111
ғимаратарында тәулік бойы жылу шығыны тұрақты емес, ол технологиалық
процестарға байланысты. Жұмыс уақытында
бөлмеде артық жылу болуы
мүмкін.
Жылытудың гигиеналық негіздері. Адам организмінің жылулық
балансы оның өзі өндіретін жылудан, қоршаған ортадан алынатын жылудан
және қоршаған ортаға жоғалатын жылудан тұрады. Адам организмі өндіретін
жылу оның жасына, жасаған жұмысына және т.б. факторларға байланысты.
Жылыту жүйелеріне келесі талаптар қойылады:
Санитарлы-гигиеналық – бөлмедегі ауаның температурасы уақыт
бойынша бір келкі жағдайда барлық бағытта, қоршаулардың ішкі бетіндегі
және жылыту аспаптарының бетіндегі температураларын
белгілі мөлшерде
ұстап тұру, нормативтік деңгейге сәйкес;
Экономикалық - тұрғызу мен пайдалану кезіндегі келтірілген қаржы
шығыны күрделі; металл шығыны аз, еңбек шығыныны төмен және жылу
энергиясының
шығыны тиімді;
Құрылыстық
–
бөлме интерьеріне сәйкес, жинақы және құрылыс
конструкцияларына үйлесімді болуы шарт; ғимараттың салыну мерзімімен
келісілуі;
Монтаждық - түйіндер мен бөлшектердің
саны мейлінше аз болуы
керек, оларды дайындауды механикаландыру; монтаждау кезінде қол еңбек
жұмысы аз болуы;
Пайдаланулық
– техникалық жетілген жүйенің сенімділігі барлық
пайдалану уақытында мүлтіксіз, қауыпсыз және шусыз жұмыс істеу,
реттеу
атқаруын қолдану арқылы тиімді, зиянды заттар шығындары төмен болуы
керек.
Достарыңызбен бөлісу: