғаның 
қызығушылығын 
арттыру; 
7)
жанұя жағдайын, жастардың топ орталарының, жоғары оқу 
орнының іс әрекетін үнемі бақылауға алу.
Патриоттық тәрбие өз мазмұны жағынан барлық тәлім тәрбиенің 
негізгі жүйелерін құрайды. Патриоттық тәрбие адамгершілік 
тәрбиесімен астасып жатады. Өз Отанын сүю, еліне, халқына деген 
үлкен жауапкершіліктің болуы жоғары сапалы адами қасиет.
Тұлғаның саяси сауаттылығына, белсенділігіне тікелей байланыс, 
тәрбиенің барлық түрінде қамтылуы қажет. Дегенмен патриоттық 
тәрбиені жетілдіру қырлары өзіне тән кешенді әдістер мен 
формалардың жиынтығынан тұрады. Соның ішінде қазіргі тәрбие 
процесінің нәтижелі болуы тұлға сана сезіміне тікелей байланысты.
Ең алдымен тұлға өзін-өзі танып, өзінің өмірдегі орны мен негізгі 
мақсат міндеттерін анықтап алу басты мәселе. Сондықтан 
патриоттық тәрбиені меңгерту тұлғаның ішкі сезімі, мінез құлқына 
тікелей әсер етумен, өзін-өзі тануына ықпал жасаудан басталады.
Педагогикалық сөздікте: құндылық - адамның ішкі құқы, ізгілігі, 
адамдармен 
қарым-қатынасы, 
іс-әрекет 
кезіндегі 
көрсететін 
қайырымдылығы тұрақтылығы, мейірімділік жүйесі тәрбие негізі - 
делінген.
Ал, адамның ізгілік қасиеттері туралы педагог Мағжан: …“Әр 
адамның өзін-өзі сүюі, яғни жақсылық тілеуі, туысқанын сүюі, оларға 
жақсылық тілеуі, өз елін сүюі, яғни еліне жауыздық тілемей, ізгілік 
тілеуі, пайда келтіруі, зиян келтірмей, басқаларға да зиян жасамауы – 
бұл ең басты міндеті болуы тиіс” - деген ой тұжырымдарынан өзін-
өзі сүй дегенде, өзінің іс-әрекеті мен ішкі сезіміне үңілу, өзін-өзі тану 
сол 
арқылы 
рухани-адамгершілік 
құндылықтарын 
игертуге 
шақырады. Егер болашақ ұрпақ тәрбиесінің қамын ойласақ, бұдан 
бірнеше ғасыр бойы ұрпақ тәрбиесіне өз идеяларын қалдырған осы 
ғұламалардың, парасатылыққа, адамгершілікке, тәрбиеленген озық 
үлгілерін қазіргі кезде пайдалану өмірдің өзекті мәселесі болуы тиіс.


69
Қазақтың рухани мәдениеті қола дәуірінен қалыптасып, бірнеше 
тарихи кезеңдерден өтіп біздің халқымызға жетті. Көне түркілерден 
келе жатқан көшпенді ата бабамыздың негізгі рухани мәдениетінде 
дін арқылы бірлесу, топтасып қалың қол жинап елдің бірлігін сақтап 
отырған. Шапқыншылық кезеңдерде тек қана білектің күшімен емес, 
жүректің, діннің, өткір сөздің, ақыл-ойдың ұшқырлығымен халықты 
біріктірген. Содан білекті бірді жығар- деген нақыл сөзбен өсиет 
қалдырған. Қазақстан халқының үш ғасыр бойы рухани мәдениеті
сонау сақ, ғұн дәуірі одан кейін жалпы түркі, қазақ хандығы Ресей 
мәдениеті, Кеңес үкіметі кезеңдерінің тарихи мәдени даму 
қалыптарынан өтті. Осы кезеңдерде әрбір даму кезеңі өз кезегінде 
рухани мәдениеттің дамуына жолдар салды. Сақ, ғұн мәдениетінде 
көшпенді халықтың әдет - ғұрпы қалыптасса, жалпы түркі дәуірінде 
көшпенді жартылай отырықшы халықтың мәдениеті, Рессей 
мәдениетінде бодандық, қазақ хандығында рулық, Кеңес үкіметі 
жылдарында жалпы адамзатты жеке ұлтты материалды үрдіс деп 
тану т.с.с рухани мәдениеттің негізгі кезеңдері өзгеріске ұшырап 
келер ұрпаққа жеткізіліп отырған. Қазақтар ерте заманнан бастап, 
Отанын сүю, қорғай білу соған рух жинап тұтастықты қамту ел 
бірлігін ұстау сияқты рухани адамгершілік мәдени құндылықтарды 
сақтаған. Қазақ халқының бүгінге дейін жетіп отырған негізгі рухани 
мәдени құндылықтарына:
1.
Атамекен, атакәсіп, атамұра ; 
2.
Кісілік қасиеттеріне: дінге табыну, шаруашылық, өнеркәсіп 
өнеріндегі, ішкі дүниесіндегі қол жеткен табыстарын 
құндылық деп санаған.
3.
Отбасын сақтау; ата - баба тарихы, шежірені білу, жеті атаны 
сақтау қазақтың отбасын сүттей ұйытуға, әрі қарай ата -
бабасының салып кеткен ізімен жүретін рухқа тәрбиелу; 
4.
Сөзде тұру, уәжде тұру, халықты жұмылдыратын өтімді сөз 
айту, ұлт үшін маңызды құндылықтарға жатқан. 
Арабтар ислам дінін Орталық Азияға алып келді. Мысалы, көк 
тәңірге сиыну, наурыз мейрамын тойлау т.б. Сол кезде төбелерге 
шығып шыққан күнді күтіп, сол күнге сиынып, отбасының, халқының 
амандығын сұрау арқылы ұлы Жаратушыға сиыну, осы кезге дейін 
ұрысып, 
кикілжіңге 
келген, 
арасы 
алыстаған 
адамдарды 
жақындастырып табыстыру, адамгершілік ізгілікке жол тауып 
отырған. Ислам дінін таратушы миссионер Қ.А. Яссауи ерлік, ел 
алдындағы ұят, абырой, тазалықты сақтауға шақырып отырған. 
Осының бәрі тоқырау заманында, әсіресе, Кеңестік заманның 20 - 


70
жылдарында қазақтар өз рухани мәдениетінен бірте-бірте айрылып, 
дінде, тілде шұбарлылық пайда болып, рухқа шабуыл болғандықтан 
қазақтың рухы әлсіреп қалды. Әлеуметтік ортаның дамуы ғарышпен 
қарым-қатынас, өзге елдермен араласу қазіргі кезде егеменді 
елдігімізді алған шағымызда жастарымыздың рухани – адамгершілік 
мәдениетін жаңадан бұрынғы әдет ғұрып салт сананы сақтай отырып 
дамытатын рухани жаңартатын тәрбие керектігі өте айқын. Оған 
дәлел біздің зерттеулеріміздегі жоғары оқу орнындағы жүргізілген 
тәжірибе қорытындысынан көруге болады.
Педагогика ғылымының негізін салушылар Я.А. Коменский,
К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский, т.б өз 
қажеттігін тануды жеке тұлғаның кемеліне келуінің, кәсіби 
жетілуінің басты көрсеткіші ретінде есептеп, бұл ұғымның 
аспектілерін әр кезеңде әр тұрғыдан қарастырған. Мысалы Ян Амос 
Коменский жеке тұлғаның өз бойындағы рухани күшін дамытуға 
мұғалім көмектесе алатынын көрсете келе, ол: «Тек ақылды адамдар 
тәрбиелеу емес, жеке тұлғаны түгелдей дамыту - оқудың ең басты 
міндеті»,-дей келіп, оның жүйесінің негізі жеке тұлғаға бағытталған – 
негізгі құндылықтар – ақыл-ой, адамгершілік және діни тәрбиені 
жүзеге асыруды көздеген.
Тәрбиені ізгілендірудегі басты мақсат - студенттерді ұлттық және 
жалпыадамзаттық 
құндылықтар 
арқылы 
дамытуға, 
мәдени 
дағдыларды игеруге, өзіне және өзгелерге жауапкершілікпен қарауын 
қалыптастыруға назар аудару.
Тұлғаға 
бағытталған 
тәрбиеде 
рухани 

адамгершілік 
ұстанымдарын жүйелі түрде жүргізу тиімділікке жеткізеді. Ол үшін 
студенттердің мәдени құндылықтарды игеруіне, өзін-өзі дамыту 
дағдыларына, 
өмір 
сүре 
білуге 
бейімділігіне, 
тұлғааралық 
қатынастарды, 
дағдыларды 
игеруіне, 
өзіне 
және 
өзгеге 
жауапкершілікпен қарауына көмектесу басты нысана болып 
табылары сөзсіз. 
2. 
Азаматтық 
тәрбие 
сана-сезімді, 
дүниетанымды
қалыптастырудан 
басталып 
саяси 
идеялық 
тәрбие 
арқылы 
отансүйгіштікке, 
ұлтжандылыққа 
әкеледі. 
Отансүйгіштік, 
ұлтжандылық екеуі егіз ұғым. Патриотизм - Отанға деген 
сүйіспеншілік, бойындағы күш-қуатын, білімін Отан игілігі мен 
мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен 
дәстүрін құрмет тұту. Патриотизм грекше patriotes- отандас, patris-
отан, туған жер деген ұғымды білдіреді. Отансүйгіштік - адамның
бойындағы сезімге байланысты. Шәкірттердің сол сезімін ояту, өзін 


71
өз елінің азаматымын деп сезіне білу, өзінің бүкіл елімен және 
халқымен туысқандығын сезу, адамды қолдап, отыратын өзінің күші 
мен мүмкіндіктерін, сенімін нығайтатын ең күшті сезім болып 
саналады. Отансүйгіштік ұғымы елдің саяси құрылысына, оның 
саяси мекемелеріне сүйіспеншілік пен халықтың құрамын, өзі өмір 
сүріп отырған мәдени ортаға (мәдениетке, адамгершілікке, елдің 
әдет-ғұрпына) халықтың сүйіспеншілігін, өзі өмір сүріп отырған 
әлеуметтік ортаға (елдегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарға, 
оның еңбек жағдайларына) халықтың сүйіспеншілігі мен құрметін 
қамтиды. Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу міндеттеріне:
-
Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір ұлт өкілдеріне 
ұлтжандылық, отансүйгіштік сезімді түсіндіру;
-
Қазақстанда қызмет етуді мойындату; 
-
Қазақстанды ішкі немесе сыртқы жаудан қорғауға дайындау. 
Қазір буржуазиялық, пролетариаттық патриотизм жоқ. Әр 
мемлекет өз мүддесін қорғайды. Сондықтан елдік, отандық 
патриотизм немесе отансүйгіштік тәрбие бар.
Қазақстан 
тәуелсіздік 
алғаннан 
кейін 
жалпыадамзаттық 
құндылықтарға негізделген қоғамда жаңа идеология қалыптастыру 
керек болды. Бұл идеологиялардың негіздерін «патриотизм», 
«қазақстандық 
патриотизм» 
және 
«ұлтжандылық» 
ұғымдары 
құрайды. 
Ежелгі грек жерінде пайда болған патриот сөзі дүниежүзілік 
қауымдастықтың даму тарихына және мемлекеттерді саяси жағдайға 
байланысты сан алуан сипат пен мағынаға ие болып отырған. Ежелгі 
грек ғұламалары Аристотель, Платон, Цицерон, 18-ғасырда француз 
матералистері, 
неміс 
философтары, 
орыс 
революционер-
демократтары, қазақ ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, 
А.Құнанбаев т.б. еңбектері мен шығармаларын еліне, жеріне деген 
ұлтжандылық және патриоттық сүйіспеншілік көрініс тапқан. 
Патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты-жеке тұлғаның, әлеуметтік 
топтың патриоттық іс-әрекеттерін саналы түрде меңгеріп алудағы 
талпынысын айқындайтын саяси моральдық, кәсіптік шынықтыру 
салаларымен қалыптастыру. 
Қазақ 
халқының 
батыры, 
халық 
қаһарманы 
Бауыржан 
Момышұлы «Патриотизм-Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның 
аман-саулығы 
қоғамдық-мемлекеттік 
қауіпсіздікке 
тікелей 
байланыстылығын 
сезіну, 
өзінің 
мемлекетке 
тәуелді 
екенін 
мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз- мемлекет деген 
ұғымды, оны жеке адам мен барлық жағынан өткені мен бүгінгі 


72
күнімен және болашағы мен қарым-қатынасын біріктіреді»,- деп атап 
көрсеткен болатын. Сондай-ақ соңғы жылдардағы педагогикалық 
зерттеулерде жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің теориялық 
тұстарының 
ескерілмей 
келгені 
де 
байқалады. 
Міне, 
осы 
проблемалардың бәрі патриоттық тәрбие мәселесінің белсенділігін 
көрсетсе 
керек. 
Қазіргі 
егменді 
ел 
жағдайында 
жастарды 
отаншылдыққа тәрбиелеу, олардың елін, жерін сүйетін, ана тілін 
ардақтайтын, ұлтын пір тұтатын азамат болып өсуін қамтамассыз 
ету-бүгінгі мектептің басты мақсаты деуге болады. 
Жоғарыда патриотизм ұғымына берілген сипаттамалар мен 
зерттеушілер, ұлы ойшылдардың, қазақ зиялыларының пікірлеріне 
сүйене отырып, біз өз пайымдауымызды білдірдік. Патриотизм-ол 
өзінің туған жеріне, тіліне, еліне, мемлекетке деген сүйіспеншілік 
сезімі, сол мемлекеттің, Отанның гүлденуіне, өсіп-өркендеуіне өз 
үлесін қосу, қызмет ету. 
Ел Президенті Қазақстан халқына жолдауында:-Біз Қазақстанның
барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген 
сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз,-деген болатын. Қазақстан түрлі 
тарихи аласапырандарды басынан өткізіп барып, тәуелсіздікке қолын 
жеткізген, көп ұлтты республика. Сондықтан оның берік болуы 
патриоттық тәрбиені дұрыс жолға қоя білуге байланысты болмақ. 
Тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа Конституциясында да республика 
қызметінің түбегейлі қағидаларының бірі- қазақстандық патриотизм 
деп атап көрсетілген. 
Қазақстандық патриотизм ұғымы
 
біздің тәуелсіздігімізбен қоса 
туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың 
ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың 
өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған Отаны және 
бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан 
олардың әрқайсысы Қазақстанды ата жұртым деп танып, оның 
тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек 
етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті 
өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді. 
Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ
Қазақстан 
азаматтарын 
тәрбиелеумен 
тығыз 
байланысты. 
Қазақстандық патриотизм-Отан-анаға деген сүйіспеншілік пен 
азаматтық ерлік,өнеге көрсетушілік,бойдағы білім мен білікті,ақыл-
парасатты ел игілігіне жұмсау,атамекен мүддесіне арнау болмақ. Өз 
елінің өткенін құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм 
құрамына кірсе керек. 


73
А.Абижанов
- «
патриотизмнің мәні өте күрделі. Бір жағынан,ол 
ізгілікті саяси үрдіс, яки жеке тұлға һәм қоғамдық сана 
элементтерінен тұрса,екінші жағынан,Отанды қорғауға,нығайтуға 
бағытталған сезім болып табылады»-деген.Мұнда автор патриотизм 
деген ұғымды адамның санасы және сезімімен байланыстырып 
отыр,демек, болашақ азаматтардың бойына патриоттық сана-сезім 
орнықтыру қажет.Қазақстандағы мектеп оқушыларын патриотизмге 
тәрбиелеу тақырыбы көптен бері зерттеліп келеді. Сондай 
еңбектердің 
бірі 
ретінде 
С.Қ.Нұрмұқашеваның
 
«Қазақстан 
мектептеріндегі оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің дамуы» 
еңбегі атауға тұрарлық. Онда,білімнің мазмұнын жаңғырту, 
оқулықтарға қазақстандық материалдар енгізу; оқытудың әдіс-
тәсілдерін жаңғырту; оқушыларға тарихи ерекшеліктерді іздеп табу 
оларды 
оқу-тәрбие 
ісіне 
пайдалану 
секілді 
іс-әрекеттерін 
ұйымдастыру секілді ұсыныстар берілген. 
Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен 
шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір оқушыда патриоттық сана, 
патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді 
болмақ. Психологияда адамның жан-дүниесі, сезім әрекеттеріне 
екінші сигналдық жүйенің ықпалы мол екендігі айтылады. Бұл ретте 
мектептердің патриотизмге тәрбиелеу жолдарын қарастыра келіп, 
олардың, жалпы оқушылардың сана - сезіміне ықпал ету, іс-
әрекеттерін ұйымдастыру бағыттарында жүргізілгендігін анықтадық. 
Ұйымдастыру жұмыстарын осы бағыттар бойынша топтастырсақ, 
олар 
былайша 
бейнеленеді: 
лекторий, 
соғыс 
және 
еңбек 
ардагерлерімен кездесулер, әңгіме кітаптар бойынша оқырман 
конференцияларын 
ұйымдастыру, 
ойын-сауық 
кештері, 
мұражайларға 
материалдар 
жинау, 
фото 
қалқаншалар, 
фотоальбомдар жасау тағы басқа іс-әрекеттерді ұйымдастыруға 
бағытталған. 
Тәрбиелік 
іс-шараның 
бағыттары 
«ұлтжандылық,ұлттық 
патриотизмдік» 
сананы 
қалыптастыру 
болса,ол-ар,намыс,ождан,қарыз,парыз секілді тағы басқа ұғымдар 
мен түсініктерді нақтылауды;олар туралы оқушы білімдерін 
жетілдіруді және олардың ауқымын кеңейтіп,тереңдетуді; сөйтіп
Отан, мемлекет, ел, ұлт,халық,атамекен секілді киелі ұғымдармен 
байланысын ашып көрсетуді талап етеді. Өсіп келе жатқан жас 
буындардың бойында ұлттық патриотизмді қалыптастыруда, олардың 
әрқайсыларының «өзін ұлтының перзентімін» деп сезінуін нысанаға 
ала отырып, Қазақстандағы дәл бүгінгі жағдайда «ұлтты сақтап, одан
әрі өркенін өсірудің кепілі»,-деп білген жөн. Мұның өзі «ұлт 


74
дегеніміз - ұлттың өзін-өзі билеу идеясы басын құраған адамдардың 
шынайы жүрек жарды бірлестігі» деген идеядан өрбиді.
Патриоттық сезім- келтірілген киелі ұғымдармен байланысты: 
қуаныш, мақтаныш, күйіну, сүйсіну секілді т.б. эмоция спектілеріне 
қозғау салу, ояту, дамыту, қалыптастыру мәселелерін шешуді де 
көздейді. Патриоттық сезім- жоғары сезімдер тобына кіреді деген 
пікірдеміз. Өйткені ол «қоғамдық мәнді және көңіл күйге 
байланысты моральдық сезімдерге» қатысты болып келеді, ол 
сананың жетілуімен тығыз байланысты дамиды. Қоғамдық тәрбиенің 
ықпалымен патриоттық сезімдер тұрақтанып, оқушының іс-әрекеті, 
мінез-құлқынан, сөзі мен ісінен көрініс беріп, ұлты, халқы, Отаны 
үшін қызмет етуге дайын тұрады.
3. ҚР «Білім туралы» заңында білім беру мазмұнына жалпы 
талаптар анықталған, олар мәдениеті өркендеген демократиялық 
қоғамға үйлесімді жаңа адам үлгісін тәрбиелеуге бағытталуға тиісті.
Болашақ қоғамның азаматы мыналарды меңгеруге міндетті: 

дүниеге диалектикалық көзқарастың негізі болып саналатын 
белгілі мөлшердегі ғылыми білім жүйелерін; 

ана тілі мен ұлтаралық қатынас тілдерін, өзінің және басқа 
халықтардың тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен 
дәстүрлердің 
қайнар 
көзі 
болып 
табылатын 
рухани 
адамгершілік байлықты; 
өздігінен 
денсаулығын 
нығайтуға, 
эстетикалық 
талғамын 
қалыптастыруға, әлеуметтік белсенділік көрсетуге, азаматтық, 
нарықтық қатынастар жағдайындағы әр қилы өмірде өз бетімен еңбек 
етуге дайын болуға.
Қазіргі білім мазмұнын қалыптастырудың ортақ негіздеріне 
гуманитаризация, гуманизация, экологизация, дифференциация, 
интеграция, әлемдік және ұлттық мәдениет мұраларын кең қолдану, 
жаңа ақпараттық технологияларды кең пайдалану, көпкомпонентті, 
толыққанды оқыту үрдісінің шарты және нәтижесі ретінде 
шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру жатады. Реформация 
үрдісі білім мазмұнын интеллектуалдық, моральдық, және рухани 
жетілуді жеке тұлғалық ізденуді жүзеге асырушы адам типін 
жобалайтын жаңа модель болып табылатын интеграциялауға 
негізделеді. 
Құндылықтар мәселесі қоғамның идеологиялық тұғырлары 
дискредитацияға ұшырап, мәдени дәстүрлері құнсызданған кезде, 
әрбір халық өзін мазалаған сансыз сұрақтың ең болмағанда бір 
бөлігіне жауап табу үшін өзінің өткен тарихы мен мәдениетіне бет 


75
бұрған кезде, тарихтың өтпелі, дағдарыстық кезеңдерінде өткір 
қойылып отырған.
Әдеби шолуларға сүйенсек құндылықтар жіктелуі әртүрлі: 
философиялық тұрғыдан витальды (өмір, денсаулық, игілік, экология 
және т.б.); әлеуметтік (әлеуметтік статус, жағдай, байлық, отбасы, 
тәуелсіздік және т.б.); діни (Құдай, сенім ғұрып, шіркеу және т.б.); 
моральдық (қайырымдылық, достық, сүйіспеншілік, парыз, адалдық, 
әділеттік және т.б.) эстетикалық (сұлулық, идеал, үйлесімділік, және 
т.б.); саяси (заңдылық, мемлекеттік, ата заң, азаматтық еркіндіктер 
және 
т.б.) 
Осылайша 
құндылықтар 
жалпы 
динамикамен 
сипатталатын мәдени реттеушіліктің қозғалмалы саласын білдіреді.
Педагогикалық тұрғыдан рухани-адамгершілік құндылық тәрбие 
арқылы жүзеге асады. Негізінен рухани адамгершілік құндылықтар 
адам бойынан бастау алады. Себебі адам жаратылысы өмірге өзіне 
қарым-қатынасы, тұрмыс тіршілігі саналы іс-әрекеті мен сезімі 
арқылы өлшеніп сараланып отырады.
Бірақ осы құндылықтардың өмірдегі мәнін түсініп, талдап, 
саралап қабылдайтын бұл -адам санасы. Адам санасында бірінші 
құндылықты анықтау үшін белгілі бір себепке байланысты қажеттілік 
оянады, әрі қарай сол қажеттілікті қанағаттандыру жолында өз 
алдына мақсат қойып, өзі үшін құндылық негізін анықтап алады. 
Негізгі рухани-адамгершілік құндылықтар бұл адам бойынан бастау 
алады десек те болады. Себебі рухани-адамгершілік құндылықтар 
адам жаратылысы, олардың өмірге қарым-қатынасы, тұрмыс 
тіршілігі, саналы іс-әрекеті мен сезамі арқылы өлшеніп, сараланып 
отырады. Сондықтан ең жоғары құндылықтардың өзегі - бұл адами 
қасиеттер және адам екендігі қоғам дамуында әрдайым дәлелденіп 
келген.
Философиялық, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде 
тұлғаның өзін-өзі тануы мен рухани адамгершілік құндылықтар 
төмендегі бағыттарда қарастырылған: 
Рухани-адамгершілік құндылықтар, тұлғаның өзін-өзі тануы және 
оның дамуындағы философиялық көзқарастар /Сократ, Әл-Фараби,
Ж. Баласұғұни/. 
Тұлғаның өзін-өзі тануына қоғамның ролі және өзара қатынас 
сипаты туралы: /Я.А. Коменский, И. Песталоции, К.Д. Ушинский, 
А.С. Макаренко, В.А. Сумомлинский, т.б./ . 
Қазақ тарихындағы ғұламалардың адам тәрбиесіндегі өзін-өзі 
тануы туралы ой-пікірлер А.Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, Ы. 
Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж. Аймауытов, т.б./. 


76


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет