Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Орталық Қазақстан Академиясы


Негізгі әдебиет: 3, 5, 7, 8, 9, 10, 11



бет23/66
Дата30.01.2022
өлшемі145,43 Kb.
#116378
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66
Байланысты:
УМК АҚША НЕСИЕ БАНК

Негізгі әдебиет: 3, 5, 7, 8, 9, 10, 11.

Қосымша әдебиеттер: 4, 11, 12, 15.

14.Несиелік ресурстар және олардың қалып-
тасу кездері


Несиелік ресурсттар және олардың қалыптасу көздері. Нарық жағдайында банктердің ресурстық потенциалын өсіру мәселелері және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету бірінші дәрежелі маңызға ие.

Несиелік ресурстар халық шаруашылығының уақытша бос ресурстары мен жинақтары (ақшалай және тауарлай формада) және банктік жүйенің арнайы несиелеу үшін арналған қаражаттарының жиынтығы.
Несиелік ресурстар ақшалай ресурстардың бір формасы. Демек, біздің көзқарасымызша, экономикалық белгісі бойынша анағұрлым дұрысы, несиелік ресурстардың қайтарымдылық негізде уақытша пайдаланылатын ақшалай қаражаттардың бөліктері ретінде айқындалуы болып табылады.
Коммерциялық банктер қарыз беру процесінде пайдалану үшін жинақтайтын несиелік ресурстар келесі көздер есебінен құралады:
• депозиттер;
• банкаралық займдар;
• депозиттік емес көздер;
• коммерциялық банктердін меншікті каражаттары.
Несиелік ресурстардың аталып кеткен көздерін ретімен қарастырайық.
Нарықтық экономикаға өту және банктік жүйені басқару құрылымындағы және сызбасындағы өзгерістер несиелік ресурстардың құрамында және көздерінде көрініс тапты. Несиелік ресурстардың құрамы біртекті емес. Несиелік ресурстардың анағұрлым тұрақты бөлігі болып депозиттік қаражаттар табылады, олар әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі. Депозиттердің салым ретінде орналастырылуы мүмкін ең төменгі шегі деген ұғым жоқ. Теория жүзінде ең жоғарғы шегі бар, өйткені банк Орталық банк аныктайтын өз қаражаттары мен міндеттемелері арасындағы нормативтік арақатынасты сақтауға міндеттенеді.
Депозиттер деп әдетте клиенттердің банкке белгілі бір талаптарының бар екенін куәландыратын банктік шоттардағы жазулар немесе клиенттердің банктердегі келісімдер және шарттар бойынша салымдар формасындағы ақшалай қаражаттары түсіндіріледі. Депозиттік операциялар негізінде банктердің несиелік ресурстарының көп бөлігі құралады. Банктік депозиттер жүйесі ағымдық салымдарды (қажет уақытында талап ететін салымдар), занды және жеке тұлғалардың мақсатты және мерзімдік салымдарын қамтиды.
Депозиттердің және депозитгік операциялардың дүниежүзілік стандарт деңгейіне дейін дамуы Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға тән, экономикалық жағдайлардың құрылуына қарай бірте-бірте жүретін болады. Мұндай жағдайлар болып коммерциялық банктердің толық акционерленуі және олардың қызметтерінің коммерциялануы, екі деңгейлік банктік жүйенің толық мәнді қызмет етуі, салымшылардың мүдделерін қорғайтын қүдықтық базаның жасалуы, ақша айналымын және ақша массасын реттеудің және бақылаудың жаңа әдістерін енгізу мен ең негізгісі — экономиканың нақты секторын жандандыру болып табылады.
Банктік тәжірибеде депозиттер бірнеше критерийлер бойынша жіктеледі: алыну формалары, салымшылардың категориялары, мақсатты бағыты, және табыстылық дәрежесі бойынша. Депозиттерді және депозиттік операцияларды ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі шоттар формаларының көптігімен ерекшеленеді. Депозиттік шоттар жүйесін құру үшін база ретінде шетелдік коммерциялық банктердің тәжірибесі пайдаланылуы мүмкін.
Нарық жағдайында коммерциялық банктер қолданатын әр түрлі критерий бойынша депозиттерді жіктеудің тәртібін келесі 1,2,3,4 сызбалардан көруге болады.
Бірінші сызбада көрсетілгендей, депозиттер алыну формалары бойынша екі топқа бөлінеді: кажет уакытында талап етілетін және мерзімді депозиттер.
Қажет уақытында талап ететін депозиттер шоттарда сақталынатын қаражаттардың сипатына және тиістілігіне байланысты былайша бөлінеді: кәсіпорындар және ұйымдардың, фирмалардың, компаниялардың, концерндердің және басқа да занды тұлғалардың есеп айырысу және ағымдық шоттарындағы қаражаттар; экономикалық міндеті әр түрлі қорларды сақтау бойынша арнайы шоттардағы қаражаттар; заңды тұлғалардың жекелеген шоттарындағы меншікті қаражаттары; есеп айырысудағы қаражаттар; басқа банктермен есеп айырысуларға байланысты корреспонденттік шоттағы несиелік қалдықтар; шетелдік банк-корреспондентер шоттарындағы қаражаттардың несиелік қалдығы.
Қажет уақытында талап ететін депозиттердің ерекшеліктері мынада: біріншіден, ақшаларды алу және салу кез келген уақытта ешқандай шектеусіз бөліктеп те, толығымен де жүзеге асырылады; екіншіден, ақшалар шоттан қолма-қол формада да, чек арқылы да алынуы мүмкін; үшіншіден, шот иесі банкке шотты пайдаланғаны үшін тұрақты айлық мөлшерлеме түрінде немесе әрбір жазылған чек үшін комиссиялық алым төлейді; төртіншіден, банк қажет уақытында талап етілетін депозиттер бойынша Орталық банкке мерзімді депозиттерге қарағанда ең төменгі резервті жоғары сәйкестікте сақтауға міндетті. Қажет уақытында талап етілетін депозиттердің негізгі артықшылығы жоғары тиімділігі, оларды төлем қаражаттары ретінде тікелей пайдалану мүмкіндігі болып табылады.
Мерзімді депозит анық белгілі бір мерзімі бар, ол бойынша тұрақгы пайыз төленеді және әдетте салымды мерзімінен бұрын алуға шек қойылады. Мерзімді депозиттер жеке тұлғалардың, компаниялардың, кәсіпорындардың және ұйымдардың банктерде шоттарға алдын ала белгілі бір мерзімге, әдетте 1 айдан кем емес, орналастырған қаражаттарын білдіреді.
Мерзімді депозиттердің ерекшеліктері мыналар болып табылады: біріншіден, шоттардағы қаражаттар есеп айырысуға арналмаған және оларға чектер жазылмайды; екіншіден, шоттардағы қаражаттар жай айналады; үшіншіден, мерзімді депозиттер бойынша пайыз төленеді (бұл кезде пайыздық мөлшерлеменің ең жоғары деңгейі жекелеген кезеңдерде Орталық банк арқылы реттелуі мүмкін); төртіншіден, мерзімді депозиттер үшін қажет уақытында талап етілетш депозиттерге қарағанда міндетті резервтердің анағұрлым төлем формасы белгіленеді.
Корпорациялардың, фирмалардың және басқа да коммерциялық ұйымдардың депозиттері
Біздің банктік жүйеге қатысты мерзімді депозиттердің біршама көп көрсететін формасы — бұл жеке тұлғалардың жинақ салымдары. Олардың қаражаттары белгілі бір шектеулермен алынуы мүмкін (мысалы, алдын ала хабарлап).
Қазіргі уақытта нарықтық экономикасы дамыған көптеген елдерде депозиттерді жіктеу екі жағдайды ескеруге негізделген:
1) депозиттің мерзімі, 2) сальшшылардың категориясы. Аталып өткендей депозиттердің мерзімі бойынша оларды потенциалда банктік ресурстар ретінде пайдаланумен байланысты ерекшеліктері бар. Салымшылардың категорияларына байланысты, әдетте, шоттардың келесі түрлері бөлінеді: жеқе тұлғалардың, корпорациялардың, акционерлік компаниялардың, орталық үқіметтің, жергілікті үкімет органдарының, қаржылық
Соңгы уақытта депозиттердің кейбір категорияларының арасындағы анық шекара жойылуда, депозиттердің әр түрлі түрлерінің қасиеттерін біріктіретің, “гибридтік” шоттар пайда болуда (мысалы, қажет уақытында талап ететін және мерзімді салымдарды біріктіретін шоттар).
Банкаралық займдар — банктің ресурстық потенциалының тұрақтылығын қолдау үшін ресурстарды қалыптастырудың маңызды көзі. Банкаралық несиелеу банктің тиімділік тенденциясын қолдау мақсатында жүзеге асырылады және негізінен қысқа мерзімді сипатта болады. Банкаралық займдар корреспонденттік қатынастар шеңберінде жүреді және банк ресурстарының басқа көздеріне қарағанда қымбат болады.
Банкаралық займдардың ерекшелігі мынада: біріншіден, банкаралық ресурстар банкаралық ақша нарығынан тартылады, екіншіден, әдетте, банкаралық несиелерді тарту клирингтік орталықтағы корреспонденттік шоттардың ақшалай қаражаттардың қалдықтары шегінде жүзеге асырылады.
Банкаралық ақша нарығында депозиттерді берудің және қайтарудың іс жүзінде кез келген комбинациялы мерзімдерімен бірге жасайтын несиелік мәмілелердің әр түрлі шарттары кең тараған. Осылайша ең қысқа мерзімді займ болып «бір күндік қысқа ақшалар» деп аталатын немесе «овернайт» депозиті болып (несиелік ресурстардың ертең қайтарылуы мен бүгін берілуі) табылады. «Бір күндік ақшалар» ақша нарығында жоғары сұранысқа ие, сондықтан, бұл займдар бойынша пайыздық мөлшерлеме (сыйақы) кейде анағұрлым ұзақ мерзімдік несиелік ресурстар бойынша мөлшерлеме деңгейінен бірнеше есеге асып кетеді.
Банктердің нақтылы тартылған ресурстар шегінде жұмыс істеуі банкаралық несиелеуде автоматизмды болдырмайды. Коммерциялық банктердің несиелік ресурстарды тіпті бір күнге тартуының өзі сәйкес мәмілені жасауды және талапқа сай рәсімдеуді талап етеді. Бұл жағдай коммерциялық банктердің жұмысын қауырт көрсетеді, оларды сағат сайын несиелік жұмсалымдарды қайта қаржыландыру мәселелерімен, яғни коршоттарға уақытында «дем беріп» және баланстың тиімді құрылымын қолдап отыру үшін нарықтан бос несиелік ресурстарды іздеумен айналысуға мәжбүр етеді. Соңғысы, банктің міндеттемелері бойынша төлейтін талаптардан ағымдық түсімдер есебінен дер кезінде төлеуді қамтамасыз ететіндей арақатынастың сақталуын ұйғарады. Егер ертең коммерциялық банктін клирингтік орталығындағы коршотында тапшылык орын алатын болса, онда, тіпті мерзімі бүрсүгінде белгіленген ірі ақшалай түсімдердің өзі және банктің банк операциясының есеп айырысу тиімділігінің мүмкіндігі, оны қаражаттарды ертең деп белгілеген мерзімге тарта отырып, мысалы, бүрсүгінде қайтару міндетінен босатпайды.
Банкаралық ақша нарығында бос несиелік қаражаттар жетіспеген жағдайда коммерциялық банк Орталық банктен қысқа мерзімді несие ала алады, ол банктік жүйеде “соңғы инстанциялы кредитор” қызметін орындайды және коммерциялык банкке өтімдіктің уақытша дағдарысын жеңуде көмек көрсете алады. Банкаралық несиелік ресурстардың екінші деңгейдегі банктер арасындағы қозғалысы, айналымдағы ақша массасы көлемінің өзгеруіне әкелмейді. Ол тек қатаң бақыланатын ақша массасы агрегаттарының МО, М1, М2, МЗ -арасындағы өзгерістерді тудырады. Өйткені, коммерциялық банктер мәмілелерді тек таратылған несиелік ресурстар және Орталық банктің ақша эмиссиясы негізінде ғана жасайды.
Коммерциялық банктер басқа кез келген заңды тұлға сияқты ресурстарды бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар, депозиттік және жинақ сертификаттарын шығару жолымен жинақтау құқығы бар. Бұл қаражаттар несиелік ресурстардың депозиттік емес көздеріне жатады.
Банк қызметіндегі банктердің меншікті қаражаттарын басқа ресурстарымен салыстырғанда мәнді ерекшеліктері бар. Қазіргі уақытта банктік мекемелер меншікті қаражаттары және резервтері есебінен ресурстарға деген жалпы қажеттіліктің 10 пайызынан кем емесін қамтиды, ал банктік емес қаржы-несие институттарда бұл арақатынас 40-55%-ды құрайды. Банктердің меншікті қаражаттарының мұндай ерекшелігі бірқатар жағдайлармен байланысты. Біріншіден, банктер өздерінің қаржы нарығындағы делдалдық роліне байланысты тұрғындардан, заңды тұлғалардан (фирмалардан, компаниялардан және мемлекеттік мекемелерден) депозит түрінде бөгде ақша капиталын тартады; екіншіден, салымдарды мемлекеттік қорғау жүйесі салымдарды жаппай алу қаупін едәуір төмендетеді және банктерге өтімділікті қамтамасыз етуге қажетті меншікті қаражаттардың бөлігін қысқартуға мүмкіндік береді; үшіншіден, банктік активтер нарықта анағұрлым өтімді және тез өткізілетін болғандықтан, бұл банктерге ақшалай ресурстарды біршама тез жинақтау мүмкіндігін қамтамасыз етеді және осыған орай меншікті қаражаттарға деген қажеттілікті төмендетеді.
Меншікті капиталды калыптастыру коммерциялық банктер қызметінің басталуы алдындағы міндетті саты болып табылады. Меншікті капитал — бұл бәрінен бұрын қаржылык ресурстардың көзі. Ол құрылтайшылар банк қызметінің бастапқы сатысында бірқатар бірінші кезекті шығындарды жүзеге асырған кезде де қажет. Меншікті қаражаттар ұзақ мерзімді активтерге (ғимараттар, құрылғылар) жұмсалуы мүмкін. Сонымен қатар, меншікті капитал құрамында: резервтік қорлар, негізгі құралдар қоры, амортизациялар және банк ісін дамыту қоры есепке алдынады.
Ерекше несиелік ресурс болып эмиссиондық ресурс табылады. Оның несиелік ресурс ретінде құралуы және пайдалану мүмкіндігі келесімен байланысты: тұрғындардың қолма-қол ақша түрінде алатын ақшалай табыстары бірден жұмсалмайды, сондықтан банктің кассаларынан берілетін қолма-қол ақшалардың осы кассаларға келіп түсетін түсімдерден бір жыл ішінде артық болуы тұрғындардың өз табыстарының бөлігін жұмсамай-ақ банк тұлғасында мемлекетті несиелеуін білдіреді.
Үлестірілмеген пайда — бұл банктің қарамағында қалатын пайданың жинақталған бөлігі. Жылдың аяғында банктің барлық нәтижелік шоттарының сомалары пайдалар және зияндар шотына аударылады: бұл сомалардың бір бөлігі пайдалар және зияндар шотына; екінші — төленетін дивиденттер шотына; үшінші — салық төлеуге; келесі бөлігі — резервтік қорларға аударылады. Қалғаны — үлестірілмеген пайда — банк несиелік ресурстар ретінде жұмсайтын қаражаттар қорын білдіред



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет