Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы



бет9/11
Дата27.10.2022
өлшемі0,55 Mb.
#155257
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ғылыми жоба Қыздың тәрбиесі

Барлығы 50 оқушы
Қыз бала тәрбиесі жайлы оқушылардың сауалнама көрсеткіші
22

  1. Қыз тәрбиесі отбасындағы тәрбиенің жемісі ме?



  1. ­Өткен заман мен қазіргі кездегі қыздардың айырмашылықтары бар ма?



  1. Қыз баланы ұлттық салт-дәстүрлер аясында тәрбиелеу дұрыс па?



  1. Қыз тәрбиесі қоғамға әсер етеді дегенге келісесіз бе?



  1. Көркем шығармалар қыз бала тәрбиесіне өз әсерін тигізе алады ма?

23


  1. Қазіргі замандағы қыздар тәрбиесінің ақсап бара жатқанына келісесің бе?



  1. Қыз тәрбиесіне көп көңіл бөліну керек пе?



  1. Өзіңіздің отбасындағы қыз тәрбиесін дұрыс денгейде деп айта аласыз ба?

24




  1. Қыз бала бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыз?

  2. Сіздің ойыңызша қыз баланы қалай тәрбиелеу керек?

Диаграмма арқылы оқушылардың қыз тәрбиесі жайлы не ойлайтыны белгілі болды.
1-сурет. Сауалнама толтырып отырған оқушылар

2-сурет. Мұғалімдерден алынған сауалнама
25

Сауалама сұрақтары:
1. Қыз балалардың бойында қандай қасиеттер болуы керек?
2. Қыз баласы өзін қонақта, театрда, сабақта, спорт залда, асханада қалай ұстау керек?
3. Қазіргі қыз балалардың киім үлгісі жайлы не айта аласыз?
4. Қыз бала тәрбиесіне өз әсерін тигізе алатын қандай көркем шығармаларды білесіз?
5.Қыздарға байланысты қандай тыйым сөздерді білесіз?
6. Қазіргі замандағы қыздар тәрбиесінің ақсап бара жатыр
дегенге келісесің бе?
Мұғалімдер сауалнама арқылы қыз тәрбесі жайлы білгендерін жазып, өз ойларымен бөлісті.
3-сурет. Эссе «Қазіргі кездегі қыз тәрбиесі»



26
Оқушылардан қыз тәрбиесі туралы шағын эссе алынған болатын. Яғни, олар өткен және бүгінгі кездегі қыз бала тәрбиесінің айырмашылықтары жөнінде ойларымен бөлісіп, дұрыс тәрбие алу жайлы қағаз бетіне өзіндік ойларын түсірген болатын. Көбінесе оқушылар өткендегі және қазіргі кездегі қыз балалардың жүріс-тұрысын, сөйлеу мәдениетін салыстырып жазды. Сонымен қоса, кейбір оқушылар эссе сонында қыз балаларға ұсыныстар айтып қалдырды.
Әжеден алынған сұхбат кезінде әже өз заманындағы қыз балалар жайлы айтып, қазіргі қыз тәрбиесіне көптеген ұсыныстар берді. Сұхбат:
-Сұхбатымызды қыз баланың тәлімі мен тәрбиесіне арнамақшымыз. Енді қазақ қызының тәрбиесі – күллі қазақтай ұлттың тәрбиесі деп білемін. Сіздің ойыңыз қандай?
-Жалпы қыз – өз ұлттың айнасы. Ал қазақтың қызы – қазақтай ұлттың айнасы. Қыз баланың қашанда дұрыс жүруі ата-ананың мәртебесі. Қыз баланың тәрбиесіне жеңіл көзбен қарауға мүлде болмайды. Шешесіне қарап бой түзейтін қыздар үшін ана берген тәлімнің ықпалы ерекше. Мен қыз баланың бойынан нәзіктік, ұяңдық, инабаттылықты, сыпайылықты, іскерлікті, шеберлік пен ақ ниеттей қасиеттерді көргім келеді. 
-Қазір молшылықтың заманы. Заттай байлықтың құны өршіп тұрған дәл қазіргі кезде, қыздарымыз өмірлік жар таңдар алдында материалдық құндылықтарға көп мән беріп жатады. Осыған сіздің айтарыңыз қандай?
-Тұрмыс құру дегеннің өзі өмірдің ең үлкен жауапкершілігі. Жігіттің бойындағы адамгершілігі мен рухани байлығына мән бермейді, бүгінде. Некелеседі, кейін түсініспей арты ажырасуға әкеліп жатады. Материалдық жағдай, заттай байлыққа қарайтын қыздарды мүлде түсінбеймін. Өмірлік жар – қызығынды бірге бөлісіп, қиын кезде қолдап, саған көмек беретін адам.
-Бауыржан Момышұлы «немересіне ертегі айта алмайтын әжелер мен баласына бесік жырын арнамаитын аналардан қорқамын» деген екен. Сіз ше? Қазіргі қыз бала тәрбиесіне келгенде сізді не алаңдатады?
-Қыз баланың тәрбиесіне келгенде алаңдататын мәселе өте көп. Қазіргі қыздардың көбі бүлініп кеткені баршамызға мәлім. Өздерінің қазақи қасиеттерін сақтамай, ұлттық тәрбиеден ауытқыған сияқты. Мені алаңдататын басты мәселе: қыздардың өзінің ана тілін, ата тарихын, салт-дәстүрлерін білмеуі. Қыз баланың орынсыз жүруі, кешке шығып, таңда үйге кіріп жатуы, ата-анасының айтқанына мән бермеуі мұның аяғы жақсылыққа әкелмейді. Сонымен қатар, жаман әдеттерге салынған қыздар, олардың ашық-шашық киінуі, шектен тыс боянуы, үлкендерді сыйлаудан қалғаны мені алаңдатады.
-Қыздарға айтар тілегіңіз, қыз бала тәрбиесәне ұсыныстарыңыз ба ма?
-Қыз баланың тәрбиесі – ата-ананың мерейі, бүкіл ұлттың айнасы. Сондықтан да, қыз өзін қайда болмасын дұрыс ұстауы керек. Үлкенмен болсын, кішімен болсын мәдениетті сөйлеуі шарт. Қызға тән емес қылықтарды жасамауы қажет. Сонда ғана қыздар өздерінің ұяңдылығын, инабаттылығын, сыпайылылығын, салмақтылығын сақтайды деген ойдамын.
Сонында мейірбикелерден сұхбат алынды. Нәтижесінде қыз балаға ашық-шашық киім кию, арақ ішіп, темекі шегудің зияны түсінікті болды. Медиктерден
27
осы мәселелер жайында көптеген деректер берді.

4-сурет. Мейірбекеден сұхбат алу





Сұхбат:
-Қазіргі қыздар тар киімдер киеді. Сол жайлы не ойлайсыз?
- Тар киім денені қыздырады. Күннің астында ашық жүру гипертермияны туғызады. Сонымен қатар, күн сәулесінің зияны терінің мерзімінен бұрын қартаюына алып келеді. Дәрігерлер тар шалбар мен жабысқан тар кофтаның денсаулықтың бұзылуына бірден-бір себеп болатындығын баса айтады. Мысалы, киімнің ішті қысуынан дем алу барысында диафрагманың толыққанды түсуіне кедергі келтіреді әрі өкпенің гипервентилляциясын туғызады. Өкпенің гипервентилляциясы – бұл шамадан тыс жылдам немесе терең дем алу. Мұндай тыныс алу өз кезегінде бас айналу, әлсіздік, ентігу сияқты және басқа да белгілерді туғызады, қандағы оттегі мен көмірқышқыл газы балансының бұзылуына әкеледі. Тар шалбар киюдің тағы бір жағымсыз салдары – қыжылды тудыру. Оның себебі қысымның әсерінен асқазан қышқылы өңешке көтеріледі. Тар жағалы жейделер мен водолазкалар мойын артериясын қысады және көзішілік қысымды жоғарлатады. Бұл глаукоманың пайда болу себебін туғызады. Глаукома – көздің ішкі қысымының жоғары көтерілуінен болатын созылмалы көз ауруы.
-Қазіргі қыздар темекі тартуға әуес. Бұл олардың денаулығына қандай әсер тигізеді?
- Темекі түтінінің құрамында 30-дан астам улы заттар: никотин, көмір қышқыл газы, көміртек тотығы, аммиак, шайырлы заттар және 12 000 жуық химиялық қосылыстар болады екен. Оның 196-ы — улы және 14-і наркотик тәріздес. Егер қыз жүктілік кезінде темекі шегетін болса, ерте түсік болуы мүмкін, қан кетеді, сәби іштен жетілмей қалады, баланы аман сақтап қалу екіталай. Ол анадан салмағы аз, аурушаң бала дүниеге келеді. Темекінің құрамындағы улы зат – никотин жүректің тамырларын қатайтады, тарылтады, қан ұйиды, аяғында некроз ұлпалар пайда болады. Өкпенің, тыныс жолдарының қатерлі ісігіне
28

шалдықтырады.


-Ал алкогольді сусындар жайлы не айта аласыз?
-Қазір қазақтың қызы да, әйелі де арақ-ша­рап ішетін болды. Қазақстан әлем бойынша ішімдікті көп ішетін 188 елдің қатарында 34-ші орында тұр. Елімізде
жарты мил­лион­ға жуық адам алкогольді ішімдіктің уысы­на түсіп, уын ішіп жүр. Бұлардың ортасын­да әйелдер ойып тұрып орын алады. Әйелдер ерлерге қарағанда арақтың ырқына тез көнеді. Ерлер бес-алты жыл ішкеннен кейін араққа салынып кететін болса, әйелдерге екі-үш жыл жеткілікті екен. Себебі ер адамның ағзасында спиртті ішімдіктің зардаптарынан сақтандыратын ферменттер асқазан мен бауырда болса, әйелдерде тек қана бауырда ғана болады екен. Әйелдердің тез маскүнем болатыны, бірақ өте қиын емделетіні содан болса керек. Маскүнемнің балалары көбіне ауру, кеміс, ақыл-есі кем болып туады екен. Мына статистикаға қараңыз: ішкілікті аз да бол­са ішетін әйелдердің өмірге әкелетін сәби­лерінің 80-90 пайызы әлсіз болады, олар болашақта психикалық қиындық­тар­ға ұшырайды, сөйлеу мүшелерінде кемістік бай­қалып, терісінде түрлі аурулар болады екен. 40-50 пайызының жыныстық мүше­ле­рінде кемістік байқалып, аяқ-қолының саусақтары қисық болып жаратылады. Ал 20-30 пайызында балалар жүрек ауруына шал­дығып, көру қабілеті төмен, 10 пайы­зының бүйрегі толық жасамайтын күйінде өмірге келеді.
- Сыраны алкогольді ішімдік емес деп адамдар өзін өзі алдайды. Сол жайлы не айта аласыз?
-Сыраны көп ішкен адамның бүйрегі, бауыры, жүйке жүйесі, асқазаны, өт жол­дары ауырады. Бауыры, бүйрегі ісініп, адам­ның іші қампиып кетеді. Одан соң жү­ре­гі ауырады. Сыраның құрамындағы кө­мір­қышқыл газы қан тамырларына күш тү­сіре­ді. Қан тамырларына күш түскесін жү­рек­тің қызмет етуі нашарлап, еті босап, ісініп, сырты үлбіреп кетеді.

29



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет