Желдің бағыты мен жылдамдығын анықтау. Атмосфералық жауын-шашын мен булануды өлшеу.
Аненометр желдің жылдамдығын өлшеу үшін қызмет етеді. Шеңбердің жоғарғы жағына сым орнатылған. Әр сымның ұшында чашка орнатылған. Оның иілген жағы бір жаққа жарты бөлігі келесі жаққа қарайды. Шеңбердің келесі жағында винт, ол тиісті есептеуішпен байланысады. Шеңбер айналғанда әр есептеуіште үш тілше болады, үлкен тілі 0 ден 100 дейін, кіші тілдер жүз мың айналымды көрсетеді.
Есептеушті қосу үшін белгілі қашықтықтан ортаға екі жіп байлайды екі сақинаға кигізеді. Бір жіпті тартса, арретир жоғары ауысады, есептеуішті қосады, келесі жіпті тартса арректир төмен түседі есептеуішті өшіреді.
Желдің жылдамдығын анықтау үшін қазықты керекті ұзындыққа анемометрді бұрайды. Анемометр айналып тұрған бөлігін желдің жылдамдығын өлшеу мөлшеріне қойылады.
Жел анемометр чашкаларын басады иілген жағын. Иілген беті айналғанда желмен қозоғалады, сондықтан айналғанда крестовина қысымы әлсірейді.
Алғашында есептегіш 1236-ны көрсетеді, соңында 1825-1236=589 айналым немесе 5,9 айналым 1 секундта. Тексеру куәлік секундына желдің жылдамдығын 6,4 м/сек-ке тең.
Қол анемометр ерекшілігі автордың зерттелгені, анемометр дұрыс көрсеткіш болады, желдің бағыты көлденең крестовина бетінен сәйкес келсе жел крестовинаның тік бұрышынан соқса крестовина бірдей жылдамдықта өз айналуын азайтады, қате көрсеткіштер көрсетеді. Егер бұрыш жел бағытымен крестовина бетінен (300) болса, көрсеткіш мөлшерімен келеді. Егер бұрыш 730 кресттвина желде айналмай қалады, градус жоғарлап кетсе қарсы жаққа айналып кетеді өрсеткішті азайтады.
Тумбтар таблицасы
Атауы
|
Шартты белгілер
|
(вб) белгіленуі
|
орысша
|
халықаралық
|
солтүстік
Солт.-солт.шығыс
Солтүстік-шығыс
Шығыс-солтүстік шығыс
Шығыс
Шығыс-оңтүст.шығ
Оңтүст.шығ
Оңтүст.оңтүст.-шығыс
Оңтүст.
Оңтүст.Оңтүст. бат.
Оңтүст.бат.
Бат.оңтүст. Бат.
Бат.
Бат.солт.бат.
Солт.бат.
Солт.Солт.бат.
|
С
ССВ
СВ
ВСВ
В
ВЮB
ЮB
ЮЮB
Ю
ЮЮЗ
ЮЗ
ЗЮЗ
З
ЗСЗ
СЗ
ССЗ
|
N
NNE
NE
ENE
E
ESE
SE
SSE
S
SSW
SW
WSW
W
WNW
NW
NNW
|
0 н/се 300
22,5
45
67,5
90
112,5
135
157,5
180
202,5
225
247,5
270
292,5
315
337,5
|
Вильд Флюгердің құрылымы орнатылуы. Желдің бағыты мен жылдамдығын Вильд Флюгер арқылы анықтауға болады. Бір жағы жабық темір түтікге бір ұшымен тік ось киілген еркін айнала алады.
Жоғары жағына көлденең пленка бекітілген оның бір шетіне штативті доға орналасқан.
Келесі жағында қарама-қарсы салмақ. Пленаның бойына штативтерге қозғалмалы тақтай бекітілген. Тақтай жеңіл болмауы мүмкін 200гр немесе ауыр 800 грамм.
Ауыр желдің қатты жылдамдығын өлшеуге арналған. Түтіктің төменгі жағына флюгарка бекітілген противовеспен. Оның бағыты тақтайдың айналуына перпендикулярлы флюгарка екі металл пластикадан 200 бекітілген, бұл оның желге қарсы мықты тұруына жағдай жасайды.
Бүкіл система өз осьінде еркін айналады.
Қозғалмайтын осьте 8 ромб көрсеткіштері бекітілген. Біреуінде С-солтүстік. Осьтің төменгі жағы столбының аяғына винтеледі. Вильд флюгерін орнатқанда шұңқырды жаппай тұрып С әріпін солтүстікке қойып, орнатады. Столбының биітігі 10-12 метр болуы керек.
Вильдың флюгері құрылыс, ағаштардан ашық жерде орнатылуы керек.
Солтүстік бағытын нақты анықтау үшін столбының меридиан бағытын анықтау.
Желдің жылдамдығымен бағытын анықтау.
Жел флюгаркаға әсер етіп екі тақтай тең болғанша бұрайды. Сонда противовеспен стиржені қайжан жел соғып тұрғаның румбын көрсетеді. Егер, мысалы көрсеткіш бойынша противовеспен стержень С әріпін көрсетсе, солтүстік жел байқалады. Желдің жылдамдығын анықтау үшін қай штативтермен, қай штативтің жанында темір тақтай ырғалып тұрғанын кітапшаға штатив номерлерін жызып алу керек.
Оны 2 минуттай бақылау керек. Желдің жылдамдығын шатативтермен белгіленен метр секундқа айналдырады, таблицаны пайдалана отырып. Штиф номері 0 ден 7 дейін төменнен жоғарыға есептеледі.
Бақылауды түнде жүргізу үшін флюгерден төмен электр шам орнатылады. Рефлекторымен флюгерге жарық түсетіндей.
Прибор болмаған жағдайда желдің жылдамдығын шартты шкаланы пайдаланып анықтауға болады.
Мақсатқа жету үшін жергілікті жердің белгілі уақыт аралығын (айға, жылға, маусымға т.б) бтаблицасы болу керек. Талблицада байқалған жағдайлар әрбір румб бойынша немесе процентке шаққанда болуы мүмкін.
Бақылаушы желдің бағытын жергілікті орында үлкен өндірістік маңызы бар. Мысалы: орман алаңдарын отырғызу бағыты, тоқтатушы бағытын анықтау т.б.
Желдің тарауын таблица немесе график түрінде көрсетуге болады. Ол үшін жел эрозиясы деп аталады. Мысалы: 82 б желдің қайталану бағытын есетеу мөлшері уақыттағы көрсетілген.
2-ші бағанда байқалған жағдайлар, 3-нде проценттік есептеу 100% желдің барлық саны, штильден басқа. Таблицадан жел шығыстан және оңтүстік- шығыстан жиі соғатыны көрініп тұр.
График сызып көруге, дәлелдеуге болады. Бір нүктеден негізгі жел немесе румб бағытын сызамыз. Бағыттардың арасы 450 –тең. Кез-келген масштабта әрбір бағытта.
Қол анемометрі
Жазғы жауын-шашындар қалыңдығымен өлшенеді. Егер түскен жауын -шашын буланбаса, топыраққа сіңбесе, ағып кетпесе жер бетінде қалар еді.
Қысқы жауын-шашында жиналған қар түрінде түседі. Ең алдымен еріп, оныжазғы жауын-шашын сияқты өлшейді. Қысқы уақытта қар жамылғысының тығыздығын және биіктігін өлщейді. Олар оның жылу сақтағышына және алаңда су қорын жинақтауын сипаттайды. Қосымша құрылғылар қар жамылғысын қабат бойынша өлшеуге мүмкіндік береді және мұзды бөліктердің орналасуы мен қалыңдығын анықтайды.
Тапсырманың орындалуы үшін керек: жаңбыр өлшеуіш және жауын-шашын өлшеуіш, өлшейтін стакан және мензурка. Жазғы кездегі қосымша жұмыстар үшін керек: топыраққа орнату үшін футляр және жауын-шашын өлшейтің шелек керек.
Жауын-шашын өлшеуіш және оның қолданылуы. Жауын-шашынды өлшеу үшін жаңбыр өлшеуіш қолданылады (сурет 1). Столбта орнатылған жоғарғы тайыз шелек (1) 2 метр биіктікте қыстық деңгейде болады.Жаңбыр өлшейтін шелектің көлдеңен кесігі 500 см2 ,биіктігі 40 см. Аумақтың көлемі әр уақытта болуы үшін шелектің жоғарғы жағына мықты сақина орнатылады. Шелектің ішінде түбінен басқа воронка сияқты диафрагма (2) бар. Диафрагманың төменгі жағында бірнеше саңылаулар бар. Шелекке түскен жауын -шашын оның төменгі жағына ағады. Диафрагмаға жиналған жауын –шашынның булануын қиындату үшін орналасқан. Шелекке жиналған жауын -шашын өлшейтін стаканға тура диафрагмаға жанама үлкен шелектің түтігі салынған (3).
сурет 1.
Жаңбыр өлшеуіш және жауын - шашын өлшеуіш.
Сақиналы тірекке шелекті орналастырып , тіректі айнала конустық қорғаныс қойылады (4). Жел кезінде шелектің шетіне жаңбыр өлшеуіште тығыздау ауаның ағымы және олардың қозғалысының жылдамдығы көтерілуі үшін қорғаныс керек. Сондықтан да шелек ауа қабаты үлкен жылдамдықпен аэродинамикалық қақпақпен жабылған болып табылады. Жауын- шашынның ұсақ тамшылары және қар бүршіктерінің жылдамдығы көтерілген ауа қабатына түсіп, жаңбыр өлшеуішке түспейді. Беткі жағы аздау болғанымен жиналған жауын – шашын аэродинамикалық қақпақпен жақсы жабылады.
Жаңбыр өлшеуіштің аздау беткі жағы, мысалы:жаңбыр өлшеуіштің беткі жағы 30 см2 болса, жіберілмейді. Мұндай жаңбыр өлшеуіштер түскен жауын –шашын мөлшеріне нашар нәтиже беретін болады. Жел қатты болған сайын оның ұшқындары көп болады.
Барлық қорғаныс мақсатының қолданылуы шелектің шетінен аэродинамикалық қақпақты қозғалту керек. Осындай жолмен оны аэродинамикалық алаңда түзету керек.
Ақырғы жылдары станция желісінде гидромет қызметіне жауын –шашын өлшеуіштер енгізілген. Жауын – шашын өлшеуіш шелектің беті 200 см2 , биіктігі 40 см. Онда тағы да воронка сияқты диафрагма бар. Онда қорғаныс толығымен емес, 16-ға бөлінген жоспардан тұрады. Олар бірдей орналасқан шелекті айнаға жоспарлы қорғаныс деп аталады.
Қазіргі уақытта метеорологиялық станцияларда жаңбыр өлшеуіштер мен жауын –шашын өлшеуіштерді кездестіруге болады.
Түскен жауын – шашынның өлшенуі. Жаңбыр өлшеуіш шелекте жиналған жауын – шашынның өлшенуі үшін оларды арнайы өлшейтін стакан –мензуркаға құяды. Себебі шелектің беті 500 см2 тұрақты болып табылады. Түскен жауын – шашын қабатының қалыңдығы 0,1 мм, шелектегі оның көлемі 500*0,01=5 см3. Егер өлшейтін стаканға әрбір бөлінген 5 см3 су құйып , стаканда бөлінген санды есептейді. Ол сан 10-ға бөлінген. Бұл түскен жауын –шашынның мөлшерін береді және милиметрде өлшенеді. Жауын –шашынның күніне 2 рет өткізіледі. Көбінесе 7 және 19 сағаттарда . Қысқы кезде шелекке қар жиналады. Осы еріген қарды өлшейтін стакан көмегімен өлшейді. Қыста қосымша қар жамылғысының биіктігін өлшейді. Ол рейкада сантиметрге бөлініп өлшенеді. Қысқы кезде қар жамылғысының биіктігі ақырындап көбейеді. Соның нәтижесінде шелектің бетінен қардың бетіне дейінгі ара –қашықтық азаяды. Ол 1 метр қалыңдықта кесігі әлсірейді. Жаңбыр өлшеуіштер айтуы бойынша қардың қалыңдығы 3 м биіктікте орналасуы керек.
Агрометеорологиялық әдістерде оның мақсаты үшін келесі жағдайларға байланысты жауын – шашынның өлшенуі жеткіліксіз:
1.Жауын –шашын жерге қандай көлемде түсетіні агрометеорологияны қызықтырады. Олар бір –бірінен мөлшері бойынша ерекшеленеді, бірақ олардың айырмашылығы тұрақты болмайды. Ол көбіне ауа райының жағдайына байланысты.
2. Қысқы кезде өлшегенде жауын – шашынның түскен мөлшері қате болуы мүмкін, яғни қар бүршігі өзінің үлкен беткейіне түседі.
3. Үлкен қар боран жасайды, олар мүлде жаңбыр өлшеуішретінде көрінбейді.олар 2 м жіне 3 м биіктікте орналасқан. Керісінше, қатты борандарда шелекке біраз көлемдегі қар жауын-шашын бола алмайды.
4. Бір тұрақты орында үлкен шаруашылықта әр түрлі бағытты анықтау үшін приборлар орналастырылады. Алаңдар әр түрлі бағыт көрсетеді: жақын орналасуы, қар бүршіктерінің болуы, биіктігі бойынша әр түрлілігі, тығыздығы мен мұзды бөлігі.
5. Сонымен қатар қар бүршіктерін бақылауда қосымша қабаттар және қардың тығыздығы мен қаттылығы анықталады.
6. Жазғы жауын – шашын өлшеу кезінде ауыл шаруашылық практикада оның мағынасы тек қана жауын – шашынның жалпы мөлшеріндей емес. Сонымен қатар олардың керекті мөлшеріндегі көлеміне байланысты. Осы жағдайда жауын – шашын түскен кезде тәулік уақыты маңызды орын алады.
7. Үлкен алаңдағы колхоз және совхоздарда әр түрлі аймақтар бір-біріне алыс қойылған. Олар жауын – шашынды бірдей мөлшерде алмайды.
сурет 2.
Топырақты жаңбыр өлшеуіш.
Агрометеорологияның мақсаты үшін жаңбыр өлшеуіш және жауын – шашын өлшеуіштен басқа қосымша приборлар бар. Сонымен қатар жазғы жауын – шашын өлшенуі кезінде қысқы жауын – шашыннан бөлу керек. Олар 2 түрлі тапсырмалар және оларды әр түрлі орындау керек. Жазғы жауын – шашынның өлшенуі. Жаңбырды өлшейтін шелектің кәдімгі түрі топырақта орналасқан. Себебі шелек жер деңгейінде орналасқан. Жаңбыр өлшеуіштің бетінде дәл осындай жақын метеорологиялық станцияларда және де күнделікті шаруашылық агрометстанцияларда бар. Қорғаныс цилиндр – футлярға дейінгі қашықтық 25 см-ге тең. Футлярда торлы және металды саңылаулар бар. Өйткені жаңбырдың жамылғысы топыраққа бөлінбейді.
Күз айының аяғында диаметрі 12 см, биіктігі 15 см болатын цинкталған қаңылтырдан жерге футлярды (1) көмеді. Футлярдың түбі тесілген болуы керек. Түбінің астында еріген су үшін шұңқыр болуы керек. Футлярға цинкталған қаңылтырдан стакан (2) қойылады. Стакан түбіне тым тиіп тұрмас үшін футлярдың түбіне, қабырғаларына қатпас үшін, стаканның шет жағына және астына біраз металды түтіктерді жабыстырады.
сурет 3. сурет 4.
Қар өлшеуіштің Қар өлшеуіштің
кескіні. жалпы көрінісі.
Жердің жоғары жамылғысында стакан дөңгелек бортты (3) иемденеді, егер стаканды футлярға қойса, борттар арасында пайда болған тесікті жауып тұрады. Стаканның ішіне өзінің жан – жағындағы топырақтан салады да диаметрі үлкен емес дөңгелек есікке вертикальды рейканы орнатады. Рейканың диаметрі шамалы болғандықтан оған цифрларды жазу қиын, сондықтан олар әр түрлі түстермен белгіленеді. Стаканда орналасқан рейка алаңда қысқа қардың қалыңдығын өлшеу үшін қалдырылады.
Қар өлшеуіштің жалпы көрінісі 4 суретте көрсетілген.
Зерттеудің белгітенген уақытында рейкағы цилиндрлік пышақты кигізеді (4), оның радиусы стаканның радиусымен бірдей. Цилиндрлік пышақты жан–жаққа айналдырып, ақырын стаканға түсіреді және цилиндрдегі бағытталған түтікті қолданады. Рейканың түбінен алып қардың бөлінген үлгісін стаканымен алып, үлгіні салқын жерге апарады. Мұнда цилиндрлік пышақты алып, алынған үлгіні зерттеуге жібереді. Ең алдымен қардың қалыңдығын мұзды бөлігінің орналасуын, содан кейін қардың қабаттарын анықтайды.
1 кестеде қардың қабаттарының сипаттамасы берілген.
Қабат қатары №
|
Қабаттың қалыңдығы (см)
|
S=100 см2-дағы қабаттың көлемі
|
Қабаттың салмағы (г)
|
Қардың тығыздығы
|
Қабаттың көлемі және түрі бойынша сипаттамасы
|
1
|
6
|
600
|
193
|
0,32
|
Құрғақ,ірі астықты
|
2
|
3
|
300
|
59
|
0,20
|
Сол сияқты
|
3
|
2
|
200
|
80
|
0,40
|
Сол сияқты
|
4
|
7
|
700
|
245
|
0,35
|
Сол сияқты
|
5
|
2
|
200
|
115
|
0,58
|
Сол сияқты
|
-
|
20
|
2000
|
692
|
0,35
|
Барлық үлгілердің жалпы тығыздығы
|
Рейкалар бір –біріне 2-3 м ара –қашықтықта орналасуы керек. Рейкалар алаңдарда әр түрлі тобымен орналасуы мүмкін.
Плювиографпен жаңбырды тіркеу. Плювиограф жаңбыр құлауын өлшеуге арналған. Плювиографтың жазуы бойынша анықтауға болады:
а) жаңбырдың басталуы мен аяқталуы
б) жаңбырдың құлау мөлшері
в) жаңбырдың әр түрлі уақыт аралығындағы интенсивтілігін анықтау.
Плювиографтың құрылысы (5 сурет) цилиндрлі жәшіктің жоғарғы жағында шелектің көлдеңен кесігі 500 см2.
сурет 5.
Плювиограф.
Осы ыдыспен анықталған жауын –шашын ішінде вертикаль стержаны бар қалтқы (4) орналасқан. Түтік арқылы келесі ыдысқа құйылады. Стержанға горизонтальды қаламұш орналасқан.(5)
Ыдысқа (3)сифонды түтіктің бір буыны (6) енеді. Түбінде бақылау ыдысы (7) орналасқан. Жаңбыр жоқ күндері қаламұш лентада горизонтальды сызықты сызады.
Бірақ жаңбыр басталысымен ыдысқа (3) құйылатын су қалтқыны көтеріп , қаламұш лентада жаза бастайды. Жауын-шашын қатты болған сайын бұл қисық жоғары көтеріле береді.
Лентадағы жазылған жаңбырдың құлауы плювиограмма деп аталады.
Лентада горизонталь бойынша уақыт белгіленген, 2 вертикальды түзулердің ара - қашықтығы 10 минут, қою түзулердің ара – қашықтығы - 1 сағат. Әрбір бөліну вертикальды және қабаттың құлауына сәйкес келеді ( сурет 6).
сурет 6.
Плювиограмма.
Прибордың орналасуы плювиограф ғимараттан, ағаштан, столбтардан, топырақ бедері бұзылған ашық жерлерде орналасады. Ол арнайы жер бетінен 2 м биіктікте болатын қондырғыды орналасады. Сағат 19-да сағаттың барабанға лентаны кигізеді.
Лентаны қойғанда оның төменгі бөлігі барлық уақытта цилиндрдің шетіне тиіп тұруын қадағалауы керек. Лента цилиндрда арнайы жолақты пружинамен ұсталынып тұрады. Қаламұшты сиямен толтырып сағаттық механизмді қосады, оны жүріске жібереді. Содан кейін қаламұшты лентаға қояды.Бір тәуліктен кейін сағат 19-да лентаны алады, онда алған кездегі уақытты жазады, барабанға жаңа лентаны қояды.Бақылау ыдыстағы (7) жауын-шашынды өлшеуіш стаканға құяды. Сткакан бөлінуі сол лентаға жазылады. Бұл жазулар приборлардың бақылау жұмысына қызмет етеді.
Лентадағы жазулар бойынша ең алдымен сағат өлшеуін тексереді. Оны лентадағы жазудың аяқталған уақыты мен түсірілген лентадағы уақытпен салыстырып анықтауға болады.
Лентадағы жазудан басталу уақыты, сағат бойынша жазылуы көбіне сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |