Сабақтың тақырыбы:
|
Оқу материалдарын тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов)
|
Жалпы мақсат
|
Тірек сигналдар конспектісі негізіндегі оқу технологиясының теориялық негіздерін меңгерту, тірек, тірек сигналдар, тірек конспектілері ұғымдарының мағынасын ашу, технологияның мақсаты, ерекшеліктері, тірек сигналдармен жұмыс істеу кезеңдерін меңгерту, білімдерін кеңейту, білім, іскерлік дағды қалыптастыру.
|
Оқу нәтижесі
|
Тақырыпты жан-жақты талдауға үйренеді, тірек сигналдар, тірек конспектілері туралы біледі, технологияның мақсаты, ерекшеліктерін ажырата алады, топпен жұмыс жасауға жаттығады, пәнге қызығушылығы артады және өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға үйренеді.
|
Негізгі идеялар
|
Ой тұжырымын жасап, шығармашылық әрекет етуіне ықпал жасау, білім, білік, дағдыларының жетілуіне жағдай жасау.
|
Сабақта қолданылатын материалдар
|
Интербелсенді тақта, сабақ презентациясы, парақтар, маркерлер, таратпа материалдар, тірек-сызба үлгілері, бағалау парақтары, бағдаршам үлгілері
|
Оқыту әдістері
|
Түсіндіру, СТО, АКТ пайдалану, сұрақ-жауап, диалогтік оқыту, топтық жұмыс, «Миға шабуыл» әдісі, «Атаулар туралы үш сұрақ» тәсілі, «Ыстық орындық» әдісі, Венн диаграммасы
|
Дерек көздері
|
Оқулық, әдістемелік құралдар
|
4-ші пар (2) - 13:40- 15.15
|
Уақыт
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
3 мин
|
I. Қызығушылықты ояту кезеңі
Тренинг: «Кезекпен ойды аяқта»
Мақсаты: Жағымды психологиялық ахуал тудыру, көтеріңкі көңіл орнату.
Менің көңіл-күйім тамаша, себебі...
Рахмет! Ендеше, осындай көңіл-күймен сабағымызды бастайық.
|
Студенттер ойды кезекпен жалғастырады.
|
Қол шапалақтау
|
Слайд 1
|
2 мин
|
«Жарайсың!», «Тамаша!», «Керемет!», «Өте жақсы!» сөздерін алу арқылы
топқа бөлу
- Ендеше, осы атқа сай жұмыс атқарайық!
|
«Жарайсың!», «Тамаша!», «Керемет!», «Өте жақсы!» сөздері арқылы топқа бөлінеді
|
Қол шапалақтау
|
Қима қағаздағы сөздер: «Жарайсың!»
«Тамаша!», «Керемет!» «Өте жақсы!»
Слайд 2
|
15 мин
|
Үй тапсырмасын сұрау
«Миға шабуыл» әдісі арқылы жаппай сұрау
Мақсаты: өткен тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру.
-Ізгілендіру принциптерін ата?
- Білім беруді ізгілендіру технологиясының ерекшеліктерін атаңыз.
- Білім беруді ізгілендіру технологиясының мақсаты не?
- Білім беруді ізгілендіру технологиясының негізін қалаған ғалым?
- Оқу-тәрбие процесінде қалай жүзеге асырылады?
|
Студенттер сұрақтарға жауап береді, тақырыпты мазмұндайды. Үй тапсырмасын қорытындылайды.
|
Бағдаршам арқылы бағалау.
|
Бағдаршам үлгілері
|
5 минут
|
II. Мағынаны тану
«Атаулар туралы үш сұрақ» тәсілі
Мақсаты: жаңа тақырыпқа кіріктіру
Ол үшін жаңа тақырыпқа қатысты үш сөзді тақтадан жазып қойып сұрақтар қоямын.
Тірек, тірек сигналдар, тірек конспектілері
1.Қайда? Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?
2.Қалай? Өз тәжірибеңізден осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?
3.Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?
|
Студенттер пікірлерін білдіреді, көзқарастарын айтады. Осы сұрақтар арқылы жаңа сабақтың тақырыбы анықталады.
|
|
Слайд 3
|
25 минут
|
Жаңа сабақты түсіндіру
Жоспар:
1. Тірек сигналдар конспектісі негізіндегі оқу технологиясының мақсаты
2. Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері
3. Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының кезеңдері
|
Жаңа білімді игереді. Пән аралық байланыс. Мамандыққа бағыттау. Проблемалық сұрақтарға жауап береді. Іс -тәжірибемен байланыстырады. Дәптермен жұмыс.
|
|
В.Ф.Шаталов суреті, тақырыптық сызба, тірек сызба үлгілері
|
10 мин
|
Топтық жұмыс
Венн диаграммасы
Мақсаты: Сабақта оқыған, өткен сабақта оқыған оқу материалын бекіту, жаңа сабақпен байланыстыру
Жеке ізгілік технологиясы//Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы
|
Венн диаграммасын толтырады
|
|
Слайд 4
|