112
анықтау үшін қарастырылатын қалалар немесе ірі қоныстанған мекендердің
ең суық бес күндіктің ауа температурасы қабылданады, ол сыртқы ауаның
есепті температурасы (t′o) деп аталады. Жылыту жүйесінің жұмыс басталуы
немесе тоқтатылуы сыртқы ауа температурасына (+8°С) байланысты,
сондықтан (+8°С÷t′o) температуралар аралығы
жылытылатын мерзім деп
саналады.
Жылумен қамту жүйелерінің түрлері.
Жылумен қамту жүйелері үш
негізгі буыннан (инженерлік құрылымдардан) құрастырылады: жылу көзі,
жылу желілері, ғимараттардың жылутұтынудың жергілікті жүйелері.
Жылумен қамту жүйелері:
– жылу көзінің түріне және әсер ету радиусына байланысты;
– жылутасымалдағыштың түріне байланысты;
– ыстық сумен қамту жүйесіне ыстық су беру әдісіне байланысты;
–
құбырлар санына байланысты;
– жылутасымалдағыштың қозғалуын ұйымдастыруға байланысты;
– тұтынушыларды жылу энергиясымен қамтамасыз ету әдісіне
байланысты топтастырылады.
Жылумен қамту жүйелері жылу көзінің түріне және әсер ету радиусы
бойынша жергілікті, орталық және орталықтандырылған болуы мүмкін.
Жергілікті
–
жылумен қамту жүйесінің үш негізгі буындары азаматтық
ғимараттарда бірігіп бір орында немесе өндірістік ғимараттардың көмекші
алаңдарында қарастырылады. Мұндай жүйе ретінде электр немесе газ
пештері арқылы жылытылатын жүйелері мысал бола алады.
Орталық
–
бір жылу көзінен кез келген көлемдегі ғимаратты
жылумен
қамту. Мысалы, ғимараттың жертөлесінде немесе жеке тұрған қазандықта
орнатылған қазаннан жылу алатын жылыту жүйесі.
Орталықтандырылған
–
бір
жылу көзінен
жылуэлектрорталығынан
(ЖЭО) немесе аудан қазандықтарынан (АҚ ) бірнеше ғимараттарға жылу
беріледі.
Жылу көзінде өндірілетін жылутасымалдағыш су немесе сулы бу
түрлері болуы мүмкін, осыған байланысты жылумен қамту жүйелері
сулы
немесе
булы
болады. Жылумен қамтудың сулы жүйелері негізінде тұрғын
және қоғамдық ғимараттардың жылыту, желдету
және ыстық сумен қамту
жүйелері үшін қолданылады. Жылумен қамтудың булы жүйелері өндірістік
кәсіпорындар үшін қолданылады. Аудандық қазандықтарда булы немесе
суысытқыш қазандары қолданылады, олар энергияның тек бір түрін –
113
жылуды өндіреді. Тұтынушылар бұл жылу энергиясын бу немесе ыстық су
түрінде алып ғимараттарды жылытуға қолданады.
Жылутасымалдағыштың қозғалуын
ұйымдастыруына байланысты
жылумен қамту жүйелері тұйық, жартылай тұйық және тұйықталмаған болуы
мүмкін. Тұйық жүйелерде тұтынушы тасымалдағыштың жылуын жартылай
ғана пайдаланады, ал тасымалдағыш өзі жылуының қалған мөлшерімен жылу
көзіне кері қайтады, онда ол қайтадан жылумен толығады (екі құбырлы
жабық жүйелер). Тұйық сулы жүйелер жабық жылумен қамтуға қарайды, ал
тұйықталмағандар ашық жүйелеріне жатады.
Жылу желілеріндегі жылу құбырларының
санына байла-нысты
жылумен қамту жүйелері – бір, екі, үш, төрт және көп құбырлы болуы
мүмкін. Жылумен қамту жүйелері құбырлар санына байланысты бір құбырлы
және көп құбырлы болуы мүмкін, кеңінен қолданылатыны – екі құбырлы
жылу желілері. Тұтынушыларды жылу энергиясымен қамтамасыз ету әдісі
бойынша жылумен қамту жүйелері бір және көп сатылы болуы мүмкін. Бір
сатылы жылумен қамту жүйелерінде тұтынушылар жылу желілеріне тікелей
қосылады.
Жылу тұтынушылар жылу желілеріне жергілікті жылу пунктері (ЖЖП)
арқылы жалғастырылады, бұл абоненттік ендірімдер деп аталады. ЖЖП-да
тасымалдағыш параметрлері тұтынушылардың
талаптарына сәйкес өзгеруі
мүмкін (Сур.76
а
).
Көп сатылы жылумен қамту жүйелерінде тұтынушылар мен жылу
көздерінің арасында орталық жылу пунктері (ОЖП) немесе бақылау-тарату
пунктері (БТП) орналастырылады, оларда тасымалдағыш параметрлері
ЖЖП-ның талаптарына сәйкес өзгеруі мүмкін (Сур. 76
Достарыңызбен бөлісу: