жЫ™™ циклондарпайда болады, орын ауыстырады, жоғалады, бірақ көп оладыр ТЗ еСеППеН Ж0ҒарЫ ҚЫШМ м¥хиттаР Үсті ме« субтропикада басым биіктік жылы антициклондардың жиналған облысы арасында температура мен қысымнынң ерекше күрт өзгеретін зонасы – орасан зор энергия қоры бар биіктік фронттық зона құралады. Мұнда ағыңды ағыстар пайда болады, атмосфералық фронттар қалыптасады, циклондар мен антициклондардың көпшілігі түзіледі.
Атмосфераның жалпы циркуляциясындағы циклондар мен антициклондардың ролі орасан зор. Жер айналуының ығысу әрекеті меридиандық ауа ағындарын ендікке айналдыра отырып, ендіқтер арасындағы ауа алмасуына кедергі жасайды. Төменгі ендіктерден жоғарыларға ауаның ауысуы, ал демек жылу алмасу да, негізінен алғанда циклондар мен антициклондар арқылы жүзеге асырылады. Бұл әсіресе тропиктен тыс ендіктерде байқалады. Егер интенсивті, биіктік және аз қозғалатын циклондар мен антициклондар қатар орналасса, бұл жағдайда, циклонның артқы жағындағы ауа жоғарғы ендіктерден төменгі, ан-тициклонның алдыңғы жағындағысы, керісінше, қоңыржай ендіктерден жоғары ендіктерге ауысады. Қоңыржай ендіктердегі атмосфера циркуляциясының мұндай типі - меридиандық деп аталады. Ол батыс тасымалы жақсы көрінетін, ал циклондардың артқы жақтарындағы ауаның басып кіруі өте мардымсыз зоналық типтен өзгеше. Қоңыржай ендіктердегі атмосфера циркуляциясының бұл екі типі жыл бойында бірін-бірі алмастыра-ды. Олар ауысқанда ауа райы біреуінің басым түсуіне байланысты.
Егер экватордағы төменгі қысым мен поляр облыстарындағы жоғарғы қысым те-миялық себептермен байланысты болса (бірінші жағдайда жер бетінен ауаның қызуы, екіншісінде суынуы), онда қоңыржай ендіктердегі төменгі қысым, ал субтропиктік ендіктердегі жоғары қысым дегеніміз – бірінші жағдайда циклондардың, екінші жағдайда антициклондардың жиналу нәтижесі болады.
Атмосфераның төселме бетпен өзара күрделі әрекеттесуінің нәтижесінде климат қалыптасады. Климаттың қалыптасуындағы басты роль Күн радиациясына – барлық атмосфералық процестер энергиясының көзіне тиісті.
Жер бетінде Күн радиациясының бөлінуі планетаның шар тәрізді пішінімен анықталады – бұл климаттағы ендіктерге байланысты айырмашылықтарды түсіндіреді. Жердің орбитаға қатысты оның осінің еңіс жағдайында қозғалысы жыл бойында Жер бетіндегі Күн жылуының әр түрлі бөлінуін, климаттың маусымдылығын, әр түрлі ендікте климаттың бірдей еместігін анықтайды. Жылулық белдеулердің – Жер климатының зоналылық негізінің пайда болуы осы арқылы түсіндіріледі. Климаттағы бұл айырмашылықтар Жер бетіне Күн жылуының түсуіне байланысты және төселме беттің сипатына тәуелді емес. Егер де Жер беті мүлде біркелкі болса, экватордан полюске қарай климаттың заңды өзгерісін анықтай отырып, олар да осындай орын алған болар еді.
Әр текті төселме беттің ықпалы Күн жылуының атмосфераға әркелкі қабылданып, берілуі, атмосфераға ылғал беріп отыруы, ауа қозғалысына ықпалы бір жылу белдеуі шегінде, түрлі климаттардың қалыптасуын анықтайды. Жарық түсу шектерімен климат белдеулері шектерінің дәл келмеуін түсіндіреді. Төселме бет дегеніміз климат қалыптасуының екі аса
маңызды факторларының екіншісі.
Су беті мен құрылық бетінің ықпалы әр түрлі болғандықтан климаттар теңіздік және континенттік болып қалыптасады.
Континенттік климат Мұхиттың жұмсартатын ықпалынан айырылған. Теніз климатынан оның басты айырмашылығы – континенттіктің өсуімен арта түсетін, температура тербелістерінің үлкен, жылдық және тәуліктік амплитудалары. Континенттік климатта ауа ылғалдылығы теңіздіктен аз, бұлттылық, жауьш-шашын, жел жылдамдығы азаяды.
Мұхит үстіндегі және оған жапсарлас континенттердің бөлігі үстіндегі климаттың қалыптасуына мүхит ағыстары зор ықпал етеді. Олар жылу мен суықты тасымалдайды. Суық ағыстар атмосфераның тұрақсыздығын азайтады. Ауаның вертикальды қозғалысын және жылу мен ылғал алмасуын әлсіретеді. Суық ағыстар үстінде булану жылы ағыстардағыдан гөрі аз интенсивті келеді. Бұлардың үстінде және олардың жылы ағыстарымен шекарасында тұман жиі пайда болады.
Мұхит ағыстарының ықпалымен бір ендіктердегі батыс және шығыс жағалаулардың климаттары түрліше болып шығады. Бұл айырмашылықтардың пайда болу заңдылығын Дүние жүзілік мұхит ағыстарының схемасы түсіндіреді. Экватордан шығатын ағым жылу әкелетін, ал экваторға қарай аратын ағым суық әкелетін болғандықтан, материктердің батыс жағаларының климаты шығысқа қарағанда қоңыржай ендіктерде жылырақ, тропиктік ендіктерде керісінше болуға тиіс.
Орографияның ықпалы (Жер бетіндегі биіктіктер мен әр келкіліктің өзара орналасуы) әсіресе таулы жерлерде ерекше болып келеді. Жоғарылаған сайын Күн радкациясының келуі арта түседі, бірақ сәуле шығару да арта түседі, сондықтан температура төмендейді. Кейде қыста кері құбыбысты, жоталар арасындағы шұңқырға суық ауаның келуінен туған температура инверсиясын байқауға болады. Жауын-шашынның мөлшері биіктікке қарай белгілі бір шекке дейін артады да одан жоғары да кемиді. Бұл шек сан алуан, өйткені ол ауа ылғалдылығы мен көтерілу кезінде ылғалдың бөліну интенсивтігіне байланысты (Гималай 1000–1500 м, Орталық Кавказ – 2500 м). Жауын-шашын қатты түрде жауып, еріп үлгере алмайтын жерде, тауларда климатқа ықпал ететін мүздықтар пайда болады. Таулардағы климат айырмашылығына беткейлердің түрлі экспозициясы, үстемдік ететін желдерге қарағанда олардың әркелкі орналасуы жол ашады. Ауа шағын қабатпен жайылғанда, әсіресе суық ауа ағыстарын тежеп қалатын барьер ретінде таулар климатқа елеулі ықпал етеді.
Тауларда ауаның жергілікті циркуляциясы өте жиі пайда «болады.
Таулардың атмосфера күйіне жасайтын ықпалына, горизонталь климаттық зоналылықты күрделендіре түсетін, климаттардың вертикаль белдеулілігі байланысты.
Төселме беттің климатқа ықпалын қарастыра отырып, поляр аудандарында едәуір алаңды алып жатқан қазіргі мұз басуға көңіл аудару қажет.
Мұз бен қардың шағылыстыру қабілетінің үлкен екені белгілі (альбедо 0,9-ға дейін). Егер де мұздар Жерді тұтас жабатын болса, оның бетінде ауаның орташа температурасы шамамен 100°С-қа төмендейтіні (қазір бұл 15° С) есептеп шығарылған. Поляр аудандарында мұздың басуы жоғарғы және төменгі ендіктер арасындағы температура контрастарын арттыра отырып, ауа температурасын қатты төмендететіні айқын. Бұлардың ықпалымен климат зональдылығы күшейе түседі.
Маусымдық шар басуы, өсімдік басуы және төселме беттің көптеген басқа ерекшеліктері климатқа ықпал етеді.
Төселме беттің климатқа ықпалының масштабы мейлінше сан алуан: бір жағдайда бұл материктер мен мұхиттардың, екіншісінде жеке тау жоталарының, үшіншісінде орман массивтерінің т. б. ықпалы. Бұл ықпалдар біріне-бір «үстемеленеді», сондықтан әрбір неғүрлым «ұсақ» климатта «үстемеленген» климаттың сипаттары болуға тиіс. Бір климаттық белдіктің барлық климаттарының горизонт үстіндегі Күн биіктігіне, күн мен түннің ұзақтығына, ауаның жалпы үстемдік етуші қозғалысына бағынышты міндетті түрде ортақ ерекшеліктері болады.
Атмосфераның циркуляциясы жоғарғы және төменгі ендіктерде Күн сәулелері әр келкі қыздырған Жердің біртекті төменгі беттерінде де болар еді, бірақ айтарлықтай күрделі болмас еді. Әртекті төселме бетті ықпалы атмосфера циркуляциясын күрделі ете түседі (мысалы муссондар, жергілікті желдер) және осы арқылы климаттың әр түрлілігі артады.
Дүние жүзілік ылғал айналымы системасында су бетінен құрылыққа ауа ағыстарының ылғал тасуының зор маңызы бар.
№9 дәріс Метеорологиялық приборлар мен бақылау әдістері.