Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» баұо ақ филиалы оқо бойынша педагогикалық Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты диктант мәтіндерінің жинағЫ



бет38/49
Дата26.01.2023
өлшемі303,15 Kb.
#166532
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49
Байланысты:
ДИКТАНТ МӘТІНДЕРІ

11-СЫНЫП


Қонақ күту

Қонақжайлық – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі.Бұл дәстүр имандылықты айқындайтын


қасиет. Адамдарды тіліне, дініне, ұлтына бөлмей, дәм беру қонақжайлықтың негізгі белгісі. Қазақ халқының қонақжайлық қасиеті шетелдік саяхатшылар мен ғалымдарды әр уақытта таң қалдырған. Дәстүрлі қазақ қоғамында әкенің балаға қалдыратын мұрасының белгілі бір бөлігі міндетті түрде қонаққа тиесілі енші деп есептелінген. Отбасы үшін жолаушыны күтіп алу бұлжымайтын моральдық-этикалық қалып.
Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Қазақта «Қонақты қусаң – құт, ырыс, қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені. Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Қонақтарды «арнайы қонақ», «құдайы қонақ», «қыдырма қонақ», «қылғыма қонақ» деп бөлген. Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Әдетте шәйдi бойжеткен қызға құйдырады. Оның себебi қыз бала келешек шаңырақ иесi, ас иесi болғандықтан жастайынан қонақ күтудi үйрене берсiн деген ниет болған.
(191 сөз)


Дүниеқоңыздықтың кесірі

Емен аймағында тұратын жомарт бір адамның сана қаласына жақын маңда жүзім, құрма және тағы басқа да жемістер егетін бақшасы болыпты. ол кісі өнім жинайтын кезінде кедей-кепшіктерге, жанашыры жоқтарға, шамасы жоқ әлсіздерге зекет беру үшін, өнімнің басым бөлігін арнайы бөліп алып, таратып шығатын. Қартайып бойынан қуаты кетіп, дүниеден өткенде, балалары дүниеге салынып:


- Жанұямызда аз адам емеспіз. Асып бара жатқан дүниеміз де жоқ. Бұдан былай кедейлерге ештеңе бермейміз. Олар келмей тұрып, өнімімізді жинап алайық!.. деп өзара келіседі.
Аллаһ Тағала олардың жаман ниеттеріне қарай бақшаларының астаң-кестеңін шығарып, жермен-жексен етеді. Орасан жерді алып жатқан бақша адам танымастай халге келеді. Мұны көрген сараң жігіттер не болғанын білмей абыржып:
- Біз осы жолымыздан адасып қалдық-ау шамасы? – дегеннен басқа ештеңе айта алмай қалды.
Олар әкелерінің жомарттық танытып, мұқтаждардың көңілін аулап, кедейлердің қайырлы дұғасын алуы бақшасының өнімін одан сайын берекеттендіретінінен мақрұм еді. Ол жердегі бақша кедейлер мен жоқ-жітіктер бақшадан өз нәсіптерін алып жүретін-ді. Бірақ балалары әкелерінің таратқан зекеті орасан зор болып көрініп, оны бергілері келмейтін. Олар Аллаһтың бақша мен егіндікке берген берекетінің қайдан келетінінен мақрұм болатын. Өйткені ғапылдық пен дүниеге салынуы олардың жүректерін қарайтып көрсоқырлыққа итермеледі. Сондықтан да Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай деген: «Ғапылдардан болма».
(191 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет