Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы абиева г. С., Молдаш ы.Ә., Мауленова б. Т



Pdf көрінісі
бет54/131
Дата19.05.2022
өлшемі12,6 Mb.
#143902
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   131
Байланысты:
143. kz 1403000 слесарь сантехник

Шеңберлі
жылу желілері бірнеше жылу көзі бар жағдайда 
қолданылады, тұтынушылар барлық жағдайда жылумен үздіксіз қамтамасыз 
етіледі. Мұндай желілер өте қымбат, сондықтан тек үлкен қалалар үшін 
қарастырылады (81сурет,б). 
Орталықтандырылған жылумен қамту жүйелерінің маңызды элементі 
болып жергілікті жылу тұтынушыларын жылу желілерінің қиылысуында 
орналастырылатын қондырғылар саналады, олар әртүрлі категорияға 
бөлінеді. Мұндай қондырғыларда жылу желілерінің және жылу пайдалану 
жүйелерінің жұмысына бақылау мен оларды басқару жүргізіледі. Мұнда 
жылутасымалдағыш параметрлерінің өлшемдері – қысымы, температурасы 
өзгертіледі, ал кейде әртүрлі деңгейде жылу беру шығындары мен реттеуі 
жүргізіледі. Осындай қондырғылардан жылумен қамту жүйелерінің 
сенімділігі мен үнемділігі байланысты болады. 


123
Жылу желілерінің қабылданған жүктемесіне, сонымен қатар жылу 
жіберудің әртүрлі сапасына сәйкес жылу орындарының қондырғыларына: 
– жеке ғимараттардың жылу пайдалануына қызмет көрсететін 
жергілікті жылу пунктері (ЖЖП);
– тұрғын ғимараттарының бір тобына қызмет көрсететін топтық немесе 
орталық жылу пунктері (ОЖП);
– тұрғын аудандағы (кварталдағы) барлық ғимараттарға қызмет 
көрсететін аудандық жылу пункті (АЖП) қатысты түсініктері қолданылады.
Бір ғимараттың немесе оның жартысының (ірі ғимараттарда) 
тұтынушыларын жылу желілерінің жүйесіне қосылатын қондырғылары 
жергілікті жылу пунктіне (ЖЖП), барлық қалған ғимараттардың санына 
қарамастан қызмет көрсететін жылу орындары орталық жылу пунктіне 
(ОЖП) жатады. 
Ірі және орташа жылумен қамту жүйелерінің иерархиялық құрылымы 
болуы керек, негізінде екі деңгейде қарастырылады. 
Төменгі деңгей жылутасымалдағышты жеке жылу пунктеріне та-
сымалдайтын таратқыш желілерді құрайды. 
Жоғары деңгей жылу көздерін ірі аудандық жылу пунктерімен (АЖП) 
қосатын магистральді жүйелерді құрайды, олар жылутасымалдағышты төмен 
деңгейлі желілер бойынша таратады және оларда дербес гидравликалық және 
температуралық тәртіптерді қамтамасыз етеді. Жылу желісінде 
жылутасымалдағыш әртүрлі жылу көздерден әр температурамен берілуі 
мүмкін, бірақ олар тарату жүйелерінің температурасынан аспауы тиіс. 
Барлық жылу көздеріне паралельді қосылған магистральді жылу желісінде әр 
жылу көздері резервті және оның жеке элементтері жұмыс істемеген 
жағдайда тұтынушыларға жылу беруді қамтамасыз етеді, отын үнемдеу 
мақсатында олардың арасындағы жүктемені жақсылап бөлуге мүмкіндік 
береді. 
ЖЭО-дан үлкен жылу қуаттылығының құрамына қазіргі уақытта 
магистральды жылу желілерінде орналасқан суқыздырғыш қазандары 
қосылады. Жылу желілерінің екі иерархиялық деңгейі бар ірі жылумен қамту 
жүйесінің бір сызықтық принципиальдық сұлбасы көрсетілген (82.сурет). 
Қазандық резервті болуы мүмкін немесе жылу жүктемесінен шектен тыс 
асқанында пайдаланады. Қалалардағы аудандық суқыздырғыш қазандары 
ЖЭО-да жылдам жүктеу үшін қажетті жылу тұтынушылардың бастапқы 
кешенін жылумен қамтамасыз етеді. Жылумен қамту жүйесінде 
магистральды желілер мен тарамдардағы АЖП-дағы сорғыштарымен 
гидравликалық байланысы толық жоқ. 
Жүйенің резервті жылу көзі – аудан қазандығы (АҚ) қарастырылады. 
Екі иерархиялық деңгейлі жүйелерде тек қана жоғары деңгей резервтейді. 
Жылумен қамту беріктілігі резервтелмеген (тұйық) желі беріктігі жеткілікті 
болатын қуатта АЖП-ның таңдауы бойынша қамтамасыз етіледі. 
Беріктіліктің белгіленген деңгейі әр АЖП-дан шыққан тарату желісінің 
ұзындығы мен максималды диаметрін анықтайды. Жоғары деңгейдегі жылу 
көздерінде жылу құбырлары да резервтеледі. 


124
1 – жоғары деңгейлі шеңберленген жылу магистралі; 2 – АЖП; 3 – 
жылу желілерін резервтейтін маңдайшалар; 4 – жылу көздерін резервтейтін 
маңдайшалар 
Сурет 82-Ірі жылумен қамту жүйелірінде жылу желілерінің сұлбасы 
Магистральді резервтеу беретін және қайтатын құбырларды тиісті 
маңдайшамен қосу арқылы жүзеге асады. Олардың бірі желіні резервтейді, 
жылу құбырлары маңдайшаларының немесе басқа жабдықтардың орындары 
бұзылғанда оның сенімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Басқалары жылу 
көздерін резервтейді, жылутасымалдағышты бір көзі аймағынан екінші 
аймағына (оның бұзылуы немесе жөнделуі кезінде) ағуын қамтамасыз етеді. 
Жылу магистралі маңдайшалар мен бірге тұтас шеңберлі желі құрайды. Бұл 
желінің жылу құбырының барлық диаметрі маңдайша диаметрін қосқанда, ең 
қолайсыз апаттық жағдайларда қажетті көлемдегі ысытқышты жіберуді 
есептеу тиіс. Өйткені жылу желісінің резервтік элементтері әрқашан жұмыс 
атқаруда, мұндай резервтеу жүктелген деп аталады. 
Жылумен қамту жүйесінің иерархиялық құрылу принципін сақтай 
отырып, жүктелмеген резервті қолданып, оны резервілеудің басқа әдісін іске 
асыруға болады. Бұл жағдайда жылу көздерін резервілеуді қамтамасыз ететін 
маңдайшалар қалыпты тәртіпте өшірілген және жұмыс жасамайды. 
Магистральді жылу желілерінің жұмыс тәртібі ЖЭО-мен 
қазандықтардың бірлесіп жұмыс істеуі арқасында, жылу өндіру мен 
тасымалдау кезінде үнемділікті, жылутасмалдағышты қотаруға электр 
энергиясының шығынын төмендетуді қамтамасыз етеді. 
Қазіргі заманға сай ірі жылумен қамту жүйелерінде тарату желілердің 
магистральді қосу АЖП арқылы жасалады, оларда АЖП-дан кейін қысым 
ауысуын қолдауға мүмкіндік беретін айналымды сорғыштар немесе АЖП-да 
орналасатын суқыздырғыштар арқылы жүзеге асады (Сур. 83). 


125
2 – аудандық жылу пункті; 5 – тарату желілері; 6 – жергілікті жылу 
пунктері 
Сурет 83- Тарамды желілерді АЖП-ғы суқыздығыштар арқылы қосу 
сұлбасы 
Аудандық жылу пунктерінен тұтынушылар қосылған тарату желілері 
тарайды. Тұтынушылар магистральді желіге қосылмайды. АЖП-рі көп 
автоматикалық қондырғылармен жабдықтауды талап етпейді. Қосу әдісін 
таңдауды техника-экономикалық есеп негізінде іске асыру керек Апаттық 
гидравликалық тәртібін басқару мәнісі апат кезінде шектелген 
жылутасымалдағыштың санын өткізуге жылу құбырларын есептеу кезінде 
туады.
Жылумен қамту жүйелерінде жылу желілері негізгі буын болып 
саналады, оның құрамына жылу құбырлары, температуралық ұзартуларды 
қабылдайтын компенсаторлар, жылжымайтын және жылжымалы тіреулер, 
түйін және аралық жылу камералары, кейбір жағдайларда сорғыш бекеттері 
кіреді. Жылу желілерін жер үстімен немесе жер астымен өтпейтін, жартылай 
өтетін каналдарда немесе каналсыз төсеуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет