Қазақстан Республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi


- тақырып: Унисондық дыбыс шығаруға жаттығу



бет10/40
Дата06.02.2022
өлшемі1,29 Mb.
#32772
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40
9 - тақырып: Унисондық дыбыс шығаруға жаттығу.
Жоспар:

  1. Унисон ұғымына түсініктеме.

  2. Унисондық дыбыс шығаруға жаттығу.

Унисондық дыбысталу дауыстардың мінсіз біртұтастылыған көздейді, хор партиялары өзара біріккен кезде дыбыс күші, бояуы, интонация және сан алуан штрихтарды қолдану жағынан біркелкі орындауды қарастырады.
П.П.Пигровтың айтуынша ансамбльдің ең басты ерекшелігі: интонациялаудың дәлдігі, дыбыс бояуы мен дыбыс күші жағынан үйлесімділігі. Нәтижесінде партиялар арасында “унисондық дыбысталу” қалыптасады. Сол арқылы хордың гармониялық дыбысталуының іргетасы қалыптастырылады. Осы тұрғыда Пигров ансамбльдің басты элементі деп “ансамбльдік дыбысты” жеке қарастырып, оның екі түрін ажыратқан: унисондық және гармониялық.
Унисондық ансамбльге қажетті элементтер: әншілер арасында дыбыс бояуы мен күшінің бірдей болуы, ыңғайлы тесситура, дауысты дыбыстардың дұрыс айтылуы, нюансировка мен вокалдық мәдениетінің бірдей дәрежеде сақталынуы.
Ал гармониялық ансамбль дегеніміз бірнеше әншілердің немесе партиялардың аккорд дыбыстарын бір‑біріне үйлестіре әндетуі. Ол үшін дауыстар арасында салмақтылық күйі қажет және аккорд тондарының біртұтас, үйлесімді жүйеге біріккені шарт. Ол үшін мынадай талаптар қойылады: хор мүшелерінің сан жағынан бірдей болуы, аккордтардың ыңғайлы регистрде орналасуы, тесситура, нюансировка, жылдамдық, хор әншілерінің табиғи дарындылығы, қабілеті секілді маңызды элементтер ескерілуі тиіс.
Г.А.Дмитриевский ансамбльді технологиялық және көркемдік тұрғысынан қарастырады. Ансамбльдің технологиялық сапасын музыкалық орындаушылықтың тәжірибесіне байланысты қолданады. Ол дегеніміз музыкалық шығарманың дыбысталу формасы, сапасы және техникасы. Ансамбль технологиялық мағынасына сәйкес төмендегі элементтерді білдіреді:
‑ интонация‑горизонтальды (көлденең);
‑ строй‑вертикальды (тігінен);
‑ тембр, яғни дыбыс бояуы;
‑ динамика‑ дыбыс күшін білдіреді;
‑ ырғақ‑дыбыс ұзақтықтарының алмасуы;
‑ агогика‑ қимыл­‑ қозғалыстың бірдей болуы;
‑ дикция‑ орфоэпия заңдылықтарын сақтау;
Жоғарыда айтылған мәліметтерді негізге ала отырып, Г.А.Дмитриевскийй ансамбльге қатысты мынадай қорытынды жасайды: “Ансамбль бұл‑ интонациялық, үн құрылымдық, тембрлік, динамикалық, метроритмикалық, агогикалық, дикция‑орфоэпиялық, тесситуралық, фактуралық деп ажыратылатын жеке ансамбль түрлерінің жиынтығынан құралады.
Ансамбль мәселесін жете зерттеген П.Г.Чесноков ансамбльдің екі түрін ажыратқан: 1) механикалық ансамбль дегеніміз‑ әншілерді дұрыс таңдау, хор партиялары мен тұтас хорды ұйымдастыру шараларына байланысты мақсат‑міндеттерді көздейді; 2) көркемдік‑органикалық ансамбль түрі тікелей дирижердың өзіне, оның дарындылығына және хор мүшелерінің көркемдік­­‑рухани жағынан жетілу деңгейіне байланысты.
Ал көпке танымал хормейстр, дирижер А.А.Егоров хор ансамблін құруда екі негізгі қажетті элементтерді көрсетеді: сыртқы­­‑ яғни орындалатын шығарманы есту, көру, сезіну арқылы санамызда қалыптасатын түрлі әсерлердің жиынтығы, бірлігі және ішкі фактор дегеніміз­­‑ өзара сан алуан дыбысталатын жеке элементтердің біртұтас жүйесіне енуі. Дирижер бұл екі элементтердің синтезін қамтамасыз етіп, жүзеге асырады. Осылайша Егоровтың бұндай тұжырымдамасы хор орындаушылығын эстетикалық тұрғысынан ашып бере алды./26/
Сонымен қатар П.Г.Чесноков “Хор и управление им” атты еңбегінде ансамбль құру үшін төмендегі талаптар тізімін ұсынады:
‑ хордағы әрбір әнші басқаларымен дыбыс күші мен тембр жағынан үйлесуі үшін берілген әуенге құлақ салып, терең сезіне білуі тиіс. Бұл дағдыны “ жеке ансамбль” қалыптастырады.
‑ әрбір партия өз ішінде теңесіп, бір күйге түсіп, үйлескеннен соң, ол хордың толық дыбысталу тепе‑теңдігін бұзып алмау мақсатында өзге де партияларға құлақ салуы қажет.Бұл дағды “жалпы ансамбль” арқылы іске асады.
­­‑ хордағы әрбір орындаушы партия ішінде ансамбль құруда дыбыс биіктігі жағынан таза унисонды құрай алуы қажет. “Жеке строй” ұғымы бұл мақсатты көздейді.
‑ жеке және жалпы ансамбль түрлерін өзара құрай алған, интонациялау жағынан үндескен әрбір партия өзге де партияларға құлақ салу арқылы бір‑бірімен үйлесе алуы қажет. Бұл мақсатты “жалпы строй” ұғымы көздейді.
‑ хордағы әрбір орындаушының дирижермен арасындағы қарым‑қатынасы тыйылмауы қажет, яғни оның әрбір қол‑қимылын, мимикасын байқай отырып, мән‑мағынасын түсіне білуі тиіс.
­­‑ дыбыс бояуы жағынан берілген партиядан ерекшеленетін, жалпы ансамбльге үйлеспейтін әншілерді хорға қабылдамау қажет, өйткені олар ансамбльді, яғни үйлесімді дыбысталуды бұзады. Сонымен қатар вибрациясы аса күшті, яғни дірілі көп дауыстардан сақ болу қажет, себебі вибрация жеке ансамбльге нұқсан келтіреді.
Осылайша хорда ансамбльді құру мәселесі аса өзектілердің бірі. Өйткені хордағы ансамбль вокалдық ән айту мәдениетін аңықтайтын басты көрсеткіш.
Сұрақтар:

  1. Унисон ұғымына түсініктеме бер?

  2. Унисондық дыбыс шығаруға жаттығу неден басталады?

  3. Унисондық дыбысталуда ансамбльдің алатын орны?

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Музыка әлемі 2008 №1

  2. Әсембекова Хорға арналған шығармалардың кейбір ерекшеліктері.

  3. Дмитриевский Г.А. Хор және оны басқару. А.1998.

  4. Әбеуова Хор және оны басқару. А. 1997



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет