Күтілетін нәтиже: біздер халықтың төл ерекшеліктерін терең меңгеріп, оларды жас ұрпақ тәрбиесінде алатын рөлін айқындап алуымыз керек. Ертеңгі болашағымыз - өскелең ұрпаққа сол тұрғыда білім мен тәрбие беруіміз қажет-ақ. Ұлттық тәрбиенің қыз тәрбиесіндегі әсерін анықтау. Көркем шығармалардың қыз тәрбиесіне әсер етуін аңықтап көрсету. Қыз бала тәрбиесіне аса назар аудартуымыз керек.
4
І БӨЛІМ. ҚЫЗ ТӘРБИЕСІНДЕГІ БАСТЫ БЕЛГІЛЕР
1.1 Қазақ отбасындағы қыз тәрбиесі
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Ана – адамды өмірге әкеледі, өзінің ақ сүтімен алғашқы тәрбиесін береді, адамды адам етіп тәрбиелейді, аяғынан тұрғызып, азамат етіп өсіреді. Сондықтан да ертеңгі ананы тәрбиелеу – баршамыздың төл міндетіміз. Қыз тәрбиесінен ешкім де қалыс қалмауы керек. Қыздың теріс қылығына оның ата-анасы, туыстары, ауылдастары ғана емес, кез келген адам тиым сала алады. «Қызға қырық үйден тиым, тіпті құлдан да тиым» деген сөзде қаншама философиялық ой жатыр. Яғни, қыз бала тәрбиесіне тек ата-анасы ғана емес, бүкіл ауылы, ел-жұрты жауапты.
Мұхаммед Пайғамбар «Кімнің үш қызы болып, оларға дұрыс тәрбие берсе, маңдай терімен тапқанына киіндіріп бақса, олар сол үшін тозақ отынан қалқан болады», – деген. Шынымен де қыз бала тәрбиесінің ата-анаға оңай түспейді. Қыз баланың ары мен абыройы, сыры мен сымбатын сақтауы, келешек өміріне даярлығы әрқайсысы өз алдына дербес тақырып. Қазақ халқы қыз баланың қадір-қасиеті мен қылығы ұлттың ұлылығын танытады деп халықтық болмыспен астастырған. Сондықтан қыздың тәрбиесіне ерекше мән беріп, сол тәрбиені қалыптастырудың жолына барлық игі жақсылықты топтастырған. Қазақ қауымында қыз баланың орны айрықша болған. Ата-бабаларымыз қызды қонақ деп есептеп, барған жерде бағының ашылуын үйде отырып қамдаған. Барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отырған. Еркін ұстаған, бірақ тым еркінсітпеген. Қазақ халқында «Қыз – елдің көркі, гүл жердің көркі» деген мақал бар. Мақалдың мәні қыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, салтқа беріктігін көрсетеді.
Қазақ отбасында қыз баланы қалай тәрбиелеген екен, соған тоқталайық. Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі –тәрбие. Ата-ананың міндеті –жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын, адамшылық, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін сіңіру. Әсіресе қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған. Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Қыз бала анаға бір табан жақын ғой. Басқа ұлтқа қарағанда біздің қазақ келіншектерінің бойында ізеттілік, ар – ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсету, үлкеннің алдын кесе – көлденең кесіп өтпеу, жаны ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші – ол анасы. Қыз баланы жастайынан үй сыпыруды, яғни үйді таза ұстауға, төсек жинауға, ас пісіру, шай құю, кесте тігу, т.б. жанұяның үй жұмысын үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған. Қыз баланы келешек ана, бала тәрбиешісі, жанұя ұйтқысы деп түсінген халқымыз оның еңбексүйгіш, өнерлі болып өсуімен қатар көрікті болып өсуіне де ерекше көңіл бөлген. Әсіресе қыз баланың көрікті
5
болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, «Аттың көркі – жалы, қыздың көркі - шашы» деп қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын керемет суреттеген: «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты», «Қаз омырау кеудеге, құлап түссе қос бұрым». Сонымен қатар қыз тәрбиесіндегі жеңге рөлі де көзден таса болмайды. Бұл байланысты аталарымыз «Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді келеді» деп тұжырымдаған. Өйткені әке-шеше айта алмайтын сырды жеңге жеткізеді. Қыздың балғын болмыс-бітімі мен тәрбиесінің басы-қасында аяулы жеңгелер жүреді. Қазақтар әдетте елге келін болып түскен қыз өз елінің барлық жақсы қасиеттерін, рухани – моральдық құндылықтарын өзімен бірге ала келіп, табалдырығын аттаған босағасының игілігіне, қала берді бүкіл сол бір қалың елге сіңірген. Бұл жақсы үрдіс, ғибратты кәде бүкіл ұлттық бірлігіне, рухани болмысына игі ықпалын тигізген. Сондықтан да халқымыз қыздарына төрден орын беріп, қонақ деп еркелетіп, парасаттылыққа баулып еркін өсірген. Ерке қыз, иманды әйел, қасиетті ана солардан шыққан. Әр ата-ана өз қызын өнегелі етіп өсіруге бар күшін салады. әр қыз өз отбасының тәрбиесінен ұядан ұшып, өмір деген үлкен әлемге қанат қағады. Қазақ қыздарына ғасырлар бойы осындай отбасылық тәрбие берумен өсірді. Өткенге қарап отырсақ ата-бабаларымыз қыздарын жақсы келін болуға емес, әр саладағы жақсы мамандар мен бірге «Ана» болуға тәрбиеледі.
«Қызға - қырық үйден тию» - деген мақал – ауыл болып, ағайын болып қызға ақыл айту, өсиет айту, өнеге көрсету деген сөз. Олай болса қыз тәрбиесі тек әке мен шешенің ғана емес, ағайын – туыстың, бүкіл ауылдық қоғамның мәселесі болуы тиіс. Қазір «жастар азып барады» , «жастар тәрбиесіз» дегенді жиі айта бастағандаймыз. Біле білсек, бұл жастардың емес, мына біздердің, яғни ата-аналардың, қоғамның қасіреті. Өйткені, нарық қыспағына тап болған, дәулеті шағын отбасынан шыққан жастар тұрмыс тауқыметке көп шалдығады. Сондықтан бұл мәселеде мемлекет, қоғам болып ойланатын жағдайлар тым көп. Мұның өзі үлкен бір тақырыпқа өзек болар ауқымды мәселе дер едік. Жалпы алғанда, аналардың жағдайы, бала тәрбиесі қоғам үшін де қажет. Дені таза, ширақ туып, ширап өскен, сіз – бізбен тілі шыққан, ата-анасын, ағайын-туысын, үлкені сыйлап өскен ұл мен қыз халқымыздың болашағы, қоғамымыздың тұтқасы болмақ. Әр қыз өз отбасының тәрбиесімен ұядан ұшып, өмір деген үлкен әлемге қанат қағып жатады.Қыздың әрбір қылығы ата-анадан алған тәрбиесімен бағаланады.Тәрбиелі отбасынан шыққан қыз қылығымен сүйкімді болады. ‟ Шеше көрген тон пішер,Әке көрген оқ жонар ”, ‟ Шешесіне қарап қызын ал ”- демекші қыз бала ата-ананың айнасы. Бүгінгі күннің Еңлік пен Жібектеріне айтарым,қызға тән қылықтарыңды ешқашан жоғалтпаңдар дегім келеді.
Баланың ана құрсағында пайда болуына, оның өмірге келуіне, оның алғашқы қадамына, алғаш атқа отыруына, алғаш жолға шығуына арналған жеке-жеке әдет-ғұрпымыз, жол-жоралғылармыз бар. Халқымыз сонымен қатар бала тәрбиесіндегі ананың ролін өте жоғары бағалаған. Тіліміздің өзін ана тілі деп атауы-аналарға көп жүк артады. Аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін көрсетеді. Ана – барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі. Ол адамды адам етіп
6
тәрбиелейді. Ол адамды өзінің тілінде, ана тілінде сөйлетеді. Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті. Қазақ отбасында қыз барлық ұлттық салт-жоралғыраға сай тәрбиеленіп, барлық жақсылықты бойына сіңіріп өседі. Халқымыз қыз баласын көркіне ақылы сай етіп тәрбиелеуге аса назар аударады.
Достарыңызбен бөлісу: |