ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. Уәлиханов атындағы
Көкшетау мемлекеттік университеті
Қазақстан Республикасының денсаулық
Министрлігінің Ақмола облыстық ЖИТС пен куресу
және алдын алу орталығы
Бәрі
АИВ/ЖИТС
жайында
(оқу құралы)
Көкшетау-2004
ББК 55.Ія73 (5к)
Т32
Бәрі АИВ / ЖИТС жайында // Медицина қызметкерлеріне, жоғары оқу орнында оқитын студенттерге, аспиранттар мен магистранттарға арналған. Көкшетау. Ш. Уәлиханов атындағы КМУ, 2004.- 140 б.
Оқу құралы медицина ғылымдарының докторы,
профессор Ж.Т. Темірбековтің басқаруымен дайындалды
Құрастырушылар:
Қақабаев Ә.А., Ташметов К.К., Зандыбай А.З.,
Байгожин O.K., Пономарева Л.К., Пугач A.M., Багинский С.Р.,
Рахымбекова А.О., Жалмаканова Т.Б., Бабагулова А.К.,
Мурзагалиева Г.К., Бапенова Б.И., Пономаренко Л.И.,
Курманбаева А.С, Аубакирова Б.К., Габдуллина У.К.
Осы оқу құралы Қазақстан мемлекеті Үкіметінің 2001 жылдың 14 қырқүйектегі № 1207 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында ЖИТС эпидемиясына қарсы тұру» бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына енгізілген «АИВ/ЖИТС алдын алу» арнайы курс негізінде құрастырылған.
© Темірбеков Ж.Т.
© Ш.Уәлиханов атындағы
Көкшетау мемлекеттік
университеті, 2004
Мазмұны
Қабылданған қысқартулар
Кіріспе
1. АИВ/ЖИТС туралы нормативті құжаттар
1.1. Бағдарламаны іске асырудағы негізгі бағыттар
1.2. Бағдарламаны іске асырғанның қорытындысы
2. ЖИТС проблемасы
2.1. АИВ-ауруы және ЖИТС туралы түсінік
2.2. ЖИТС – ның эпидемиологиясы
2.2.1 Шығу тарихы
2.2.2 Таралуы мен жіктелімі
2.2.3 Таралу жолдары
2.2.4 АИВ-жұқтырғандар мен ЖИТС ауруының сыртқы көріністері
2.2.5 Лабораториялық анықтау
2.2.6 Емдеу
2.2.7 АИВ - ауруының психологиялық аспектілері
2.2.8 Алдын алу
3. ЖИТС-мен қабаттас аурулар
3.1. Вирусті герпес (ұшык) ауруы
3.2. Цитомегаловирусты ауру
3.3. Кандидоз
3.4. Токсоплазмоз
3.5. Пневмоцист өкпе қабынуы
3.6. Туберкулез
4. "Жастар және ЖИТС" бағдарламасы
4.1. Жастардың мінез-құлқының өзгеру дәлелі
4.2. Балалардың АИВ-ауруымен науқастануы
5. Оқыту бағдарламасы
5.1. Әңгімелер
5.2. Үйрету сабағы
5.3. Интерактивті оқыту
5.4. Жедел оқыту: жаңа тәсілдер 100 сұрақ пен жауап
6. Өзін-өзі бағалау және тестпен тексеру
7. Қолданылған әдебиеттер
Қабылданған қысқартылу:
ӘдМ - Әділет министрлігі
АҚТҚ - Адамның қорғаныш тапшылығынын қоздырғышы
АИВ - адамдағы иммундык жетіспеушілік вирусы
БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары
БҒМ - Білім және ғылым министрлігі
БҰҰ/ЖҚТБ - Біріккен Ұлттар Ұйымының ЖҚТБ/АҚТҚ
жөніндегі біріктірілген бағдарламасы
БЦЖ - bacille bilie Calmette - Guerin (BCG) туберкулезге қарсы
қолданылатын вакцина (туберкулез таяқшасынын әлсіретілген,
вируленттігі төмендетілген штамынан жасалған)
ДДА - дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы
ДД¥ - дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
ВИЧ - вирус иммунодефицита человека
ЕЖЕ - Ересектермен жыныстык қатынас жасайтын еркектер
ЕХҚМ - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ЕҒ¥ - енбекті ғылыми ұйымдастыру
ЖГХБ - жалпы гигиеналық халықаралық бюро
ЖИТС - жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы
ЖЖБИ - жыныстық жолмен берілетін инфекциялар
ЖҚТБ - жұктырылған корғаныш тапшылығының белгісі
ЖОО - жоғарғы оқу орны
ИК - иммундық кешен
ИЕТ - Инъекциялық есірткелерді тұтынушылар
ИФА - иммунно-ферменттік анализ
ІІМ - Ішкі істер министрлігі
МАКМ - Мәдениет, ақпарат және келісім министрлігі
КИБ - кеңейтілген иммундау бағдарламасы
КЖҚҚ – коммерциялық жыныстық қатынас қызметкерлері
ҚК - қорғану коэфициенті
КорМ - Қорғаныс министрлігі
РНҚ - рибонуклеин кышқылы
СҚ - салыстырмалы қатер
СПИД - синдром приобретенного иммунодефицита
СЭМ - санитарлық – эпидемиологиялық мекеме
СЭС - санитарлық эпидемиологиялық станция
СЭББ - санитарлық – эпидемиологиялық Бас Басқарма
СЭБО санитарлық - эпидемиологиялық басқару органдары
ТИ тиімділік индексі
ШТИ - шаралар тиімділігінің индексі
ТМД - тәуелсіз мемлекеттер достыгы
ЮНЭЙДС - UNAIDS - United National Program on AIDS - БҰҮ/ЖҚТБ
бағдарламасының ағылшын әріптік қыскартуы
ЮНИСЭФ - UNICEF - United National Cһildren’s Fund - Б¥¥ Балалар
қорының ағылшын әріптік қыскартуы
ЮНЕСКО - UNESCO - United National Educational Scientific and
Cultural Organization - БҰҰ-ның Білім, ғылым
мен мәдениет жөніндегі ұйымы
Б¥¥ДБ - Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы
ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы.
Кіріспе
ЖИТС 20 жылдан бұрын белгілі болған осы қысқа сөз өте қауыпты қасыреттің алдында адамзаттың дәрменсіздік белгісіне айналуда. ЖИТС эпидемиясы геометриялық жылдамдықпен асқынуда. Әлемде күн сайын онымен 6 мыңнан артық жаңа науқастар тіркелуде және сырткы көріністері айқын көрінген ауру адам тіркелмеген бірде - бір мемлекет қалмады десе де болады.
Адамзат тарихында ешқандай ауру өзіне осыншама қоғам назарын ешқашан аударған жоқ және АИВ - ауруындай экономикалық өте көп мөлшерде шығын әкелген емес. Аз уақыттың ішінде, осы салада басқа қоздырғыштар мен ауруларды зерттеуде, ондаған жылдарда істелмеген жұмыстар істелді. Оны іс жүзінде адамзаттың өсіп-өнуіне қауіп-қатер туғызатын дағдарыс ауруы деуге әбден болады.
АҚШтағы Гарвард университетінің деректеріне сүйенсек соңғы 20 жылда ЖИТС әлем қауымдастығына 200 миллиард долларға шығын келтіріпті және қазіргі күнде ЖИТС әлемдік деңгейдегі апат болып отыр. Сондықтан, БҰҰың Бас қатшысы Кофи Аннаннын "Мен ЖИТСна қарсы күресуге барлық қызығушы жақтардың толық қатынасуын өзімнің басты міндетім деп санаймын" деуінде көп мағна жатыр.
Қазақстанда ЖИТСмен күресу проблемасы АИВ/ЖИТС пандемиясына республикамыздың шалдыққан салдарынан пайда болды. БҰҰның ЖИТСке арналған қортынды бағдарламасының ресми деректеріне сүйенсек үшінші мың жылдықтаң басында бүкіл жер шарында АИВын жұқтырған 36 млн адам есепке алынған, оған қоса, АИВ-ауруы тіркеле бастаған 1981 жылдан бастап ЖИТСнан 28 млн адам қайтыс болған.
Сонымен, бәрін қосқанда, үшінші мың жылдықтын басында әлемде АИВын жұқтырған адамдардың саны 60 миллионнан асып жығылды.
Республикамызда 2003 жылдың 1 маусымының басында АИВ -жұқтырған 3591 адам тіркелді.
Осы залалдың ең көп тараған облыстар төмендегілер болды:
- Қарағандыда - 1265 АИВын жұқтырғандар, немесе Қазақстандағы белгілі болған жұқтырғандардың жалпы көрсеткішінің 35 пайызы;
- Павлодарда - 747 оқиға тіркелген, немесе жұктырғандардың 21 пайызы;
- Оңтүстік-Қазақстан - 416 оқиға, немесе 11,6 пайызы.
Өзіміздің Ақмола облысында 2003 жылдың 1 тамызында тура 57
АИВ-ауруының оқиғасы тіркелді. Обылыс республикада АИВ-ауыруының деңгейін анықтайтын территорияларға жатпайды.
5
Қазақстан республикасындағы ЖИТС эпидемиясы біршама төмен деңгейде дамыған мемлекеттер қатарына жатады. Дегенмен, АИВның тарауымен байланысты тұрақты, тіпті белсенді факторлардын орын алғаны белгілі болып отыр. Жылдан жылға инемен есіртке пайдаланатын адамдар, кездейсоқ жыныс қатынасымен шұғылданатын адамдар саны күннен-күнге артуда.
АИВ/ЖИТСың жабық мекемелер жүйесінде өріс алу қаупі орын алуда. Қазіргі кезде республикада әрбір төртінші АИВын тасымалдаушы осы мекемелерде тіркелінді немесе тіркелуде.
Б¥¥ агентствасының техникалық көмегімен 2000 жылдың ақпанында Астана қаласында Қазақстандағы АИВ/ЖИТС эпидемиясына жауап ретінде стратегиялық жоспарлу шараларына арналған ұлттық семинар өтті. Онда әлемде калыптасқан АИВын алдын алу тәжрибесіне сәйкес жұмыстардың басымдылығын қайта қарау туралы шешім қабылданды. ЖИТСың алдын алудағы әрекеттерді дайындау мақсатымен ҚР Премьер-Министрінің 2000 жылғы 17 мамырдаңы № 76 шешімімен ведомство аралық жұмыс тобы құрылды. Қызығушылық танытқан үкіметтік органдар мен мекемелердің, қоғамдық бірлестіктер мен халықаралық органдардын өзара іс-кимылдарын реттеуде басымдылық бағытты жасау Қазақстан республикасының стратегиялық жоспарлау Агентствосына жүктелді.
Күні кешеге дейін Қазақстанда АИВ/ЖИТС проблемасы тек денсаулық жүйесінің үлесіне жатқызылып келді. Негізгі шаралар оны анықтау сипатынан аспады, әрине мұндай бағыт аурудын тарауына тосқауыл бола алмады. Шындап келгенде АИВ проблемасы тек кана медициналық емес, тіпті онын қоғамдығы басымырақ, сондықтан оқиғаны тұрақтандыруды тек АИВмен адамдардың мүмкін болған жұқтыруын болдырмау және/немесе оны азайту арқылы іске асыруға болады. ЖИТСның алдын алу мәселелері денсаулық сақтау саласында ғана шоғырланғандықтан, оның эпидемиясының дамуымен байланысты медицинаға жатпайтын көптеген сұрақтарды, шешусіз қалдырылды.
АИВ/ЖИТС проблемасының төтенше маныздылығын және осы қасырет туралы оқиғалар мен әлеуметтік залалдын алдын алу туралы, әсіресі жастар үшін, толык мәліметтердің жоқтығын еске ала отырып, республикамызда "Қазақстан республикасында 2001 - 2005 жылдардағы ЖҚТБ эпидемиясына карсы тұру Бағдарламасы" жасалды және Қазақстан республикасының Үкіметі өзінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1808 "Қазақстан республикасындағы ЖИТС эпидемиясына қарсы тұрудағы үкімет саясатының Концепциясы туралы" каулысына қол қойды.
Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі өзінің 2002 жылғы 29 маусымындағы № 588 "АИВ/ЖИТС эпидемиясына қарсы тұрудағы 2002 - 2005 жылдардағы стратегиялық бағдарламасына" арналған
6
бұйрығын бекітті. Осы бұйрыкты іске асыру мақсатымен ұсынылып отырған "Барлығы АИВ/ЖИТС туралы" нұсқау дайындалды. Құрастырушылар өздерінің алдына койған міндет қаншалықты қиын болса да оның казіргі кезде мамандарға, мұғалімдерге, студенттерге және қазақ оқырмандарына мейлінше қажет екеніне үлкен жауапкершілікпен қарауға тырысты.
Келесі тоқталатын мәселе "Қазақстан Республикасының жұқтырылған қорғаныш тарыншылығынын белгісіне карсы іс-әрект жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы" туралы. Осы құжатта адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы - АҚТҚ және жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі - ЖҚТБ болып кысқартылынған. Біздің ойымызша келтірілген қыскартылулар есте ұстауға қиын және, ең маңыздысы, мағнасын түсінуде екі үштілік туғызды. Осыған байланысты құрастырушылар аталған қыстартулармен қатар қалыптасқан АИВ және ЖИТС қыскартуларын да пайдаланды. Осы қыстартулар бір - біріне қайшы келмейді, керісінше бір - бірін толықтырады. Солардың қай қолайлысын пайдалануды оқырмандар-дың өз ырқына қалдырылды.
7
1. АИВ/ЖИТС туралы нормативті құжаттар
а/ 1999 жылы БҰ¥/АИВның мүше елдеріне басшылық ретінде ЖИТС/АИВ-ның таралуына қарсы іс-әрекет жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға жаңа стратегиялық көзқарас әзірледі және ұсынды. Осы құжаттағы қарастырылған мәселелер:
- індеттің козғаушы факторларын анықтап, ахуалға талдау жүргізу,
олардың сатылылығын айқындау;
- жауап іс-шараларының тиімділігін, олардың ахуалға сай болуын сыни
талдауды жүзеге асыру, пайдаланылмаған мүмкіндіктерді анықтау;
- ресурстарды қайта бөліп, осы уақыт бөлігінде АИВ инфекциясының
таралуына тікелей байланысты басым бағыттар бойынша араласу
жоспарын жасау көзделді.
Осы стратегиялық Бағдарламаны жасау кезінде АИВ/ЖИТСның таралу проблемасы денсаулық сақтау секторы проблемаларының шеңберін әлдеқайда кең және барлық әлеуметтік секторларға қатысты екенін түсіну негіз болып табылды. Ұсынылып отырған АИВ - инфекциясына қарсы іс-әрекет бағдарламасы көптеген секторлардың күш-жігерін ЖИТСның таралуына карсы іс-әрекет жолына жұмсаудың бағыттарын айқындады. Ол тек техникалық мәселелерді ғана емес, сондай-ак қазіргі уақытта Қазакстанда ЖИТС/АИВның таралуында шектеуліне маңызы бар факторларды қамтуға ерекше назар аударды.
б/ Қазақстан республикасы Үкіметінің "Қазакстан республикасында ЖИТС эпидемиясына қарсы мемлекет саясатының Концепциясы туралы" 2000 жылғы 5 желтоқсандағы қаулысы.
Бұл өте маңызды құжат. Ол Қазакстан республикасында ЖИТС эпидемиясына қарсы тұрудағы үкімет саясатының Концепциясы мемлекет органдары мен мекемелерінің 2001 - 2005 жылдардағы басымды бағыттарын анықтайды. Алға қойылған мақсаттар орындалғаннан кейін, ендігі іске асырылатын шараларға өзгерістер енгізіледі (кейбір тәжрибе жүзінде орындалғандарынан бас тартып, ал кейбір нәтижелі деген әрекеттерді күн тәртібіне қоюға дейін).
Концепцияның негізгі мақсаты - Қазакстандағы АИВ - ауруының тарау қарқынын төмендету.
Негізгі іске асыратын принциптер:
- ЖИТСың аладын алуда мемлекет пен қоғам күштерін біріктіру;
- халықаралық және қоғамдық ұйымдармен кеңінен байланыс жасау;
- ЖИТСың алдын алу бағдарламасын іске асыру барысында адам құқығын сақтауды қамтамасыз ету;
- салауатты тұрмыс құруды, білім деңгейін өсірулі және білгендікті (насихаттауды) қолдау;
8
- басқа адамдарға қауіп туғызбайтын деңгейде халыктың осал, қатерлі топтарын алғашкы дәрігерлік көмекпен қамтамасыз ету.
Осы Концепцияда Қазақстанда ЖИТС эпидемиясына қарсы тұрудағы ұлттық шаралардың басымдығы ретінде адам мінез-құлкының себебтері (факторлары) анықталған. Осы кезде республикамызда АИВ - қасіретінің тарауы сол факторлармен байланысты болып тұр. Сондықтан ең маңызды әрекеттер АИВ жұқтыруға жол ашатын жеңілтектік пен санасыздықтың болмауына, жастардың мінез-құлқын тәрбиелеуге бағытталған жөн. Тек сонда ғана АИВ/ЖИТСың тарауына кеден қоюға болады.
Осы Концепцияны іске асырудың аркасында Қазақстанда ЖИТС-ың алдын алу жоспары мен бағдарламасы қабылданды, сонымен қатар ол аумақтық деңгейлерде де осындай бағдарламалар мен жоспалар жасауға негіз болды.
в/ «Қазақстан республикасында ЖҚТБ-ның індетіне қарсы іс-әрекеті жөніндегі 2001 - 2005 жылдарға арналған бағдарлама». Кәзіргі күші бар негізгі құжат. Осы Бағдарламаны әзірлеуге ҚР-дағы ЖҚТБ індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы туралы ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1808 қаулысының ережелері негіз болды.
Бағдарлама ҚР-ның Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы 1997 жылғы 19 мамырдағы , " ЖҚТБ ауруының алдын алу 1994 жылғы 5 казандағы Заңдарының, ҚР Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы Жарлығымен бекітілген "Халық денсаулығының мемлекеттік бағдарламасының және Бағдарламада 2001 жылдың мамырдағы ЖҚТБ/АҚТҚ бойынша Орталық Азия декларациясындағы және 2001 жылғы 27 маусымдағы ЖҚТБ/АҚТҚ бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы арнайы сессиясының ЖҚТБ/АҚТҚ саласындағы міндеттемелері жөніндегі декларациясының ережелері, соның ішінде АҚТҚ бар адамдарға ден қоюдың негізгі шарасы ретінде алдын алу бөлігінде күтімді қамтамасыз ету, қолдау мен емдеудің, адам құқықтарын сақтау, осалдығын азайту жөніндегі шараларды іске асыру ескертілген.
Жасалуы кезінде халықаралық донорлардың ресурстарын жұмылдыру қажеттілігі назарға алынды.
9
Бағдарламаның негізгі әзірлеушілері - ҚР-ның Денсаулық сақтау министрлігі
Бағдарламанын мақсаты мен міндеттері.
Оның жаппай таралу кезеңіне ұласыуына жол бермей АҚТҚ-ның таралуын шоғырлану кезеңінде тұрақтандыру. Халықтың АҚТҚ-ны жұктыруға қатысты осал жіктерінің жастар арасында жаңа адамдар мен толығуын азайту. АҚТҚ бар адамдардың кемінде 80 пайызын олардың контагиоздығы денгейін төмендететін медициналық және әлеуметтік бағдарламалармен қамту.
Бағдарламаның негізгі орындаушылары.
ҚР-ның Денсаулық сақтау министрлігі (ДСМ), Білім және ғылым министрлігі (БҒМ), Ішкі істер министрлігі (ІІМ), Қорғаныс министрлігі (Қор.М), Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕХҚМ), Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі (МАҚМ), Қаржы министрлігі (Қар.М), Әділет министрлігі (Әд.М), жергілікті атқарушы органдар.
Бағдарламаның іске асыру мерзімі - 2001 - 2005 жылдар.
Бағдарламаның негізгі іс-шараларының тізбесі.
Азаматтардың конституциялық кепілдік берілген құқықтарын қолдау және халықтың АҚТҚ-ын жұқтыруға қатысты неғұрлым осал жіктерін әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды өмірге енгізу. АҚТҚ-ын жұқтыруға қатысты қатерлі топтардың осалдығын азайту. Қоғамдық бірлестіктерді ЖҚТБ/АҚТҚ проблемаларын шешуге тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты жетілдіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі ақпаратты және білім беру бағдарламаларын жетілдіру. АҚТҚ-ның бастапқы инфекциясымен байланысты медициналық және әлеуметтік қызмет көрсетулердің сапасын арттыру. ЖҚТБ/АҚТҚ бойынша алдын алу бағдарламаларының орындалуын басқаруды және үйлетіруді жетілдіру.
Қаржыландырудың көлемі мен көздері.
Республикалық бюджеттің қаражатынан - 47,264 млн. тенге, соның ішінде 2002 жылға - 12,291 млн, тенге; 2004 жылға - 11,015 млн.тенге; 2005 жылға - 11,0 млн.тенге. Денсаулық сақтау салалары бойынша - 15,668 млн.тенге; Әділет министрлігі - 17,601 млн.тенге, Қорғаныс министрлігі -12,805 млн.тенге, Білім және ғылым министрлігі - 1,190 млн.тенге. Жергілікті бюджеттердің қаражатынан - 358,483 млн.тенге сомасында қаржыландыру кезделді, соның ішінде:
2002 жылға - 80,547 млн.теңге;
2003 жылы - 92,645 млн.тенге;
2004 жылы - 92,646 млн.тенге;
10
2005 жылы - 92,645 млн.тенге.
Қосымша тартылатын қаражат - 222441,908 млн.тенге.
г) Қазақстан республика Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 1207 жарлығы ҚР білім және ғылым жүйесінде "АИВ/ЖИТСың 2002 - 2005 жылдардағы эпидемиясына қарсы тұруға жасалған стратегиялық бағдарламасы" қабылданды. Бағдарламаны іске асыру мақсатымен Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі өзінің 2002 жылғы 29 маусымындағы № 588 бұйрығымен оны бекітті. Осы бұйрықты орындау үшін Ақмоланың медициналық академиясы УМО Департаментімен бірлесе отырып бірінші сынып студенттеріне арналған АИВ/ЖИТС ың алдын алу туралы арнайы 18 сағаттық (30 пайызы жоғарғы оқу орны құрамының мойнында) және 50 сағаттық жоғарға оқу орындар мұғалімдерінің мамандығын жетілдіру үшін оқу бағдарламаларын дайындады. Депертаменттің алға қойған мақсаты Ақмола медициналық академиясында, оған коса аймақтарда, салауатты тұрмыс құру проблемаларының Ұлттык орталығының төрт бөлімінде (Алматы, Астана, Семей, Ақтөбе қалалары) 2003 жылдан 2005 жылға дейінгі АИВ/ЖИТСың алдын алуға ЖООда мұғалімдар дайындайтын курстар жүргізу болды.
Бағдарламаның мақсаты.
Ауру туралы білімін жетілдіру және өз тәртібіне жауапты қарау арқылы АИВның окып жүрген жастардың арасында кең тарау қаупін төмендету. Осы нысанаға жету төменгілерді қажет етеді:
1. ЖОО-да 50 сағаттық оқу бағдарламасы бойынша АИВ/ЖИТСна бағытталған мұғалімдер дайындау:
- АИВ/ЖИТС туралы материалдарды игеру;
- жастарды салауатты тәртіп тәсілдері мен аурудың алдын алу шараларына үйрету;
- жастарды АИВын жұқтырған және ЖИТС науқасы бар коғамда өмір сүріп жұмыс істеуге көмектесу.
2. ЖОО-ғы студенттерді оқыту және тәрбиелеу:
- АИВ - залалының берілуі мен тарауына кедергі болатын белсенді тәрбие, тәртіп болуын қамтамасыз ету;
- алғашқы жыныс қатынасына ұстамдық жасау, қауіпсіз жыныс қатынас әдістеріне үйрету;
- алкоголь ішімдігі мен есіртке пайдалануға көз қарасты өзгерту;
- АИВ - жұқтырғандар және ЖИТС ауруларымен қарым-қатынас пен оларды қолдауды дамыту.
Осы жан-жақты бағдарлама студенттерді дипломға дейінгі оқытуға және денсаулық сақтау жүйесіндегі мамандарды дипломнан кейінгі қосымша мамандыққа үйретуге дайындалған. Ол мамандандыру циклы мен тақырыпты жетілдірудегі жоғарғы білім беру жүйесіне мамандар
11
дайындауда мазмұнын және оқытудың ұйымдастыру-тәсіл түрін анықтайтын нормативті құжат болып саналады.
"Тәлкіленген бағдарламаның" негізгі бөлімі болып оқу жоспары мен циклдардың оку жоспары болып саналады.
Циклдардың оқу жоспары тыңдаушылардың құрамын, олардың уақыт ұзақтығы мен қалыптаскан мақсатын анықтайды, бағдарламаның барлық келтірілген белімдерін игеру үшін оқыту әрекетінің түріне карай қажетті сағаттармен қамтамасыз ету де назардан тыс қалмаған.
Оку жоспары мен бағдарлама цикл кестесін құрудың негізі деуге болады. Онда көрсетілгендер:
- циклдің аты;
- бағдарлама, окыту түрі, циклдағы сабақтың мақсаты және оқушылардың құрамы;
- циклдың мерзімі (ұзақтығы) және әр тақырыпқа белінген сағат мөлшері, оның ішінде дәріске, тәжрибеге, семинарларға бөлінгені, әр тақырып жүргізілетін орны көрсетіледі (тәжрибе мен семинар сабақтары).
Бекітілген циклдың типті бағдарламасына оқушылардың құрамына байланысты дәріс пен тәжрибе тақырыпттарының жалпы сағаттарының 25 пайызына өзгертулер енгізуге болады.
Әр тыңдаушы жүргізілген сабақтын қортындысында өзі келген мекемеге және нақтылы тұратын мекеніне "ЖИТСмен күрес" бағдарламасын жасау туралы курстық жұмыс қорғауға тиісті.
Циклды жүргізу мен ұйымдастырудың нәтижелігіне баға беру үшін деканат жағынан тыңдаушылар арасында жасырын (белгісіз) анкеталық сұраулар жүргізіледі.
Оған қоса пәнді игеру үшін жасалған бағытталған бағдарламаға оқытудын міндетті түрі ретінде оқытудың басқа тәсілдерін де қолдануға болады, айтайык - семинарлар, апталықтар, стажировкалар.
Стажировканың негізгі мақсаты оқу барысында алынған теориялық білім мен үйренгенді тәжірибе жүзінде іске асыру. Стажировка арқылы игеріген мамандық пен ұйымдастыру қабілеттіктерді тәжрибе жүзінде қалыптастыру және шындау жүзеге асырылады.
12
Студенттерге арналган АИВ/ЖИТСың
алдын алудағы оку бағдарламасы
ББөлі-мі
|
|
Дәріс
|
Тәжрибе
Сабак
тары
|
Семи-нарлар
|
Барлығы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1 1
|
АИВ-жұқтырған мен ЖИТС туралы Түсінік. Тарихы. Таралуы. Топтастыру. Даму принциптері мен механизмі. АИВ/ЖИТСын алдын алу мәселелерін білудің маңызы.
|
2
|
|
2
|
4
|
2
2
|
Негізгі берілу жолдары және оның алдын алу. Жоғарғы қауіп-қатер тобы. АИВ-жұқтырған мен ЖИТСың негізгі Сыртқы көріністері. АИВ/ЖИТС және Жұқтыру қауіпі. ЖИТСмен қабаттас Жұқпалы аурулар
|
2
|
I
|
1
|
4
|
3
3
|
ЖИТС проблемасы және оның алдын алу. Мінез-құлқы мен гигиеналық икемділік туралы санитарлық-гигиеналық жұмыс-тар. АИВ/ЖИТСнан алдын алу мен корғану жолдары. АИВ/-ЖИТС-ын алдын алуда халық ағарту саласының маңызы.
|
3
|
1
|
2
|
6
|
4
4
|
«ЖИТС және қоғам» бағдарла-масы. Отбасында ЖИТСмен науқас адамдарға көмек. АИВ-жұқтырғандар мен ЖИТС пен науқастарды қудалау.
|
1
|
|
1
|
2
|
5
|
Жоғарғы белсенді оқыту тәсілдері: «АИВ/ЖИТС, ЖЖБА, жастар мен жас өспірімдер арасында зиянды заттарды пайдалнудың алдын алу».
|
|
|
2
|
2
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
6
|
Барлығы
|
8
|
2
|
8
|
18
|
Мұғалімдерге арналған АИВ/ЖИТСың алдын алуды
оқыту бағдарламасы
1
|
Салауатты тұрмыс құру стратегиясы. Салауатты өмір эпидемиологиясы. Қазақстан тұрғындарының денсаулық Жағдайының салыстырмалы сипты. ҚР Салауатты тұрмыс құрудың ғылыми және білімдік негізі. СТҚ іске асыратын жұмыс орны: құрамы мен мақсаты
|
2
|
|
2
|
4
|
2
|
Қазақстан республикасы оқу және білім Министірлігі сала-сында АИВ/ЖИТС Эпидемия-сына қарсы тұруға бағытталған 2002-2005 жылдардағы стратегиялық бағдарламасы.
|
3
|
1
|
2
|
4
|
3
|
Әлемде АИВ/ЖИТСың пайда болу тарихы. АИВ-жұктырған мен ЖИТС ауруы туралы түсінік. АИВ/ЖИТС тарауыны-ның жасқа, жынысқа, тіршілік ережесіне байланыстығы. Қазақстандағы АИВ/ ЖИТС жағдайын шолу.
|
2
|
|
2
|
4
|
4
|
Валеология - денсаулық туралы ғылым. ҚРда валеологияның дамуы, тұрғындардың әр сатысында салауатты тұрмыс құруды қалыптастыруда білім беру бағдарламасының ролі. Денсаулықты шыныктырудың теориясы мен түрі.
|
2
|
|
2
|
4
|
5
|
АИВ-ауруының негізгі берілу жолдары. Қауіптілігі жоғары топтар. АИВ/ЖИТСын негізгі көріністері. АИВ/ЖИТС және жұқтыру қауіпі. АИВ/ЖИТС туралы сұрақтарға кеңес, мәлімет беру
|
2
|
1
|
1
|
4
|
6
|
АИВ/ЖИТСың алдын алу жол-дары. Tәpтiп пен гигиеналық қылықтарды өзгертудегі санитарлық-ағарту жұмыстар. АИВ/ЖИТСнан қорғану. ЖИТСпен кабаттас жұқпалы аурулар.
|
2
|
4
|
2
|
8
|
7
|
«ЖИТС - коғам». Қоғамдагы ЖИТС ды адамдарға көмек. Көмек көрсету көздері Қоғамда-ғы сұрақ-жауаптар. АИВ-жүк-Тырғандар мен ЖИТС науқаста-рына көрсететін қуғындаудын түрлері. Окушы жастарға білім беру жүйесі.
|
3
|
|
3
|
6
|
8
|
Әр сатыдағы түрғындар мен оқушы жаста арасында сау-сала-матты тұрмыс құру және АИВ/ ЖИТСың алдын алу шараларын игеру саласында көпшілікке
жүргізетін насихаттың әдісі (акция, айлық, апталық).
|
2
|
|
2
|
4
|
9
|
Жоғаргы белсенді оқыту тәсіл-дері: «АИВ/ЖИТС, ЖЖБАың алдын алу»
|
|
|
6
|
6
|
10
|
«ЖИТС және онын алдын алу» бағдарламасын игеру әдістері.
|
2
|
|
2
|
4
|
11
|
Барлығы
|
20
|
6
|
24
|
50
|
14
1.1. Бағдарламаны іске асырудағы негізгі бағыттар
Бағдарламаның атауы - «Қазақстан республикасында ЖҚТБ-нің індетіне карсы іс-әрекет жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған бағдарлама». Қазір жұмыс істейтін, күші бар құжат болғандықтан оған толығырак тоқтауды жөн көрдік.
Бағдарламадағы келтірілген негізгі бағыттар:
- АИВың берілінуін болдырмауға бағытталған істеліп жатқан
қалыптасқан шаралардың нәтижелігін талдау;
- ИЕТ каупін төмендетуге бағытталған амалдарды іске асыру;
- АИВ-жұқтырғандармен бірге тұратын адамдардың олардан жұқтыру
деңгейін төмендетуге бағытталған шаралар;
- ЖЖБАның алдын алу және кадағалау шаралары;
- презервативтермен камтамасыз етуге бағытталған саясат;
- мінез-құлқы осал топтармен жұмыс істегендегі беделді секторлардың
араласуы;
- тәртіп бұзу саясатына өзгерістер енгізу.
Бағдарламаны іске асырудың мақсаты және оның міндеттері
Бағдарлама еліміздегі АИВ/ЖИТС-ың алдын алуының пәрменді жүйесін күруға бағьпталған.
1-ші мақсат. АИВ-ның жоғарғы сатыға кошуін болдырмай онын шоғырлану сатысында таралуын тұрактандыру, таратылуы еліміз бойынша түтас алғанда 5 пайыздан аспауы керек; бүл ретте АИВ-ын жыныстык жолмен жұктырған адамдардың үлесі жүктыру жолдарының күрылымында 20 пайыздан аспауы тиіс.
2-ші мақсат. Халықтың ИЕТ және КЖҚҚ топтарының АИВ-мен жүктыруына қатысты осал топтардың жастар арасындағы жаңа адамдармен толығуын азайту, жастардың кауіиті жыныстык тәртібін кеміту.
3-ші мақсат. АИВ-сын жүқтырған адамдардын кемінде 80 пайызын олардың ыктимал байланыс денгейін төмендететін медициналық және әлеуметтік бағдарламаларман камтамасыз ету.
Негізгі бағыт және бағдарламаны іске асырудың тетігі
АИВ/ЖИТС-ның проблемасына және құқық қолдану практикасына байланысты құқықтык қатынастар бойынша заңнамалык базаларды жетілдіру, мінез-құлқы катерлі және АИВ-сы бар адамдардың конституциялық кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын қорғау.
Мемлекеттік құрылымдар, азаттық қоғамдар және халықтың мінез-құлкы қатерлі топтарының арасында түсінушілік пен қолдау қатынастарын қалыптастыру
15
Білім беру бағдарламаларын өмірге енгізу және қатерлі өмір салтын жүргізудің қауіпті екендігін түсінуге пара-пар АИВ/ЖИТС проблемаларын дұрыс қабылдауға әсер ететін ақпараттық орта құру.
Медициналық қызметті, медициналық және тазалық мақсаттағы бұйымдардың сапасын бақылауды, АИВ/ЖИТС індетіне байланысты ахуалды бағалау мен мониторингін ұйымдастыру.
АИВ/ЖИТС жөніндегі алдын алу бағдарламаларын басқаруды, үйлестіруді және орындауды ұйымдастыру.
1.2. Бағдарламаны іске асырғанның қортындысы.
АИВ/ЖИТС-ның тарауына қарсы іс-қимыл сектор аралық деңгейге көтеріледі. Елде, ең алдымен адамдардың қауіпті мінез-құлқына байланысты жұқпалы ауруларды азайту жөніндегі әртүрлі секторлардың іс-шараларына негізделген АИВ/ЖИТС-ның алдын алудың икемді, әрі байыпты жүйесі жасалады. Есірткі және жыныс жолымен берілетін аурулар (ЖЖБА) мен аурушылардың есебін жүргізу тәсілдері, АИВ/ЖИТС-ның етек алуына қарсы іс-қимыл жасаудың басымдықтарына сәйкес құрылады. Індетті бақылау, алдын алу жұмыстарының талаптарына бағындырылатын болады. Мұның бәрі АИВ- инфекциясының таралуна қарсы тиімді іс-қимыл жасауға және оны дамуынын шоғырланған кезеңінде ұстауга мүмкіндік береді.
Қазақстан жағрапиялык жағынан Еуропа мен Азия құрлықтарының арасында орналасқандықтан Ауғанстаннан Ресей мен Шығыс Еуропаға есіртке тасу жолында жатыр, ол бір, екіншісі - күрделі әлеуметтік-экономикалык жағдай республика тұрғындарынның есіртке саудасымен шұғылдануына және есірткелерді инъекциямен тұтынуна колайлы мүмкіншіліктер туғызады, үшіншісі - жыныстық қызмет көрсетуге қолайлы жағдайлар туғызады. Міне осының бәре АИВың кеңінен тарауына қолайлы мүмкіншіліктер болып саналады. Осы бағатта бүгінгі күнге кажетті үкімет Бағдарламасын іске асыру АИВ-залалының кең тарау көздерін азайтады және елімізде эпидемиологиялық жағдайларды қалыптастырады.
2. ЖИТС проблемасы.
Адамзат тарихында ешқандай ауру өзіне осыншама қоғам назарын ешқашан аударған жоқ және АИВ - ауруындай ұлан - байтак экономикалық шығын әкелген емес. Аз уакыттың ішінде, осы салада басқа коздырғыштар мен ауруларды зерттеуде, ондаған жылдарда істелмеген жұмыстар істелді. Оны іс жүзінде адамзаттың өсіп-өнуіне қауіп-қатер туғызатын дағдарыс ауруы деуге әбден болады.
Осы уақытқа дейін ЖИТС-ын емдейтін дәрі табылған жок және адамды осы індетті жұқтырудан қорғайтын вакцина ашылмаған.
16
Адамзаттың барлық даму эволюциясында кішітұлғалар - вирустар, микробтар, гельмит кұрттары және т.б. коршаған, олар әрдәйім адамның биологиялық түр ретінде сақталуына қатер туғызған. Осы бәрімізге белгілі ақикатты арамызда жокқа шығарып күмән туғызатындар баршылық, тіпті олар білімді адамдардың арасында да кездеседі.
ЖИТС проблемасыда бұдан тыс қалмады.
ДДҰ-ның ұраны "Бәріміздің қарқынды әрекетімізбен ЖИТС
тоқталады".
ЖИТС-ың эмблемасы (шартты белгісі) - көгілдір үрей маскасымен біріккен екі қызыл жүрек эпидемияны мадақтайды және қаупінің маңыздылығын аңғартады және барлық мемлекеттер мен халықтардың біріккен әрекеті арқылы оны жеңу мүмкіншілігін аңғартады.
ЖИТС проблемасына қоғамның назарын аудару үшін суретші Франк Мур 1991 жылдың сәуір айында жаңа эмблема жасады - қызыл шаш бау (лента). Қызыл шаш бау үміт белгісіне айналды, ол ЖИТС проблемасына назар аударудың қажеттігіне коңіл аударатын адамдар даусын біріктіруге шақырады. Оны алғашында санаулы адамдар тақты - оз таланттарын эпидемияға қарсы пайдалануға келісім берген искусство адамдары кіретін "Visual AIDS" қайырым ұйымынын мүшелері болды. Қызыл шаш бау тез арада ЖИТС мен күресу белгісіне айналып, қоғамның әр сатысына кеңінен таралды.
ЖИТС немесе жүре пайда болған иммундық тарыншылық синдромы - табиғаты вирус өте ауыр жалпылай жұқпалы ауру. Кесел иммунитеттің айқын төмендеуіне әкеп соғады, соның салдарынан адам ағзасы жұкпалы ауруларды жұқтыру қаупінен және ісік залалдарынан корғана алмайтын болады.
17
2.1. АИВ-ауруы және ЖИТС туралы түсінік.
ЖИТС пен АИВ сөздері бәрімізге белгілі, бірақта бұлар не, оларда кандай айырмашылыктар бар екенін көбіміз білмейміз. АИВ дегеніміз адамда иммундық тапшылығын жасайтын вирус. Ұзақ уақыт АИВын жұқтырған адамның өміріне қауіп туғызбайды және өзі туралы ешқандай белгі бермеуі мүмкін. Адам ағзасы алғашында вирустың әрекетіне нәтижелі түрде қарсы тұра алады және осы "шайқас" бірнеше жылдарға созылады. Дегенмен вирус иммун жүйесінің бірсыпырасын бұзғанда ол өз міндетін атқара алмайды, соның салдарынан адам тіпті көптеген адамдарға катер емес аурулардан қаза табады. Осы АИВ-ауруының соңғы кезеңін ЖИТС - жүре пайда болған иммундық тарыншылық синдромы деп атайды.
ЖИТС-ың эпидемиясының басталғанына көп уақыт болмасада -небары 15 жыл өтті - осы ауруды шақыратын вирус ғылымда ертеден белгілі басқа вирустармен салыстырғада жан-жақты зерттелген: грипп, гепатит және басқадай вирустар. АИВ - ауруын қалай жұқтыруға болады немесе болмайда айдан анық белгілі және бұл деректер көптеген тәжрибе жүзінде дәлелденген. Соған қарамай эпидемия етек жаюда, себебі көптеген адамдар осы залал қ алай беріледі және одан қалай корғануға болатындығы туралы хабардар емес, ендеше білмейді. Тіпті білетіндердің өздері АИВын толық жұқтырмау мақсатымен салауатты тұрмыстары мен тәртіптерін өзгертуге құштарлы емес, әрдәйім мүмкіншіліктері болмайды.
ЖИТС-ың қоздырғышын 1983 жылы француз ғалымы Д.Монтанье мен американ зерттеушісі Р.Галло ашты. ЖДҰың Халықаралық комитеті осы вирусты - адамдағы иммундык жетіспеушілік вирусы (АИВ) деп атады.
ЖИТС қоздырғышы ретровирус нәсіліне жатады - ол өзінін РНҚ негізінде тұқымдық молекула (ДНҚ) жасайтын мүмкіншілігі бар белгілі тіршіліктегі жалғыз дара вирус, ал қалыптакан жағдайдан осынын бәрі керісінше. АИВ - табиғатта кездесетін ең құбылмалы вирустардын бірі. Ол қоршаған ортада тұрақты емес және өте өзгерімпаз.
АИВ иммун жүйесінің клеткалары - Т - лимфоциттар мен моноциттарда өсіп-өнеді, олардың әрекетін өзгертеді. Вирус адам хромосомындағы ұрыктық, нәсілдік хабарларды өзінің генетикалық кодына енгізіп, адамның иммундық жүйесіндегі клеткаларды коректену және өсіп - кобею үшін пайдаланады. Бұл иммунитеттің бұзылуына әкеледі және осының салдарынан косылмалы аурулар басын көтереді.
Бүгінге дейін АИВ-ың екі түрі белгілі, олардың генетикалық кодтары әртүрлі, бірақ құрамы мен сипаттары бірдей. АИВ - 1 әлемнің барлық түкпіріне тараған - Африка елдерінде, Еуропада, Азияда, сонымен қоса Орталық Африкада. АИВ - 2 Батыс және Оңтүстік Африкада басымырақ кездеседі: Сенегалда; Гвинееде, Малида және т.б. Келтірілген вирустардан басқа тағыда екі вирус белгілі, олар маймылдардан табылған, бірақ олармен адамдардың ауырғандары тіркелмеген. ЖИТС туғызатын вирустардың жалпылай шыққан жері, тегі бір деген болжамдар бар, оған сенуге болады.
18
Вирус тұрақты емес: кептіргенде, қыздырғанда (56°С жылылықта 30 минөтте) тез тіршілігін жояды, залалсыздандыратын химиялық заттар (спірт, хлорамн, хлор ізбесі) ықпалымен кенеттен өледі. Вирус асқорту жүйесіне түскенде асқорту ферменттері мен тұз кышкылының әсерінен тез бұзылады. Вирус адам терісіне түскенде сондағы тіршілік ететін бактериялар 20 минөт шамасында оны құртады.
2.2. ЖИТС-нын эпидемиологиясы.
Алғашқы рет АИВ туралы 1981 жылы, кейбір деректерге сүйенсек 1977, жариаланды және ауру геометриялық барыспен өсуде. Джон Силдің ойынша ЖИТС пандемиясы жақындағы 20 - 30 жылда жер шарының жарты тұрғынын құртуы мүмкін.
ЖИТС ың алдын алу және онымен күресудің Республикалық орталығының деректеріне сүйенсек Қазакстанда бірінші орында қан тамыры арқылы (есірткені қан тамырына құю) жұқтыру - 82 пайыз, екінші орында жыныс қатынасы - 9,1 пайыз. Жұқтырудың басқа жолдарының үлесі - 8 пайыз.
Жұқтырғандардың жастар арасында таралуына талдау жасасақ, олардың 55,2 пайызы 20 мен 29 жастағылардың үлесінде, 30 - 39 жастағылардың - 23,1 пайызы, ал 11,8 пайызы - 15 тен 19 аралығындағы жас өспірімдер екенін анықтаймыз.
Қауіпті топтарға гомосексуалистер (белсендісі де, ынжығы да), наркомандар, жыныс қатынасын таңдамайтын әйелдер, АИВ - ауруының ошағынан шыққан адамдармен жыныс қатынасында болғандар, жыныс жолымен берілетін аурулардан қорғануға мән бермейтін адамдар, жыныс ауруларымен науқастар, гемофилиямен ауыратындар және басқадай кауіпті топтар жатады.
Арақ ішу, темекі шегу, есіртке заттарды пайдалану адамдарды ұмытшақ және жыныс катынасын таңдамай кылатыны белгілі. Ондай адамдарда презерватив пайдалану мүмкіншілігі төмен және/оған коса АИВ/ЖИТСың алдын алу шараларын білмесе оның тарауының осал тұстарына жол ашады.
Жасырын жүргізілген сұрақтардың қортындысы әр оныншы наркоман жалпылай пайдаланған ине арқылы немесе өз инесімен есірткені жалпы ыдыстан (түтіктен) алудан ауру жұқтыратынына мән бермейтінін көрсетті. Сұрау жүргізген адамдардың 14 пайызы ауру түшкіру арқылы берілетінін мақұлдайды. Осы азда болса жүргізілген сұраулар жастардын АИВ/ЖИТС эпидемиологиясының мәселелері туралы білімдерінің төмен екенін көрсетті
19
2.2.1. Шығу тарихы
ЖИТС өзінің кең тарауын қай жерден бастады ? Бұл ауру 1981 бастау алған жылы АҚШ да ашылған, сондықтанда кейбір оқымыстылар оны АҚШнан дейді. Көптеген беделді мамандар ЖИТСың төркіні Орталык Африка дейді. Олардың ойынша вирус ертеден сырттпен қарам-қатынаста болмаған жеке аудандарда өмір сүрген, мысалы, ит мүрны өтпейтін ормандардағы коздырғышты жұқтырып, тұрып жатқан тайпы мекендерінде. Уақыт өте тұрғындардың мекенін ауыстыру процесінін жиіленуі мен Африкада қалаландыру басталғасын, оның тарауына мүмкіншіліктер пайда болды. Шындығында да дәл бүгін африкалық қалалар ЖИТСның әлемдегі ең көп тараған жерлері.
ЖИТС-ның пайда болуы жөнінде бірнеше баламалар бар. Олар төмендегідей. 1 - ші балама. Африканың кейбір аудандарында уран кенінің молдығынан радиацияның жоғарғы деңгейде болуы әсерін тигізді. Жоғарғы радиацияның жалпылай көрінісінің салдарынан жергілікті мартышка маймылында тіршілік еткен вирус өзгеріске ұшырайды, міне осы вирус адамға қауіпті болған.
2 - ші балама - қоздырғыш бактериологиялық қару ретінде лабораториялық жағдайда құрастырылған, бірақта оны іске асыру өте ұзак. Осы себебтен бұл әрекет іске аспаған, бірақ қоздырғыш лаборатория қабырғасынан сыртқа шыққан.
АҚШ-дағы ауруларды кадағалау Орталығы 1981 жылдын маусымында американ дәрігерлеріне кездескен жаңа синдром (белгі) туралы баяндама жариалады. Баяндама бар жоғы тоғыз обзацтан тұрып, бір параққа сиған. Сол кезде баяндама жасаушылар қандай кауіпті қасырет туралы хабарлағанын өздері де ойламаған. Осы белгісіз синдром соңынан - жүре пайда болған иммундук тапшылық синдромы деген атқа ие болды.
Болған істін маңызы неде болды: тіпті 1978 жылы дәрігерлер Лос-Анжелестің емханаларының бірінде жатқан төрт науқастың өкпе қабынуының ерекше дамуына назар аударған. Олар осы төрт науқастың өкпе қабынуына пневмоцист микробы себекер болғанын анықтайды. Ауру шақыратын қабілеті төмен болғандықтан микробтың бұл түрі ересек адамдарда ауру шақыра алмайтындығы медицинаға белгілі.
Сонда бұл не ? Бұл деген микроб адам ағзасының қорғану күшін, яғни оның иммнитетін жеңе алады деген сөз.
Дегенмен, ауру көз алдыңда, өте ауыр дамиды, өкпе қабынуын емдеп жүрген күнделікті қалыптасқан тәсілдер нәтиже бермеуде, тіпті төртеуінің де халдері нашарлай берген.
Науқастардын ағзасындағы қорғаныс күшін тексере келе дәрігерлер шын мәнінде төртеуініңде белгісіз себетермен иммунитеттерінің кенет төмендегенін дәлелдеген.
20
Оған коса, науқастардың төртеуіде гомосексулистер топтарының мүшелері болып шыққан.
Міне осыдан кейін, мүмкін, бұл жұқпалы ауру шығар, оның қоздырғышы жыныс қатынасы жолымен беріліп, гомосексулистер арасында тарайтын шығар, қанда болып, тұлғаның қорғаныс күшін әлсіртіп күнделікті жұқпалы аурулардың белсенділігін арттырады және олар сыртқы белгіле-рінің асқынуымен дамиды деген болжау туады.
Оқиғаның одан әрі дамуы осы болжамдардың көбі дұрыс екенін дәлелдеді.
Бүгін біразі айқын болғандай, жаңы синдром 1981 жылы ресми жариаланға дейін, дәрігерлер тек Америкада ғана мұндай аурумен кездесіп қана қоймаған, осыған ұқсас синдромдар 28 мемлекеттерде тіркеліп, науқастардын саны 100-ден асқан. Тіпті тек гомосексулистер ғана ауырып қоймай, жиі қан қүйғызған адамдарда байқалған. Барлық науқастарда клиникалық сыртқы көріністерінде тек қана өкпе кабынуы болмай, кейбіреулерінде тән залалды ісіктер (Капоши саркомасы) дамыған. Соңғысы да иммун жетіспеушілікке тән оқиға екені белгілі.
Осы окиғалардан кейін белгісіз аурудың қоздырғышан қарқынды және жанжақты іздеу басталды, ол 1983 жылдың ақпанында нәтижелі аяқталды.
Былайша айтқанда оқымысты Роберт Галло мен Люк Монтанье жетекшілік еткен АҚШ пен Франция лабораторияларында бір мезгілде мәйіт материалынан медицина ғылымында бұрын белгісіз вирус бөлінді. Өкінішке орай, осы кезде алғашқы тіркелген аурулар, жасалынған емге қарамай, өле берген.
Осы вирус ағзаның қорғаныш күшін әлсіреткен, яғни иммун жүйесін жарақаттаган, сондықтанда оны адамның иммун тарпшылығының вирусы, ал осы вирусты жұқтырған адамның иммун жүйесінің бұзылу салдарынан тұлғасында пайда болған өзгерістерді - жүре пайда болған иммундық тарыншылык синдромы, яғни ЖИТС деп атаған.
Сонымен, адамның иммундуқ тарпшылық вирусының (АИВ) "келбеті" қандай.
Ол әжептәуір ұсақ вирус, басқа вирустардан жекелейтін, айыратын бірнеше қасиеттері бар.
Біріншіден, АИВ вирусы ионды радиациянын ықпалынан өлмейді.
Екіншіден, АИВ вирусы өзінің өсіп-өнуі үшін иесінің генетикалық кодын пайдаланады және кейбір оның құрамдарын вирус өз ұрпағын өндіруге пайдаланады.
Біздің бағымызға карай, АИВын тұрақты, төзімді вирустардың қатарына жатқыза алмаймыз.
21
Таза культурада АИВ вирусы 56°С жылтқанда өледі, вирус кептіруге, тура күн сәулесіне төзе алмайды. Қандайда болсын залалсыздандыратын сұйықтар жеңіл тіршілігін жояды, тіпті басқа қоздырқыштарға "шамасы" жетпегендіктен қолданбайтын белгілі хлорлы препараттар да пайдалануға жетіп жатыр.
Спирті бар сұйықтар, тіпті оның 20 пайыздысы да әбсетте вирусты құртады.
Электронды микроскоппен тексергендегі вирустың сыртқы көрінісіде қызғылықты және шар сықылды томпақтармен қоршалған дөңгелекке ұқсайды. Олар вирустын өсіп-өнуі үшін қажет, шар сықылды томпақтар арқылы вирус адам ағзасындағы иммун жүйесінің алғашқы әрекетінің баспалдағы қанның Т - лимфоциттері деп аталатын клеткаларына жабысуға мүмкіншіліктер алады.
Адамның иммундық тапшылық вирусы ешқайда асықпайды, сондық-танда баяу, ақырын вирус деген атына сай. Олай деп атылу себебі - вирусты жұқтырғаннан кейін иммун жүйесін жарақатталып, қандайда болсын сыртқы белгілері байқалганға дейін жылдар өтеді.
Оқымыстылардың алға қойған келесі мақсаты осы вирустың шыққан көзін анықтау болды. Осы мәселенің басын ашу арқылы ауруға қарсы қолданылған шаралардың нәтижелі болуына үміт артылды.
Қазірдің өзінде, қоздырғыштың белгілі болғанына 20 жылдан артық уақыт өтсе де адамның иммундық тапшылык вирусының шығуы туралы пікір тартыс жалғасуда.
Шығуы туралы көптеген теориялар баршылык, тіпті олардың ішінде акылға симайтындары да кездеседі. Калифорния университетінің профессоры Брайан Куленнің пікірінше жер шарындағы алғашқы тіршілік динозаворлар ЖИТСнан апат болған. Мұндай пиғылға оқымысты хайуанның ДНҚ-ын зерттеу арқылы келген. Уфологтар вирустың космостан келгенін және сондағы мәдениетті коғам оны лабораториялық жағдайда генді инженерия әдісімен құрастырған деген тұжырымда.
АҚШ түрмелерінде өлім жазасына кесілгендерге 70 жылдары вируспен тәжрибе жасалынған деген деректер бар, осы АИВ болған, дегенмен кейбір өлім жазасын алғандар бостандыққа шығып, қоздырғышты ала шыққан.
Тарихшылар Эразм Ротердамскийдің өмірі мен өлімін зерттей келіп, осы қолбасшы ЖИТСнан өлуі ғажап емес деген болжам айтады.
Ал кейбірелер Мысыр фараондарының қалдығын зерттей келіп, олардын тіндерінен табылған вирус құрамдары адамдағы иммундық жетіспеушілік вирусына жатуы мүмкін деген қортындыға келген.
Не десек те АИВ-ын шығуы туралы басымды теория австралия ғалымы Ричард Шорттың үлесінде, оны "жаралы аңшы" теориясы деп сипаттауға болады.
22
Теорияның маңызы төмендегіше. Осы вирус Жер шарында ондаған және мыңдаған жыл маймылдардың иммундык жетіспушілік вирусы ретінде өмір сүрген. Жылдар өткен сайын оларда даму, эволюцияға байланысты қоздырғышқа қарсы тұратын иммун жүйесі пайда болған, сонғысы АИВын қабылдамайтын қылған. XX ғасырдың басында адам Африка континенттіндегі ну ормандарда тіршілік ететін хайуандар тіршілігін белсенді түрде игере бастады, оған қоса Африканың жергілікті тұрғындары өздерінің салтына қарай маймылдар етін тағамға пайдаланып жейді. Осының салдарынан адам ағзасына вирус көшті және орнықты. Бұл процесс оңтүстік - батыс Африка жерінде іске асуы мүмкін.
АҚШ Лос-Аломоседегі өте қуатты әскери-өнеркәсіп бірлестігінің қаружарақ күштерінде вирустың тұраралык берілуімен байланысты мүмкін болған әртүрлі эволюциялық оқиғалар сарапталған. Осы зерттеулердің қортындысы иммундық тапшылығының вирусының тұраралық берілуі 1931 жыл мен 1941 жылдың аралығында іске асқандығын көрсетткен, нақты мерзімі - 1931 жыл. Бірте - бірте иммундық тапшылығынық вирусы адам ағзасына үйренген және залалдандру касиеттер алған, яғни адамның иммундық жүйесін бұзуға бейімделген. Егер бастапқы кездерде иммун жүйелерін толық істен шығара алмаса, польша ғалымдарының пікірінше, Еуропада ЖИТС-ың бірінші лып етіп тарауы Гданскідегі неміс колонистерінде 1937 жылы тіркелген. Адамдардың өте қатты ауырғандарына қарамастан, ақырында олардың ешқайсысы өлмеген. Бірте - бірте вирус өзін-өзі жетілдірген, сөйтіп біз білетін қазіргі сипаттарына ие болған.
2.2.2. Таралуы мен жіктелімі
БҰҮның ЖИТС туралы біріктірілген ресми бағдарламасының деректеріне сүйенсек үшінші мын жылдықтың басында жер шарында 36 млн. АИВ жұктырғандар белгілі болған, одан басқа АИВ - ауруының тіркеле бастаған 1981 жылдан бері ЖИТС салдарынан 28 млн. адам өлген.
Сонымен, бәрін қосқанда жер шарында үшінші мың жылдыктың басында АИВ жұқтырғандардың саны 60 миллионнан артып түскен.
АИВ жұқтырған адамдардың ең көп тіркелген жері Африка тұрғындары.
Оңтүстік Сахара мен Кениядан ОАР дейін әлемнің 10 пайыз халқы тұрады, бірақ онда барлық АИВ - жұктыпғандардың 2/3 және ЖИТСнан болған өлімнің 85 пайызы шоғырланған. Қазірдің өзінде ЖИТСнан өлген адамдардың саны континенте болған барлық соғыстардан қаза болған адамдар санынан артып түсті.
Былайша алғанда бес Африка мемлекеттеріндегі ересек еркектердің 20 пайызы АИВ қасыретіне шалдыққандар. Африканың оңтүстік бөлігінде
23
алдағы 5-10 жылдарда адам өмірі 59 жастан (90 жылдардағы деңгей) 45 жаска (1950 жылғы деңгей) кемиді деген болжам бар.
ЖДҰ 1991 жылы XX ғасырдың соңында Африкада 9 млн. жұқтырған және 5 млн. өлім болады деп болжаған, ал болған оқиға үрейлендіреді - 24 млн. жұқтырғандар және 14 млн. өлім, қандай қайғы-қасырет десеңізші.
Оңтүстік Сахара аудандарында қазірдің өзінде әр үшінші бала ата -аналарсыз калған. Көптеген ОАР, Намибия, Оңтүсік Родезиядағы компаниялары казірдің өзінде жыл бойы ЖИТСнан бір адам өлетін болғандықтан бір жұмыс орнына екі адам қабылдайды.
Алғашкы космосты игере бастағанда Африкадан өтіп бара жатып космонавтар адам тіршілік еткен жерлерді байқаған: орман көлемінің азайғаны, игерілген жерлердің ұлгайғанын, ауыл - мекендердің пайда болғанын. Қазір олар керісінше жағдайды байқауда - орман жаңадан адам тұратын орындарды "игеруде", ондағы барлық тұрғындар ЖИТСнан өлу салдарынан бос калған ауылдарды көруде.
Біздің континетке келеек, АИВ – ауруының ең етек жайған жерлері Камбоджа, Мьяима, Таиланд елдері болып саналады.
Қытай, Непал, Малайзия елдерінде ЖИТС негізінен есіртке тұтынушылар арасында тарайды. Ендеше Қытайда 3 млн. наркоман тіркелген, солардың как жартысы жалпылай шприцті пайдаланады. Үнді мемлекетінде ЛИВ - ауруымен 4 млн. адам зардап шегіде, жалпы санынан бұл ел тек Онтүстік Африка "жол" береді.
ЖИТСның құрылықтар арасында тарауы:
- Оңтүстік Африкада 25 500 000;
- Солтүстік Африкада - 500 000;
- Латын Америкасында 1 500 000;
- Кариб бассейініде - 420 000;
- Солтүстік Америкада - 950 000;
- Шығыс Еуропада- 1 000 000;
- Батыс Еуропада - 550 000;
- Шығыс Азия және Тынық мұхит аумығында - 1 000 000;
- Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Азияда - 5 500 000;
- Австралия және Жаңа Зеландияда - 15 000.
ЖИТС-ның мемлекеттер арасында тарауы:
Индия -3 970 000; Ресей - 700 000; Қазакстан - 6 000;
Индонезия- 120 000; Украина - 250 000; Тәжікстан - 200;
Иран -20 000; Франция -100 000; Өзбекстан - 740;
Малайзия -42 000; Германия - 41 000; Румыния - 6 500;
Армения -2 400; Италия - 100 000; АҚШ - 900 000;
Азербайжан - 1 400; Португалия - 27 000; Бразилия - 610 000;
Белоруссия - 15 000; Кыргызстан - 500; Аргентина - 130 000.
24
Камбоджа, Мьяима мен Таиланд елдерінде ЖИТС кауіпті секс арқылы тарауда.
Дәл қазір әлемде адамның иммундық тапшылығының вирусы тіркелмеген бәрде бір мемлекет қалмады.
Әрине, әр елде АИВ ауруының тарауының өз ерекшеліктері бар; олар ұлттық, діни ерекшеліктеріне, тұрмыс деңгейіне, әйелдердің қоғамдағы орнына және т.б. әлеуметтік жағдайларға байланысты.
Дегенмен ЖИТСның тарауында жалпылай заңдылықтар бар, оларды бірде бір ел айналып өте алмайды.
Осы жалпылай заңдылықтарды білу тек мамандарға ғана емес, сонымен қоса, қарапайым тұрғындарға да өте маңызды мәселе. Себебі ЖИТС тарауынын әр сатысында халақтың белгілі тобының тәртіп, мінез - құлқына қажет болатын шектеулер коюды кажет етеді.
Сонымен, АИВ - қасыретінің тарауына үш саты қажет.
Бірінші сатысы алғашқы даму деп аталады, онда АИВ - ауруы коғамда онша тарап, белгілі деңгейге жеткен жоқ. Індеттің бір бірімен байланысы жоқ жеке оқиғалары тіркеледі.
Біздің елде Алматы қаласында 4 АИВ - жұқтырған адам анықталған 1987 жылдан бірінші кезен басталды да ол 1996 жылдың тамызына дейін созылды.
1996 жылдын тамызында нендей окиға болды ? Қазақстан республикасы АИВның тарау жағынан топталып даму деп аталатын екінші сатысына өтті. Бұл саты белгілі бір аймақта АИВ - ауруынын әжептәуір саны тіркелгенімен сипатталады. АИВ - ауруы жалпылай тұрғындар арасында тұрақтамай белгілі бір халықтар тобының ортсында тез тарайды. Республикамызда 1996 жылдың тамызынан бастап АИВ - ауруы Теміртау қаласының наркомандар арасында жылдам лып етіп етек жайды, тіпті сол жылдың аяғында осы қалада індетті жұқтырғандардың саны 30-дан асты, ал келесі 1997 жылы жұқтырғандардың саны 400-ге жетті.
Бірте - бірте АИВ - ауруының шоғырлануы Павлодар қаласында, Оңтүстік - Қазақстан мен Қостанай облыстарында пайда бола бастады.
Біздін мемлекет қазір індеттің шоғырланған даму кезеңінде деуге болады.
Үшінші саты - процесс асқынған(генерализация) сатысы, мұнда АИВ -ауруы жалпылай тұрғындар арасында тұрақтайды. Негізгі берілу жолы жыныс қатынасы болады. ТМД елдерінде Украина осы сатыда. Осы сатыда АИВ - ауруы қандайда болсын адамға қауіп туғызады.
Одан басқа, әлемде ЖИТС-ның нақтылы үш эпидемиясы байқалуда:
- АИВ - касыретінің әлемдік эпидемиясы;
25
- ЖИТС-ның эпидемиясы және сонымен байланысты басқа жұқпалы аурулардың энидемиясы;
- жоғарғы екі эпидемияға іс-қимыл мен әрекет эпидемиясы, яғни ЖИТС-ның мәдени, әлеуметтік және экономикалық тұрғыда түсіну эпидемиясы.
Өткен Совет Одағында АИВ - ауруының заманы Москва қаласында ЖИТСмен науқас анықталган 1984 жылдан басталады. Ол Танзания мемлекетінде бірнеше жыл Совет одағының елшілігінде аудармашы болып істеген тіпті жас азамат болатын. Соңынан анықталғандай, осы жас азамат жергілікті тұрғындармен көптеген гомосексуальды жыныстық қатынаста болған, соның салдарынан АИВын жұқтырған.
Небары 20 жыл ішінде АИВ - ауруы Одақтан кейінгі барлық пайда болған мемлекттерде тіркеліп үлгерді.
Тек 1987 жылы бұрынғы Одақта АИВ ауруын анықтау үшін арнайы жұмыстар басталды. Ең алдымен кан тапсыратын донорларды тексеру жүргізілді. Сол 1987 жылы Совет Одағында 400ден аса донорлар канын зерттейтін лабораториялар ашылды.
Жанжалы жоқ АИВ - ауруының таралуы жағынан ТМД елдерінің ішінде алдағы орында Украина. Осы мемлекетте ресми түрде 250 мыннан артық АИВ - жұқтырғандар тіркелген. АИВ - жұқтырғандар осы елде Батыс Еуропамен салыстырғанда 4-6 есе жиі кездеседі. Украина президенті 2001 жылдың қазан айында «АИВ - ЖИТС ның тарауына қарсы тұрудағы кезек күттірмейтін шаралар туралы» Үкімге қол койды.
Украина ғалымдарынын пікірінше, егерде жоғаргы үкімет денгейінде нәтижелі шаралар колданбаса алдымыздағы 10 - 15 жылда Украинада ЖИТСның ықпалынан 2 млн. артық адам өлуі мүмкін.
Қазірдің өзінде 100 адамның 15 жастағы жас өспірімдер арасында екеуі АИВ індетін жұқтыргандар. Ауру негізгі тұрғындар арасында айта каларлықтай тұрақтанды, жыл сайын АИВ - ауруының жыныс қатынасымен жұқтырғандар саны жылдам өсуде, олардың үлесі 40 пайызға жетті. Салыстыра кетсек Қазақстанда бұл көрсеткіш 8 пайыздан аспайды, бізде жұқтырғандар санын негізінен наркомандар кұрайды.
Ресей Федерациясында 2003 жылдын 1 сәуірінде ресми түрде 200 мыңнан артық АИВ - жұқтырғандар есепке алынған. Бірақта, ғылыми бағалаушылар бұл көрсеткіш миллионнан артады деген болжамда.
Ресейде ең АИВ - жұқтырғандар Мәскеу қаласында тіркелген (16 мын), Свердлов пен Мәскеу облыстарында және С-Петербург қаласында 15 мыңнан, ал Самар облысында 13 мыңнан асып түскен.
АИВ - ауруының Ресей Федерациясындағы тарауы Казақстандағы эпидемиялық жағдайларға айтарлықтай әсерін тигізеді. Мысалы, Батыс-Қазакстан обласы АИВ - ауруы әжептәуір етек жайған Ресейдің Самар мен Саратов облыстарымен шектескен.
Өзбекстан мен Эстония наркомандарының арасында ЖИТС эпидемиясы 2000-шы жылдан басталды. Эстонияда осы жылы тіркеуге алынған,
26
жұқтырғандар саны барлық бұрынғы жылдарда байқалған науқастанғандардан асып түсті.
Бұл қасыреттен аман – есен мемлекеттер қатарына Тәжікстан, Әзербайжан, Литва және Қырғыз елдері жатады.
Қазақстанда 2003 жылдың 1 маусымында 3591 АИВ - жұқтырған адам тіркелді.
Мұнда ен көп тараған облыстар төмендегілер:
- Қарағандыда - 1265 жұқтырған, немесе Республикамызда анықталған барлық жұқтырғандардың 35 пайызы;
- Павлодарда - 747 оқиға, немесе жұқтырғандардың 21 пайызы;
- Оңтүстік - Қазақстанда - 416 окиға, немесе 11,6 пайызы;
Өзіміздің Акмола облысында 2003 жылдың 1 маусымында 57 АИВ -жұқтырған окиғасы тіркелді. Облыс республикадағы АИВ - ауруының деңгейін анықтайтын территориялар катарына жатпайды.
Былайша қарағанда республикамыздағы жағдай әжептәуір жақсы деуге болады, бірақта 3 мыңнан артық тіркелген АИВ – жұқтырғандардың 40 пайызы (1175 адам) тек 2001 жылы анықталған. Тіпті ең жиі АИВ -жұқтырғандар Павлдарда айқындалған, әр үшінші Қазакстанда болған окига 2002 жылы тіркелген, Оңтүстік Қазакстанда - әр бесінші.
2.2.3. Таралу жолдары.
Аурудың көзі болып залалдың әртүрлі клиникалық белгілерімен өтетін науқас адамдар және қоздырғышты белгісіз тасымалдаушылар. АИВ-ың (100 - 140 нм) екі түрі де өте жоғарғы деңгейде науқас адамдардың қаны мен шауһетінен табылған. Бұл ЖИТС қоздырғышының қан және жыныс қатынасы арқылы беріледі деген қазіргі қалыптасқан пікірді дәлелдейді. Одан басқа вирус ана сүтінен табылған, оның ізі сілекей мен көз жасынан байқалган.
Ең алдымен вирусты жұқтыру үшін залалданған қан мен жыныс мүшелерінен белінген сұйық заттар қауіпті. Көбіне вирус сексуалды қатынаста жұғады. Мысалы: көнілдестің біреуі АИВ-ын жұқтырған болса гетеросексуальды немесе гомосексуальды қатынастарда. Жұқтыру жыныс әрекеті кезінде жыныс мүшелеріндегі кішкентайда болсын жаралар арқылы іске асады. Әсіресе жыныс қатынасы үшін тік ішекті пайдаланғанда, сонғысы осы әрекетке икемделмеген салдарынан жеңіл жарақаттанады.
Вирустың берілуі қан құйған кезде және одан алынған дәрілерді пайдаланғанда да іске асады. Бұл арады донор қаны бір жағынан дәрі, екінші жағынан - аурудың көзі болып саналады.
27
Қазіргі кезде донор қаны жеңілдік әкеліп қана қоймай, жаңа катер де туғызуда. Наукастардын 10 пайызы ЖИТСның вирусын донор қаны арқылы жұқтырады. Әртүрлі гепатит түрімен ауырған 100 науқастардың 17сі донор қанына "міндетті". Сондықтан қан құю көптеген аурулар түрлерін жұқтыратын кауіпті арнаға айналуда. Сондықтан қауіп - қатерсіз донор қанымен қамтамасыз ету бүгінгі күнде өте актуальды және маңызды.
Әлемдегі бірде - бір лаборатория келешектегі донор қаны 100 пайыз қауіпсіз деген міндеттеме бере алмайды. Жүргізілетін тексеру вируске емес, оның карсызатына бағытталған. Вирусты жұктырғанға жауап тек біраз уақыт өткеннен кейін ғана алынады, оны иммундық терезе кезеңі деп атайды. Оның ұзақтығы вирустың түрі де және жұқтырған адамнын иммун жүйесінің жағдайына да бағынышты. Ол мүмкін ай, тіпті алты ай да болуы ғажап емес. Міне осы "терезе" вирусты өткізеді.
Вирус өту қаупі инъекция үшін залалсыздандырылмаған шприц пен инені қолданғанда да туады. Бұл жолмен қоддырғышты жұқтыру әлбетте наркомандар арасында кең тараған, кейбір мемлекеттерде осы жол 70 пайыз және оданда жоғары.
Ең соңында, ЖИТС вирустың жұқтырған екі қабат әйелдер қоздырғышты өз нәрестесіне берілетін жолы да бар. Мұнда нәрестені корғайтын ананың иммундық жүйесі іске аспайды.
АИВ ауа - тамшысы жолымен берілмейді, мысалы: жөтелгенде, түшкіргенде және т.б., су, тағам, жалпы ыдыс - аяқтар, сүйісу және басқадай тұрмыстағы қарым - қатынас арқылы да тарамайды. Дегенмен, кейбір ЖИТСмен науқастардың сілекейінен вирус кездестіргуге болады, бірақта сүю арқылы (сілекейде вирустың өте аз көлемі кездеседі) вирустың берілуі туралы бірде - бір оқиға тіркелмеген.
ЖИТС-мен ауру бар отбасында күнделікті тіршіліктен вирус тарамайды. Адамдар үйдегі ыдыс - аяқтардан су ішуіне, тамақ жеуіне болады және ас үйдегі тағам құралдарын пайдалануға болады: АИВ адам ағзасынан тыс тіршілік ете алмайды, күнделікті ыдысты жуғанда тіршілігін жояды. ЖИТС тағамдар арқылы да тарамайды.
Адамдар арасында болатын күнделікті қарым - қатынастардың қандайда түрі арқылы ЖИТС-ың жұқтырғаны туралы, оған коса қол ұстап амандасқанда, деректер жоқ, құшақтасқанда, жолдастық қуанышпен иықтан қаққанда және тіпті сүйіскенде де вирус ауру адамнан cay адамға берілмейді. ЖИТСмен науқас немесе АИВ - жұқтырған адамның пайдаланған немесе басқадай ұстаған немесе деміне шалдыққан заттары арқылы вирус берілмейді. Тек бүл тізімге кірмейтіндер залалды қанның қалдығы қалған шприц пен инелер және басқадай заттар. ЖИТС-мен науқаспен ұзақ уақыт бірге тұру қоздырғыш жұқтыру үшін қауіпті екені туралы да деректер жоқ. Монша, сауна, су коймалары мен бассейіндерден коздырғыш жұктырған бірде бір
28
окиға болмаған. Спорттың жанаспа түрлерімен (бокс, күрес) шұғылданатын адамдардың арасында АИВ-ын жұқтырған бірде бір дерек жоқ, вирус олардың терісі арқылы берілмейді. Әзірше орта қырынғыш, тіс жуатьш шөтке және басқадай жеке бас гигиенасының заттары арқылы тараған ЖИТС окиғасы белгісіз, дегенмен теориялық тұрғыда қолайлы жағдай болса жаңа залалды қан, бұл заңдылықтың бұзылуы ғажап емес.
Теориялық тұрғыды аяқ - қол тырнақтарын бояғанда кауіпсіздендіріл-меген аспаптар пайдаланса АИВ-ын жұқтыруға мүмкіншіліктер туады. Аспаптарды тазалау ережесі бойынша бүкіл құрал -саймандар 15 минөтке спірт- денатурат құрамына салынады. Маманда тәртіп бойынше ең кем дегенде құрал - саймандардың екі данасы болуға тиісті. Жұмыс істейтін үстелдің беті әр келушілерден кейін хлораминнің 3 пайызды сұйығымен мұқият сүртілуге тиісті. Аяқ тырнағын бояған құрал саймандар әр келушіден кейін 30 минөт қайнатылып залалсыздандырылады, спірт - денатурат құйылған шөлмекте сақталады.
ЖИТС-на ұқсас аурулар шақратын вирустар мысықтарда, иттерде және қойлардан табылған. Бірақта олардың адамадарда ауру туғыза алмайтын-дығы дәлелденген. Африкада тіршілік ететін маймылдардан өзінің табиғаты жағынан 90 пайыз құрайтын, адамда ЖИТС шақыратын, АИВ - 2 ден атайтын вируске жақын, коздырғыш табылған. Сондықтан, теория жүзінде вирусы бар маймылды жаралағанда осы вируспен адамның залалдану мүмкіншілігін жоққа шығаруға болмайды.
АИВ - ауруын таратуда сары масалар мен баска бунак буындылар қандайда болсын ролі бар деген ешқандай дәлел жоқ. Қан сорғыштар денесінде ЖИТС науқасын шаққаннан кейін белгілі бір уақытка дейін вирус сақталады. Біракта, осы қан сорғыш екінші адамды шаққанда оған вирусты бере алмайды, себебі маса қанды шығармайды, тек сорады.
ЖИТС-ын жұқтыру қаупі қан тапсыру кезінде де болмайды (пайдаланатын аспаптар тазартылған, шприцтер мен инелер тек бір рет қана қолданылады).
Екі кабат әйел ағзасында нәрестеге түсетін қанда, оған қауіп туғызатын вирусты жібермейтін белгілі жүйе бола тұрса да, ананың тұлғасында шамадан тыс мол вирус болса, сол жүйе істен шығады. Бірақ, жүйе жұмыс ісеген күнде де босану кезінде нәрестенің вирусты қаннан жұқтыру кауіпі сақталады.
Авсирлиядан АИВ - ауруын нәрестенің ананың сүті арқылы жұқтырғаны туралы бір хабар жариаланды. Қандайда болсын қанында АИВна қарсызаты бар әйел емшек сүтімен баласын емізуден бас тартуға тиісті (аурудан корғау шарасы).
Отбасында, мектепте, балалар бақшасында немесе тұрмыстық жағдайда болсын баладан балаға АИВы берілу арқылы ЖИТС-мен науқастанды деген ешқандай оқиғалар тіркелмеген. Егіздің сыңарының бірі АИВ - жұқтырғаны, екеуінің жалпы ойыншықтармен ойнағаны белгілі болған, бірақта вирус берілгені байқалмаған.
29
Балар мекемесінде жұмыс істейтін АИВ - тасымалдаушы сондағы балалар үшін ешқандай қауіп туғызбайды.
2.2.4. АИВ-жұқтырғандар мен ЖИТС ауруының сыртқы көріністері.
Қазақстанда академик В. Покровский ұсынған АИВ - ауруының ресейлік жіктелім пайдаланып жүр. Осы жіктелудің соңғы үлгісі 2001 жылы ұсынылды.
Осы үлгіге сүйенсек АИВ - ауруының бес даму кезеңі белгілі.
1-ші кезең "Даму (қорлану)" кезеңі. Қоздырғышты жұқтырған мезгілден "қарқынды ауру" тәрізді ағзада клиникалық белгілер пайда болғанға дейінгі кезең немесе қарсы зат пайда болғанша. Кезеңнің ұзактығы 3 жұмадан 3 айға дейін, бірақ кейбір жағдайларда 1 жылға дейін созылуы мүмкін.
Бүл кезде вирус қаркынды өсіп-өнеді, аурудың сыртқы белгілері байқалмайды, қарсызаттар әлі жасалмаған. Диагноз қойып індетті анықтау іс жүзінде мүмкін емес.
ІІ-ші кезең. "Алғашкы көрініс кезеңі". Ешқандай тән емес клиникалық белгілері пайда бола бастауы мүмкін немесе қарсызаттар анықталады. Бұл АИВ - ауруының алғашқы кезеңі, ол бірнеше түрімен дамиды.
2А. Белгісіз түрі - клиникалық көрінісі болмайды. Тұлғаның АИВын жұқтырғанына тек қарсызат шығаруымен ғана көрінеді.
2Б. Қабаттасқан жұқпалы ауруларсыз қарқынды індет әртүрлі клиникалық белгілермен дамуы мүмкін. Солардың ең жиілері - қызба, дене бөртуі, лимфа бездерінің үлкеюі және тамақтың жыбырлап кышуы. Оған бауыр мен көкбауырдың өсуі, іш өтуі қосылуы мүмкін. Жалпылай келгенде қарқынды ауру 10 жұктырғандардың алғашқы 3 айында 9-да байқалады. Осы түрінде қанда вируске қарсызаттар әлі жоқ, сондықтан лабораториялық тәсілдермен анықтау қиынға түседі.
2В. Қабаттасқан жұқпалы аурумен қарқынды АИВ - ауруы 10 жұқтырғанның біреуінде дамиды, мұнда баспа, өкпе қабынуы, ұшық, саңырауқұлақ (грибковые) аурулары байқалады. Бірақ олар көрінісі мәнді емес, сылбыр дамиды, жеңіл емделеді. Клиникалық көріністері 2-3 жұмаға созылады, лимфа түйіншектерінің үлкеюі сақталады. Айта кету керек, осындай клиникалық сыртқы белгілері қайталануы мүмкін.
30
III- ші кезең. «Белгісіз, яғни жабық» кезең. Процесс ақырын, баяу дамиды. Клиникалық сыртқы белгілері болмайды. Жалғыз анықтай алатынымыз, оның өзі жұқтырғандардың бәрінде емес, лимфа түйіншек-терінің үлкеюі. Осы кезеңнің ұзақтығы 2-3 жылдан 20 жылға дейін, орташа 6-7 жылға созылады.
IV - ші кезең. Екінші, қайталап ауру кезеңі, жұқпалы аурулар немесе ісік пайда болады.
Қабаттасқан індеттің ауыртпалығына қарай 4А, 4Б, 4В кезеңіне бөлінеді.
4А кезеңінде тері мен жылбыр қабаттар залалданады. Дене салмағы 10 пайызға дейін кемиді.
4Б кезеңінде тері мен жылбыр қабаттар, ішкі органдар саңырауқұлақтар-дың әсеріне шалдығады, дене салмағы 10 пайыздан артық кемиді. Ісік шоғырланады - Капоши ісігі.
4В кезеңінде тері мен жылбыр қабаттар және ішкі органдардың саңырауқұлактармен залалданғаны жойіліп асқынады, тіпті жүдейді, нерв жуйелері ауруға шалдығады. Әлбетте, осы кезеңі АИВың жұқтырғаннан кейін 10-12 жылдар өткесін дамиды.
V-ші кезеңі. Терминалды. Бүкіл өзгерістер асқынумен сипатталады. Қабаттасқан індеттерді емдеу ешқандай нәтиже бермейді, сонымен науқас бірнеше айлардан кейін өмірмен қоштасады.
ЖИТС-ың клиникалық көрінісі өте әртүрлі белгілермен сипатталады және даму процесінің төмендегідей түрлерге бөлуге болады:
- белгісіз сатысы - бірнеше жылдарға созылады - гомосексулистердің 15 -21 пайызында 3 жылға, 30 пайызында- 5 жылга;
- шағын клиникалық сатысы - науқас күдіктене бастайды, қоздырғышты жұқтырғаннан кейін заладанған адамдардың 2/3-де 2 - 4 апта ішінде қысқа мерзімді ауру басталады, әлсіреу, тынышсыздану, дене қызуы жоғарлайды, әсіресе түнде ағып терлеу, бұл сауығу кезеңінде де тоқтамайды, салмағын жоғалтып жүдеу. Бір немесе бірнеше лимфа түйіншектері ұлғайады, бұл үш және оданда көп жылдарға созылады -лимфа жүйесіне шабуыл, осы белгі АИВ – жұқтырғандардың 80 пайызында байқалады. Иммун жүйесінін әлсіреуі басталады;
- үлкен клиникалық түрлері - ауыз қуысында ақ дақтар, тұрақты құрғак жотел, иммун жүйесі әрекетінің әлсіреу салдарынан жанаспалы жұқпалы аурулар пайда болады, ісік процестері (Капоши саркомасы);
31
- аурудың келесі сатысы дәл ЖИТС-ның өзі, яғни иммун жүйесінің әбден әлсірегені, сондықтан қабаттасқан деп атайтын аурулар «басын» көтереді, ісік оқиғалары басталады. Вирус ықпалынан әлсіреген адам ағзасы өзінің қарамағында вирустардан, бактеиялардан, саңрауқұлақтардан корғайтан жеткілікті лимфоциттер болмайды.
Әрине, әр қосылған жұқпалы ауруларды немесе ісік процесін жекелеп емдеуге болады, бірақта осы күнге дейін толық иммун жүйесін орнына келтіретін нәтижелі еш нәрсе табылған жоқ. Көптеген ЖИТСмен наүқас адамдар ауыз куысында саңырауқұлақ шақыратын аурулардан қасырет шегеді, мысалы: кандидомикоз, ЖИТСың ең маңызды асқынуы Капоши саркомасы болып саналады.
АИВ - жұқтыу адамды дәл казір және міндетті түрде ЖИТС-на әкеп соқпайды. Оны жұқтырған адамдар ұзақ уакыт ауруға шалдықпай, көңіл-күйлері біршама жоғары болуы мүмкін. Науқастардын кейбіреуінде дерттің алғашқы белгілері байқалмай өтуі де ғажап емес, ал 60 пайызында азда болса жұқтырған белгісі сезінеді, жүре келе ол біржола жойылады және ұзақ уақыт өзін сездірмейді.
ЖИТС дертіне шалдыққандардың 5 жылдан кейін жұқтырған адамдардың 30 пайызы ауруға шалдығады. Оларда науқас әр ауыртпалықпен дамиды. Басқалары вирустасымалдаушылар қатарына өтеде, оларды медицина мекемелерінде қандарын лабораториялық тексеру арқылы анықтайды. Вирустасымалдаушылар басқа адамдарды залалдауда ЖИТС дертімен аурулардай кауіпті.
ЖИТС дертіне шалдыққан кейбір адамдар диагноз қойғаннан кейін 5 жыл өмір сүруде, ал көбі вирустасымалдаушылар, мүмкін олар ЖИТС-мен ешқашан ауырмас, бұл салада табиғаттың сиқыры әлі жетерлік.
ЖИТС дерті басталған соң өзінен өзі сауығып кету осы күнге дейін байқалмаған. Өзінен өзі жазылып кету оқиғасы барлық аурулар түрінде кездеседі, сондықтан АИВ - ауруыда бұл заңдылықтан сырт қалмауы мүмкін. Бірак, бұл мәселе әлі тексерілген жок.
2.2.5. Лабораториялық анықтау
Дертке шалдыққанды дәлелдеу тек арнайы қанды тексеру арқылы вируске қарсызат табумен, науқастың сипатын зерттеу және маман –дәрігердің қадағалап медициналық қараумен ғана іске асады. Иммуноблот әдісі жеке вирустың белоктарына қарсызат анықтауға, ал молекулалық буластыру - науқастың лейкоциттарынан вирустың генетикалық материалдарын табуға мүмкіншіліктер береді.
32
Тексеруді тексеру болмесіне келіп, төлқұжат бермей, көрсетпей белгісіз өтуге болады, оған барлық қолайлы мүмкіншіліктер жасалған.
АИВ - дертін "тұншықтыратын" дәрілерді (азидотимидин, альфа -интерферон) карқынды түрде іздену жолға койылған. Сау адамдарға арналған вакцина жұқпалы ауруларға қарсы тұрып, оларды болдырмауда ең нәтижелі алдын алудағы әдіс болып саналады. АИВ - дертіне қарсы бағытталған әзірше вакцина жоқ, оны болдырмау үшін вакцинациялау (егу) ешқашан жүргізілмеген.
2.1.6. Емдеу.
АИВ - дертіне белсенді түрде шипа болатын дәрілер жан - жақты қарқынды түрде ізденілуде. Қазіргі кезде АИВ жұқтырған адамға ұзак және салауатты өмір сүруіне мүмкіншіліктер, бұрынғымен салыстырғанда, баршылық. АИВ - ауруы мен ЖИТС қасыретіннің тамырына балта шабатын әзірше шама жок, бірак әлемде күн сайын өмірді ұзартатын және денсаулықты қолдайтын дәрі - дәрмектер ашылуда. Осы дәрілердің ең басты топтарының бірі - ретровирустарға қарсы препараттар, олар АИВ тіршілігінің циклына кіреді (өтеді) немесе олардың өсіп - өнуіне кедергі жасайды. Алғашқы осындай дәрі, 1987 жылдан қолдануға ұлықсат берілген, азидотимидин болып саналады. Содан бері осы тәрізді дәрілер саны көбеюде.
Реировирустерге қарсы екі үлкет дәрілер тобы белгілі: протеаз ингибиторы және керісінше транскриптаз ингибиторы. Протеаз және транскриптаз - олар АИВ құрамына кіретін және вирустың өсіп - өнуіне қажет белоктар. Белгілі белоктың әрекетін, іс-қимылын орындауға кедергі болатын және вирусты өсіп - өндірмейтін дәріні ингибитор деп атайды. Тек науқастың өзіне ғана жасаған керісінше транскриптаза мен бір протеаз ингибиторы екеуінен жасаған "коктейль" ең нәтижелі ем болып саналады. Бұл дәрі ауыр ЖИТС дертіне шалдыққандарды аз уақытта өмірге қайтарады және вирустың әрекетін сондай қалге жеткізеді, тіпті оны ең сезімтал тәсілдермен анықтауға болмайтын болады.
Қабаттасқан ауруларды емдеу олардың түріне байланасты жеке жүргізіледі.
ЖИТС-мен науқастарды емдеу арнайы жұқпалы аурулар емханасының бөлек бөлімінде жүргізіледі.
Қанында АИВ-на қарсы зат табылған адамдарды, оны кең таратпау мақсатымен (ЖИТС тұрмыста жұқпалы емес, вирус ауа - тамшысы жолымен, қол қысып амандасқанда, бірге жұмыс істегенде, оқығанда тарамайды), денсаулық сақтау органдары бөлектемейді. Вирус тасымалдаушы қан тапсырудан басатылады.
33
Маңайындағыларға (көршілері, жұмыстағы жолдастары, отбасындағы адамдар және т.б.) қауіп туғызбағаннан кейін диагноз қойылған науқастардың бәріне барудың қажеті жоқ. Мұндай науқас тек өздерінің жыныс көңілдестеріне ғана қатер туғызады.
2.2.7. АИВ – ауруының психологиялық аспектері.
ЖИТС дертімен науқас екенін білген адамдар қандай сезімде болады? Басында олар сенбеушілік сезімде болады, тынысшызданады, еңсесі түседі, үрейленеді және бәріне немкұрайлы болады. Негізгі сезім сипаттары - көңіл-күйі төмендейді, ынжықтық, қасырет, алаңдаушылық, әр әрекет үрей туғызады, шешім табалмау және еңсесі түсу. Кейде өзіне -өзі қол салу ойы пайда болады.
Статистиканың заңдарымен әр окиға жеке бағаланғанда, жалпылай өлім - жітім белгілі болғанда, ол қасырет, отбасының касыреті, балалардың қасыреті, силайтын жақын адамдардың касыреті екенін түсінесің.
ЖИТС на бағытталған сұрақтарға ақыл - кенес беру үшін сонда пайда болатын көңіл - күй мәселелерін атаған жөн:
- естен тану - диагноз бен өлім қаупі, тексерудің оң нәтижелі болмайтынын білу салдарынан;
- үрей мен қоркыныш - халықтан дараландыру, жалғыздылық, әлеуметтік және жыныс қатынасынан шектелу салдарынан;
- дел - салдык - әл - қуаттың нашарлауы, "бүлінуі", нәтижелі емнің жоқтығы, өз кінәсін мойындап, өзін - өзі кінәлау және ұялау сезімі;
- ызалану мен өкініш - вирусты жеңе алмаушылық, сау саламатты тұрмыс құрудың шектелуі, өзін - өзі жоғалту мен келшектің тұмандығы, белгісіздігі.
Осының бәрін еске ала отырып жасайтын іс - әрекетіміз:
- АИВ - жұқтырған адамадарға психоәлеуметтік көмек беру;
- cay адамдарға АИВын жұқтырмау ушін не істеу керектігін түсіндіру, қандай шаралар бар екенін насихаттау, ЖИТСсыз өмірдің тамаша екені туралы жар салу.
АИВ дерті емделмейді, бірақ одан қорғануға болады. Әңгіме - кеңес кезінде секс туралы, жыныс жолымен тарайтын аурулар, одан корғану шаралары маңайында келген адамман ашык сөз болады.
Мінез - құлқы жеңіл кауіпті топтағы адамдармен әңгіме жүргізуде проблемалар жеткілікті, олар мамандардың дәл, анық және түсінікті мәліметтер беруін қажет етеді. Сол проблемалардың бірі - АИВ -ауруына тексерілу керек екенін түсіндіру немесе тексеру қортындысы оң жауап берсе соны тексерілген адамға айту. Содан кейін, психологиялық кеңес кезінде бір
34
- біріне сену, болған әңгіме жасырын түрде өту, жұмыс процесінде алынған деректер тек осы екі адамның "еншісі" болуға тиіс және бұл заңдылық. Маман әңгімеден кейін келген адамда, әсіресе мінез -құлқы жеңіл қауіпті топтан болса (наркоман, коммерциялық секс кызметкерлері, жыныс қатынасын тандамайтындар) немесе АИВ қасыретінен біраз қиыншылық көргендер болса, оларда кобалжу, қайғыру және басқадай мінездері өзгеретіні естен шығармаған жөн.
2.1.8. Алдын алу.
АИВ дертінің тарау қарқынын төмендетудегі ең негізгі нысана үкімет пен коғамдақ күштерді ЖИТС қасыретінің алдын алуда біріктіру болып саналады.
ЖИТСың алдын алудағы негізгі шаралардың бірі болып бірақ рет пайдаланатын шприц пен инелердің өндіруін қарқындату, қан тазартатын жүйелердің, диагностикалық тест-жүйелердің қауіпсіздігі болып саналады.
Техникалық шараларға жататындар міндетті түрде донорлардың қанынан алынатын және ауру мен cay адамдардың алдын алу мақсатымен немесе емдеу үшін қанына құятын препараттарды - дәрі-дәрмектерді жылумен өңдеп қауіпсыздандыру (биологиялық іс-әрекеттері әлсіремеген жағдайда).
АИВ дертінің алдын алудағы бөлінбейтін шаралардың бірі міндетті түрде қан құю жұмысын жетілдіру. Донорларды ерекше мұқиат іріктеу жүйесін жолға кою, қанды және одан жасалған дәрі-дәрмектердің жоғарғы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кепілдік беретін зерттеу технологиясын жоғарғы деңгейге көтеру.
«Тірі» қаннан бас тарту, оны кауіпсіз синтетикалық дәрмектермен алмастыру әзірше қолдан келетін мәселе емес, ендеше «тірі» қанды пайдалану өте ұзаққа созылады.
Донорлар қаны арқылы жалпылай ауруларды таратпаудың жалғыз жолы карантинизация (жекелендіру, жібермеу) болып саналады. Қанның құрамдарын жарты жыл сақтау қажет, қарамақтағы донорлардың қанын вирус жоқтығына қайталап тексереді. Егер қан құрамдарын екінші тексеру кортындысы сол жауапты болса, бұрын дайындалған дәрілерді пайдалануға болады. Көнтеген мемлекеттерде дәл осындай тәсіл 10 жылдан артық қолдануда және өте нәтижелі болып отыр.
Карантинде болатын қан құрамдарының банкын жасау, стратегиялық қорын құру, жалпылай халық зардапқа ұшырап төтенше оқиға бола қалған жағдайда, оларды кажетті дәрігерлік көмек көрсетуге кеңінен пайдалануға мүмкіншіліктер туады.
АИВ - жұқтырған әйелдердің аяғы ауыр мерзімінде және босану кезінде нәрестені АИВ - ауруынан қорғау үшін қажетті тегін дәрігерлік көмек көрсету жан-жақты қарастырылады.
35
Қазіргі кезде Қазақстанда АИВ дертінің таралуы адамның жеңілтектік қылығымен, мінезімен байланысты болып отыр. Соған байланысты, барлық күш-жігер АИВ індетін таратпауға бағытталған тәрбие жоспарына бағытталуы нұр ұстіне нұр. Тұрғындардың белгілі тобын анықтау үшін:
- тілекке сай жеке дайындауды және негізгі шешімді қабылдау мен ЖИТСың алдын алуын білу мақсатыда мінез-құлық, тәрбиені таңдауды қамтамасыз ету;
- қауіпсіздеу тәртіпті, салауатты тұрмысты таңдауда моральдық тұрғыда көмек көрсетіп, қол үшін беру;
- қауіпсіздеу тәртіпті сақтауға, салауатты тұрмысты құрута қаржыдай жағдай тутызу.
ЖИТС эпидемиясыны қарсы тұрудағы негізгі көңіл аударатын маңызды бағыт - есірткі тұтыну, жыныс қатынасын табысқа айналдырған әйелдер және жыныс катынасын таңдамайтын жас өспірімдер мен жастар. АИВ - ауруын жұқтырудың алдын алу мақсатымен осы топтар үшін қолданылатын шаралар:
- есіртке тұтыну, өзі пайдалану мақсатымен есірткені сақтау мен оны зансыз өндіру, сақтау және наркотиктер, нерв жүйесіне әсер ететін заттарды сату арасын нақтылы айыруды қамтамасыз ету;
- келтірілген топтардың, оған қоса АИВ - жұқтырған адамдардың заңды түрде құқығын қорғауда заң сақтау органдарды күшейту;
- жастардың шоғырланатын жерлерінде және барлық жастар ұйымдарында ЖИТСың алдын алу шараларын жүргізуге жастар саясатын құрастырғанда ерекше маңыз беру;
- кауіпті топтардың алдын алу бағдарламасымен танысуға жол ашу, кауіпсіз (кауіпсіздеу) жыныс қатынас жолдарын насихаттау, салауатты тұрмыс құру бағдарламасының нәтижелігін арттыру;
- жергілікті орындаушы органдардың және ЖИТСның алдын алуды кеңейту проблемаларымен шұғылданатын үлкен мекемелердің мүмкіншіліктерін белсенді түрде ұйымдастыру және оны нәтижелі пайдалану;
- ЖИТСнын проблемаларын шешуде коғамдық бірлестіктердің рөлін өсіру және оған дем беру;
- ретровирустарға қарсы емдеу ұйымдастыру, жыныс жолымен берілетін аурулар мен наркомандарды ең алдымен емдеуде қауіпті топтарға жоғарғы дәрігерлік және әлеуметтік көмекті көрсету. Тұрғындардың басымды топтарына жеке қорғану құралдарыны пайдалану тәжрибесін кеңейту.
Сонымен, АИВ дертін жұқтырмау үшін не істеу керек? Соңғы жылдардағы пайда болған ғылыми және практикадағы деректерге талдау
36
жасасақ, емделмейтін ЖИТС қасыретімен ауырмау үшін, былай карағанда өте жабайы, барлық әлемде қалыптасқан төрт «болмайды» деп атайтын ережені ұстау қажет. Олар төмендегілер:
- есіртке пайдалануға БОЛМАЙДЫ, егер ол бола қалған жағдайда және одан құтылуға шара қалмағанда, қанға құюмен байланысты емес олардың басқа түріне көшу. Тіпті болмаған оқиғада - тек өз шприцін пайдалану және есірткені өзі жасау;
- екіншісі, ерте жыныс қатынасын бастауға БОЛМАЙДЫ. Оны кеш бастау әлі ешкімге зыян болған жок;
- үшінші ереже - егер ол үшін сіз жалғыз болған жағдайда сексуальді көңілдесті біреуден асыруға БОЛМАЙДЫ. Өзара беріктік, көз боямаушылық - барлық жыныс жолымен берілетін аурулардың, оның ішіне АИВ дерті де кіреді, алдын алудағы бірде - бір нәтижелі құрал;
- акырғы төртіншісі: егер кездейсоқ жыныс әрекетінен босану мүмкіншілігі болмаған жағдайда, немесе көңілдесің сезіктену туғызса, қауіпті секс жасауға БОЛМАЙДЫ, оны қауіпсіздендіруге тиістісіз.
3. ЖИТС-мен қабаттас аурулар
Қабаттасатын жұқпалы аурулардың көп түрлерінің ішінде ЖИТС қоздырғышының (АИВ адамның иммундық тапшылық вирусы) белгісіз кезеңінде өзінің белсенділігін көрсететін қоздырғыштардың ерекше тобы «ЖИТС-мен қабаттасқан» жұқпалы аурулар деп аталады. Онық құрамына 13 түрбірлігі кіреді, этнологиялық бастамасы болып қарапайымдар (Toxoplazma gondii, Isospora belii, Criptosporidium spp., Pneumocystis carinii), саңырауқүлақтар (Candida albikans, Ctriptococcus neoformans, Histoplasma capsulatum, Coccidioides imimtis), бактериялар (Salmonela spr., Mycobacterium avium complex, Mycobacterium tuberculosis), вирустар (Herpes simplex, Cytomegalovirus hominis) түрлері саналады.
Әрбір аймақтын өзіне тән ерекшеліктері бар, оның ішінде жиі кездесетіні - ЖИТС - анықтағыш жұқпалы аурулар. Мысалы: АҚШ-та ЖИТС-мен қабаттасқан изосиориоз және гистоплазмоз патология өкілдерін иммунитет жетіспеушілігін туғызатын вирустың тұракты серіктеріне жатқызуға болады, ал бізде герпес вирусі, пневмоцистоз өкпе қабынуы, токсоплазмоз жұқпалы аурулары жатады. Еуропалық мамандар ЖИТС-анықтағыш жұқпалы аурулардың қатарына мынадай аурулар түрлерімен: висцеральды лейшманиоз, бластоцистоз, ахантамебиоз, стронголоидоз, норвегиялық кышыма, С вирусті гепатиті, толықтырылуы тиіс деп санайды.
37
ЖИТС қоздырғышымен пайда болған иммунитет жетіспеушілік деңгейінде қабаттасқан жұқпалы ауруларының өкілдері алуан түрлі және олар ерекше орын алады.
Сонымен қатар ЖИТС қабаттасқан жұкпалы аурулар қоздырғышта-рының жіктелім жағынан әртүрлі болуы, айрықша белгілердін болмауы, тіршілік ету айналымындағы және экологиясындағы ұқсастык ерекше көңіл аудартады. Көптеген кабаттасқан жұқпалы аурулардың қоздырғыштары мен ЖИТС анықтағыштары жұқпалы ауруларын тудыратын қоздырғыштармен (Toxoplasma versus Sarcocystis) бір таксонға жатады немесе тіршілік айналымы және адам организмінің мүшелері мен ұлпаларға бейімделушілігі көп жағынан ұқсас (мысалы Entamoeba histolytica, Lamblia interstinalis versus Criptosporidium spp.), иммундық жетіспеушілік деңгейінде жоғары белсенділік көрсетпейді.
Көптеген зерттеушілердің пікірлері бойынша ЖИТС-мен ауырған адамда залалды мүмкіншіліктерін көрсетуші кішітұлғаларға төмендегідей ортақ қасиеттер бар: - осындай жұқпалы аурулардың қоздырғышы ретінде негізінен патологиялық процестер белгілері болып табылмайтын немесе кейбір адамдар топтарында (жас балалар, қарттар, гормондық терапия немесе сәулеленуге ұшыраған адамдар) тудырушы шартты патогенді кішітұлғалар саналады;
- қоздырғышы болып ағзада ұзақ келісім күйінде болатын және оның қалыпты жағдайында залалдық процестерді тудырмайтын кішітұлғалар саналады;
- қосымша клиникада қабаттасқан жұқпалы аурулардай қатерлі болуымен, тарап кетуіне бейімділгі және созылмалылығы мен жоғары өлімге әкелуімен сипатталады;
- қабаттасқан жұкпалы аурулар жиі кайталанғанда кей жағдайда бір жұқпалы ауру екінші аурумен алмасады, бірнеше жұқпалы аурулар косарлана жүреді;
- негізінен клетка ішінде, оның ішінде макрофагтарда паразитті тіршілік етеді;
- Т - клеткалармен немесе В - клеткалармен өзара әрекеттескен макрофагтармен ұшырайды.
ЖИТС анықтағыш жұқпалы аурулар қоздырғыштарының табиғаттық ерекшеліктері туралы білім оларды анықтауға, емдеуге және алдын алу шараларын таңдауға колайлы мүмкіндік береді, ЖИТС мәселесін шешуде маңызды орын алады. Оған Д. Милз және Г. Мазур мынадай әділ анықтама берді. ЖИТС қоздырғышы жойылғанша, науқастардың өмірін ұзарту және онын сапасын жақсарту ЖИТС кезінде пайда болатын қабаттасқан жұқпалы ауруларды емдеу әдістерін жетілдіруге байланысты.
38
Біздің аймаққа ЖИТСмен қабаттасқан мынадай аурулар тән: герпес вирусті ауру, кандидоз, токсоплазмоз, туберкулез. Соларға біз толығырак тоқталамыз.
3.1. Вирусті герпес (ұшық) ауруы
Герпес - вирусті жұқпалы ауру - ЖИТС және иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вируспен зақымданған сырқаттар ішінде кең тараған жұқпалы аурулардың біріне жатады. Жабайы герпес (HSV), белдеулік герпес (HZV), цитомегаловирустар (CMN) жұкпалы аурулары кездеседі.
Жалпы Herpesviridae тұқымдасына вирустін 60 түрі кіреді, оның 6 түрі адамда ауру тудырады. Бұл топтың вирустері адамдарға жиі ауру шақыратын залалды вирустерге жатады. Осы топтың вирусімен зақымданған кездегі жұқпалы ауру процесі ЖИТСмен сырқаттанған адамдардың 80 пайызының өліміне себебші болып табылады. Герпесті энцефалитпен шетінеу 85 пайызға жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |