Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ш. Уәлиханов атындағы



бет9/10
Дата10.06.2017
өлшемі4,21 Mb.
#18969
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

22. Қанша адам жастар?

Республикадағы барлық зақымданғандар жастар, 19 бен 25 жас арасында.

121

23. Жер шарында АИВ жұқтырғандар мен ЖИТС-пен ауыратын адамдар санын қалай білуге болады?

БҰҰ-ның жанында ЖИТС-пен айналысатын бүкілдүниежүзілік ұйым бар. Олар қанша адам зақымданғанын, қанша адам қайтыс болғанын интернет жүйесі арқылы беріп тұрады. Бұл ақпараттардың cay адам үшін де, ауру адам үшін де еш құпиясы жоқ. Бізде де осындай жаналықтар қабылданып, таратылып отырады.


24. ЖИТС-тен міндетті түрде қайтыс бола ма?

Иә. Жер шарында бұл ауру дан І6 млн адам қайтыс болды.


25. ЖИТС қалай пайда болды?

ЖИТС жайында 20-дан астам әртүрлі тұжырымдар бар, тек олардың бәрі АИВ жайында тура ешқандай дерек бере алмаған. Негізінен АИВ жер шарында ертеден «маймыл вирусы» атымен тарай келе, табиғатта өз құрылысын әр түрлі құбылыстар арқасында өзгерте келе, адамның иммунитет жүйесіне ғана қарсы тұратын вирус болып өзгерген.


26.Басқа елдерде ЖИТС қалай тараған және олар бұл ауруға қалай қарайды?

Әрине, жер шарында ЖИТС тарамаған жердің түкпірі жоқ. АИВ жұққандар Қазақстанның барлық облыстарында бар. Алматы, Астана қалаларында да көп тарап келеді. Ең көп тараған жер Оңтүстік Африка, бұл елдегі барлық халықтың 20% закымданған.


27. ЖИТС-ке қарсы егетін вакцина бар ма?

Ондай жоқ. Әр жерлерде естіліп. қолданылып жүрген дәрілер еш нәтиже бермей жатыр.


28. Өзара ортақ дәретхана, ыдыс-аяқ арқылы және қол алысып амандасқанда, сүйіскенде ЖИТС жұға ма?

Олай жұғуы мүмкін емес, бірақ кей жағдайларда қатер бар. Мысалы, қол алысып амандасқанда ауру адам мен сау адамның қолында жарақат болса, ол қаңсырап тұрса, зақымдану қауіпі бар. Өзара ортақ дәретханада, егер отырғызғышта ауру адамның денесінен тамған заттар (қынап сұйығы немесе еркектің ұрығы) қалса, сау адамның отыратын санында жара болса, ол да кауіпті. Сүйіскен кезде ауызда жара болса немесе қатты, тістесіп сүйісу кезінде капилляр тамырлар жарылса, ол да қауіпті.


29.Тек қана «қатерлі топтағы» адамдар ғана ЖИТС-ті жұктыра ма?

122


Қатерлі топқа жататындар: жезөкше қыздар, нашақорлар, каңғыбас адамдар т.б. болған соң, бұл топтағылардың жұқтыру каупі мол болады.
30. Менің жақын досым гомосексуалист (ермен ердің қатынасы) естуімше олардың ортасында ЖИТС өтe көп. Досымның cay екенін қалай білуге болады?

Бұл ойыңыз дұрыс емес. Сіздің досыңыздың тәртібіне және жыныс қатынастық түрінің қаншама қатерлі екеніне байланысты. Бұл жолмен әр адам жұқтырып алуы мүмкін.


31. ЖИТС тек үлкен қалаларда ғана бола ма?

Қоғамдағы өмір өзгерістеріне қарай, халықтың өмірінің қиындауына байланысты, жұмыссыздық арқасында, кошіп қону көбейіп, ЖИТС 200-300 адамы ғана бар елді мекендерден де табылып жатыр.


32.Туа жұққан АИВ бар ма?

Иә, олай болуы мүмкін. Ауру анадан, ауру сәби тууы 25-50% қатері

бар.
33. Емшектегі бала ауырмай туып, АИВ жұқтырған анасынан жұғуы мүмкін бе?

Иә, егер сәбидің аузында, ернінде жара болса (стоматит), олай болуы мүмкін.


34. Егер туган бала ауру болса, одан ауырмайтын анасы, емшек беру кезінде жұқтыруы мүмкін бе?

Ола екі талай. Егер шешесінің емшегінің үші (бүрі) жарылған болса, ал баланың аузында, ернінде кансыраған жаралар болса.


35. АИВ тері арқылы жұга ма?

Егер адамның терісі сау болса жарасыз, кесілмеген болса олай болуы мүмкін емес.


36. Біздің мектепте АИВ жұқтырған қыз бар.

Онымен сөйлескен кезде ауырып қалуга бола ма?

Сөйлескен кезде адамның сілекейінде АИВ өте аз мөлшерде болады. Зақымдану үшін вирус сілекейден, қанға түсу керек, ол мүмкін емес, сондықтан қорықпауыңыз керек.


37. АИВ жөтелгенде, түшкіргенде жұға ма?

Ол мүмкін емес, себебі түшкіргенде, жөтелгенде АИВ қанға түсе алмайды.

123

38. Менің досымның айтуынша бірінші рет жыныс қатынасында болғанда АИВ жұқпайды?

Ол дұрыс, егер бірінші қатынас екі адамға да алғашқы рет болса.


39.Tiс жұлған кезде АИВ жұға ма?

Егер тіс жұлатын құралдар дұрыс тазаланып, жуылмаған болса ол мүмкін. Мұндай жағдайлар басқа елдерде болған, бірақ біздің республикада кездескен емес.


40.Қан кұю кезінде, инемен дәрі егу кезінде АИВ жұқтыру катерлі ме?

Оның бәрі медицина қызметкерлеріне байланысты. Ол үшін қан беретін адамдарды дұрыс сараптап, тексеру кезінде қате жібермеу керек. Және инемен шприцті әр адамға арнайы ғана қолданса жұктыру мүмкін емес.


41. Қан беру кезінде АИВ жұға ма?

Жоқ. Себебі қан алатын құралдар, қан алу жүйелері, бір ақ рет қолданылып, әрбір адамнан соң лақтырылып тастанады және екінші рет ешқашан қолданылмайды.


42. АИВ адамға жедел жәрдем көрсеткенде, әсіресе жасанды дем алу түрі «ауыздан-ауызға» жұғуы мүмкін бе?

Ол жұқпауға тиіс, тек жедел жәрдем көрсетуші байқап қарауы керек, ауру адамның аузында қан немесе жара болмауы керек.


43. Қан сорғыш жәндіктер (шыбын, маса) АИВ-ны жұқтыра ма?

Ондай жағдай болған емес.


44. Құлақ тесу кезінде және теріге инемен сурет салу кезінде АИВ жұға ма?

Құлақ тесуді тек емдеу мекемелерінде ғана жасау керек. Теріге инемен сурет салуды тек қана рұқсаты бар адамдар ғана сала алады. Егер сурет салушы бір инемен барлығына, тазаламай, жумай істесе ондай адамға бармаған жөн.


45. АИВ жұққан адамды сырт пішінінен білуге бола ма?

Сырттай білмейсіз. Бірінші жылдары ауру адам сау адамнан еш айырмашылығы жоқ.


46. Отбасы ерлі-зайыптылар АИВ мен закымданбайды деуі шын

ба?

124


Дұрыс емес. Ол ерлі-зайыптылардың тәртібіне байланысты. Егер екеуінің бірі нашақор болса, немесе екеуінің бірі жанұяда бірлігі, адалдығы болмаса олар «қатерлі топтарға» жатады және бір біріне жұқтыруы мүмкін.
47. АИВ жұқтырған адамға жыныстық қатынасқа түсуге бола ма?

Болады. Егер екі ережені сақтаса:

1) Ол өзінің ауруы туралы серігіне айтуға міндетті.

2) Жыныс қатынас кезінде міндетті түрде мүше қап (презерватив) қолдану керек. Немесе жыныстық катынастың қауіпсіз түрін қолдану керек (ұрыкты ішіне жүбермеу, қолмен ойнау) сияқты.


48. Спортшылар тобында АИВ жұқтырған адамның болуы кауіпті ме?

Егер бокс, күрес сияқты күш салынатын түрлері болса қауіпті, ал шахмат, дойбы сияқты түрлері еш қатер төндірмейді.


49. ЖИТС-ті неге жыныс қатынасы аркылы тарайтын ауруларға жатқызады?

Себебі барлық АИВ жұқтырғандардың 88% жыныс қатынас арқылы жұқтырған.


50. Егер кездейсоқ та, қауіпті жыныстық қатынастан құтыла алмайтын болсаң не істеу керек?

Ол үшін екінші адамды барынша жыныстық қатынасқа баруды кейінге қалдыруға көндіру керек. Егер ол көнбеген болса жыңыс қатынасының қай түрі болса да (қынап аркылы, ауыз арқылы, тікішек арқылы) бәрінде де мүше қап (презерватив) колдану керек. Ол сізді ЖИТС-тен ғана емес басқа да аурулардан сақтап қалады.


51. Қынап (влагалище) арқылы жыныс қатынасы кезінде қалай зақымдануға болады?

Жыныс қатынасы кезінде АИВ адам организміне лимфа жүйесі арқылы кіріп қанға өтеді. Зақымдаған адамның қынаптан шыққан сүйықтарында, еркектің ұрығында АИВ өте көп. Жыныс қатынасы кезінде қынаптың ең жоғары қабаты, үрпісі жыртылуы мүмкін, сол арқылы АИВ қанга өтеді, еркектің жыныс мүшесі де солай зақымданады.


52. Тік ішек арқылы қатынас кезінде ше?

Жыныс қатынасының бұл өте қауіпті түрі. Себебі тік ішектің тері қабаттары өте нәзік болып келеді, қатынас кезінде тез жыртылуы мүмкін, одан еркек адамның ұрыгы қанға тез сіңіп, жұқтыру каупі көп болады.

125

53. Ауыз арқылы жыныс қатынасы кезінде ше?

Бұл жолдың каупі аздау. Егер ер адам АИВ жұқтырған болса оның ұрығында АИВ көп молшерде болады. Ауыздың ішінде жара болса зақымдануга әбден болады.


54. Жезөкше қыздармен болу АИВ жұқтыруға неге қатерлі?

Жыныс қатынасынан кейін әйелдің кынабында еркектің ұрығы бірнеше сағатқа дейін сақталады, бұл қыздар бірнеше сағат арасында әр-түрлі адаммен болғандықтан, соңғы адамның АИВ жұқтыру қаупі бар.


55. Қынап (влагалище) арқылы жыныстық қатынас кезінде ерлер мен әйелдер бірдей закымдана ма?

Бұл жағдайда әйелдер тез зақымданады. Ол қынаптың құрылысына байланысты, оның тері қабаттары нәзік және қан тамырлары өте көп болғандықтан тез жарақаттанады және еркектің ұрығында АИВ көп мөлшерде болады, кынаптың сұйығына қарағанда.


56. Жыныс қатынасының барлық түрлері қауіпті ме?

Иә, барлық түрлері қауіпті, тек қауіпсіз жыныс қатынасы ғана адамды аурудан сақтайды.


57. Қауіпсіз жыныс қатынасы деген не?

Бұл жыныс мүшелеріңсіз қатынаста болу. Олар: өзін-өзі канағаттандыру, бірін-бірі қолмен канағаттандыру, әйел адамның кеудесі мен тәнін аймалау т.б. Бірігіп парнофильмдер көру. Сүйісу сияқты.


58. Мүшекап (презерватив) дегеніміз не?

Бастапқы кезде мүшеқап тек екіқабаттықтан ғана сақтау үшін қолданылып келді. Ол әр адамның жыныс мүшесіне кигізетін қапшық, ер адамның ұрығы соның ішінде қалады. Оны қой , ешкілердің ішегінен жасап келген, казіргі кезде полиуретан, латекс сияқты заттардан жасайды. Мүшеқап тек екіқабаттықтан ғана сақтап қоймай жыныс қатынас арқылы тарайтын аурулардан қорғайды.


59. Мүшеқапты (презерватив) қалай қолдану керек?

Оның сыртқы қапшығын жыртқан кезде орта шенінен абайлап жырту керек ұзын тырнағыңыз болса, ол мүшеқапты тесіп тастауы мүмкін. Мүшеқапты ер адамның мүшесіне қатайған (эрекция) кезінде ғана кигізе аласыз. Оның сырт жағынан кигізіп оны жыныс мүшесінің бойымен кигізеді ең шетінде, бас жағында, ұрыққа арналған қапшық болады. Ол бос болуы керек және ішінде ауа қалып қоймауы керек. Екі мүшеқапты бір-біріне кигізуге болмайды. Қатынастан кейін абайлап шешіп алу керек.

126

60. Мүшеқаптың барлық түрлеріне сенуге бола ма?

Оның қандай жерде сақталынуына байланысты, ыстық жерде жабысып, суық жерде жарылып тез жыртылады. Ең дұрысы мүшеқапты дәріханадан сатып алу. Жақсы фирмалар: «Симплекс», «Иннотекс», «Дюрекс».


61. Мүшеқап АИВ-дан 100% сақтай ала ма?

Егер сақтау ережесін бұзбаса, сатып алған кезде сыртының бүтіп болуы сақталу мерзімін, қандай фирма шығарғанын қарап алыңыз.


62. Егер жыныс қатынасы кезінде мүшекап жыртылып қалса ше?

Жыртылып немесе сытылып қалган болса, қатынасты тоқтатып, жаңасын киген жөн.


63. Ауыз арқылы жыныс қатынасы кезінде АИВ жұқтырмаудан қалай сақтануға болады?

Егер ер адамның мүшесін ауызбен аймалау болса, онда мүшеқап кигізіп кою керек, сонда ғана өзінді сақтайсың. Ал әйелдің жыныс мүшесін ауызбен аймаласа, ол үшін латекстің бір бөлшегімен жауып аймалау керек, латексті алу үшін мүшеқап жарып болу керек.


64. Мүшеқап сатып алуға ұяламын. Не істеуім керек?

Ол дұрыс емес, ұяттан аттап өту керек, ылғи достарың арқылы алып жүре алмайсың ғой, әркімге өзінің денсаулығы қымбат болады.


65. Біздін дініміз жыныс қағынас кезінде мүшеқап қолдануды рұқсат етпейді. Не істеуге болады?

Дінініз кездейсоқ жыныс қатынастарына қалай қарайды? Егер дініңіз оған да қарсы болса, екіқабат болмаудың басқа жолдарын іздеңіз, ал ЖИТС-пен басқа жыныс жолдары арқылы берілетін аурулар сізге жұқпалы тиіс.


66. Менің жүріп жүрген жігітім мені сүйсең мүшеқапсыз жыныс қатынаста болуын керек дейді. Не істеім керек?

Ол сізді сүйген болса, сіздің қоркынышыңызды түсінуге тиіс. Оған жоспарланған екікабаттықтан сақтану керек екендігін айтыңыз және ЖИТС жыныс қатынасынсыз да жұғатынын айтып, әр түрлі аурулардан сақ болу керек екендігін де түсіндіріңіз, сонда ғана өзара сыйластық болады.

127

67. Кездейсоқ болатын жыныс қатынасы кезінде серігіме жыныс қатынасының қауіпсіз түрін қажет ететінімді қалай жеткізуге болады?

Егер жыныс қатынасында бұрын болсаныз, бұл қатынас арқылы тарайтын аурулардың 15 түрі бар екенін ұмытпаған жөн. Бұл аурулар алғашқы бетте білінбейді де, соңынан әр түрлі ауруларға әкеліп соқтырады (ұрпақтарату мүшелері зақымдалады). Сондықтан мүшеқап кию міндетті түрде керек, ол сізді ауру мен мезгілсіз екі қабаттықтан сақтайды.


68. Қатерлі жыныс қатынас ұсынғанда қалай құтылуға болады?

Өзінді ұстай білу керек. Сіздің тәртібіңіз жақсы болса, болайын деп тұрған адам да өзінің тәртібін сақтауға тиіс. Ол адамға сіз жыныс катынасында қарсы емес екендігіңізді, тек бұның қауіпсіз жолын қажет ететініңізді түсіндіріп, көндіріп көрініз. Егер ол мас болса немесе нашақор болса онымен мүлде ешқандай қанынаста болмағаныңыз абзал.


69. Арак пен нашақорлық жыныс қатынасының қауіпті түріне қалай әсер етеді?

Жыныс қатынас алдында арақ пен есірткіні қолданбау керек. Біріншіден, адам өзін-өзі ұстай алмай, іс әрекетіне жауап бере алмайды. Екіншіден, сіздің серігіңіз үшін өте қауіпті. Статистика бойынша мерез жұқтырғандардың 10 адамның 9-ы ауруды мас күйінде жұқтырған.

Мастық пен есірткінің арқасында жыныс қатынасынан ләззат ала алмайсыз және ер адамның «ұятқа қалу» қаупті бар.
70. Менің достарымның ойынша нағыз еркек мүшеқапка алданбауы керек. Олардың арасында бөлектеніп, олардан калып қойғым келмейді, не істеуім керек?

Оған қиналманыз. Сіздің жолдастарыңыз қалталарыңызды тексере ме, немесе жыныс қатынасы кезінде жаныңызда тұра ма, әлде сізбен бірге қызыңызға бара ма?

Сондықтан да, оларға еліктемей өз жолыңызды біліңіз, соз мерезден емделіп жүргенше, оның соңында ЖИТС-те төніп тұр.
71. АИВ-ты екіқабаттықтан сақтайтын дәрілер (контрацептив) жоя ала ма?

Ешқашанда. Ол шаш жуатын су сабынмен (шампунь) ауызды шайып иісті кетіруге тырысқанмен тең.


72. Таблетка туріндегі контрацептивтер мен жатырдың (матка) аузына кигізетін жабушалар (колпачки) АИВ-тен корғай ала ма?

128


Жатырдың аузына кигізілетін жабушылар мен қынаптың диафрагмалары еркектің ұрығының жатырға өтпеуіне тосқауыл бола алады, бірақ ұрық АИВ жұққан болса, ол кынаптың тері қабаттары арқылы, жыртылған кезде өтіп кетеді. Ал таблеткалар болса, ол етеккірді ерте басталуына әкеліп соқтырады да, етеккір кезінде ауруды жұқтыру каупі зор.
73. Жыныс қатынасынан кейін бірден жуынған АИВ-тен қорғай ала ма?

Олай жуынып-шайынуыңыз өз тазалығыңызға қажет, жәй жылы су мен сабын АИВ-тен қорғай алмайды, себебі ұрық жатырға өтіп кетеді және сіз тек қынаптың сыртына аққанды ғана жуа аласыз. Ол үшін хлорланған утас (известь) немесе спирт қажет, бірақ олар да еш нәтиже бере алмайды.


74. Үзілген жыныс қатынасы (еркектің ұрығын қынапқа жібермеу) АИВ-тен сақтай ма?

Ол әсіресе әйел адамды зақымданудан сақтап қалатын бірден бір

жолы.
75. Тілмен сүйісу қауіпті ме?

Қауіпті, егер екі адамның бірінің аузында жара болса, немесе сүйісу кезінде тілді немесе ерінді тістеп алған болса.


76. Міне екі жыл бойы мен тек қана бір жігітпен кездесіп жүрмін, бұл қорқыныш ұялатуы мүмкін бе?

Егер серігіңізде сізден басқа еш адам болмаса, екеуініз де бір-бірінізге адал болсаңыздар, нашақорлыққа бармасаңыздар, сенімділік болса, қан құю болмаса, еш корқыныш жоқ.


77. Тазаланбаған ине арқылы АИВ қалай жұғады?

Ол оның қалай тазартылғанына байланысты. Иненің ишінде ұйыған қанның түйіршіктері қалып қояды, егер сол инені екінші рет тазаламай қолданса сол қауіпті.


78. Мен тамыр арқылы есірткі егетін нашақормын, өзімді қалай сақтауым керек?

Ол үшін есірткінің басқа түріне көшкеніңіз жөн. Олай істей алмасаңыз мына ережені сақтау керек.

1. Өзіңіздікі деген шприц болу керек.

2. Құятын есірткіні бөлмеу керек.

3. Есірткі құйылған шприцті алмау керек.

4. Есірткіні дайындағанда оған қан қоспау.

129

5. Есірткіні өзіңіз дайындаңыз.



6. Белгісіз адам келсе, оған есірткінің қалдығын беру.

7. Қолданған шприц пен инені «Белизнамен» тазартсаңыз да болады.


79. ЖИТС-ке қалай тексерілуге болады?

Біздің республикада ЖИТС-ке аты-жөнін жарияламай, төлем ақысыз облыс орталықтарында және үлкен қалаларда ЖИТС орталықтарында тексерілуге болады. Сондай-ақ кез келген емдеу мекемесі қан алады, ол үшін 3-5 мл қан керек.


80. АИВ-ке міндетті түрде кім тексерілуге тиіс?

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау агенттігінің №635 бұйрығына сәйкес 31. 12.98 жыл тексерілуге:

1) Қан берушілер (донор).

2) ЖИТС-пен ауыратындармен қатынастағы адамдар.

3) Тамыр арқылы ететін нашақорлар.

4) ЖЖБА-аурулар (жыныс жолдарымен берілетін аурулар).

5) Туберкулез ауруы.

6) Жеңілтек қыздар мен т.б. аурулар.


81. Тексерілудін нәтижесі қалай болуы керек?

Адамның қанында АИВ жоқ екенін, немесе АИВ-ке қарсы қанда жасушалардың (оған қарсы шыққан) пайда болғанын көрсетсе, адам АИВ жұқтырғанын айтады.


82. Жұқтырғаннан кейін қанша уақыттан соң АИВ-ты табуға болады?

Көбінесе үш немесе алты айдан соң.


83. АИВ-қа тексерілуге қайда бару керек?

Облыстық ЖИТС орталығына (Көкшетауда), бөлімшелері Астана, Степногорск, Атбасар қалаларында бар, кез келген аудандық ауруханада қан тапсыруға болады.


84. АИВ-ты табудың қандай түрлері бар?

ТМД елдерінде қолданылатыны ИФА (иммундық ферментті сараптау, зерттеу) бұл арқылы қанда АИВ-ке қарсы жасушаларды (антитела) табу, АИВ-тың бар екенін дәлелдейтін зерттеу-иммуноблот және т.б. түрлері бар.


85. АИВ-ты табу үшін зерттеу қалай өтеді?

Ол үшін тамырдан 3-5мл қан алып, оны тұндырып сосын қанның сары суын (плазмасын) алып зертке салады.

130

86. Тексерудің нәтижесі «канағаттандырылған» (положительный) деген сөз не?

Бұл адам қанында АИВ-ке қарсы шаққан жасушалардың табылуын немесе күрделі зерттеу кезінде АИВ-тың құрылысына қатынасты жасушалардың табылғаны деп айтады.


87. «Қанағаттандырылмаған» (отрицательный) деген сөз не?

Ол адам қанының АИВ-тан таза екенін айтады.


88. АИВ жұқтырғаныңды білмегенін дұрыс сиякты?

Ол дұрыс емес, өйткені адам өзін-өзі ұстап, тәртібін бұзбауы керек, таратпау ережелерін сақтауы керек және жаны ашитын жақын туыстарына жұқтырмаудың жолын табу керек.


89. Тексерудің нәтижесі «күдікті» (сомнительный) деген не?

Олай болуы мүмкін. Ол үшін зерттеуді қайталайды, зерттеуге алынған реактивтерді ауыстырып, басқа күрделі түрлерімен тексереді де, бар айдан сон қанды қайтадан алып тексереді.


90. Тексеруден жылына неше рет өту керек?

Міндетті түрде тексеру жоқ. Әр адам өзі шешеді, ол тәртібіне, өмір салтына байланысты. Егер күдікті жыныс қатынасты болсаңыз үш айдан соң, қан құйғаннан соң алты айдан кейін, одан басқа жағдайларда тексеруді дәрігерлер шешеді.


91. Барша халықты - АИВ-ке тексеру керек пе?

Оның кажеті жоқ, кейбір мемлекеттер Болгария, Куба бар халықты тексеріп көрді, нәтиже болмай шықты. Біздің Республикада міндетті түрде тексеруден өтетін топтар жайлы алдын ала айтып өттік.


92. АИВ жұккан болып шықса не істеу керек?

ЖИТС орталықтарындағы арнайы дәрігер-мамандарға бару керек.Ондағы сана-әлеуметтік кенес беретін дәрігерден кеңес алу қажет. Егер сіз Кокшетаудың тұрғыны болсаңыз, біздің мекен жайымыз:



Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 6 үй.
93. ЖИТС ауруларынан қалай емдейді.

Қазіргі кезде вирусқа қарсы ингибитор топтарына жататын дәрілер бар. Олар вирустың тез тарауын баяулатып, иммунитет жүйесін әлсіретуден сақтайды.

131

94. ЖИТС/АИВ жайында кіммен сөйлесуге болады?

Шынында келгенде, әрине ата-анаңмен. Бірақ, жыныс қатынасы туралы ашық әңгімені олармен сөйлесе алмайсың, мектеп ұстаздары валеология пәнінің мұғалімі немесе мектеп медицина қызметкерлерімен сөйлесуге болады. Егер олардан алған жауаптар ұнамаса ЖИТС орталығына келуіңе болады, ондағы мамандар бәрін түсіндіре алады, орталықта сенім телефоны да бар. Келген кезде аты-жөніңізді айтпасаңыз да болады.


95. Неге ЖИТС-пен ауырғандар қоғамда қуғынға ұшырайды?

Ол қате түсінік. Бастапқы кезде ауырған еркектер (гомосексуалистер) қуғынға ұшырады, оны олардың тәртібіне сәйкес «құдайдың жіберген залалы» деп келген. Қазіргі кезде ЖИТС миллиондаған адамға әр түрлі жолмен жұғып жатыр, ол әйелді зорлау кезінде, зорлықпен есірткіге үйреткен кезде, жезөкшелер арасында және әр түрлі медициналық көмек кезінде т.б. ЖИТС адамдардың байлығына да, жастың айырмашылығына да, ұлттың түріне де қарап бөліп жатқан жоқ.


96. Менін бір танысым АИВ жұктырған, оны қызметтес жолдастары онымен сөйлесуге қоркады. Ол дұрыс па?

АИР ауа арқылы жұқпайды, сөйлескенде, түшкіргенде, жөтелгенде жұғуы мүмкін емес. Адамның сілекейінің өзі тазарту қабылетімен бай зақымдану үшін сілекей мөлшері 5л дейін болу керек, ол сол мөлшерде қанға кірсе ғана зақымдануға болады. Сондықтан, ешқандай қорқыныш болмауға тиіс.


97. Менің ағам АИВ жұқтырған, оның жолдастарына айтуға қоркамын. Не істеу керек?

Әр адамның денсаулығы өзіне қымбат. Сіздің ағаңыз өзі шешуі керек, кімге айтып, кімге айтпауды. Егер ағаңыздың тәртібі, жүріс-тұрысы жолдастарына қатер төндірмесе, айтудың қажеті жоқ. Бәрақ өмірде әр түрлі жағдайлар болып жатады, егер ағаңыз апатқа ұшырап, мертіксе және қансыраса, жолдастарының біреуіне көмек көрсету керек болса ше? Бұны ойлап көру керек.


98. Менің алты жастағы қарындасым ЖИТС жайында білгісі келеді. Оған калай түсіндіруге болады?

Біріншіден, балаға түсіндіруге керек адамдардың әртүрлі адамдармен ауыратынын, аурулар адамдарға микробтар (кішкене жәндіктер) арқылы жұғатынын.

Бұл микробтар дәрі ішкенде жойылып, адам жазылып кетеді. Ал ЖИТС жайында айтқанда вирустың дәріден өлмейтінін және ақыры адамның өлетіні туралы айтып түсіндіру қажет. Балаға далада жүрген кезде жерде жатқан керексіз заттарды (әйнек, шприц пен ине т.б.) ұстамау, ойнамау керектігін айту керек, егер құлап қалса өзі ештеңе жақпай, ештеңемен жараны жаппай үйге шешесіне келу керек екендігін түсіндіріңіз. Сонда ғана қарындасыңыз абайлап жүретін болар.
99. Егер жақын досым АИВ жұқтырғаны жайлы айтса, өзімді қалай ұстауым керек?

Ол сіздердің қарым-қатынастарыңызға байланысты. Егер жыныс қатынасы немесе бірігіп тамыр арқылы есірткі егумен айналысқан болсаңыздар, сіз де міндетті түрде АИВ-ке тексерілуіңіз керек. Жәй дос болсаныз, досыңызды қиын жағдайда одан сырт айналуыңыз оған қатты соққы болады, ал сіз оған карайласаңыз көп көмек болады.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет