Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi



бет12/14
Дата19.11.2016
өлшемі2,52 Mb.
#2056
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Бақылау сұрақтары:

1. Біріңғай экономикалық аймақты қалай түсінесіз?

2. Кедендік одақтың қалыптасуы қандай мақсаттарды көздейді?

3.Макроэкономканың мағынасын қалай түсінесіз?

4.Монополияның мағынасын қалай түсінесіз?

5.Каспи құбыр консорцумының (КТК) құрамында неше мемлекеттер баржәне ол қай мемлекеттер?



14 тақырып. Дипломатиялық құқық

Мақсаты: Дипломатиялық құқықтағы туралы оқып таныс болады. Білім алушының теориялық білімін одан әрі нығайту және оны тәжірибе сабағында пайдалана білуін көздейтін болады.
Жоспары:

1. Дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясы.

Дипломатиялық құқықтың түсінігі

2. Дииломатиялық корпус. Дипломатиялық өкілдікгі тағайындау тәргібі және

кері шақырып алу. Агреман. Сенім және кері шақырып алу грамоталары.

3. Сыртқы қатынастардағы шетел оргаыдары. Дипломатиялық өкілдікгср.

Сауда өкілдігі.

4. Халықаралық ұйымдардың артықшылықтары мен иммунитеттері мәселелері жөніндегі негізгі келісімдер. Халықаралық-ұйымдардың барушы елмен келісімі.


1. Дипломатиялық қатыписхар туралы Вена Конвенциясы. Дипломатиялық құқытың түсінігі

Дипломатияның ұғымы және сыртқы саясатпен өз ара қатынастығы.

Дипломатиялық құқық дегенiмiз-ол, дипломатиялық саласындағы дипломатиялық қызметке қатысты тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерiн анықтайтын құқықтық жиынтық нормасын айтады. Дипломатиялық құықтың маңызы мынадан тұрады: 1.Мiндеттi түрде мемлекеттiң сыртқы iстерiмен байланысты болады; 2.Мемлекет аралық қарым-қатынасты ретейтiн болады;

3.Мемлекеттiң сыртқы және iшкi саясаты туралы шет елдерге түсiндiру және таныстыру, сонымен қатар экономика саласындағы қарым-қатынастарды шешу жұмыстарын жүргiзу үшiн ұйымдастыру дайындығын жасайды; 4.Мемлекеттiк деңгейде мемлекет арасында өткiзiлетiн келiсiм-шарттарды, келiссөздердi өткiзу рәсiмiн дайындық мәселесiн ұйымдастырда.5.Дипломатиялық қызметтiң жұмыс бойынша мемлекет аралық қарым-қатынас анықталатын болады. Дипломатия дегенiмiз-ол, мемлекеттiң сыртқы саясатының мақсаты мен мiндетiн жүзеге асыратын мемлекеттiң қызметiн айтады. Сыртқы саясат дегенiмiз-ол, белгiлi бiр мемлекеттiң өз халықының iшкi қажеттiлiгiн қамтамасыз ету үшiн және оны халықаралық аренаде көрсете бiлуiн айтады. Сыртқы саясаттың мақсаты: 1.Өз халқынынң мұң-мұқтажын ескеру; 2.Өз халықының қажеттiлiгiн қамтамасыз ету үшiн жаслатын iс-шараларды ойдағыдай жүзеге асыру; 3.Мемлекет арасындағы тиiмдiлiк пен тең деңгейде қарым-қатынасты нығайту; 4.Тек дипломатияқ жолмен ғана халықаралық дау-жанжалды шешу; 5.Ұлттық қаупсiздiктi қамтамасыз ету. Дипломатияның негiзгi мiндетi-ол, өз мемлекетiнiң сыртқы саясатын, барлық қолжетерелiк әдiс-тәсiлдерi арқылы қамтамасыз ету жасалатын iс-шараларын айтады. ипломатияның негiзгi нысандары: екi жақты және көпжақты дипломатиялар.



Дипломатиялық нысан дегенiмiз-ол, димлматиялық қызметiң нақты белгiленгiен бiр түрiн анықтайтын ныандық жұмысын айтады. Сол себепетен дипломаьтиялық қызме,ттiң қалыптасыу рәсiмi әр –түрлерден тұрады. Дипалматияның нысандары мынадан тұрады:

1.Екi жақты дипломатия; 2.Көп жақты дипломатия.

Екi жақты дипломатия дегенiмiз- ол, екi мемлекет арасында дипломатиялық қызметтiң және ресми түрде орнатылуы мен сенiм граматасын тапсыру арқылы жасалатын мемлекеттер арасындағы ресми қызметтi айтады.

Көп жақты дипломатия дегенiмiз-ол, бiрнеше мемлекеттердiң бiрiгуi нәтижесiнде және әр-алуан мәселенi шешу, мақсатты көздеу үшiн жасалатын мемлекеттердiң ресми iс-шараларын айтады. Белгiлi бiр мақсата жету үшiн бiрнеше мемлекеттер бiрiгiп өздерiнiнң көздеген ортақ мақсатына жету болады. Мысалы, (ЕЭС) Еуропа экономикалық одағына кiретiн мемлекеттер немесе Каспилiк құбыр жүйесiнiң консорцумы.

Елшiлiктiң құқықтары және халықаралық ұйымдар.Елшiлiктер дегенiмiз-ол, дипломатия қызметiн шет мемлекеттердгi сыртқы iстер мәселесiн шешетiн және реттейтiн мемлекеттi сол келген мемлекет алдына табыстырушы органды айтады. Елшiлiктер-ол, белгiлi бiр мемлекеттiң сол келген мемлекет алдынағы өзiн табыстырушы мемлекеттiң ресми өкiлi болып табылады.Мысалы ҚР елшiсi, бөтен мемлекетке келген кезде (мысалы АҚШ) сол АҚШ алдында ҚР табыстыратын болады. Елшiлiктер келген мемлекеттердегi ең бiрiншi жергiлiктi органдарымен ресми түрде байланыста болады. Оның iшiнде: сыртқы iстер министрлiгiмен, Ел басшысымен, Үкiметпен және басқа да ресми мемлекеттiк оргадарымен қарым-қатынас жасайды. Елшiлiктер дегенiмiз-ол, бiрiншi жоғарғы сыныптың өкiлдiктерiн айтады. Оларға Ватикан өкiлдiктерi- нунциатура теңестiрiледi; Миссиялар дегенiмiз-ол, екiншi сыныптың өкiлдерiн айтады. Оларға Ватиканның интернунциатурасы сәйкес келедi. Өкiлдiктiң дәрежесi туралы мәселелер мүдделi мемлекеттермен шешiледi. Бұл турал Вена Конвенциясынын 1961 ж. шыққан 2-бапта көрсетiлген. ҚР Президентi ҚР Конституциясының 44-баптың, 5)тармағына: ҚР дипломатиялық өкiлдiгiнiң басшысын тағайындайды және керi қайтарады.44-баптың,11-тармағында: шетелдердiң акредитацияланған дипломатиялық және басқа да өкiлдiктердiң сенiм және керi қайтару грамоталарын қабылдайды. Арнайы миссиялардың айырмашылығы сол- өйткенi оны басқарушысы тұлға мемлекет басшысы болуы мүмкiн. БҰҰ-ғы мамандандырылған органдармен дипломатиялық байланыс арқылы қарырм-қатынастар жүргiзiлетiн болады. Мысалы, ХВҚ (МВФ) дипломатиялық қатынас арқылы екi елдiң кездесуiн немесе халықаралық ұйым мен белгiлi бiр мемлекеттiң кездесуiн ұйымдастыру жұмысын жүгiзедi.

Арнайы миссиялар дегенiмiз –ол, шетелдегi белгiлi бiр мәселенi шешу жөнiндегi уақытша органды айтады. Арнайы миссиалардың түрлерi мынадай болады:

1.Сауда миссиялары;

2.Қаржы мәселесi жөнiндегi миссиялары;

3.Денсаулық сақтау және қорғау жөнiндегi миссиялар;

4.Әскери жөнiндегi миссиялар;

5.Экономикалық қарым-қатынас жасау туралы миссиялар.

Батыс Еуропа, Араб Шығысының, Орта Азия мен Қазақстанның негiзгi елшiлiк құқытың пайда болуы кезеңдерi. Тарихи декректер бойынша Үндiстандағы құқытық ескерткiштердегi Ману заңы бойынша дипломатиялық қызмет соғыстың алдын алу және бейбiтшiлiктi нығайтуды көздеген, олардың қызметшiлерi мен баспанасы мемлекет пен құдай өзiнiң қорғауына алады деген. Батыс Еуропа елдерiнде: Римде, Греция, Португалия, Германия дипломатиялық мәселенi шешу әр-турден тұрды.Римде арнайы ұйымдар құрылды. Олар ораторлардан және хабаршылардан тұрды. Грецияда сыртқы қатынастардың дамуы нәтижесiнде қариялардың кеңесiнде жауапты тұлғалар тағайындалған, оларды Пресбейс деп атады, оның қолына тиiстi грамота берiлдi ол “диплом” деп аталды. Грецияда елшiлерге қол сұқпаушылық ресми түрде танылды. Елшiлiктер тұрған жерлер сол келген мемлекет юрисдикциясынынң құрамынан алынатын болды. Яғни сол жер аумақтары белгiлi мемлекет елгiлiгiнiң пайдалануына берiлдi. БҰл рәсiмдер:Рим, Лиссабоан,Венеция, Генуя,Франкфурт-на-Майне, Мадридте болды. Грецияда дипломатиялық қатынас жұмысын жүргiзгенде тақтайшаға жазылатын болды оны диплом деп атады. Араб Шығыс мемлекеттерiне:Египет, Судан, Иордан,Сауд Аравиясында елшiлiк мiндеттi түрде қорғаушылыққа алдынды, яғни сол келген мемлекеттiң қорғауында болды. Елшiлер мемлекет аралық байланысшы деп анықталды. Орта Азия мен Қазақстанның елшiлiк қызметi ҚР 1991 ж. желтоқсан айынан бастап егемендiкке ие болған соң дипломатиялық қызмет байланыстары қалыптаса басталды. Орта Азия мемлекетi Өзбекстан,Тәжiкстан, Пәкiстан, Ауғанстан, Иран т.б. елдерiнде елшiлiк қызметтер ең басты орын алды. Тек елшiлiк қызметтiң нәтижесiнде мемлекет аралық қарым-қатынас орнатылатын болды. ҚР елшiлiк қызмет жөнiнде “Дипломатиялық қызмет туралы” ҚР Заңы,2002 ж.,7-шi наурызда шықты.Ал келесi нормативтiк құқыққа: “ҚР елшiлiгi туралы” ережесi ҚР Президентiнiң 1992 ж.,2-шi шiлдеде шыққан№ 832 және 833 қаулысымен бекiтiлген. Аталған құжаттарда ҚР Төтенше және Өкiлеттi елшiсiнiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерi айтылған.

Елшiлiк құқытың пайда болу кезеңдерi:

1.Сыртқы дипломатиялық елшiлiгi бiрiншi рет 1815ж орнатылды.,Лондонда.

2.Елшiлiк қызметтiң мәселесi.,1961 жылы Вена конвенциясында қабылданды.

3.ҚР бойынша елшiлiк қызмет: Төтенше және өкiлеттi елшi деп аталды ол,

“ҚР елшiлiгi туралы”ҚР Заңы, 2002 ж.,7-шi наурызда бекi бекiтiлдi.

ҚР жеке өз алдына егемендiк мемлекет болған соң дипломтиялық қызметтi, елшiлiк қызметтерi қалыптастырылды. 1815 ж. Вена хаттамасы бойынша Дипломатиялық рангтерiн анықтау /елшiлер, легаттар,уәкiлдер,министр-резидент, сенiм бiлдiрген уәкiл/. Дипломатиялық қызметтi нығайту үшiн және оның беделiн көтеру үшiн халықаралық деңгейде ерекше мән беру үшiн дипломатиылқ қызметтерiне тиiстi және жауаптықық қызметiне байланысты сыныптық дәрежелерге бөлу қажет болды. Ол дегенiмiз әрбiр дипломатиялық қызметшiнiң өзiнiң құзырын, мiндетiн атқару және жауапкершiлiгiн анықтау үшiн қажет болды. 1815 жылы Вена Конгресiнде дипломатиялық сыныптық дәрежелерi бекiтiлдiң. Конгресс дипломатиялық қызметтiң үлкен және кiшi дәрежелерiн анықтады. Кейiннен 1818 жылы Халықаралық Аахендiк хаттамада дипломатиялық өкiлдiктiң құқығы мен функцияларын анықтады. 08.02.1815 жылы Вена қаласында болған Конгрестiң нәтижесiнде нақты дипломатиялық рангтер орнатылды:

1-шi рангке:Елшiлер, паптық легаттар және нунциялар;

2-шi рангке:Уәкiл;

3-шi рангке: сенiм бiлдiрушi;

4-шi рангке: министр резидент.

Елшiлiер- жоғарғы дәреждегi мемлекеттi табыстырушы лауазымды тұлғаны авйтады. Паптық легаттар дегенiмiз-ол, теократиялық монархия мемлекетiн табыстырушы яғни мемлекет билеушiсi папаның сенiмдi лауазымды тұлғаны айтады. Кейiн келе легат мiндетi нунцияға өзгертiлдi. Нунция-ол, мемлекет басшысымен ешқандай мұрагерлiк байланыстығы жоқ мемлекет қызметiн атқарушы лауазымды тұлға. Қазiргi кезеңде елшi мен нунцияның дипломатиялық рангтерi тепе-тең болып келедi. Уәкiл дегенiмiз-ол, егер мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылмаған жағдайда елшiлiктiң толық мiндетiн атқарушы лауазымды тұлғаны айтады. Бұл мiндет ерте және орта ғасырлар мен 19 ғасырдың аяғына дейiн болды. Сенiм бiлдiрушi- ХХғас басынан бастап қазiргi кезеңге дейiн кейбiр мемлекеттердiң толық дипломатиялық қатынакс орнатылмаған жағдайда мемлекеттiң уақытша сенiм бiлдiрген лауазымды тұлғаны айтады.Министр-резидент дегенiмiз-ол, миссия жұмысын басқарушы уақытша мiндет артылған лауазымды тұлғаны айтады. Осы аталған дипломатиялық рангтер қазiргi кезеңге кө ұқсастығы бар. 1947ж. 21 қарашада шыққан БҰҰ мамандандырылған мемкемесiнiң артықшылығы мен иммунитетi туралы Конвенциясы.

Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн, БҰҰ-ның құрлуымен және оның жарғысында халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары анықталғаннан кейiн, БҰҰ Бас Ассамблеясы құрылған соң 1947 жылы Халықаралық құқық Комиссиясының бастауымен дипломатиялық және консулдық құқықтың белсендi түрде дамуы бастау алды. Осыған байланысты мынадай макңызды актiлер қабылданды: 1946 жылы БҰҰ-ның артықшылықтары мен иммунитеттерi туралы Конвенция және 1947 жылғы БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерi туралы Конвенциясы қабылданған Одан кейiн мынадай құжаттар қабылданды: 1961 ж.,Дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясы; 1969 ж.,Арнайы миссиялар туралы Конвенция; 1973 ж.
ҚОРЫТЫНДЫ:

1. Дипломатия дегенiмiз-ол, мемлекеттiң сыртқы саясатының мақсаты мен мiндетiн жүзеге асыратын мемлекеттiң қызметiн айтады. Сыртқы саясат дегенiмiз-ол, белгiлi бiр мемлекеттiң өз халықының iшкi қажеттiлiгiн қамтамасыз ету үшiн және оны халықаралық аренаде көрсете бiлуiн айтады.

2. Елшiлер мемлекет аралық байланысшы деп анықталды. Орта Азия мен Қазақстанның елшiлiк қызметi ҚР 1991 ж. желтоқсан айынан бастап егемендiкке ие болған соң дипломатиялық қызмет байланыстары қалыптаса басталды. Елшiлiер- жоғарғы дәреждегi мемлекеттi табыстырушы лауазымды тұлғаны авйтады.
2. Дииломатиялық корпус. Дипломатиялық өкілдікгі тағайындау тәртібі және кері шақырып алу. Агреман. Сенім және кері шақырып алу грамоталары

Дипломатиялық корпустың ұғымы және ерекшелiгi.

Дипломатиялық корпус дегенiмiз-ол, шет мемлекетте ҚР өкiлдiк етушi қызметiн атқаратын мекемелердi және сонда қызмет атқаратан қызметшiлер құрамын айтады; Дипломатиялық корпустың құрамында штатқа байланысты қызметшiлер болады.

Дипломатиялық корпустың ерекшелiгi:

-Шет мемлекеттерде орналасуы;

-келген мемлекеттiң заңдарын және мемлекеттiк рәмiздерiн құрметтеу;

-екi ел арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынастар мәселесiн

реттеу;


-Халықаралық келiсiм-шартты бекiту жөнiнде жағдай жасау.

ҚР Мемлекет органдарымен дипломатиялық корпустыңөз ара iс-әрекет жасау нысандары.

Дипломатиялық корпустар өздерiнiң қызметтiк мiндетiне байланысты ҚР мемлекеттiк органдарымен тiкелей байланыфсты болады. Оның себебi қызмет бабына қарай әр-алуан мәселелер пайда болуы мүмкiн. Мысалы шет елге бару үшiн тиiстi құжат алу, визаны алу бұл мәселенi Көш-қон полициясы мен Әдiлет органдары арқылы жүзеге асырылатын болады. Яғни ҚР Iшкi iстер министрлiгi мен Әдiлеғт министрлiгiнiң мекемелерiмен байланысуды қажет етедi. Азаматтықты қабылдау немесе саяси пана мәселесiн шешу- ол, тек ҚР Президентiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылатын болады.

Аккредитацияланған дипломатиялық корпустың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн ҚР мемлекеттiк органдарының жүйесi.

Аккредитация дегенiмiз ол- ҚР елшiлiгiн сол келген елдiң танып оған тиiстi орын бөлiп баспана беру және келген ел басшысының сенiм грамотасын қабылдаған соң пайда болатын екi жақтың қарым-қатынасын айтады. Аккредитация енген күннен батап дипломатиялық жұмыс толқы түрде жүргiзiлетiн болады. Дипломатиялық қызметтiң жұмыстары алуан түрлi және алуан саладан тұратын болады.

Нунциялардың және интернунцияның, сенiм бiлдiрген уәкiлдердiң, уәкiлдiң және елшiнiң құқықтық жағдайлары. Дипломатиялық қатынасты орнату жөнiнде ҚР 1993 жылы Вена Конвенциясына қосылды. Мемлекет тәрiздi Ватикан елдерiнiң өкiлдiгiн немесе елшiлiк тәрiздi өкiлдiктердi орнатылады. Нунция дегенiмiз-ол, Ватикан мемлекет тәрiздес дни ұйымның бөтен елдегi уәкiлдiгiн айтады. Нунция-ол, әдеттегiдей елшiлiктiң мiндетiн атқарады жәнек оның құқұықтық мәртебесi соған тең болады.

Интернунция дегенiмiз –ол, Ватикан мемлекет тәрiздес дни ұйымның бөтен елдегi әдеттегiдей консулдық мiнднттi атқаратын уәкiлдiгiн айтады.Сенiм бiлдiрген укiлдiктер дегенiмiз-ол, белгiлi бiр мәселе жөнiнде бөтен мемлекеттiң келген мемлекет аумағында нақты жұмыс iстеуiн айтады. Мысалы садуа жасау және басқа да зерттеу, өңдеу жұмысын айтуға болады. Елшiнiң құқықтық жағдайлары “ҚР Дипломатиялық қызметi туралы” ҚР Заңында 07.03.2002.

Дипломатиялық уәкiлдiктiң мiндеттерi және функциялары.

Дипломатиялық уәкiлдiк дегенiмiз-ол, Сыртқы iстер министрлiгi органынынң шетелдегi елшiлiк секiлдi әукiлдiк мекемесiн апйтады; Уәкiлдiктiң мiндеттерi мынадан тұрады:1.ҚР сыртқы саясатын жүзеге асыру және ҚР сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруына жағдай жасау; 2. ҚР өкiлдiгiнiң халықаралық қарым-қатынасқа қатысуына жағдай жасау; 3.Дипломатиялық құрал- тәсiлдерi арқылы мемлекеттiң егемендiгiн қорғау және тәуелсiздiгiн сақтау; 4.Ұлттық қаупсiздiгi мен аумақтық бөлiнбес бiртұтастығын қамтамасыз етуге жағдай жасау; 5.ҚР Азаматтарының құқығы мен мәртебесiн қорғау.

Елшiлiк пен миссияның дипломатиялық құрамы.

Елшiлiк пен миссия арасындағы қатынас мiндеттi түрде тығыз байланысты болады. Миссия дегенiмiз ол-мемлекеттiң бөтен бiр мемлекетке iс-сапармен немесе басқа да мемлекеттiк маңызы бар жұмыспен барып сонда тиiстi жұмысын орындауды айтады. Мысалы, ҚР преғзидентi АҚШ барған кезде оның құрамында бiрнеше министрлер мен басқа да ведомстваның жауапты қызметшiлерiнiң болуын миссия деп атайды. Миссияны ел басы немесе басқа да жоғарғы лауазымды тұлға басқаруы мүмкiн. Миссия-ол, шетелге нақты бiр жұмыспен баруды айтады. Ал онда жұмыстар көп саладан тұруы мүмкiн.

Агреманның табиғи заңдылығы және ұғымы. Дипломатиялық өкiлдiк басшысын тағайындау ол, ең алдымен тағайындау алдында ди пломатиялық өкiл тағайындалатын ел укiметiнiң-агереман сұратуы керек. Агреман-ол, француз сөзiнен шыққан мақұлдау, келiсу мағынасын бiлдiру, яғни келiсiмiн беру деп аталады; Агреман сұратуға жауап қандай да бiр саяси түсiнiкетерге байланысты болмаса, қысқа мерзiмде берiледi.Дипломатиялық этикет ережесi бойынша сұратылған агреман туралы еске салуға немесе жауап берудi тездету туралы өтiнуге болмайды.

Сенiм бiлдiру және керi қайтару грамотасының ұғымы және табиғи заңдылығы. Сенiм грамотасы дегенiмiз-ол, елшi немесе уәкiлдiк сыныбындағы дипломатиялық өкiлдiк басшысына оның өкiлдiк сипатын және шетелдiк мемлекетте тiркелiнiп куәландыруға берiлетiн құжатты айтады. Сенiм грамотасында дипломатиялық өкiлдi тағайындаған мемлекет басшысы қол қояды және Сыртқы iстер министрлiгiнiң қолымен бекiтiледi. Ол дипломатиялық өкiлдiк орналасқан мемлекет басшысына арналады және оған салтанатты жағдайда тапсырылады. Керi шақырып алу граматасы дегенiмiз-ол, дипломатиялық өкiлдiң лауазымнан керi шақырылатын хабарлайтын құжатты айтады. Оған мемлекет басшысы қол қояды және Сыртқы iстер министрлiгiнiң қолымен бекiтiледi. Осы грамотаның кiрiспесiнде шақырып алу себебi және фактiсi қысқаша баяндалады.

Дипломатиялық миссияның аяқталу негiзi.

Дипломатиялық миссияның аяқталу ың аяқталуы дегенiмiз-ол, елшiлiктiң немесе консулдық қатынастың белгiлi бiр саяси жағждайлараға байланысты аяқталуын немесе тоқтатылуын айтады. Миссияның тоқтатылуына болатын негiздер:

-егер ол белгiлi бiр мерзiмге дейiн жасалса және уақыты созылмаса, мерзiмi бiткен жағдайда;

-дипломатиялық өкiлдiк орналасқан мемлекет үкiметiне тiркеушi мемлекет үкiметiнiң дипломатиялық агент қызметiнiң тоқтатылуындағы туралы (керi шақырып алу) ъхабарлауы болады;

-Дипломатиялық өкiлдiк орналасқан мемлекеттiң дипломат қызметшiсiне персона нон грато деп жариялануы.

Дипломатиялық иммунитеттiң теориясы: экстерриториялық еориясы, функционалдық қажеттiлiк теориясы, өкiлдiк теориясы.

Иммунитет дегенiмiз-ол, латын сөзiне алынған (immunitas) тәуелсiз, тартылмайды деген мағынаны бiлдiредi.Иммунитет деп мемлекет басшыларының, үкiмет басшылары мен мүшелерiнiң, шетел мемлекеттерiнiң парламент мүшелерi мен өкiлдерiн, сондай-ақ шетелдегi мүлiктер мен мемлекеттiк кемелердiң дипломатиялық өкiлдiк орналасқан елдiң сотының, қаупсiздiк қызметiнiң қаржылық аппаратынынң мәжбүрлi әрекетiненқорғалуын, оның iшiнде талап-арыздың, қамаудан, тiнтуден, жауап және.т.б.қорғалуын айтады. Экстерриториялық дегенiмiз-ол, елшiлiк орналасқан елдiң белгiлi бiр жер аумағын сол елшiлiктiң юрисдикциясына берудi айтады. Бұл сол келген елдiң билiк органдары жүзеге асырады. Елшiлiкке баспана, ғимаратты берудi ұйымдастырады. Дипломатиялық қызметшiлерiнiң жеке басымдылығы мен иммунитеттерi. Жеке басына қол сұқпаушылы: қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк iстерi юрисдикциясынан алып қою. Дипломатиялық қызметшiлерiнiң жеке басымдылығы дегенiмiз-ол, келген елдiң жергiлiктi билiк органдарынан: соттан, тергеу,анықтау, тексеру т.б. қорғануы мен жауап алуға, жауапқа тартылудан қорғалуын айтады.Иммунитеттер мынадан тұрады: елшiлiк резиденциясына қол сұқпаушылық; жеке басына қол сұқпаушылық; баспанаға қол сұқпаушылық; юрисдикциядан иммунитет; салықтық иммунитет; кедендiк иммунитет; дипломат жанұя мүшесiне де осы аталған иммунитеттiң таралуДипломатшылар мен елшiлiктерге қарсы террорлық әрекетiн жасайтындармен қарсы күрес жүргiзу.

1961 ж.,18.04.Вена Конвенциясының 27-бабы бойынша: Диаломаьтиялық елшiлiк мекемесiн сол келген мемлекет күзетуге мiндеттi болады. Сонымен қатар сол келген елдiң органдары қастандық жасау әрекеттерiнен қорғауға мiндеттi болады. Қазiргi терроршыдықпен күресу ол өте өзектi мәселе болуда. Мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты жүзеге асырудағы арнайы миссиялардың артықшылығы мен оның нақты жұмыс iстеуi мен ұғымдары.

Дипломатия-ол мемлекет арасындағы қарым-қатынасты айтады. Дипломатия- бұл мемлекеттiң сыртқы саясатынынң, халықаралық қызметiнiң құрамдас бiр бөлiгi блып табылады. Сыртқы саясат диломатияның мақсаттары мен мiндеттерiн айқындайды. Арнайы миссялар дегенiмiз-ол, сыртқы қатынастардың шетелдегi уақытша органдарының бiр түрi ретiнде, оның араларында айқындалатын нақты мiндеттердi орындауы үшiн бiр мемлекеттiң екiншi мемлекетке жiберетiн өкiлдерiнен тұруын айтады. Дипломатиялық қатынастардың негiзiн қалаушы және тарихи дамуы осы арнайы миссиялар дипломатиясы түрiнде пайда болды.Миссия басашысы ел басшысы немесе үкiмет басшысы және т.б. жауапты лауазымды тұлға болуы мүмкiн. Халықаралық конференцияның жұмыстарын ұйымдастыру және шақыру рәсiм-шарттары. Халықаралық конференцияның жұмысын өткiзу кезiнде жергiлiктi мемлекет органдары шетелден келген қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және оның жұмыстарын ойдағыдай өткiзiлуiне толық жағдай жасауға мiндеттi болады. Мысалы, Нюь-Иорктегi БҰҰ Бас Ассамблеясының өткiзiлуi кезiнде мүше-мемлекеттер делегациясының өз жұмысын ойдағыдай орындауына АҚШ құқыққорғау органдары жан-жақты қорғауға мiндеттi болады.Делегация мүшелерiн тағайындау. Делегаттардың өкiлеттiг және құрамы. Делегеация мүшелерiн тағайындау рәсiмiн тиiстi ведомстьваның басшысы ҚР Сыртқы iстер министрлiгiне ресми түрде өтiнiш жасау және делегацияның құрамын нақты ведомстваның басшысы, ҚРҮкiмет басышыс мен Президенттiң келiсiмi бойынша тағайындалады; Әрбiр делегацияның нақты бекiтiлген жоспары бойынша жұмыс iстейтiн болады. Делегацияның әр мүшесi өзiне жүктелген мiндеттерiн олрындауға тиiстi болады.

ҚОРЫТЫНДЫ:

1. Дипломатиялық корпустар өздерiнiң қызметтiк мiндетiне байланысты ҚР мемлекеттiк органдарымен тiкелей байланыфсты болады. Оның себебi қызмет бабына қарай әр-алуан мәселелер пайда болуы мүмкiн. Мысалы шет елге бару үшiн тиiстi құжат алу, визаны алу бұл мәселенi

2. Делегеация мүшелерiн тағайындау рәсiмiн тиiстi ведомстьваның басшысы ҚР Сыртқы iстер министрлiгiне ресми түрде өтiнiш жасау және делегацияның құрамын нақты ведомстваның басшысы, ҚРҮкiмет басышыс мен Президенттiң келiсiмi бойынша тағайындалады; Әрбiр делегацияның нақты бекiтiлген жоспары бойынша жұмыс iстейтiн болады. Делегацияның әр мүшесi өзiне жүктелген мiндеттерiн олрындауға тиiстi болады.
3.Сыртқы қатынастардағы шетел оргаыдары. Дипломатиялық өкілдікгср. Сауда окілдігі.

Сыртқы iстер органдарының ұғымы және олардың жiктелуi.

Сыртқы iстер органдары дегенiмiңз, ол- мемлекеттiң iшiндегi сыртқы iстермен айналысатын органдарының атқаратын қызметтiк мiндеттерiн, құзыретiн және мемлекет алдында жауаптылығын айтады; Сыртқы iстер дегенiмiз-ол, мемлекеттiң шет елдермен халықаралық келiсiм-шарт негiзiнде жаслатын,жүзеге асырылатын iс-қимылдарды айтады;

Сыртқы iстер органдары мынадан тұрады:

-ҚР Сыртқы iстер министрлiгi;

-Диплдоматиялық және консулдық қызмет басқармасы;

-Шетелдегi елшiлiк мекемелерi;

-Шетелдегi консулдық мекемелерi;

-Штаттан тыс консулдық мекемелерi.

ҚР мемлекет iшiндегi органдарының сыртқы саясаттық қатынас туралы уәкiлдiгi, атап айтқанда:

ҚР Президентiнiң сыртқы саясаттың негiзгi бағытын анықтаудағы уәкiлдiгi

ҚР Президентi: ҚР Президентi мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатынынң негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғарғы лауазымды тұлға. Қазақстан халқына елдегi жағдай мен Республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы жыл сайын жолдау жариялайды;(44-бап). Республика дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшыларын тағайындай ды және керi шақырып алады. Шетелдер сыртқы iстер жөнiндегi органдары:ұғымы және оның жiктелуi.

ҚР Елшiлiгi дегенiмiз ол- шетелдегi ҚР өкiлдiк етушi және келген елде екi мемлекет арасындағы қарым-қатынасты ретттеу мәселесiн шешу боп табылады. Елшiлiктi басқарушы – ол, Төтенше және өкiлеттi елшi басқарады; Ол тұлға ел басының аккредитациясында тұрады. Консулдық дегенiмiз-ол, шетелде орналасқан ҚР өкiлдiгiнiң бiр түрi тек елшiлiктен уәкiлдiгi төмен болады, ол тек сол келген елдегi қазақ ұлтының хал-жағдайын және оларға қолдан келген көмеке көрсетуiн ұйымдастырады. Сыртқы iстер министрлiгiне ресми түрде өтiнiш жасау және делегацияның құрамын нақты ведомстваның басшысы, ҚР Үкiмет басышыс мен Президенттiң келiсiмi бойынша тағайындалады; Әрбiр делегацияның нақты бекiтiлген жоспары бойынша жұмыс iстейтiн болады. Делегацияның әр мүшесi өзiне жүктелген мiндеттерiн олрындауға тиiстi болады. Мемлекет арасындағы консулдық қатынастар тек екi жақтың келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.Егер дипломатиялық қатынас тоқтатылған кезде, ол консулдық қвтынасқа еш зияны , әсерi болмайды.Консулдық қатынас жүргiзiле бередi./2-бап.Вена конвениясы,1963/.Консулдықтың орнығу жерiн, мекенжайын, сыныптық дәрежесiн келеген мемлекеттiң мақұлдауымен өзiнiң мемлекетi анқтайды. Халықаралық ққытың негiздерi бойынша консулдық қатынастар екi түрге бөлiнедi: 1.Саяси қатынастар; 2.Экономикалық және мәдени қатынастар. Саяси қатынастардың элементтерi ретiнде құқықтық, дипломатиялық және әскери байланыстар жатады. Экономикалық және мәдени қатынастар: мемлекет арасындағы экономикаға және сауда жасау туралы мәселенi шешудi айтады. Консулдық мекемелер екi түрге бөлiнедi:1.Дипломатиялық өкiлдiктердiң консулдық бөлiмдерi; 2.Жеке консулдық мекемелер.Жеке консулдық мынаған дөлiнедi:Бас консулдар; Консулдықтар; Вице-консулдықтар;Консулдық агенттiк.

Халықаралық жеке құқытың нормасы бойынша азаматтардың мүлiктiк және мүлiксiз қатынастарды реттейдi, атап айтқанда: отбасылықты , еңбек және iс жүргiзу құқытарын. Шетелдiк екi құқытық тәртiпке бағынысты болады: бiрiншi өз елiнiң, ал екiншi келген мемлекеттiң заңын сақтауға, орындауға мiндеттi болады. ҚР Азамат құқығының 13-бап, 1-бөл: азаматтық құқытық қабiлеттiгi барлық азаматтарға тең түрде таралады. Сол себептен ҚР аумағына жүрген шетел азаматтары ҚР құқытары бәрiне бiрдей тең деңгейде таралады. Мысалы шетел азаматы әкiмшiлiк құқықты бұзса немесе қылмыс жасаса онда жалпы талап бойынша жауапты болады, егер диломатиялық иммунитетi болмаса.



ҚР АҚ 14-бабына сәйкес азаматтар өз меншiгi ретiнде заттарға, шетел валютасына және басқа да заңды түрде алған мұлiкке ие болады, мұрагерлiк құқыққа да ие болады, емiн-еркiн жүрiп тұруға құқылы. Шетел азаматарына ҚР барлық құқықтар талабы таралады. Шетел азаматтарына саяси құқықтар таралмайды, атап айтқанда: сайлауға, сайлануға, мемлекеттiк қызметке кiруге, әскери борышты өтеуге, мемлекеттiк құпияға мәлiм беруге. Шетел азаматтары сонымен қатар ғылыми жұмыстармен айналысуға және зерттеу жұмысын жүргiзуге құқылы болады. ҚР аумағында кәсiпкерлiк жұмыстарымен айналысуға құқылы болады. Шетел азаматтары ҚР заңнамаларына сәйкес кәсiпорындар мен мекемелердi ашуға құқылы және жалпыға бiрдей мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркеуден өту керек болады. Халықаралық деңгейдк меншiк туралы сату сатып алу туралы Гага конвенциясының келiсiм шарты, 1958 жылғы женева Конвенциясында мыналар айтылған: жаслған келiсiмдер мен бекiтiлген мәмiлелер қай жерде жүзеге асырылса сол мемлекеттiң заңы бойынша реттеледi. Нарықтың экономикаға байланысты әрбiр ҚР азаматтары шетелде араушылық , кәсiпкерлiк жұмыстарын атқаруға құқылы болады. Мысалы жоғары оқу орындарының студенттерi жазғы каникул кезiнде студенттер одағының құрамына кiрген соң жолдама арқылы АҚШ, Германия, Италия т.б. еңбек етуге табыс табуға құқылы болады. ҚР азаматтары шетелде жүрген кезде сол елдiң заңын және басқа да құқық нормаларын сақтауға мiндеттi болады. Келген елдiң заңын бұзған жағдайда жалпыға бiрдей заңды талаптар бойынша тиiстi жауапқа тартылады. ҚР азаматтары жетелде барлық мәселе бойынша құқылы болады тек саяси құқыққа шек қойылады. Шетелдегi заңды тұлғалар сол келген елдiң заңды талаптарын орындауға мiндеттi болады. ҚР тұлғалары кәсiпорындар мен мекемелердi ашу үшiн сол келген елдiң заң талабы бойынша мемлекеттiк тiркеуден, салық органдарында есепке тұруы қажет болады. Заңды тұлғаларды анықтау үшiн ең алдымен оның ұлтын анықтау қажет болады. “Шетелдiк инвестиция туралы”.,27.12.1994ж ҚР Заңында егер компаниялар, фирмалар,кәсiпорындар, ұйымдар ассоциациялар т.б. ҚР аумағынан тыс жерде орналасқан болса онда сол келген мемлекеттiң және ҚР заңнамасын сақтауға тиiстi болады. Бұл жағдапйда оныдай кәсiпорын “инкорпорация” деп аталады. Кезкелген құқытық жүйеде меншiк құқығы орталық институты болып табылады. Сол себептен барлық әлемдегi елдiң конституциясында меншiкатiң мазмұны анықталатын болады. Меншiк мазмыны анықталу ең басты себеп болады. 1995 ж шыққан ҚР Конституцясындағы 25, 26 бапта жеке меншiкке, баспанаға ие болуға құқылы егер заңды түрде болса. 1958 ж Гага Конвенциясы бойынша меншiк және сол меншiк абайсызда жойылған болса, онда ол меншiк қай мемлекетте орналасқан болса, сол мемлекеттiң заңы қолданылатын болады. 1948ж Женева Конвенциясы бойынша егер әуе ұшағы мүлiктi тасымалдау кезiнде шығын болған жағдайда, онда ұшақ қай мемлекетте тiркелген болса сол мемлекеттiң заңы бойынша болған мәселе реттелуi керек. 1948 ж Бустоманто кодексi бойынша шығынға ұшыраған мүлiк жөнiнде сол мүлiк қай жерде орналасса сол елдiң заңы бойынша реттелуге тиiстi. Германия мен Швейцария заңнамасы бойынша белгiлi бiр меншiктi дұрыс және ұқыпты қолданғанына 10 жыл өткен болса онда ол адам меншiк иесi болып табылады.

Меншiк құқығының қайшылықтары дегенiмiз-ол, нақты меншiкке байланысты оның иесiн анықтау жөнiндегi мәселенi шешу туралы шиеленiсу жағдайларын айтады. Меншiк саласындағы қайшылықтар мына жағдайда пайда болады: -егер меншiк бөтен елде тұрған болса;

Мүлiк иесi сол келген елге қарызды болса; салықтық қарызы болса; келiсiм-шарттың мақсатын орындамаса; келген елге заң талабын бұзса.

ҚР заңнамасы бойынша меншiк оның тұрған жерiне қарамастан меншiк иесi талап қоюға құқылы болады. Ол дегенiмiз бiр мемлекеттен екiншi бiр мемлекетке тасымалдаған кезде және сол келген мемлекетте болса да меншiк иесi өзiнiң заңды меншiгiне ие болу құқығы бар. Меншiктi қорғау жолдар ең бастысы ол, заң бойынша дәлелдей бiлу және сотқа тиiстi талап қою болып табылады. Егер қозғалмайтын мүлiк (үй, ғимарат, гараж, саяжай т.б.) ҚР аумағында тұрған болса онда сол мүлiктiң тұрған немесе орналасқан жер аумағы бойынша шешiледi. Сауда саттық жасаған кезде ҚР заңнамасында нақты заңды қолдану ол тараптардың өз ара келiсiу бойынша шешiледi.

ҚР сауда-саттық жасау кезiнде сатуға әкелiнген бұйымдар мен заттпр ҚР меншiгi болып табылады. Бұрынғы КСРО ыдыраған соң шетелдегi мүлiктердiң құқытық мансап ретiнде Ресей мемлекетiнiң меншiгi болып көштi.Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан соң Потздам келiсiмi бойынша Германия меншiгi ССРО менешiгiне көштi. ҚР Сыртқы сауда туралы Заңы бойынша.,14.04. 1999.,ҚР Үкiметi шетелдегi мемлекеттiң меншiктерiн толық басқарушылық жүргiзуге және оның иелiгiн анықтайды. Мысалы елшiлiк тұрған ғимараттар, қосымша баспаналар, көлiк құралдары мен қызмет құрал-жабдықтары. Шетелде ҚР бюджет есебiнен сатып алынған тұрғын үйлер, қызметтiк баспаналар мен басқа да құрал-жабдықтар мемлекет меншiгi болып табылады. Бұл меншiктi сыйға тартуға, айырбастауға, кепiлдiкке, алуға болады. Дипломатиялық иммунитетi бар тұлғаның қызметтiк мiндетiне талап қоюға болмайды оның себебi ол тұлғаның қызметi бөтен елдiң егемендiгiн көрсетедi. Бұл егемендiкке қол сұғу деп табылады. Бұл туралы ағылшын ғалымы Дайси дәлелдеген. Әрбiр мелекеттiң егемендiгi мүлiкке деген иелiктi бiлдiредi. Егер ҚР азаматы Англияға әкелiп және ҚР азаматы бұл мүлiк ҚР мүлкi деп жарияласа бұл Англияның сотына нақты дәлел болып табылады. Соныдқтан ҚР меншiгi қай елде болмасын бiздiң мемлекеттiң немесе сол меншiк иесiнiң жеке меншiгi болып табылады.
ҚОРЫТЫНДЫ:

1. Әрбiр делегацияның нақты бекiтiлген жоспары бойынша жұмыс iстейтiн болады. Делегацияның әр мүшесi өзiне жүктелген мiндеттерiн олрындауға тиiстi болады. Мемлекет арасындағы консулдық қатынастар тек екi жақтың келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.

2. Бұрынғы КСРО ыдыраған соң шетелдегi мүлiктердiң құқытық мансап ретiнде Ресей мемлекетiнiң меншiгi болып көштi.Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан соң Потздам келiсiмi бойынша Германия меншiгi ССРО менешiгiне көштi.

3. Меншiк құқығының қайшылықтары дегенiмiз-ол, нақты меншiкке байланысты оның иесiн анықтау жөнiндегi мәселенi шешу туралы шиеленiсу жағдайларын айтады. Меншiктi қорғау жолдар ең бастысы ол, заң бойынша дәлелдей бiлу және сотқа тиiстi талап қою болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет