1.2 Қыз бала бойына дарыту керек қасиеттер
Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт - қыздарға берілетін тәлім мен тәрбие арқылы өлшенеді. Біздің халқымызда «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Біз қыз баланың бойынан нәзіктік пен сұлулықты, ұяңдық пен инабаттылықты, сыпайылықты, әдемілік пен ұялшақтықты, өнерлік пен іскерлікті, шеберлік пен ақ ниеттілікті, ақкөңіл қасиеттерді көргіміз келеді. Сондықтан да болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу қазіргі отбасындағы үлкен міндет. Ал ұрпағымыздың бойына ұлттық тәрбиені, имандылық қасиеттерді сіңірсек, халқының әдеп-салтын жақсы білетін, ата-анасын сыйлайтын, ел үшін еңбек ететін ұрпақ тәрбиелеген боламыз.
«Қызға қырық үйден тыйым» дейді қазақ. Бүгінгі күн қазақ қызының бейнесін, болмысын ұмытып бара жатқан сияқтымыз. Жалпы, қазақ қызы қандай болуы керек? Ол жайлы ойлай бермейміз де. Күнделікті болмасын, ең құрығанда, әредікте өзімізге «Мен «Қазақ қызы» деген үлкен атқа лайықпын ба?» деген сауал қоймаймыз да. Бәлкім, бұл үлкен атауға бәріміз дерлік сай шығармыз. Өнегелі, тәрбиелі қыз бала қандай болуы керек? Қыз- өмірдің қызғалдағы, қыздар болашақ ана, бақыт- байлық ошағы, адамзаттың өсіп-өркендеп, тәлім-тәрбие алатын қасиетті ұясы. «Тәлімді ана - тәрбиелі келін» атанады. Адамның сыртқы бейнесі оның ішкі жан дүниесімен тығыз байланысты. Ендеше, ішкі жан-дүние – мінез-құлық. Дауыс көтеріп, дөрекі сөйлесең, сыртқы бейнең қанша сұлу болып, әдемі киініп тұрсаң да жарасым таппайды. Адаммен қарым қатынасы сөз ғой, міне, сондықтан да айналаңнан күнделікті өмірде жақсы, жанға жағымды сөзбен даусыңды, сөйлеу мәнеріңді түзетіп, жақсылықты бойыңа жинау керек. Рухани байлығың білім мен тәрбие. Сыртқы киім киісі, жүріп-тұрғаны көңілге қонымды, күнделікті сабағын тиянақты оқып жүретін оқушыны ұстаз да, ата-ана да мақтаныш тұтады. Теледидардан, көргеннің бәріне еліктеуге, үйренуге болмайды. «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» - деген бар, сондықтан жақсы мен жаманның арасын ажырата білу керек. Батыстың мәнсіз музыкасын тыңдап, соған бой алдырып, еліріп қисаңдаған қыздардан не күтуге болады? Қазақтың әсем сазын, асқақ әуенін бағалап тыңдай білгенге не жетсін. Ашық-шашық киінгеннен жақсы көрінбейсің, керісінше көрген адам «Мынаны айтатын ата-анасы, ұстазы жоқ па?» - деген ойға қалады. Ерсі бояну да көруге қолайсыз әсер қалдырады. Көпшілік орындарда қатты күлу, қатты сөйлеу, мініп келе жатқан көлік ішінде үлкенге орын бермеу, ешкіммен санаспай өз беттерінше даурығып дөрекі сөздер айтып, айғайлап сөйлеу өте ұят, өзімшіл өркөкіректікті көрсетеді. Қалай болса солай сөйлеу, киіну талғамсыздық пен тұрпайылық белгісі. Үлкеннің айтқан сын
7
ескертпесін, ақылын өзімдікі дұрыс демей, « Қалай айтылды? Неге айтты?» деп, өз-өзіңе талдау жасаған дұрыс. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген бар. Әрбір қыз бала өзінен кейінгілерге үлгі болуы керек. Үлкенді сыйлайтын, кішіні сипайтын жақсы қыз - өнегелі, тәрбиелі қыз. Әрбір отбасында «баланы бастан.....» - деп басталатын тәрбие қандай тағылым, десеңізші? Оны ата-бабаларымыз қоғамдық орта тәрбиесімен қандай шеберлікпен ұштастырған. Адамды ақ жолға бастайтын жеті жетекшісі бар, осыны бойына сіңіре білген, қалыптастыра білген адам тәрбиелі адам.
Қыздар тәрбиесі қоғамда рухани құндылықтарды, ұлы мұраттарды иманды және инабатты бәсекемен қалыптастырады. Бұл адамның ішкі түйсігіне өрелі қасиеттерді алға шығарады. Сол адамдық қасиеттерді бойына сіңіре білген жандардан тараған ұрпақ ақыл мен алғырлықтың бүкіл бітім-болмысын оданда артығырақ жақсартады. Қызды тәрбиелеу, өсіру, бойжеткізу ең маңызды мәселе. Қыз өсіру гүл өсірумен бірдей! Гүлге әлсін-әлсін су құйып,ауа жеткізіп, арам шөптерден тазартып отыру керек. Бұндай тиянақты күтім болмаса гүл солып қалады. Қыз да сондай. Оған тәлім мен тәрбие, өнер мен өнеге беру маңызды мәселе болып табылады. Əдептілік, инабаттылық, сыйласу қонақ күту жағынан халқымыз алдына жан салмаған. Əрбір бойжеткен қыз бала , əке-шешнің ортасындағы бұлғақтаған бал дəуренін қалдырып, басқа бір үйге барып келін атанады. Өз шаңырағын көтеріп, үй мен шаруаға иелік етіп түтінін түтетеді, ана болып өмірге перзент əкеледі. Жар құшып, ана болу – қыз баланың мақтанышы əрі бақыты. Данышпан ақын Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты білек» деген еңбегінде « Қызға үлгі көрсет, ерлік ізгілікті басшылықа ала отырып, әдеп пен инабаттылықты үйрет. Сұрағанын бер, көз алдыңнан таса қылма, мықтап күзет. Мезгілі жеткенде тұрмысқа бер» дей келе қыз баланың барлық талап – тілегін орындау арқылы қатал ұстауды міндеттеген.
Қазақ отбасында әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.
Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі отбасында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді. Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған. Қыздың бойындағы ізеттілік, көргенділік нәресте кезінен ана сүтімен бойына сіңген. Қатты күлмеу, айқалап сөйлемеу, үлкеннің жолын кеспеу, ыдыс –аяқты сылдырлатпау, алдымен кіріп, артымен шығу, есікті теуіп ашпау, босағаны кермеу, үлкендерден жоғары отырмау тәрізді тіпті қыз баланың отырысына, жүрісіне, киім киісіне, дауыс ырғағына дейін мән берілды. Мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Әрбір қыз балаға ата-анасын, туыстарын, ұстаздарын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін ,жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығатыны сөзсіз. Қыз баланың
8
жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы-құрдастарының, дос-жарандарының да әсері күшті. Қазақтың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол» деген нақыл сөздері сол өмір тәжірибесінен алынған. Сонымен қазіргі заманғы қыздардың бойынан: ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттері де табылуға тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без» деген. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата-ананың қызынан қапы қалма» деген екен. Қазақ халқы бойжеткен қыздың киім киісіне де ерекше көңіл бөлген. Мысалы: «Адам көркі – шүберек, ағаш көркі - жапырақ» деп қыз балаларға қынама қамзол, дүрия бешпет, кәмшат бөрік, қос етек көйлек кигізген. Халқымыз қыз баланың көркіне оның ақыл – ойы мен мінез – құлқы сай болуын қалаған. «Қызым үйде, қылығы түзде», «Қыз ақылы шешеден» т.б. мақал – мәтелдер соған арналған.
Халқымыз бойжеткен қыздың алдына келешектегі өмірлік міндеттерін қойып, орындап отыруды қыздық абыройы деп санаған. Олар: ізетті болу, әсем киіну, әкені күту, шешені сыйлау, дөрекі сөйлемеу, қабаң шытпай жүру, үлкендердің алдынан кесіп өтпеу, ұқыпты болу, өсек айтпау, ұрпақ тәрбиесінен хабардар болу, ұлт дәстүрлерін құрметтеу, ана тілін ардақтау, орынсыз сөз айтпау, арқан, жіп есе білу, сиыр сауа білу, кілем тоқып, кесте тіге білу, т.б. секілді мінез-құлықтық қасиеттер мен дағды икемділіктері. Қыздың намыс мен ары, адамгершілігі оның оқуға, қоғамдық пайдалы істерге, отбасына, құрбы-құрдастары мен ұжымға қарым-қатынасына байланысты. Әрбір қыз балаға ата-анасын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін,өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз. Қыз баланың бойына сыпайлық, мейірбандық, адалдық, сезімталдық және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді кішкентайынан бастап дарытуды халқымыз өте ежелден қолға алған. Қазақ қызы өзіне өмірлік жолдас, жар таңдауға ерекше жауапкершілікпен, сақтық, ұстамдылықпен қарап, оның маңызын санасымен аңғарып, жүрегімен түйсінген. Бұл істе ұшқалақтыққа, орынсыз тәуекелге жол беруді өмірлік қауіп санаған.
Сонымен қазіргі заманғы қыздардың бойынан ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттері де табылуға тиіс. Бойжеткен қыздар қазақ қызына тән қасиеттерді жоғалтпай, инабаттылықты, адамгершілікті, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсете білетін болуы керек. Адамның кішкентай кезінен қалыптасқан мінезін өзгерту мүмкін емес, сол себепті қазақ қыздарын кішкентай кезінен дұрыс тәрбие беріп өсіру жөн. Ата-анасы да көреген, ақылды, адамгершілігі мол, инабатты, өз кездерінде дұрыс тәрбие алған, кішіге үлгі бола алатын адамдар болуы керек. Сонда ғана қыз дұрыс тәрбиеленеді. Оған ненің бұрыс ненің дұрыс екенін, қазақ қызы қандай болу керектігін, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету керектігін, сыпайы, нәзік болу керектігін кіші кезінен үйретер болса қыздар тез ұғынып алады.
Достарыңызбен бөлісу: |