Сабақтың басы
(5 минут)
|
– Оқушылармен сәлемдесемін;
– Сынып тазалығын қадағалаймын;
– Сынып оқушыларын түгендеймін;
– Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылаймын.
Сыныпта №1 қосымша негізінде «Кубик» әдісі арқылы психологиялық ахуал қалыптастырамын.
|
– Сәлемдеседі;
– Тазалықтарын қадағалайды;
– Назарын сабаққа аударады.
Кубикті бір-біріне лақтырыу арқылы, өздерінің ыстық лебізін, мақтауын, тілегін т.б. жеткізеді.
|
|
№1 қосымша
Бағалау парақшасы
|
Ортасы
(35 минут)
|
Оқушыларды топқа бөлу мақсатында №2 қосымша негізінде берілген «Пазл» әдісін жүргіземін.
Өткен сабақты пысықтап, үй жұмысын тексеру мақсатында №3 қосымша негізінде «Мысық пен тышқан» ойынын жүргіземін.
Өткен сабақпен байланыстыра отырып, жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстырамын.
Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығын анықтату мақсатында №4 қосымша негізінде «Хикая картасы» әдісі арқылы топтық жұмыс ұйымдастырамын.
Ұрпақтар сабақтастығын заманауи тұрғыда салыстыру мақсатында №5 қосымша негізінде «Дойбы» әдісін қолданамын.
Шығарманың жаңашылдығына баға беру мақсатында №6 қосымша негізінде «Ақылдының алты қалпағы» әдісін жеке жұмыс ретінде жүргіземін.
|
Пазл бөліктерінде берілген үзінділердің не Ақан серіге, не Құлагерге байланысты айтылғанын тауып, 2 топқа бөлінеді. Топқа бөлінген соң, пазл бөліктерін құрастырып, өз топтарының атауын шығарады.
Берілген сызба негізінде сұрақтарға арнайы уақын ішінде жауап береді. Бір топ мысық, бір топ тышқан рөлінде ойнайды. Мысық тышқанды басып озса, тышқан ұсталады. Ал, егер тышқан мысыққа жеткізбесе, тышқан мысықтан құтылады.
Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысады.
Берілген сызбаға әр топ тапсырмаға сәйкес оқиғалар тізбегін шығармадан дәлел келтіре отырып жазып шығады.
Әр топ ұрпақтар сабақтастығының заманауи тұрғыдағы ерекшеліктерін тізбектеп жазады. Жазған ерекшеліктерді қолдана отырып, екі топ «Дойбы» ойынын жүргізеді. Яғни, әрбір ерекшелікті айту арқылы, «Дойбы» ойынында жүріс жасап отырады.
Оқушылар әр қалпақ негізінде қойылған сұрақтарға өз көзқарасын білдіре отырып, шығарманың жаңашылдығына баға береді.
|
|