Қысқаша тарихи очерк. Үнді цивилизациясының қалыптасу кезеңі. Арийлердің келуі олардың жергілікті дравидиялық тайпаларымен бірігуі. Үндістанның басқа елдермен саудалық, мәдени қарым – қатынастары. Үнді музыкасының ежелгі бұлақтары. Діни – мифологиялық сенімдері. Арийлердің діні (политеизм). Брахманизм (негізгі діни сенімдердің және касталық ерекшеліктер системасының қалыптасуы). Буддизм. Индуизм. Ислам. Музыканың дінмен, оның ғұрыптарымен байланысы.
Музыкалық эстетика. Ведалық әдебиет, әнұрандар жинағы. Музыка теориясы бойынша еңбекткр: «Натья – шастра», «Гита – говинда», т. б.
Үнді музыка системасының негіздері. Дыбысты физикалық, фәлсәфалық тұрғыдан түсіндіру. Жеті сатылы дыбыстізбек. Дыбыстар классификациясы. Музыкалық терминология. Шрути системасы. Нотацияның әріптік әдісі. Үш сызықты ноталық тұрақ. Ритм, өлшем.
Аспаптары. Ішектілер: ситар, вина, танпура, рубаб, дутар, саранги, эсрадж. Үрлемелілер: бансури, рамашринга. Соқпалы: мридангам, табла, нагара, панава және т. б.
Музыкалық материал: Үнді аспаптық музыкасы – Drams of India.
Тақырыптың аты: Үнді классикалық музыка – Рагасангит. Жанр мінездемесі. Жанр түрлері. Тәулік мезгілдерімен байланысы: таңғы рагтар (лалит), күндізгі рагтар (джаунпури, билавал), күннің екінші жартысы рагтары (мультани, патдит), кешкі, түнеру рагтар (кальян), түнгі рагтар (дарбари, канхара). Жанр формалары.
Многие исследования историков в области музыки помогли восстановить картину становления и развития индийской музыки, которая вобрала в себя все самое лучшее из культур народов, пребывавших в те времена в тесном контакте с Индией. Сангит является основой индийской музыки. Сангитом называется соединение танца, вокала и самой музыки. Изначально все три вида искусства существовали отдельно друг от друга, однако впоследствии их объединение привело к возникновению своеобразного комплекса под названием «сангит».Индийская музыка наших дней основывается на двух ключевых понятиях: тал и рага. Тал ритмическая форма, а рага – мелодическая. Рага соотносится с тональностями и гаммой западной терминологии музыки. Рага также состоит из семи нот, но значительно отличается от традиционной структуры западной музыки при ближайшем ее рассмотрении. Тал, как ритмическая форма, имеет довольно сложное устройство. Ритмические рисунки и схемы ударов повторяются по кругу, создавая несравнимый ни с чем эффект эйфории.В разных регионах Индии представление о мелодичности и ритмичности заметно отличаются. На современном этапе развития индийская музыка имеет две основных традиции: южную и северную. Северная традиция носит название «Индустан Сангит», а южная – «Карнатик Сангит». Оба направления классической индийской музыки схожи, но имеют разную терминологию и стиль исполнения.Многие музыкальные инструменты, используемые в Индии, возникли и существуют в пределах только этой страны. Самыми известными их индийских музыкальных инструментов являются: ситар и табла. Однако существует еще довольно много инструментов сугубо индийских.
Ән жанрлары мен стильдері. Ән салу стильдері «дхрупад», «кхаяль», «таппа», «тхумри» және т. б. Би өнері. Билік әндер «катхи». Театрлық өнер.
Тақырыптың аты: Қытай музыкасы.
Қытай музыкасы - Қытай музыкасының тарихы бірнеше мың жылдықтарды құрайды. Оған Орта Азия, Орталық және Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс Азияның музыкалық дәстүрлері ықпал етіп, әр түрлі тарихи кезеңдерде Қытай мемлекетінің кұрамына енген халықтардың (ұйғыр, тибет, монғол, маньчжурлар) музыкалық элементтерін бойына сіңірді. Өзі де Корея, Жапония, кейбір Оңтүстік-Шығыс Азия және Тынық мұхиты алабы халықтарының музыкаларына үлкен әсер етті. Қытай музыкасы ертеден діни, философиялық-идеологиялық ілім негізінде дамыды. Конфуцийлік трактаттарда музыка табиғатының космологиялық концепциясы зерттелді. Оның мемлекетті баскарудың бір тәсілі, адамдарды тәрбиелеудегі маңызды фактор және әлеуметтік үйлесімділікке жету құралы ретіндегі әлеуметтік-саяси рөлі атап көрсетілді. Даосизмнің түсініктері бойынша, музыка адамның табиғи психоэмоционалдық реакцияларының көрінуіне және оның табиғатпен бірігуіне мүмкіндік жасау керек. Буддистік дүниетаным музыкадағы мистикалық негізді атап көрсетті, ол болмыстың мәнін ұғынуға, адамның рухани жетілу кезіне көмектеседі. Музыкадағы көп дәрежелі символикалық ойлау жеке музыкалық үндердің, музыкалық аспаптардың, музыканың түрлері мен жанрларының әлемнің элементтері мен әлеуметтік-саяси жүйелерімен сәйкес болуын бейнеледі.
Қытайлардың музыка туралы алғашқы деректері біздің заманымызға дейінгі IV—III мың жылдыққа (аңыздар мен мифтер), ежелгі рөсімдік музыка туралы құжаттык деректер біздің заманымызға дейінгі XVI—XI ғасырларға жатады. XI—VIII ғасырларда рәсімдік оркестрлер дәстүрі пайда болды. Бяньцинь литофондары, қола қоңыраулар — бянъчжун; қоңыраулардың әр алуан түрлері, соның ішінде хун-чжуну гоудяо, юн, бо; гу барабандары, сазды сюанъ және т.б. жинақтала бастады. Чжоу дәуірінің (біздің заманымызға дейінгі V—III ғасырлар) соңғы кезеңінде конфуцийлік ілімнің ықпалымен сарайлық рәсімдер жүйесі қалыптасады, оларға вокалдық және аспаптық композициялар сай келетін. Сарай жанында рәсімдер мен музыкаға жауап беретін Дасыюэ мекемесі құрылды.
Ескі қоңыраулар
Хань дәуірінен бастап Солтүстік жәнө Оңтүстік хандықтар кезеңіне дейін (біздің заманымызға дейінгі 206 — біздің заманымыздың 581) музыкалық мәдениет едәуір көтеріледі. Сарайлық музыкалық өнердің маңызды түрлері: я - юэ — ресми конфуцийлік рәсімдер музыкасы және су-юэ — зиялылардың көңіл көтеруіне арналған музыка. Музыканттар Сыма Сянжу, Цай Юн Қытайдың әр түрлі облыстарынан дәстүрлі әндерді жинады. Қытайдың музыкасының кейінгі эволюциясы барысында маңызды рөлін сақтаған көп кұрамды оркестрлер дәстүрі дамиды (300-ден 800-ге дейін орындаушылары бар; дайындалу материалы бойынша аспаптаріи 8 топқа бөлінетін). Ішекті аспаптарда жеке орындау дәстүрі —цинь (әсіресе оқымысты элита арасында), пипе (орындаушылық мектептердің негізін қалаушылар — Су Чжипо, Цзи Лu, Янънянъ т.б.) пайда болды. Сұң және Таң (581—907) династияларының басқару кезеңі, ежелгі Қытай музыкасының өркендеу уакыты — өнердегі, соның ішінде музыкадағы таңдық стиль, сондай-ақ Кореяда, Жапонияда, Вьетнамда тарады. Арнайы кеңселер жұмыс істеді. Сарайлық музыка екі негізгі жанрлық түрге бөлінген — ли-пучи (ашық далада орындалатын музыка) және цо-пучи (ғимараттар ішінде орындалатын), оған я-юэ, су-юэ, банкеттер музыкасы (янъ-юэ), аспапты музыка (ху-юэ), әскери музыка (кучуй), театр музыкасы (сан-юэ), циньге арналған музыка (цинъ-юэ) кіреді. Янь-юэ оркестрмен орындалады, оркестр құрамында кытай аспаптарымен қатар Үндістан, Корея, Үнді-қытай елдері, Орта Азияның калалары мен мемлекеттерінің аспаптары және репертуарында осы елдердің музыкасы бар. VII ғасырда таман сарайлық оркестр өзінің Кұрамын молайтады (орындаушылар саны 1500-ге дейін), VIII ғасыр басында 5 арнаулы оқу орындары ашылды, соның ішінде сарай маңынан "Сaрайлық мектеп" (Цзяофан) және "Алмұрт бағы" (Лиюань) да бар. Білімді адамдардың үйлерінде ішекті және үрмелі аспаптарда (флейтада ди, арфада кунхоу, цинеде, пипеде және т.б.) камералық музыканы орындау дәстүрі тарайды. Осы кезеңнің әйгілі музыканттарының ішінде: Сюй Хэцзы, Хе Манцьзы, Ли Гуйнянь бар. Поэтикалық форманы (төрт жолдық) көрнекті ақындар (Бо Цзюйи, Ли Бо және т.б.) өлең шығару үшін қолданады, лютняның сүйемелдеуімен әнші әйелдер орындайды. IX—X ғасырларда қалаларда кәсіпқой жыршылардың орындауында бянъ-вэнъ формасында буддистік канондық кітаптардан алынған өлеңдік аңыздар мен эпизодтар тарайды. Сұң династиясы (X—XIII ғасырлар) кезіндегі конфуцийлік идеологияның жаңа өркендеу кезеңінде сарайлық музыканың ежелгі дәстүрінің қайта өрлеyi басталады. Музыканың жаңа әсем түрлері пайда болып, соның ішінде ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен орындалатын әндік — поэтикалық цы формасы, т.б. көрермендерді тартатын өнер түрлері кең ЕТЕК Алды. Бұл қарапайым адамдар арасында (вацзы) аспаптың сүйемелдеуімен Яжурун-дяо, XII—XIII ғасырлар және т.б. орындалатын ән-аңыздар: чуаньцзю — көп сағаттық драмалар, кытай үшін жаңа болып табылатын сона сияқты аспапты қолданатын нанъцю музыкалық драмалар; 4 ішекті монғол лютнясы (хубос). Юань-Минь (XIII—XVII ғасырлар) династиялары кезеңі Оңтүстік-Шығыс Аимн (Вьетнам) және Қиыр Шығыс (Корея, Жапония) елдерінің музыкасына әсер еткен дәстүрлі музыкалық драманың дамуының шыңы бОЛДЫ. Музыканың көптеген жергілікті түрлерінің ішінде сюяосстық, гэяньдік және т.б. XV—XVI ғасырлар Оңтүстік Қытайда куньцзю (куньшандық пьеса) жанры ерекше көрінді. XVI ғасырда басынан ол Солтүстік Қытайға да тарады. Бұл жанрдың шеберлері — Лян Чэньнюй, Чжан Етан, т.б. XIII—XVII ғасырлар музыкалық мәдениет сарайлардағы, қалалар мен ауылдардағы белсенді музыкалық өмірмен сипатталатын. Көптеген жергілікті вокалды, аспапты және би стильдерінің ішінде — янь-гэ (ән мен халық билері), лянжэнь-чжуань және лянжэнь-тай (пьеса-диалогтер), хуагу, хуадэн (музыкаға қосылып дәстүрлі әндер айтып көріністер көрсету), тибеттік нанма (речитатив пен би) бар. Жергілікті әндік жырлардың түрлері кеңінен тарайды: дагу (барабанмен қосыла және ішекті), цинъшу (цитраның сүйемелдеуімен), танъци (пипенің сүйемелдеуімен), цзоучан (театрландырылған жыр) және т.б. XX ғасырда да мағынасын сақтаған. Жырлардың әуенді типтері пайда болады — баньцянти, ляньцюйти, т.б. Жырлар айтылу ырғағына карай екіге бөлінеді: жылдам — куайбанъ, баяу — манъбанъ.
Қазіргі Қытай ансамблі
XIII—XIV ғасырлар Қытай музыкасы 2 дәстүрге бөлінеді: Солтүстік және Оңтүстік. Солтүстік үшін батырлық тақырып, музыкалық тілдің қарапайымдылығы, 7 сатылы мәнердің колданылуы тән; Оңтүстік үшін лирикалық бейнелердің басымдылығы, аса нәзік техникалық құралдар, пентатоникалық дыбыс қатарлары, алғаш үрмелі аспаптардың басымдылығы тән. Қытайдың ұлттық музыка аспаптарының 100-ден аса түрлері бар: ішекті — цитры цинь, чжэнь, гусли сэ, лютни, пипа, юэцинь, т.б.; үрмелі ұзын флейталар — чииди сона (гобой түрі), соқпалылардың ішінде әр түрлі барабандар — үлкен цзяньгу, сазды ху, бір жақты кішкентай баньгу, тамбурин яогу; қола коңыраулар тобы — бяньчжун жәнө т.б. бар. Цинь династиясының (1644—1911) баскару кезеңнің басында музыкалық мәдениеттің демократтану тенденциясы байқалатын. Қалалық музыкалық драманың түрлері пайда болады (жергілікті драманың негіздерінде), цзинцзюй пекиндік музыкалық драманың ең биік шыңы болып табылады. XIX ғасырда басынан қиындап кеткен ішкі және сыртқы жағдайларға байланысты (Маньчжурялық Цинь династиясы басқару кезіндегі империалистік державалардың "Апиындық соғыстары"). Сарайлық музыкалық дәстүрлер құлдырай бастады. Сонымен катар камералық аспапты және симфониялық шығармалар шығарылды (Ма Сыцун, Цжи Пэй, Чжу Цяньэр). Қытай музыкант орындаушылары шықты (пианистер — Лю Чикунь, Ли Минцян және т.б.) 1960 жылдардың басында және кейін аталмыш Мәдени революция барысында музыка Пекиндік басшылықтың саяси ұрандарын бейнеледі, дәстүрлі қытай музыкасын орындауға тыйым салынды шетел сазгерлерінің, сондай-ақ 1966 жылға дейін жазылған қытай сазгерлерінің шығармалары қуғынға ұшырады. Музыкалық ұжымдир таратылды, музыкалық оку орындары жабылды. 1980 жылдан бастап өнерпаздардың шығармашылығы дамыды, жаңа кәсіпқой ұжымдар кұрылды, жаңа және дәстүрлі музыканы зерттеу жұмыстары жөнге келді, музыкалық білім жетілдіріледі. Әйгілі сазгерлердің ішінде: Ли Хуаньчжи, Лю Чжи, Цюй Си сяньэр, Цюи Вэй, Чжу Цзянь және т. б. бар. Музыка танушылар ішінде: Ян Иньлю, Люи Цзи, Вань Юйхэ; орындаушьщір ітттінде дирижерлер — Ли Дэлунь, Ян Лянкун; әншілер — Чжоу Сяоянь, Вэй Чисянь, Ху Сунхуа; пианистер: Вэй Данвэн, Ли Чжэн; скрипкашылар — Шэн Чжунгр, Ху Хуэн, Сюэ Вэй; халық аспаптарында орындаушылардың ішінде Лю Дэхай (пипа), Чжан Чжэхуа (эрху), У Диньлюэ,У Вэнгуан (цинь) бар. ҚХР-да шамамен 40 музыкалық журналдар шығады, соның ішінде "Жэньмин инью" ("Халық музыкасы"), "Иньяньцзю" ("Музыкалық зерттеу"), "Чжунго иньюэсюэнің" ("Қытай музыкатануы") орны ерекше. Жыл сайын музыкалық фестивальдар өткізіліп тұрады. ҚХР-да (1988) Пекиндегі Орталық мемлекеттік опера театры және Қытай театры, Пекин мен Шанхайда ба лет театры, Пекиндегі симфониялық оркестрлер, Қытай халық аспаптарының орталық оркестрі, Шығыс халықтарының ән-би ансамблі, Орталық ұлттық ән-би ансамблі жәнө бірнеше ансамбльдер бар. Музыканттар одағы, 8 жоғары оку орындары жұмыс істейді.[1]
Қысқаша тарихи очерк. Діни – мифлогиялық сенімдеоі. Аспаптары. Қытайдың дәстүрлі оркестрі.
Музыкалық системаның негіздері. Люй – люй музыкалық системасы.
Қытай музыкалық театры. Музыкалық эстетика.
Діни – мифологиялық доктриналар. Конфуцийлік, даосизм, буддизм( чань – буддизм). Табиғат пен музыканың космологиялық концепциялары. Музыканың адам өміріндегі маңызы. Музыка мен өнердің барлық түрлерін белгілейтін юэ – ның жалпылама түсінігі. Ежелгі музыкалық аспаптар: литофон, қола коңырау, барабан және т. б.
Халық шығармашылығының ескерткіші «Шицзин» («Книга песен» б. з. д. 5 ғ. ). Бірдауысты музыканың кең таралуы. Конфуцийлік діннің ғұрыптық музыканың құрылуына ықпал етуі. Хань дәуірі ( б. з. д. 206ж – б. д. 581ж.).Музыкалық өнердің өркендеуі. Ресми церемониялар музыкасы – я – юэ, ақсүйектер көңілденетін музыка – су – юэ. Көп құрамды оркестрлер дәстүрінің дамуы. Аспаптарды 8 топқа бөлу.
Суй мен Тан династияларының кезеңі (581 – 907). Қытай музыкасының гүлденуі. Кореяда, Вьетнамда, Жапонияда таралған тан стилі. Сарай музыкасының жанрлық түрлері: ли – пучи – ашық ауадағы музыка; цо – пучи – ғимаратта орындау (банкет музыкасы, аспаптық және әскери). Оркестр құрамының 1500 қатысушаға дейін кеңейту. «Сарай маңы мектебі», «Алмұрт бағы» - білім беру орындарының алғашқылары. Ішекті және үрмелі аспаптарда тұрмыстық камералық музыка орындау.
13 – 12 ғғ. Монастрлар мен қалалардың белсенді музыкалық өмірлері. Аспаптық және вокалдық стильдер көпшілігі. Янь гэ – халық билері мен әндері, диалог пьесалар, дәстүрлі көріністер мен әндер музыка сүйемелдеуімен, тибеттік нанма – речитативті би.
Ән сказдарының түрлері. Олардың классификасиясы. Оңтүстік және солтүстік дәстүрлердің қалыптасуы.
Аспаптар байлығы: 100 түрі. Ішекті – шертпелі цинь цитралары, чжэнь, сэ гуслиі, пипа лютнялары, юэцинь; ыспалы: эрху, баньху, сыху, хуцинь; үрмелі : ұзын сяо флейтасы, пайсяо свирелі және т. б.
Соқпалы - әртүрлі материалдан барабандар, қоңыраулар. «Цинь» династиясы кезеңінде музыкалық драманың пайда болуы.
Ән шығармашылығының жанрлары: еңбек, ғұрып, қала кедейлерінің, қайықшылар, зергерлердің әндері. Әндер мазмұны. Табиғат суреттерін сәулелендіру («Весна на озере», «Летающие куропатки»); қоршаған ортаның құбылыстарын («Песня о слепом колдуне»). Қытай мелодикасчының және ритмикасының сипаты. Саз системаларының құрылуы. Пентатонды ладтың бес түрі. Хроматикалық дыбыс тізбек. «Люй – люй» системасы.
Орындаушылық мінезі. Регистрден регистрға тез көшу. Метр – ритмнің зор маңызы: бос синкопалы ритм. Поэтикалық тексттің және музыканың бірлігі. әндердің аспаптық сүйемелінің түрлілігі. Аккомпанемент шу фоны ретінле, вокалды партияны унисонмен қайталау, және аспапты ән ортасында «заставка» не «аяқтау» ретінде қолдану.
Музыканың қоғамдық маңызы жайлы ілім. (Дуань Ан – цзе, 5 ғ. « записи о музыке» Қытай класикалық музыкасының Корея мен Жапонияда әсерлі таралуы. Сун (10 – 13 ғғ.) кезеңіндегі эстетикалық принциптер, музыка теориясы (темперация системасы) және вокалды формалар ( чжунгундяо көп бөлімді сказ әні) ; музыкалық драманың арықарай дамуы.
Музыкалық материал: видео материал көру: «Провинция Китая»; музыка тыңдау : Қытай дәстүрлі музыкасы ( қытай ұлттық аспаптарында орындалған, хуцинь, цинь, пиба т. б., дәстүрлі асапаптық музыка.).
Тақырыптың аты : Қытай музыкалық театры.
Қытай классикалық театры. Сарай маңы театры; онда әнмен драматикалық диалогтың бірігуі, аспаптық музыканың, пантомима мен бидің бірігуі; вокалдық музыканың құрмалас түрлері. Ноталық жазуды дамыту. Пекиндік опера. Авторлықтың жоқтығы. Пластикалық сценография, драматикалық, вокалдық шеберліктің және акробатикалық әдістердің кешені. Музыкалық интонация және ритм – спектакльдың негізі. Тондық әңгімелеу әсерінен рфмаланған диалог пен әндетудің ұқсастығы. Мазмұны: көркем аңыздардың, сказаниелердің, тарихи оқиғалардың қойылымы(жау шапқыншылығы, крестьяндар соғысы). Қытай театрындағы пантомиманың үлкен маңызы. Қимыл - әрекет системасы.Декорациялармен мезансценаның жоқтығы. Әрекеттің жеңіл әрі жиі ауысулары. Кейіпкерлердің бір уақытта әр жерде көрсетуі.Ойластырылған тус комбинациялары, бояулар таңдауы.
Қытай театрының музыкалық жағы. Дыбыстың, бидің, сөздің үзілмес бірлігі. Негізгі мәнерлеу әдістері - ән , аспаптық орындау. Актерлардың қозғалыстарының бір ритмге бағынуы және биге ауысуы.мелодика, ритмика темпімен,оркестр құрамымен байланысты образдар шеңбері.
Соқпалы аспаптардың маңызды рөлі. Мелодиканың халық - ән табиғаты.Провинциялы театр. «Янгэ» жанры – массаклы халық көрінісі. Негізі. Крестьяндық еңбек әндері.
^ Музыкалық материал:видео материал көру «Пекинская драма»
Тақырыптың аты: Оңтүстік – Шығыс Азия музыкасы.
Регионның музыкалық шығармашылығының жалпы сипаты. Діни – мифологиялық сенімдері. Корея музыкалық мәдениеті.Аспаптық , вокалдық музыканың жанрлары. Аспаптары. Музыкалық системаның негізі. Музыкалық театр. Вьетнам музыкалық мәдениеті. Аспаптық және вокалдық музыканың жанрлары. Аспаптары. Музыкалық системаның негіздері. Музыкалық театр.
Оңтүстік – Шығыс Азияның күрделі әсерлесуі. Қытай, Үнді, Араб мемлекеттерінің ғұрыптық музыкаға ықпалы. Филиппины оңтүстігінде сұлтан Малай тұсынды үлкен Набат оркестрінің құрылуы. Кейбір араб аспаптарының таралуы (ребаб, цитра, лютня). Музыкалық аспаптардың санының зорлығы, дамыған ансамбльмен орындау, көптеген жанрлар мен стильдер. Музыканың вертикалды организациясына бағытталуы. Ансамбльде бір типті аспаптардың жиынтығы – жанұя. Онда жанұя иерархиясының білінуі.
Б. з. д. 3 ғ. – б.з. 4 ғ. Үрлемелі , соқпалы аспаптардан тұратын ғұрыпты – церемониялы оркестрдің құрылуы. Явандық қуыршақ көлеңкелі театрында гамеленды қолдану. Кхмерлік оркестрлекрдің құрамы. Бирмандық оркестрдің спецификасы. Жазбаша музыка негізіндегі классикалық ән жанрлары. Буддисттік монастрладағы музыка маңызы.
Вьет этносының дәстүрлі музыкасы. Музыкалық мәдениеттің ежелгі ескерткіштері – литофн, қола барабан, гонг. Сарай маңы церемониялары үшін қолданған. Қытай, Үнді мәдениеттерімен әсерлесуі. Сарай маңы және храмды музыка сфералары. Дәстүрлі музыка центрлері – динь– ортақ үйлері. Лорада «Батам» ансамбльдерінің құрылуы. Музыкалық мәдениеттің 10 ғ. бастап жарқын дамуы. Ауыл театры «тео»-ның, су бетіндегі қуыршақ театры « руа нуок»- тың қалыптасуы. Соқыр даладағы әншілердің орындауындағы баяндау мінезді әндері. Ритуалды әрі көңілдендіретін форма сияқты дамыған әйелдер әндері дәстүрі – «качу». Музыканың қатал классификациясы – Қытай ықпалы. Екі оркестр түрі «Дай няк» және «Теу няк», оркестр құрамын кеңейту.Аристократиялық музыкалық дәстур – поэмаларды лютня, не цитра сүйемелдеуімен айту. Жанрлар – «ван» және «доктау». Вокалдық формаларға жақындау.
17 – 19 ғғ. – қалалық музыканың дамуы- Хюэ қаласының камералық аспаптық өнері.
Аспаптары: үрмелі – сяо, тиеу (флейта типі), кен, сона (гобой түрі); ішекті – ыспалы: ни, дан бау (монохорд); ішекті – шертпелі – дан ты ба, дан нгуэт, дан дай, дан чань (16 ішекті цитра); соқпалы – литофон, гонг, барабан, қоңырыу, ксилофон және т.б.
Музыкалық теория. Шығыс мәдениетіне тән саздық организация. Ладтардың образдар мен сезімдермен байланысы. Екі лад типі : бак (жарқын) және гам (көңілсіз, сабырлық). 5 – 7 сатылы дыбыстізбектер. Мелодия суретінің орнаменталдығы. Силлабикалық типті ритм. Өрлету әдісі – ладты модуляция.
^ Музыкалық материал:музыка тыңдау: Вьетнам дәстүрлі оркестрі, корея оркестрі; этникалық музыканың шедеврлері( Вьетнам мен Кореяның әртүрлі стилистикадағы аспаптық және вокалдық музыка үлгілері); видео материал көру «Обряд жертво приношения. Лаос», «Ппраздник дракона»
.Тақырыптың аты : Моңғолия музыкасы. Қысқаша тарихи очерк. Діни – мифологиялық сенімдері. Ән және аспаптық шығармашылығының музыкалық жанрлары. Эпос. Ғұрыптық музыка. Аспаптары.
Монғол музыкасының ежелгі бұлақтары. Онда Орталық Азия регионын нәсілдейтін басқа музыкалық дәстүрлі этностардың өрілуі. Вокалдық музыка орындаудың басым болуы. Ладтық система пентатоника немесе түрлі диапазонның тірек центрлері орын ауыстыра алатын ангемитонды дыбыстізбектер.Тамақпен ән салу – хоомей. Цуурда (ұзынша флейта), аманхурамда (варган типтес) ойнау.
Негізгі түрлер: регулярлы ритмикасы жоқ баяу музыка, нақты ритмикасы бар тез, билік сапаптық музыка. Аспаптар: Ішекті – ыспалы- дәстүрлі морин – хур, ир – хур, хучир; ішекті – шертпелі - тобшур, шудрага, цитра, ятга, ёочин (цимбала түрі): ағаш үрлемелі – лимбэ, цуур, биш – хур(гобой типі), эвэр – бурээ(мүйіз), соқпалы барабандар хэнгэрэг, бумбур, цан тарелкалары; литофондар, шаман бубендері де қолданылады; храмдық аспаптар – теңіз раковинасы, дун, хонх қоңыраулары, гонг, үлкен мыс трубалары.
Ежелгі музыка түрлерінің аңшылық пен мал шаруашылығымен байланысы (рожоктарда, манка - дудкаларда ойнау, сигнал – дыбыстау мелодиялары, мелодикалық ысқыру т. б. ) Хунну (б.з.д. 3 ғ. – б.з. 2 ғ.) империясы кезеңіндегі монғолдардың бақа халықтармен қатынасы. Жаңа монғолдық музыканың түрі пайда болуы. Ерте феодалды мелекет ұйымдары. Сарай маңы музыкасының музыкасының дамуы( 13 ғ деиін). Оркестрлердің функциялауы. Музыканың ата – баба культінда, шаман ғұрыптарында, әскері қызметте (дыбыстау, декламациялау түрдегі мелодиялар). Керуендік әндер сөзсіз болған (уншууу).
Моңғол империясының пайда болуы (13 ғ.) Юань династиясы. Классикалық моңғол музыкасының қалыптасуына ықпал еткен Шыңғыс хан тұсындағы церемониялық дәстүрлер. Құрамы бойнша кең оркестлер – 400 қатысушыға дейн. Көп бөлімді композициялар – 80 бөлімге дейін.
Музыкалық – поэтикалық жанрлар (ода), және сургаал (дидактикалық өлең). «Панчатантра», «Рамаяна» (14 ғ.) аудармасындағы буддийлік әдебиетті әндетіп оқу дәстүрінің пайда болуы. Тойларға, сайыстарға (күрес, атжарыс, садақпен ату) арналған тұрмыстық музыканың түрлері.
Моңғол эпосын шығару («Гэсэриада»), кеиін «Бэнсэн улигер» (кітаптық сказ); 13 ғ. «Сокровенное сказание» атты классикалық әдебиет.Цин (17 – 20 ғғ.) династиясы кезеңіндегі ламаистикалық монастырлардағы музыка.. Монастырлар маңында театрлық қойылымдар (Хамрынхийд, Гандантэгчинлэн). Моңғол созыңқы әндерінің жанрлық түрлері: созылма – уртын – дуу, қысқа – богино – дуу.
^ Музыкалық материал: видео материал көру – «Моңғолия музыка мәдениеті»; музыка тыңдау – тамақпен ән салу хоомей, Моңғолияның дәстүрлі ән және аспаптық шығармашылығы.
Тақырыптың аты: Жапония музыкасы
Қысқаша тарихи очерк. Діни – мифологиялық сенімдері. Аспаптары. Жапон дәстүрлі оркестр, Халық – кәсіби музыкасы.
Жапон музыкасы — Шығыс Азияның сансыз көп аралдарын, Хоккайдо көлінен бастап Рюкю архипелагына дейін мекендейтін халықтардың өзіндік музыкалық дәстүрлерінің жиынтығы болып табылады. III ғасырда бастап Қытай жәнө Кәріс музыкасымен өзара байланыста дамып, ортаазиялық және Оңтүстік-шығыс азиялық, сондай-ак индиялық-буддалық, XIX ғасырда соңынан бастап еуропалық және америкалық мәдениеттердің ықпалына ұшырады.Яёи мәдениеті кезеңінде (біздің заманымызға дейінгі V ғасырда — біздің заманымыздың IV ғасырда) сиқыршылық ритуалдарда Қытай және Кәріс аспаптарына ұқсатылып, қоладан жасалынған музыкалық аспаптар (барабандар, қоңыраулар) қолданылған. Ямато ірі тайпалық одағы құрылған соң,синтоизммен (табиғат Құдайларына және бабаларының діни нанымдарына негізделген сенім жүйесі) байланысты би билеп, ән айтып, аспаптарда ойнау аркылы жүргізілетін мистериялық кагура діни нанымы кең таралады. Буддизмнің калыптасуына байланысты (VI ғасырда) сёмё атты буддалық он айту салты дамиды. Сёмёнің негізгі категорияларына сан гимндері жатады. Санскрит тілінде — бонсан, қытай тілінде — кансан, жапон тілінде — васан деп аталады. Өн айту құрылысы (композициясы) қысқа ұзінділерден (сэнрицу-кэи) құралады. XIII ғасырда бастап Жапонияда дзэн - буддизм мектебінің таралуына байланысты ыдыс (тәрелке), сылдырмақ, барабан сияқты соқпа аспаптар ұнімен үйлестіріліп айтылатын Сұң кезеңінің (X—XIII ғасырлар) қытай-буддалық ән айту мәнері енді. Буддалық дәстүрлер (өсіресе орта ғасырда) ақсүйектік жапон музыкасының жеке өн түрлеріне, жанрына, стиліне әсер еткен. Нара жәнеХэйан дәуірінде (VIII—XII ғасырлар) конфуцизм әсерімен Жапонияның сарай маңындағы музыкалық өмірі Таң дәуіріндегі Қытайдағыдай ұйымдастырылған еді, яғни "Гагакурё" музыкалық басқармасы, "0 ута докоро" ән айту баскармасы, маманданған музыканттар кауымы құрылды. Сарай ән-би өнерінің түрі және жанрлары, өсіресе "Гагаку" Қытай, Кәріс, Үндістан, Тибет, Орта, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия, маньчжур-тунгус халықтарының әсеріне ұшырады. VIII ғасырда бастап сарайда жапон аңыздарында сүйенген, бимен бейнеленген жапон музыкасының өзіндік түрі калыптасты. Гагакуді жапондандыру барысында халықтың музыка стильдері негізінде жаңа вокалды- аспапты жанр пайда болды. Ол Сайбара (әнші мен хордың гагаку оркестрінің сүйемелдеуімен кезектесіп айтылатын "Жылқышылар өні"), имаё (тәрелкелер-ыдыс және барабандардың сүйемелдеуімен айтылатын "жаңа кезеңдегі әндер"), роэй (хордың және ұш флейтаның сүйемелдеуімен поэмаларды кытай, жапон тілдерінде дәстүрлі әнмен айту) сиякты ұлттық стильдерге негізделген. Комакуро (1192—1333) және Асикага (1335/38—1573) дәуірінде әскери жүйенің орнығуына және әскери әулеттің (самурайлар) өлеуметтік рөлінің өсуіне байланысты сарай музыкасының маңызы азайды. Энкёку (сарай мерекелері), жиџанкез монахтардың орындауындағы биве аспабының сүйемелдеуімен айтатын хэйкёку (әйгілі "хэйкэ-моногатари" аңызынан), сондай-ақ өнер театры сияқты вокалды стильдің негізгі түрлері дами бастады. XVI ғасырда ортасынан бастапЖапонияда португал христиандық миссионерлері пайда болды, католиктік мессаның музыкасында дәстүрлі жапон әні колданылды, еуропа музыкалық аспаптары — орган, скрипка,гобой (Арима және Нагасаки қалаларында) кең тарай бастады.
Токугава (1603—1867) дөуірінде, яғни Жапонияның сыртқы өлемнен бөлектенуі кезінде христиандықты жою саясаты жүргізілді. Қалалардың маңызының өсуіне байланысты театр жанрлары — ноо музыкалық драмасы, кейіннен кабуки драмасы, буираку қуыршақ театры дами бастады. Мамандандырылған орындаушылар мектебі дең- гейіндегі және әуесқой музыканттар арасында котоның сүйемелдеуімен өнді жеке орындау,сямисэнде, сякухатиде ойнау кең тарай бастады.
Музыка жөніндегі жапон ғылымының негізгі ережелері Кома Тикадзанэнің "Кёкунсё"(1231), Абэ Суэнаоның "Гаккароку" (1690), т.б. трактаттарында айтылған. Гагаку музыкасына қарағанда бива,сякухати, кото, сямисэнеде аспаптарында ойнаумен (әндетіп) байланысты музыкалық дәстүрлер үлкен ұлттық ерекшелік болып есептелінеді. Мёсёбива (VII ғасырда бастап) — будда сутраларын, діни аңыз поэмаларды биваның сүйемелдеуімен өуендетіп айту, хэйкэбива (XII— XIV ғасырлар) — "Хэйкэ-моногатари" эпосынан аңыздар, (соқыр монахтар — мёсё орындаған); сацумабива (XVI ғасырда) —самурайлар арасында, кейіннен жалпы халық арасында кең тараған мёсёбиваның бір түрі; тикуд- зэнбива (XIX ғасырда — XX ғасырда басы — сямисэнға арналған музыка және мёсёбива негізінде құралған) сияқты әр түрлі орындаушылық дәстүрлер бивамен байланысты.
Котода жеке ойнау дәстүрі XVI ғасырда соңына қарай дами түсті, яғни будда монахтары мен конфуцилік ортада цикусигото дәстүріндегі музыка кең тарады, ол қытайдағы цин аспабында орындау аясында қарастырылған арнайы философиялық-этникалық доктринаға сүйенді. Атақты орындаушы Яцухаси Кэнгё (XVII ғасырда) Хэйан дәуірінде орындалып жүрген сюита түріндегі котоға арналған таза аспаптық композициясы — данмононы қайта жаңғыртты. Оның орындаушылық мөнері Икутарю (XVII ғасырда аяғы), Ямадарю (XVIII—XIX ғасырлар) атты кейінгі Кото мектептеріне негіз болды. XIII—XIV ғасырлар будда монахтары арасында сякухатида ойнау дәстүрі дамыды. Сякухатиге (XVIII ғасырда бастап) арналған музыканың классикалық түрлері 2 типке бөлінеді: хонкёку (ерекше музыка), гайкеку (өзгелерден қабылдаған пьесалар). XVI—XIX ғасырлар сямисэнеде ойнау дәстүрі барлық әлеуемттік таптар мәдениеті арасында тарады. Әсіресе бунраку қуыршақ театрында және бабуки театрында сямисэн аса маңызды рөл ойнай бастады. Вокалды аспапты композицияларда сямисэн партиясы вокалдан қалыспады. XVII ғасырда бастап кото және сямисэн аспаптарында катар орындау төжірбиесі (дуэт), ал XIX ғасырда екінші жартысынан бастап трио (кото, сямисэн, сякухати), яғни санкёку композициясын орындаушылар қалыптаса бастайды.
Ежелгі синтоистік мистериялар, маска киген буддалық би драмасы спектакльдері — гигаку, сарайдағы би қойылымдары — бугаку, қарапайым халықтық сюжеттік қойылым — саругаку, ақсаңдап билеу драмасы — эннэ-но маи, дэнгаку спектакльдері, т.б. Жапон театрының түрлі дәстүрлі формалары XIV—XV ғасырларда ноо музыкалық би драмасында талданып, жинақталып алынды. Нооның көркемдік принципі (негізі) дзэн — буддизмнің ыкпалымен калыптасты. Нооның негізін салушы артистер Киёцугу Канъами (1333—1384) және оның баласы Мотокиё Дзэами (1363—1443),олар Ноопринциптерін арнайы трактаттарда теориялық жағынан калыптастырды. Ноода сөз сөйлеу және көркем сөз оқу шеберліғі ән айтумен кезектесіп келіп отырады. Онда негізгі кейіпкерлермен катар спектакльде дзи вокалды тобы және құрамында тайко, оцудзуми, коцудзуми барабандары, нокан флейтасы бар хаяси аспабы ансамблі бірге қатысады. Нооның дәстүрлі репертуарында 200-ден астам пьеса бар. XVI ғасырда аяғы -- XVII ғасырда басында жапон театр дәстүрінде Ноодан баска Кабуки және Дзёрури театрлары болды. Кабуки — ән айту мен аспапты интерлюдия, нэмбуцу-одори биі негізінде калыптасқан. Сямисэн сүйемелдеу дәстүрлі кабуки және дзёрури театрларының карым-қатынасын жақындастыра түседі. I Миндзоку-онгану дәстүрлі музыкалық шығармашылық стилі мен түрлерінің әржактылығымен ерекшеленеді. Рюкю, Окинава аралдары музыкасының құрылымдық негізі ерекше, айндар шығармашылығы да өзінше ерекшеленіп көрінеді. Мамандар 3 негізгі бағытты белгілеп отыр. Олар: варабэута (балалар әні), минъё (халық әндері), миндзокугэйно (дәстүрлі театрлық қойылымдарға арналған музыка). Минъёге 2 музыкалық стиль — оивакэ, ягибуси кіреді. Минъёда 5 сатылы дыбыс текшелерінің 4 түрі қолданылады. Дәстүрлі қойылымдар — идиофоны-дэбёси (табак), канэ, сури-дзасара, биндзасара, ецудакё, т.б. түрлі аспаптардың сүйемелдеуімен жүргізіледі.
3- СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ
^ Курстық жұмысты орындау негізгі кезеңдері :
Тақырыпты талдау
Тақырыпқа ену
Жұмыс жоспарын құру
Теориялық зерттеудің нәтижесін анализдеу.
-Керкті және қосымша материалды зерттеу (конспектілеу)
-Лекциялық материалды бекту
-Музыкалық материалды толығымен тыңдау,викторинаға дайындалу
^ Әлемдік музыка тарихы пәні бойынша сынаққа қойылатын талаптар.
Музыка тарихы курсында қорытынды бақылаудың екі түрі бар. Семестрлер аяқталғанда сынақ мен емтихан өткізіледі.
Сынақ тест формасында өтеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Галацкая В.С. Музыкальная литература зарубежных стран. Вып. 1.м., 1983
2. Левик Б.В. История зарубежной музыки. Вып.II. Вторая половина XVIII века. М., 1979
3. Левик Б.В. Музыкальная литература зарубежных стран. Вып. II. М., 1979
4. Розеншильд К.К. История зарубежной музыки. Вып. I М., 1978
5.Васильченко Е. В. Арнайы курстың конспект-бағдарламасы «Музыкальная культура Азии и Африки»музыкалық ЖОО-на арналған. –М. : 1982
6 .Васильченко «Звуковые аспекты мира»........
7 .Внеевропейские культуры: вопросы изучения традиций. –М. : 1988
8 .Грубер Р. Всеобщая история музыки. Ч. 1.- М., 1956
9. История мировой культуры / Г. В. Драч редакциясымен.- Ростов-на Дону: Феникс, 2000.
10. Конрад Н. Очерки истории средневековой Японии.-М., 1978 Актуальные проблемы изучения музыкальных культур стран Азии и Африки.-Ташкент, 19831.Виноградов В. С Индийская рага. – М.: 1976
11.Внеевропейские культуры: вопросы изучения традиций. – М.:1988
12.Грубер Р. Всеобщая история музыки. Ч. 1. – М., 1956
13.История мировой культуры // под ред. Г. В. Драча. – Ростов – на Дону: Феникс, 2000.
14.Менон Радхава Р. Звуки индийской музыки. Путь к раге. – М.: 1982
15.Михайлов Д. Удивительный мир африканской музыки // Африка еще не открыта. М.:1973
16.Музыка народов Азии и Африки.Вып. 1- 6. –
Достарыңызбен бөлісу: |