Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ш. Уәлиханов атындағы



бет2/10
Дата10.06.2017
өлшемі4,21 Mb.
#18969
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Жабайы герпес.

Жабайы герпес вирусі тугызатын жұқпалы ауру адамдар арасында кең тараған, 80-95 пайызы адамдар вирусті өмір бойы тасымалдаушылар болып саналады.

ЖИТС қоздырғышы тудыратын екінші ретті иммунитет жетіспеушілік жағдайында ересек және 1 жастан үлкен балаларда жабайы герпес вирусі тудырған жұқпалы процесс герпесті бронхит, өкпе қабынуы, эзофагит түрінде болады және ЖИТСмен қабаттаскан қасыретке жатады. Негізінен - Herpes labialis формасын ЖИТС анықтағыш ауру ретінде қарастырады.

Жабайы герпес (Herpes simplex) - жанаспалы - жынысты, ауалы-тамшылы жолдармен берілетін және тері, шырышты қабыкша, сирек жағдайда орталық жүйке жүйесінің ауыр түрде зақымдануын, көз және ішкі мүшелердің зақымдануын туғызатын вирусті ауру.

Herpes virus қоздырғышы герпес тұқымдасына жатады. Вирустің 2 түрі кең тараған (HSV- 1 және HSV -2). Вирус клетка ішінде тіршілікке икемделе отырып, сонда дамиды.

Табиғи жағдайларда жұқпалы аурулардың көзі болып адам саналады. Зақымданбаған немесе жарақаттанған тері қабаты және ерін, ауыз куысы, асқорту жолдары, танаудың шырышты қабықшасы арқылы енеді. Қоздыргыштың жұғуы вертикальды (туа біткен трансплацентарлы жұқпалы ауру) және кеңістікті - ауалы-тамшылы, жанаспалы - тұрмыстық, жыныстық жолдарымен тарайды. Алғашқы зақымдану жас балаларда, көп жағдайда арнайы белгілері байқалмай дамиды, тек закымданғандардың бір пайызы ғана жұқтырғаннан кейін бірден байқайды. Кейінірек жас бала кезінде

39

жұққан адамдардың 50 жасқа таман 90 пайызыға жуығы өмірлік вирусті тасымалдаушылар болып саналады. Аурудың түрі суық айларда байқала бастайды. Эпидемия байқалмайды, алайда мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектептерде, ауруханаларда ошақтары болуы мүмкін.



Қоздырғыш адам ағзасына шырышты қабыкша немесе зақымданған және жарақаттанған тері арқылы өтеді. Ол жерлерде везикулярлы бөртпелер пайда болады. Одан кейін зақымдану механизміне тәуелсіз алғашқы вирусемия дамиды.

Вирустың гематогенді яғни қан арқылы таралуында маңызды орынды эритроциттер мен лейкоциттер алады. Лейкоциттерде HSV ұзақ уақыт келісімді тіршілік етуі мүмкін.

Вирустің қан арқылы кен тарауы герпестің адамның барлык мүшесінде дамуына әкелуі мүмкін.

Екінші ретті қан арқылы тарауында HSV сезімтал мүшелер мен ұлпаларда белсенді түрде көбеюі мүмкін. Вирустің зақымданған мүшелер мен ұлпалардан қан ағысына келіп түсуі екінші ретті вирусемияның және герпестің ауыр жұқпалы кезеңіне әкеледі. Көптеген жағдайларда алғашкы герпесті жұқпалы аурудың ауыр кезеңін өткізген адамдарда толық клиникалық сауығу басталады. Организмде гуморальды және клеткалық иммунитет жеделдейді, алайда адам ағзасы вирустан тазармайды.

Асқынған герпесті жұқпалы аурудың латентті яғни жасырын кезеңге ауысу механизмі және осы жағдайда HSV - ұзак уакыт өмір сүруі нақты анықталмаған. Белгісіз түріне ауысу вирус және организм - иесі жағына тиісті факторларға да байланысты. Жеделдетуші факторлардың әсерінен клетка мен вирус арасында тепе-теңдіктің бұзылуы, HSV өсіп - өніп ұлғаюына әкеледі, ол жұқпалы аурудың күшеюінен байқалады. Одан соң клетка мен вирус арасында жаңадан тепе-теңдік орнап, нәтижесінде HSV - икемделуі тоқтайды.

Клиникалық тұрғыда терінің зақымдануы, шырышты қабықшада жараның пайда болуы, сонымен қатар респираторлы аурулар, генитальды герпес, көздің герпесті зақымдануы, герпесті энцефалит, герпесті жұқпалы аурулардың висцеральды түрлері байқалады.

Терінің кез-келген жерінде терінің герпесті зақымдануын байқауға болады. Алайды ерін, танаудың үсті, маңдай, жақ, құлақ, саннын артқы және алдынғы беткейі бөртпелердің шоғырланатын орыны болып саналады.

Ауруға тән түр болып ұсақ топтанған везикулярлы бөртпелердің пайда болуы жатады.

Алдымен кышу, ашу, ауырсыну белгілері байқалады. Герпесті көпіршіктерде серозды сұйықтық жиналады, олардың аузы ашылып, біртіндеп эпителиялық жараларға айналады. 6-9 күннен соң

40

бөртпелердің орнында қызғылт таңба қалады, ол біртіндеп жоғалады. Герпесті бөртпелер аймақтық тұрақты лимфаденитпен жалғасуга әкеледі.



Өткір генитальды герпес әйелдердің жыныс мүшелерінде үлкен және кіші жыныс ерін терісінде, қынап шырышында, жатын мойынында, еркектерде - жыныс мүшесінің терісінде, дорбасында кәдімгі герпесті бортпелер ретінде пайда болады. Генитальды герпес қан талаган ісік, әртүрлі деңгейдегі жаралар түрінде байқалады. Ауру ұзақтығы 8-10 күн.

Герпес вирусті жұқпалы ауруларды емдеу химиятерапия, иммуноте-рапия және олардың бірлесуіне негізделген. Вируска қарсы терапияның жаңа түрлері болып вирусқа тән ферменттерді тежеуге қабілетті жасанды қосындылар саналады. Олардың әсер ету механизміне байланысты мынадай топтарға жіктеледі:

- а) вирусқа тән тимидинкиноза көмегі арқылы белсенді күйге айналатын ауыткыланған нуклеотидтер;

- б) вируска тән ДНҚ - полимероза белсенділігі және пирусті жасанды ДНҚ-ың ингибиторы;

- в) вирусқа қарсы әсері басқа механизмдері бар ингибиторлар.
3.2. Цитомегаловирусты ауру
CMN-жұқпалы ауру ертеден белгілі, вирус 1956 бөлініп алынған.

CMN - айрықша ерекшелігі үлкен (гигантты, цитомегаловирусты) клеткаларды бұзу. Аурудың бұл түрі ЖИТСда өте ауыр жұқпалы ауруларының біріне жатады, науқастардың 20 - 40 пайызында кездеседі және әрбір бес адамның біреуі өлімге душар болады (Landini М, 1993).

CMV - жұқпалы ауру клиникасы әртүрлі болғандықтан, өзіне тән белгілер байқалмайды және басқа аурулардың белгілері ретінде байқалады.

Иммундық жүйесі қалыпты адамда CMV жұқпалы ауруы жасырын (латентті) кезеңде өтеді. Цитомегалия вирусі жүйелік аурулардың (мононуклеоз, кең жайылған цитомегалия) және жеке мүшелердің -бауыр, өкпе, бас миы, жүрек, зәр шығару мүшелері, асқазан - ішек жолының шырышты қабықшасы зақымдануын тудырады.

Цитомегаловирусті жұкпалы аурудың жинақталу орыны мен көзі болып науқас адам және вирусті тасымалдаушы саналады. Вирус сыртқы ортаға сілекей, емшек сүті, шәуһет арқылы шығуы мүмкін, кынап сұйық - кілегейлерінде, көз жасында, қанда табылған.

CMV-ның шәуһет пен жыныс жолының кілегейлерінде болуы, сонымен қатар жыныстық созылмалы аурулары түрінде таралуы вирустің «тік» (вертикальды) бағытта тасымалдану мүмкіндігін нақтылайды. Жұқпалы аурудың трансплацентарлы жолымен берілуі дәлелденген, вирустің қан кұю

кезінде және мүшелерді ауыстырып салғанда берілуі мүмкін.

41

CMV-ны нәрестенің жұқтыруы ананың босануы кезінде перинатальды түрде немесе босанушының жатын мойыны зақымданган жағдайда болуы мүмкін. Цитомегаловирусті жұқпалы ауруы эндемикалық және маусымдық өзгерістерге байланысты емес.



Цитомегаловирусті жұкпалы ауруы кең тараған, ересек адамдардың 50 - 80 пайызында GMV-ғa деген қарсызат байкалған. Жаңа туған және сәби кезінде шетінеген балалардың 5-15 пайызында цитомегаловирусті жұқпалы аурудың тарап кеткен түрінде, 10-30 пайызында шоғырланған түрінде байқалған. CMV- адам ағзасында ұзақ уақыт жасырын және субклиникалық түр ретінде сақталуға қабілетті. Осыған байланысты вирустің осы түрін жұқтырған адам жылдар бойы өзін қоршаған адамдарға жұктыруы мүмкін.

CMV - ағзаға тыныс алу жолдары және сілекей арқылы өтеді. Вирус сілекей бездері клеткаларында өсіп - өну қасиетін көрсетеді, шоғырланған түрде сілекей біздерінің ұлпасында кездеседі. Ағзаға түскеннен кейін, онда өмір бойы сақталады, несеп және сілекей арқылы сыртқа шығады. Мүшелер әртүрлі деңгейде зақымданады. Оған жауап ретінде ағзаның иммундық жүйесінде қайтадан құрылуы дамиды. CMV интерферонның әлсіз үдеткіші болып саналады, ол созылмалы аурулар белгілерінің әлсіз түрде пайда болуын тудырады.

Орталық жүйке жүйесі вируспен туа сала зақымданса аса кауіпті.
3.3. Кандидоз
Кандидоз - Candida ашытқы тәріздес саңырауқұлақтар туғызатын ауру болып саналады.

Ағзаның тері мен шырышты кабықшасына орналасып өсе бастайды және ұлпаларға еніп, жұқпалы ауру тудырады.

Қазіргі кезде кандидоз кең таралған, себебі жергілікті халық иммунды жүйемен байланысты, немесе иммунды жүйеге теріс әсерін тигізетін аурулар түрімен зардап шегеді.

Кандидоз - иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусі бар адамдарда жиі, дені сау адамдарда сирек кездесетін саңырауқұлақты жұқпалы ауру. ЖИТС және оның қоздырғышы бар науқастарда ауыздағы кандидоз алғашкы аурудың белгісі болып және басқа да кабаттасқан аурулардың дамүының болжамдық көрсеткіші болып саналады. Кандидозды эзофагит, трахеит, бронхит және өкпе кабынуы ЖИТС кезеңдері үшін анықтағыш аурулар қатарына жатады.

Әйелдерде орофаренгиальды кандидоз, вагинальды кандидоз, ЖИТС - қоздырғышы бар науқастарда үнемі Імкл-де СД-4 + клетка >200 мөлшерінде, кандидозды эзофагит Імкл-де СД4 +клетка 100 ден аз мөлшерінде кездеседі.

43

Сонымен кандидоз ЖИТСда қабаттасқан аурулар қатарына жатады және алдағы он жылдықтағы өзекті мәселелердің бірі болып саналады.



Candida - сопақша тәріздес диморфты саңыраукұлақ, бүршіктену жолымен өсе түседі (бластоконидия) - (бүршік) және клеткалардың байланысқан тізбегін (жалған және нағыз жіпшумақтар) құрайды. Candida негізінін 150 түр тормағы белгілі, оның 10 түрі адамда кандидоз ауруын туғызады. Патогенді түрлері С. albicans var. albicans, С. albicans var. stelldtridia және С. tropicals. Патогенді қабілеттік қасиеті төмен, алайда ауру тудыруға қабілетті, ағзада ашытқы түріндеде болады (С. parapsilosis, С. guillarmondi, С. Krusei, С. pseudotropicals, С. viswanatbii, C.zeylanoides, С. paratropicals).

Адам ағзасы Candida-ны сақтаушы және жұқтырудың негізгі көзі болып саналады.

Candida-ны ағзада болуы және зақымдану арасындағы байланысты көрсету қиын.

С. albicans адамдардың 50 пайызында ауыз қуысында, асқазан-ішек жолындағы сұйықта микрофлораның тұрақты құрамы түрінде болатыны жүргізілген бақылаулар арқылы көрінеді.

Кандидозды жұқпалы ауру кезінде тері, ауыздын шырышты куысы, асқазан - ішек жолы зақымданады және ішкі мүшелер жұқпалы ауру процесіне қатысуға бейім болады. С. albicans туғызатын ауру кант диабеті, лейкемия науқастарында байқалады және кез-келген мүшенің зақымдануы мүмкін.

Кандидоздың дамуы глюкокортикостероидты дәрілерді қабылдаудың мөлшерін арттырады, бактерияға қарсы емдеу, қорғаныш әрекетін басады.

Ішкі мүшелердің барлығы Candidaны жұқтыруға бейім болғандықтан мүшелердің зақымдануының төмендеуіне байланысты мынадай сызба - нұсқа құруға болады: ас корыту жолы, бүйректер, өкпе, ми, жүрек, көк бауыр, бауыр.

Қуыстың және вагинальды шырыштылардың асқынып зақымдануы байқалады. Ауыз куысының зақымдануы ауыздың шырышты қабықшасында, тілде, жұтқыншақта саны көп тілімденген және біріккен крем тәріздес таңбалардың пайда болуынан байқалады. Осындай зақымданудың түрі ауырсынуды тудырмауы мүмкін, жас балаларда тыныс алуды киындатады.

Вагинальды зақымданудың белгілеріне қышу және қынаптан сүйықтықтың бөлінуі, сүр және ақ таңбалардың пайда болуы жатады.

Candida-ның қан арқылы таралуы ауыр бактериялы жұқпалы дерт ретінде - көрінеді, есінен тану, артериальды қысымнын төмендеуі байқалады.

43

Кандидоз ЖИТС қоздырғышы бар науқастарда өте жиі кездесетін жұқпалы аурулардың бірі болып саналады. Аурудың залалдық процесінің жүйелік түрлері даму кезеңінің соңында басталады. Орофаренгиальды кандидоз барлық науқастарда кездеседі. ЖИТС-мен науқастанған адамдардың 20 - 40 пайызында кандидозды эзофагит, әсіресе СД4+ клетка деңгейі төмен адамдарда дамиды. Басқа да жоғары жұқпалы аурулар кезінде белсенді ретровирустарға қарсы терапияны енгізгеннен кейін кандидоздың даму жиілігі 65 - 70 пайызға төмендеген.



Вульвовагинальды кандидоз ЖИТС және оның қоздырғышы бар науқас әйелдердің 30 - 40 пайызында кездеседі. ЖИТС және оның қоздырғышы вульвовагинальды кандидоздың дамуы үшін қауіпті фактор болып саналады, негізгі этиологиялык агенті болып Candida albicans табылады. ЖИТС - қоздырғышы бар науқастардағы кандидоз және 75 - 90 пайыз қайталану үлесі осы түр арқылы пайда болған.

Науқастардың жартысында қайталану С. albicans данасы, ал қалғандарында С. albicans және оның жаңа түрлері С. parapsilosis анықталған.

ЖИТС туғызатын қоздырғышы бар науқастардың көпшілігінде (80 пайызы) кандидоздың таралуы ауыз флорасы арқылы жүреді. Осыған байланысты бактерияға қарсы әдістерді қолдануды қажет етеді.

ЖИТС - қоздырғышы бар науқастарда кандидоздың клиникалық байқалуы иммунитет жетіспеушілігінің деңгейіне байланысты. Орофаренгиальды түрі кезінде ауыздың шырышты қуысында кандидоздың ангина (баспа), стоматит түрінде байқалады. Процестің әрі қарай дамуында жыныс мүшелерінің шырышты қабықшасында вульвовагинит және баланопростит пайда болады. Иммунитет жетіспеушілігінің жоғары түрінде, Імкл-де СД4+клетка мөлшері 200ден төмен болғанда, процесс ауыздың шырышты куысынан өңеш, кеңірдек, қолқа және өкпені зақымдайды.

Тері және шырышты қабықшада кандидозды емдеу қиындық тудырмайды, алайда кандидоздын ауыр түрлерін анықтау үшін науқасты құралдар арқылы тексеру әдістері қолданылады.
3.4. Токсоплазмоз
Токсоплазмоз - паразитті инвазия тобына жатады. 1972 ж. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сынаушылары токсоплазмозды адам өміріне кауіпті зооноздар қатарына жатқызады (адамға жануарлар арқылы аурудың жұғуы).

Иммунитет жетіспеушілігі бар адамдарда алғашқы және латентті (жасырын) кезеңнің асқынған кезінде жұқпалы аурудың ауыр түрі пайда болуы мүмкін.

44

Өткен ғасырдың 80-жылдарының басында токсоплазмозды этиологиясы протозойлы қабаттасқан жұқпалы аурулардың қатарына жатқызды.



ЖИТС пайда болуы кезінде иммунитет жетіспеушіліктің ауыр түрінде токсоплазмоз 30-40 пайызыда - энцефалитті, 10-12 пайызыда -өкпелік, 6 - 14 пайызыда ЖИТС - асқынған түрін туғызған.

ЖИТС - туғызатын қоздырғышы бар науқастарда токсоплазмоздың тіркелуіндегі айырмашылық (18-20 пайызы АҚШ және Батыс Еуронада, 40 пайыздан астамы баска елдерде) әртүрлі географиялық аймақтарда токсоплазмоздың бірдей таралмауына байланысты.

Токсоплазмозды инвазия кең, практикалық жағынан барлық жерде таралған, жер бетінде 500 млн-нан 1,5 млр-ка дейін токсоплазмоз жұқтырғандар. Сондықтан инвазияның осы түрі үшін салыстырмалы төмен споралык ауру болуы тән. Токсоплазмоз кезінде жұқпалы процестін басым түрі болып белгісіз тасымалдаушы табылады, ол кездейсоқ анықталады және әйелдерде еркектерге қарағанда жиі кездеседі.

Мысықтар арасында токсоплозмоз жынысты жолмен беріледі, сондықтан оларды зерттеу эпидемиологиялық маңызды. Жануар мен адамды ластанудың негізгі көзі болып, қоршаған ортаға жетілген ооциста бөлетін үй мысалғы мен жабайы мысық.


Адамдарға аурудың жұғу жолдары:

- Ауыз - нәжіс жолымен (токсоплазма ооцистасы бар етті толық кайнатпаған кезде, токсоплазма ооцистасы бар тамақ пен суды пайдаланғанда және қолды жумаған уақытта), осы жол арқылы ауру кең тарайды;

- жанасу жолымен (жануарлар ұлпары мен бөлінген сұйықтығында және жұқпалы аурудың ауыр кезіндегі науқас адамда болатын токсоплазма трофозоиттарының қолдың жарақаттанған терісі арқылы енуі), осы жолмен мал-дәрігерлері, ет-комбинаттарының жұмысшылары зақымданады;

- трансплацентарлы жолмен (токсоплазмамен ұрықтың закымдануы гематогенді яғни қан арқылы жүреді, ұрыққа қоздырғыштың ауыр токсоплазмоз кезінде берілуі 50-40 пайыз), осы жол ең бірінші анықталған;

- трансплантационды (өткен ғасырдын 80 жылдары қоздырғыштың мүшелерді ауыстырып салу кезінде тасымалданатыны анықталған).

Қан құю кезінде адамдардың зақымдануы болган жағдайлар аз да болса кездескен.

Токсоплазмоз коздырғышы - Toxoplasma gondii - Protozoa текті тармағына жататын міндетті, клетка ішілік паразит.

45

Тіндік циста жасаушы кокцидияларғаға жатады. Оны 1908 жылы француз зерттеушілері Ш.Николл және Л.Монсо ашқан, 1928ж. бөлініп алынған. XX ғасырыдың 40 жылдарының басында адам патологиясында токсоплазмалық инвазияның маңызы анықталған. 1970 ж. коздырғыштың иесін ауыстыру арқылы жүретін толық даму кезеңі талданған. Т. gondii негізгі иесі болып үй мысығы және мысықтар тұкымдасының жабайы өкілдері саналады.



Токсоплазмоз кезінде иммунитет анық емес сипатта болады.

Токсоплазмозбен ауыратын науқастарды емдеу этиотроптты, иммуножеделдетуші, патогенетикалық және симптомды дәрілерді жан -жақты біріктіріп пайдалану арқылы жүргізіледі.

Емдеудің әртүрлі түрлері ұсынылған.
3.5. Пневмонист өкпе қабынуы
Пневмацисталы пневманияның (өкпе қабынуы) жоғары маңызға ие болуы жүре пайда болған иммунитет жетіспеушілігі синдромымен байланысты.

ЖИТС- кезеңіне дейін пневмоцисталы пневмония сирек кездесетін ауру түрі болған, негізінен иммуносупрессивті терапия алған жас нәрестелерде және гемабластозбен ауырған науқастарда кездескен. Өткен жүз жылдықтың 70 - 80 жылдарда шет елдерде гомосексуалист еркектер арасында жаңа аурудың түрі - пневмоцисталы пневмонияның пайда болғаны туралы алаңдатушылық туа бастады.

Пневмоцисталы пневмония қабаттасқан жұқпалы аурулар ретінде иммунитет жетіспеушілігі болған жағдайда, алдымен ЖИТС кезінде көрінген.

Пневмоцистоздың пайда болу сиректігі мен дамуы оның Pneumocystis carinii коздырғышы ерекшеліктеріне байланысты. Ертеде бүл кішітұлға қарапайымдарға жатқан, алайда генетикалық және биохимиялық талдау Р. сагіші-ді ашытқы саңырауқұлақтарға жататынын көрсетті.

С. carinii - табиғатта жануарлар арасында (егеуқұйрық, тышқан, мысық, ит, шошқа, қояндар және т.б.) кең тараған. Алайда пневмоцистоз адамға жануарлар арқылы таралмайды. Ол Р. carinii-дің генетикалық біркелкі еместігі- мен және әртүрлі қоздырғыштардың «өзінің иесіне» қөректену жағынан икемделмегенінімен түсіндіріледі. Адамда Р. согіпіі туғызған жұқпалы ауру - антропогенді, ал таралу жолы - респирациялық, (ауалық-тамшылы, аэрогенді, ингаляциялық) болып саналады. Пневмоцистаның трансплацентарлы жолмен берілетіні де тіркелген.

P. согіпіі - жұқтырылуы өте жоғары, ол жасқа және тіршілік жағдайларына байланысты. Ауруға тән пнемоцисталы пневмониямен: - 60 пайызы ЖИТС-мен науқастарды;

46

- 49 пайызы гемобластозбен ауырады.



Пневмоцисталық пневмонияның белгісіз кезені 8-10 күннен 5 аптаға дейін созылады. Аурудың бастамасы - тыныс алу жолдарының жұқпалы ауруларына ұқсас болады. Әрі қарай кәдімгі интерстициальды пневмонияға тән белгілер: бірнеше апта бойы үздіксіз жөтелу, ентігу және тыныс алудың жетіспеушілігі байқалады.

Пневмонияның нағыз кезеңі жас нәрестелерге тән, ЖИТС-қабаттасқан пневмония кезінде кезеңдер арасындағы шекараны байқау қиын. Ересек адамдарда ауру өте тез 7-10 күнде болуы мүмкін.

Ауруға тән анықтауды қоздырғышты табу және жұқпалы ауруға қарсы гуморальды иммунитет көрсеткіш бойынша жүргізеді.

Пневмоцисталы пневмония - ЖИТСың алғашқы 5 оқиғасын анықтау үшін негіз болды, және дені сау Лос - Анжелес гомосексуалистерінде иммунитет жетіспеушілігін тудыратын этиологиялық агент болу мүмкіндігі туралы клиницистерді ойға қалдырған. Бұл жұқпалы ауру кейіннен ЖИТСмен қабаттасқан аурулар қатарына жатқан.

ЖИТС дамуын болжау үшін пневмоцистаны пневмонияның шешуші маңызы жұқпалы аурудың осы түрінің иммунобиолоғиясы мен патогенезін зерттеуді жеделдетті.

ЖИТС-мен ауырған науқастарда пневмоцисталы пневмония өте баяу жүреді. Алғашқы делсалды құбылыстар мен негізі өкпеге тән белгілер байқалғанға дейін 4 апта өтеді, ентігу байқалады, жөтел күшейеді. ЖИТС-мен ауырған науқастарда пневмоцисталы жұқпалы аурудың «өкпелік» түрімен қатар, кейде өкпеден тыс зақымдану (мысалы бауырдың, терінің, ішектің, қалқанша бездің және т.б. пневмоцисталық зақымдануы) байқалады.

ЖИТС-мен ауырған науқастарда пневмоцисталы пневмонияны анықтау қиын емес, алайда оның қоздырғышын табу өте қиын.

P. carinii - ашытқы саңырауқұлақтар қатарына жатқанымен, оларға саңырауқұлақтарға қарсы қолданылатын препараттар әсерін тигізбейді.

Осыған байланысты, емдеу және алдын-алу шаралары триметропим/ сульфаметоксазол, дапсон, пентамидин, атоваквон және триметрексат препараттарын қолдануға байланысты.

ЖИТС-пен қабаттасқан Пп кезінде өлім жағдайының негізгі белгісі, пневмоцистоздың алғашқы кезеңінен кейін тірі қалудың орташа көрсеткіші - 9,7 ай.

Алғашқы кезеңнен кейін, 6 айдан соң науқастардың 18 пайызында аурудың қайталау белгілері дамиды. ЖИТС-мен науқастанғандарда аурудың алғашкы кезеңінен соң 12 - 18 ай бойы 2 ден аз емес қайталану болады. Осыған байланысты жұқпалы аурудың алдын алу шаралары өзекті мәселе болып саналады. Алғашқы химиялық алдын алу жолы пневмоцистоз дамуы қауіпті науқастарға химиялық терапия үшін атовахон

47

қолданылады. Бисептолмен жүргізілетін химиялық, алдын алу жолы жоғары бағалануда.



Негізгі кезеңі - ерте анықтау және науқасты жекелеу (изоляциялау). Жалпы шаралары басқа да респираторлы жұқпалы аурулармен бірдей болады.
3.6. Туберкулез
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша әлемде 8,7 млн туберкулездің жаңа окиғалары тіркелген, оның ішінде 7-12 пайызы ЖИТС қоздырғышы бар адамдарда (Қазақстанда 1000 ЖИТС қоздырғышын жұқтырған адамдардың 30 пайызы - туберкулезбен ауырған) дамыған.

Осы жылы 2,3 млн адам туберкулезден қайтыс болган, онын ішінде 18 пайыз жағдайда - туберкулездің жүре пайда болган иммунитет жетіспеушілігі синдромына бірлескен уақытта байкалған.

Бір мезгілде ЖИТС және онымен қабаттасқан туберкулезбен ауырған адамдарға жоғары қауіп төнеді, оларда туберкулездің дамуының жыл сайын мүмкіндігі 5-10 пайыз, ал жергілікті тұрғындар арасында өмір бойы осындай мүмкіндік 10 пайыздан аспайды.

ДДҰ-ң болжауы бойынша елімізде ересек тұрғындардың 10 пайызы ЖИТС қоздырғышымен ауырғанда, туберкулезбен ауруы үше еседен артады.

ЖИТС эпидемиясының өсуіне байланысты эпидемиологиялық болжамдар күрделі болып, ойдан шықпай отыр.

Қазіргі кезде осы екі жұқпалы ауру заңды серіктер ретінде қарастырылады.

Осындай сәйкестік заңдылығы аурудың түрмеге камалғандар мен нашақорлар арасында таралуымен түсіндіріледі.

Жұқпалы аурудың таралуы медицина қызметкерлері мен балаларды асырап алу орындарының жұмысшылары арасында жоғары қауіп туғызады.

ЖИТС - жұқпалы ауруының таралуы туберкулез эпидемиологиясында түбегейлі өзгерістер тудырды. Жұқпалы аурудың осы түрі туберкулездің әлемде кең таралуын туғызған фактор болып саналады. Осындай жағдай эпидемиядағы эпидемия деп аталды.

ЖИТС және туберкулез екі жағдайда сәйкес келуі мүмкін.

1. ЖИТС және АИВмен науқастардағы туберкулез.

2. Туберкулезбен ауырған науқастарда аурудың кез-келген кезеңінде ЖИТС және оның қоздырғышының пайда болуы, ал емделген адамдарда процестің асқынуы және туберкулездің белсенді кезеңінде болады.

48

АИВ дерттілер туберкулезбен сирек ауырады, керісінше туберкулезбен науқастарда АИВ жиі кездеседі.



Қазақстанда ЖИТС қоздырғышының таралуынын негізгі жолы болып есіртке тұтыну кезіндегі парентеральды әдісі болып саналады.

ЖИТС туғызатын қоздырғышы Т лимфоциттерді, әсіресе туберкулезге қарсы иммунитетте негізгі роль атқаратын Т - хелпер популяциясын зақымдайды және өлімге әкеледі. Адам ағзасында оның санының азаюы клеткалық иммунитетті бұзады.

ЖИТС туғызатын қоздырғышы туберкулез кезінде иммунологиялық реактивтілік күйіне әсерін тигізеді, лимфоциттер санының абсолютті және салыстырмалы төмендеуіне әкеп соғады. АИВ дертінің дамуының алғашқы кезеңінде туберкулездің морфологиясы өзгермейді, ал ЖИТС-ның соңғы кезеңдерінде арнайы гранулемалар түзілмейді. Т -хелперлердің төмендеуіне байланысты туберкулездің өкпеден тыс формалары немесе өкпе ұлпасынында қуыс пайда болмай жалпылай зақымдану түріне ауысады.

АИВ жұқтырғаннан кейін жылдар бойы клиникалық белгілері байқалмауы мүмкін. Алайда біртіндеп өте қатерлі ауру ЖИТС дамиды. ЖИТС-мен оның қоздырғышын шектеу үшін клиникалық практикада белгілі шаралар қарастырылған. Оның ішінде арнайы клиникалық белгілер (арықтау, қалшылдау, диарея) және қосымша (тарап кеткен лимфаденопатия, қайталама немесе созылмалы дерматоз, вирусті және саңырауқұлақ туғызатын жұқпалы ауру) белгілерді бөледі.

Егер науқаста екі негізгі немесе бір қосымша белгілер байқалса, онда АИВ емес, ЖИТС-ның дамуына әкеледі.

ЖИТС және онымен қабаттасқан туберкулезбен ауырған науқастарды емдеуде туберкулезге қарсы және ретровирусқа қарсы препараттарды бір мезгілде қолдану керек.

Қазіргі кезде ЖИТС қоздырғышын, ретровирус белсенділігін бәсеңдетуге бағытталған интенсивті терапия (HAART) деп аталатын әдістеме кеңінен насихатталуда.

ЖИТС туғызатын қоздырғышы анықталған және алғаш рет өкпе туберкулезімен ауырған науқас химиятерапияның интенсивті кезеңінде 2-3 ай бойы туберкулезге қарсы 4 негізгі препаратты: изониазид, рифампицин, механизамид, этамбутол, паризинамид қабылдайды.

ЖИТС және оны туғызатын қоздырғышы анықталған науқастың өкпе туберкулезінің химия терапиясы туберкулез микробактериясы дәрілік резистенттілігі мәліметтеріне сәйкес, жекелеген тәртіп бойынша жүргізіледі және ол туберкулезге қарсы диспансерлерде жүзеге асуы тиіс.

Туберкулезге қарсы алдын алу шаралары және ЖИТС және АИВ дертіне қатысты санитарлық қорғаныс шараларын кеңінен насихаттау осы жұқпалы аурудың екі түрінің таралуын азайтады.

49

4. "Жастар және ЖИТС" бағдарламасы


Тұрғындардың осы тобын жеке бөлу себептері төмендегідей:

- саны жағынан ең көп топ және жыныс қатынасымен белсенді шұғылданушылардың негізін құрайды ( Статистика агентсвасының деректері бойынша Қазакстан халкының төрттен бірі 15 - 29 жастағылардың үлесінде);

- осы жастар тобы көбінесе есіртке тұтыну және жезөкшелікпен шұғылдану жолына түседі;

- осы жастағылар биологиялық (жыныстык белгілер қалыптасады, айырықша сексуальды) және әлеуметтік себептермен, оған қоса басқа топтармен салыстырғанда қорғану тәсілдерін онша білмейді, білген күнде оған немқұрайлы қарайды да қауіпті жыныс қатынас жолына түседі. Сондықтанда жыныс жолымен берілетін аурулар жастар арасында кеңінен етек жайған;

- жас өспірімдер мен жастар басқа тұрғындар тобына қарағанда жалпылай білім беру бағдарламасына ашық, соған байланысты оларды тәрбиелеу және білім беру мүмкіншіліктері мол.
Есірткені инемен пайданалатын тұтынушылар арасында АИВ дертінін тарауы 25 пайыз құрайды. Осы қауым мүшелерінің жұқтыру кауіпі есіртке пайдаланбайтындармен салыстырғанда 500 есе жоғары. Наркология мамандарына тіркелу деректеріне жүгінсек тіпті инъекциялық наркомандардың саны жылдан жылға көбеюде (ересектер мен жастардың 100 000 шаққанда 1996 жылы 90 оқиғадан 2000 жылы - 250ге жеткен, әрине бұл жалпылай өніп - өсуде көбейген деген сөз). Көптеген есіртке тұтынушылар жыныс қатынасын талғамайды, ол кез келсе болды іске асады. Павлодар мен Тараз қалаларында наркомандар арасында жүргізген сұраулар бойынша соңғы 3 айдың ішінде олардың әр қайсысы екі және одан да көп көңілдестерімен жынысытық қатынаста болған. Соған қарай наркомандардың презервативті (мүшеқап) пайдалану деңгейі 20 пайыздан аспаған. Инемен есіртке тұтынушылардың 20 пайызы өздерінде жыныс жолымен тарайтын аурулардың белгілерін байқаған.

50
Комерциялық секс және қауіпті жыныс қатынасымен



шұғылданатындар арасында АИВ дертінің тарауы.
ЖИТ-ның таралу жолдары, мінез-құлқы қатерлі әртүрлі топтардың, соның ішінде комерциялык сексте кіреді, үлесі - 85 пайызында коздырғыш есірткі инъекцияларымен берілген.

Коммерциялық жыныстық қатынас және халықтың жыныстық мінез-құлқы қауіпті топтарда АИВ-ың тарауының себебшілері. Жаз кезінде Алматыда жұмыс істейтін Комерциялық жыныс қатынасынын қызметкерлерінің (КЖҚҚ) жалпы саны 2000-ға жуық адамды құрайды. Орташа есеппен жылына орташа 240-ка жуық жұмыс күнінде көшедегі КЖҚҚ клиенттерінің саны күніне 1 - 3 адам. Өзгеше айтқанда жыл бойы Алматы қаласында КЖҚҚ 1 миллионнан астам жыныстық қатынасқа түседі. Шымкент қаласында КЖҚҚ 500 адамды құрайды, оның ішінде 250 көшеде жұмыс істейтіндер де кіреді. Астана қаласында күнде КЖҚҚ саны 600 шамасында.

Сонымен қорыта келгенде, КЖҚҚ мен ИЕТ-тің қатарын жастар толықтыратыны күмәнсіз. ҚР-да 15-23 жастағы адамдардың жалпы саны 2,9 миллион адам немесе 20 пайызын құрайды. Жас өспірімдерге сұрау салудың мәліметтері: жауап берушілердің 13 пайызы 15 жасқа дейін-ақ жыныстық қатынасқа түсіп үлгерген, 4 пайызы есірткенің дәмін татқан, 23 пайызы алкогольді ішіп үлгерген. Жыныстық қатынаска белсенді жастардың 9 пайызы ЖЖБАға шалдыққаны туралы хабарлады.
Тұрғындардың ерекше тобын, қауіпті деңгейі жағына инемен есіртке тұтынатын және КЖҚҚ жақын тобы болып, бас бостандығынан айрылып түрмеде отырғандар құрайды. Осындай кейбір мекемелерде мерез 10 пайыздық оқиғада аныкталды, бұл жалпылай өсімге бағалағанда 5 есе жоғары (бас бостандығынан айырылғандардың 10 000 шақканда 38).

Осы топтарды жеке бөлген себебтер:

- қазіргі кездегі халықтың тұрмыстық жағдайының төмендеуі

жезөкшелікпен шұғылданудың кең таруына жағдай туғызып тұр;

- осы топтардың мүшелері қауіпті әрекеттермен шұғылдануда, мысалы АИВнан қорғану үшін презервативті пайдаланудан бас тартады;

- әлемде АИВ дертін жұқтырудың 50 пайыздан артығы жыныс жолымен іске асуда;

- жыныс жолымен берілетін аурулардын негізгі себебі жезөкшелікпен шұғылдану болып отыр, ол АИВың ағзага өтуін мүмкіншілігін 4-50 есе жоғарлатады;

- бұл топтармен қатынасу мүмкіншіліктері де төмен, оның мүшелері жыныс жолымен берілетін аурулармен науқастанған күнде де дәрігерлік көмекке өте сирек жүгінеді.

51

4.1.Жастардың мінез-құлқының өзгеру дәлелі.


Мінез – құлықтың өзгеретін үлгісі баршылық:

- дидактикалық амал - адамдардың мінез - құлқының ережесі мен

нормасы (заң дайындау, саясат және т.б.);

- медициналық - денсаулыққа тырмысқаны үшін мадақтау, марапаттау

(вакцинациялау, тестен өткізу, тексеру басқадай дәрігерлік көмек);

- адамдардың мінез - құлқына әсер ету (келісу, әңгіме, лекциялар,

дәрігерлік кампания және т.б.).
Мінез - құлықтың өзгеру проблемалары:

- тұрғындардың мәдениеті;

- жалпылай ақпарат құралдырының теріс әсері (реклама);

- алкоголь мен темекіні алу жеңілдігі, таралу мүмкіншіліктері;

- әке мен балалардың проблемалары (жастардың жоғары мәдениеті);

- өз басы мінез - құлқының өзгеруіне себебтердің жоқтығы;

- әлеуметтік жеңілдікке мүмкіншіліктің аздығы;

- қабылдау түрі және жеке бас түсінігі;

- мемлекет тілінде ақпараттың аздығы.
Біз неге өзгергіміз келмейді:

- осы мінез құлқымның қажеттігі мен артықшылығы (Маған осыны

жасау керек......);

- осы мінез - құлқымның жағымсыз әрекетке әкелетініне сенімім жоқ

және сондықтан өзгерудің кажеті жок;

- өзгерудің қажеттілігіне мүмкіншілік жоқ, онша сенімді емеспін.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет