Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет5/5
Дата19.11.2016
өлшемі1,07 Mb.
#1998
1   2   3   4   5

ІІІ. Бүгінгі сабақта біз қабілеттің психологиялық диагностикаларын және психологиялық диагностикадағы арнайы қабілет тесттері, психологиялық диагностикадағы кәсіптік кеңес беру туралы білдік.

Психодиагностиканың кәсіби және этикалық сұрақтары.

Психодиагностиканың кәсіби және этикалық нормалары. Этикалық кодекстің негізгі қағидалары. Тесті жүргізуге қойылатын талаптар.



  1. Психодиагностикалық жұмыс нәтижелерінің қолданылу салалары.

Психодиагностиканың теориялық пән ретіндегі міндеті ғылыми негізделген психодиагностикалық әдістерді өңдеу және теориялық тұжырымдамалар мен болжамдарды тексеру болып табылады. Практикалық психодиагностикада психодиагностикалық берілулердің нәтижесі қалай, кіммен қолданылуына байланысты. Осыған орай психодиагностикалық жұмыстың нәтижесін практикада қолданудың бірнеше салаларын көрсетуге болады:

  1. Психодиагностика оқыту және тәрбиелеу үрдісін белсендендіру үшін қолданылады. Психодиагностика көмегімен білім беру-тәрбиелеу мекемелерінің жұмысшыларының алдында тұрған міндеттер шешіледі. Бұл баланың мектепте оқуға даярлығы, оқу үлгермеушілігінің себебін анықтау, кәсіптік бағдар беру.

  2. Диагностикалық жұмыс кәсіби іріктеу, кәсіби бағыт беру, кәсіби білім беру мамандарының іс-әрекетінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады, ол арнайы кәсіби кеңес беру, білім беру мекемелерінде жүргізіледі. Бұл жұмыс әркімге өзіне лайықты мамандық таңдауға, кәсіби білім және іскерлікті нәтижелі меңгерудің жолын табуға, кәсіби шеберлік деңгейін жоғарлатуға бағытталған.

  3. Диагностикалық жұмыс нәтижесі клиникалық кеңес беру және психотерапиялық жұмысты қолданылады. Бұл жағдайда психодиагностиканың негізгі міндеті клиенттің нақты проблемасының себебін анықтау және оларды шешудің жолдары және тәсілдерін таңдау.

  4. психодиагностика сот практикасында соттық-психологиялық экспертиза жүргізу үшін қолданылады. Туындаған мәселеге байланысты психодиагност зерттеу нәтижесі бойынша психологиялық қорытынды шығарады.



3 Практикалық және зертханалық сабақтар

Практикалық сабақтың жоспары.

Семинар (практикалық) сабақтардың мақсаты және міндеттері:

Дәріс сабақтарында алған білімдерін бекіту, нығайту және тереңдету.

Теориялық материалды терең зерттеу, пән бойынша білімін жүйелеу.

Психологиялық әдебиеттерді талдау негізінде теориялық тұжырымдамаларды нақтылау.

Психологиялық әдебиеттермен өзбетінше жұмыс істей алу, материалды жалпылай алу дағдыларын қалыптастыру.

Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, психологиялық-педагогикалық құбылыстарға деген өзіндік көзқарастарын қалыптастыру.

Білім меңгеруде, шығармашылық ынталарын және қабілеттерін көрсетуде өзбеттілікті дамыту.

Болашақ педагог-психолог маманы ретінде ғылымға және кәсіптік іс-әрекетіне деген қызығушылығын тәрбиелеу.


Тақырып 1. Психодиагностикаға кіріспе.

1-апта
Жоспар:

  1. Психологиялық-педагогикалық диагностиканың психологияның басқа салаларымен байланысы.

  2. Практикалық психология аумағында дифференциалды психодиагностикалық білімді қолдану.

  3. Өңдеуші және психодиагностикалық әдістерді қолданушыларға қойылатын нормативтік талаптар.

  4. Әдістемелерге қойылатын талаптар.

  5. Аралас-мамандардың әдістерді қолдануы.

Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты қарастыру барысында психологиялық диагностиканың басқа ғылым салаларымен соның ішінде жалпы психология, дифференциалды психология, психометрия, жас ерекшелігі психологиясымен байланысын, психодиагностиканың негізгі категорияларын қарастыру керек. Практикалық психология саласында дифференциалды психодиагностикалық білімдердің маңыздылығына, психодиагностикалық әдістерді өңдеуші және қолданушы практиктерге қойылатын нормативтік талаптарға, сондай-ақ психодиагностикалық әдебиеттер, әдістемелік материалдарға, өлшемді және эксперттік әдістемелерге қойылатын талаптарды жүйелеу қажет.
Әдебиеттер:

    1. Общаяпсиходиагностика./Подред.А.А.Бодалева,В.В.Столина./-М.,1987.

    2. Гуревич К.М. Психологическая диагностика. М., 1990

3. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики.-т.3.- М, 2003.

Тақырып 2. Психодиагностиканың ғылыми-теориялық негізі.

2-апта

Жоспар


  1. Психодиагностика пәнімен міндеттері.

  2. Психодиагностиканы қолдануды талап ететін арнайы практиканың аумағы.

  3. Дифференциалды психометрика.

Әдістемелік нұсқау: Семинар сабағына даярлану барысында психодиагностика пәнімен міндеттерін, психодиагностиканы қолдануды талап ететін аранйы практика саласын, дифференциалды психометрияның дамуы, бұл саладағы негізгі еңбектерге, психометрика саласындағы әдістемелерге қойылатын талаптарға тоқталу қажет.

Әдебиеттер:

    1. Общая психодиагностика./Под ред.А.А.Бодалева,В.В.Столина./-М.,1987. 15-17 беттер.

    2. Шмелев А.Г. Основы психодиагностики. Москва, Ростов-на –Дону: Феникс, 1996. 17-26 беттер.

    3. Немов Р.С. Психология. Кн.3 1998. 7-13 беттер.


Тақырып 3. Психодиагностиканың пайда болу тарихы.

3-апта

Жоспар


  1. Психодиагностиканың дамуының алғышарттары.

  2. Психологиялық тестік әдістердің пайда болуы.

  3. Топтық тестік тексерудің пайда болуы.

  4. Арнайы қабілет және жетістіктер тесті.

Әдістемелік нұсқау: психодиагностиканың дербес ғылым ретінде дамуына ықпал еткен алғышарттарға (эксперименталды психология, дифференциалды психология), тестік әдістердің пайда болуына, ақыл-ой тестерінің, Бине-Симонның ақыл-ой шкаласының, ақыл-ой коэфициенті ұғымына, топтық тестік тексерудің пайда болуына, арнайы қабілеттер және жетістік тестері, екі факторлы теорияның, алғашқы жетістік тестерінің пайда болуына тоқталу керек.

Әдебиеттер:

    1. Общая психодиагностика./Под ред.А.А.Бодалева,В.В.Столина./-М.,1987.

    2. Гуревич К.М. Психологическая диагностика. М., 1990

    3. Шевандрин Психологическая диагностика.


Тақырып 4. Психодиагностиканың Ресейде дамуы.

4-апта

  1. Психодиагностика саласындағы отандық еңбектер.

  2. Интеллект тестерінің даму тарихы.

  3. Психодиагностика саласындағы А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, П.Я.Гальпериннің еңбектері.

  4. Л.С.Выготскийдің психологиялық- педагогикалық диагностикаға қосқан үлесі.

  5. Психодиагностикалық процедуралардың өңделуі (проективті техника, контент-талдау).


Әдістемелік нұсқау: Орыс психологиясындағы материалистік бағыттың өкілдері атақты орыс физиологтары И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың еңбектеріне, В.И.Бехтеревтің «невропсихикасына», және т.б. отандас ғалымдардың (А.А.Токарский, С.С.Корсаков, Г.Ц.Россолимо, А.Ф.Лазурский, А.П.Болтунов, М.Ю.Сыркин) еңбектеріне тоқталу керек. Интеллект тестерінің пайда болу, даму тарихына, психодиагностика саласындағы А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, П.Я.Гальпериннің, Л.С.Выготскийдің психологиялық- педагогикалық диагностикаға қосқан үлесіне тоқталу керек.

Әдебиеттер:

1.Общая психодиагностика./Под ред.А.А.Бодалева,В.В.Столина./-М.,1987. 35-51 беттер.

2.Гуревич К.М. Психологическая диагностика. М., 1990

3.Шмелев А.Г. Основы психо диагностики. Ростов-на –Дону. «Феникс» 1996.



Тақырып 5. Психодиагностиканың қазіргі жағдайы.

5-апта

Жоспар


  1. Мектептегі психологиялық қызмет жүйесіндегі психодиагностика.

  2. Педагог- психолог қызметіндегі психодиагностикалық мәселелер.

  3. Психодиагностиканың Ресей және ҚР жағдайлары.

Әдістемелік нұсқау: Мектеп мәселелерін шешудегі психодиагностиканың атқаратын қызметін, психодиагностика мәселелерін және оларды шешу жолдарын, психологиялық қызмет жүйесіндегі психодиагностиканың алатын орнын, Ресей және Қазақстандық психолог-педагогтардың қосқагн үлесін, еңбектерін қарастыру қажет.
Әдебиеттер:

  1. Намазбаева Ж.И. Развитие личности умственно отсталық школьников. А-А., 1986 ж.

2. Жарикбаев Қ. Псих. Наука в Казахстане. Алматы.
Тақырып 6.Психодиагностикалық әдістердің жалпы сипаттамасы.

6-апта

Жоспар


  1. Психодиагностикалық әдістердің жалпы сипаттамасы.

  2. Психодиагностикалық әдістерге қойылатын талаптар.

  3. Тест- психодиагностиканың негізгі құралы ретінде.

  4. Тестің түрлері.


Әдістемелік нұсқау: Семинар сабағына даярлану барысында психодиагностикалық әдістердің сипаттамасын, топтастырылу негізін, қолдану ерекшеліктерін, жақсы жақтарымен кемшіліктеріне , психодиагностикалық әдістерге қойылатын талаптарына (жарамдылық, нақтылық, сенімділік, бір мағыналылық) тоқталу керек. Стандартталған әдістердің бірі – тестің сипаттамасын, оған қойылатын талаптар, тестің жақсы жақтары мен кемшіліктеріне, тестің түрлеріне нақты мысалдар арқылы тоқталу керек.

Әдебиеттер:

1.Общая психодиагностика./Под ред.А.А.Бодалева,В.В.Столина./-М.,1987. беттер. 19-20 беттер.

2.Гуревич К.М. Психологическая диагностика. М., 1990

3.Шмелев А.Г. Основы психо диагностики. Ростов-на –Дону. «Феникс» 1996. 105-119 беттер.

4. Немов Р.С. Психология. Кн.3 1998. 26-53 беттер.
Тақырып 7. Тестің сенімділігі мен валидтілігі.

7-апта

Жоспар


  1. Тестік норма.

  2. Психодиагностикалық өлшеудің статистикалық қағидалары.

  3. Тест сенімділігі және валидтілігі, олардың өзара байланысы.

Әдістемелік нұсқау: тест әдістеріне қойылатын талаптарға, психодиагностикадағы норма ұғымына, тестің сенімділігі мен валидтілігіне, олардың байланысына назар аудару керек.

Әдебиеттер:

2.Гуревич К.М. Психологическая диагностика. М., 1990

3.Шмелев А.Г. Основы психо диагностики. Ростов-на –Дону. «Феникс» 1996.

4. Немов Р.С. Психология. Кн.3 1998.


Тақырып 8. Тестерді адаптациялау және құру технологиясы.

8-апта

Жоспар


  1. Тестік қалыптар және оның репрезентативтілігі.

  2. Психодиагностикалық әдістерді адаптациялау.

  3. Психодиагностикалық әдістерді адаптациялау кроссмәдени және тарихи жағдайы.

Әдебиеттер:

2.Гуревич К.М. Психологическая диагностика. М., 1990

3.Шмелев А.Г. Основы психо диагностики. Ростов-на –Дону. «Феникс» 1996.

4. Немов Р.С. Психология. Кн.3 1998.


Тақырып 9. Арнайы және жалпы қабілеттер.

9-апта

Жоспар


  1. А.Амтхауэр тесті.

  2. Айзенк тесті (жалпы қабілетті анықтау)

  3. Жетістік тестері. Жетістікке жету мотивациясын зерттеу әдісі (А.Мехробиян)

  4. Креативтілік диагностикасы. Дж.Гилфордтың шығармашылық ойлау тестісі.

  5. Торренстің вербальды емес креативті тесті.

  6. Арнайы қабілеттер және кәсіби кеңес беру тестері.

  7. Темперамент және мінез-құлықты зерттеу әдістері. ЧХТ (черты характера и темперамент) тесті.

  8. Темперамент формуласы (А. Белов).

  9. Шмишектің тест-сұрақшасы.

Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабақтарға даярлану барысында әдістемелерді мұқият оқып шығыңыз, өзіңізге жүргізіп, диагностиканың нәтижесіне рефлексия (өзіндік баға) жасап, мүмкін болатын қиындықтар мен қателіктерді қарастырыңыз.

Әдебиеттер:

  1. Практикум по общей и экспериментальной и прикладной психологии: Учеб. пособие / В. Д. Балин, В.К. Гайда и др. Под обшей ред. А.А. Крылова., С.А Маничева – СПб.: 2005

  2. Рогов А.В. Настольная книга практического психолога в образовании- М, 1993

  3. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики.-т.3.- М, 2003.

  4. Білім әлемі. 2003 15 мамыр. 13-16 беттер.

5. Немов Р.С. Психология. Кн.3 1998.

6.Общаяпсиходиагностика./Под ед.А.А.Бодалева,В.В.Столина./- М.,1987. беттер. 19-20 беттер.


Тақырып 10. Ақыл-ойын дамытудың психологиялық-педагогикалық диагностикасы.

10-апта

Жоспар


  1. ШТУР тесті

  2. Д.Векслер тесті, ДЖ.Равеннің прогрессивті матрицалары.

  3. Гуддинаф-Харрис тесті.

  4. Ақыл-ой тестерін шетелдік психодиагностикада қолдану.

  5. Тілдік емес тестер, әрекет тестері, мәдениет әсерінен бос тестер.

  6. Адамның табиғи психофизиологиялық ерекшеліктерінің диагностикасы.

  7. Мотивацияның психодиагностикасы. Әзіл-ысқақ ойлар тесті (Тест юмористических фраз).

  8. ТАТ (тематикалық апперцептивті тест).

Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабақтарға даярлану барысында әдістемелерді мұқият оқып шығыңыз, өзіңізге жүргізіп, диагностиканың нәтижесіне рефлексия (өзіндік баға) жасап, мүмкін болатын қиындықтар мен қателіктерді қарастырыңыз.

Әдебиеттер:

1.Практикум по общей и экспериментальной и прикладной психологии: Учеб. пособие / В. Д. Балин, В.К. Гайда и др. Под обшей ред. А.А. Крылова., С.А Маничева – СПб.: 2005



2.Рогов А.В. Настольная книга практического психолога в образовании- М, 1993

3. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики.-т.3.- М, 2003.

4.Немов Р.С. Психология. Кн.3 1998.

5.Общаяпсиходиагностика./Под ед.А.А.Бодалева,В.В.Столина./- М.,1987.
Тақырып 11. Тұлғалық сапалардың психодиагностикасы

11-апта

Жоспар


  1. Тұлғалық қарым-қатынас (социометрия, референтометрия әдістері). Әлеуметтік-психологиялық климатты зерттеу әдістері.




  1. Аяқталмаған суреттер әдістемесі.

  2. Лири тесті.

  3. Эмоционалды ерік-жігер сферасының диагностикасы. Еріктік өзін реттеу әдістемесі.

  4. Пессимистік-оптимистікті зерттеу.

  5. Өзін-өзі бағалау әдістері.

  6. Үрейді зерттеу әдістері.

  7. Агрессивтілікті зерттеу әдістері. Басса-Дарки сұрақшасы.

  8. «ҮЙ. АҒАШ. АДАМ» әдістемесі.

  9. Дүниеде жоқ жануар.

  10. Автопортрет.

Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабақтарға даярлану барысында әдістемелерді мұқият оқып шығыңыз, өзіңізге жүргізіп, диагностиканың нәтижесіне рефлексия (өзіндік баға) жасап, мүмкін болатын қиындықтар мен қателіктерді қарастырыңыз.

Әдебиеттер:

1.Практикум по общей и экспериментальной и прикладной психологии: Учеб. пособие / В. Д. Балин, В.К. Гайда и др. Под обшей ред. А.А. Крылова., С.А Маничева – СПб.: 2005



2.Рогов А.В. Настольная книга практического психолога в образовании- М, 1993

3. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики.-т.3.- М, 2003.

4.Немов Р.С. Психология. Кн.3 1998.

5.Общаяпсиходиагностика./Под ед.А.А.Бодалева,В.В.Столина./- М.,1987.

6. Собчик Л.Рисованный апперцептивный тест.//Школьный психолог. – 2002 - №19

7.Соколова Проективные методы исследования личности. М. 1980

8. Жуковский И. Тест несуществующее животное.// Школьный психолог. – 2000 - №26


Тақырып 12. Мектеп жасына дейінгі балалардың психодиагностикасы.

12-апта

Жоспар


  1. Мектеп жасына дейінгі балаларды психодиагностикалау ерекшеліктері.

  2. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерінің даму ерекшеліктері.

  3. Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғасы мен жеке адамдық қарым-қатынасының ерекшеліктері.

Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабақтарға даярлану барысында әдістемелерді мұқият оқып шығыңыз, өзіңізге жүргізіп, диагностиканың нәтижесіне рефлексия (өзіндік баға) жасап, мүмкін болатын қиындықтар мен қателіктерді қарастырыңыз. Осы жас кезеңдегі балалармен психодиагностикалық жұмыстың ерекшеліктеріне назар аударыңыз.
Тақырып 13. Кіші және орта мектеп жасындағы балаларды психодиагностикалау ерекшеліктері.

13-апта

Жоспар


  1. Кіші мектеп оқушыларын психодиагностикалау ерекшеліктері.

  2. Кіші мектеп оқушыларының танымдық процестерінің даму ерекшеліктері.

  3. Мектепте оқуға даярлық параметрлері.

  4. Кіші мектеп оқушыларының тұлғалық және өзара жеке бастық қарым-қатынас ерекшеліктері


Әдебиеттер:

1. Немов Р.С. Психология. Кн.3 1998.



2. Рогов А.В. Настольная книга практического психолога в образовании- М, 1993
Тақырып 14. Жеткіншектер мен жасөспірім балаларды психодиагностикалау ерекшеліктері.

14-апта

Жоспар


  1. Жеткіншектер мен жасөспірім балаларды психодиагностикалау ерекшеліктері.

  2. Жеткіншектер мен жасөспірім балалардың танымдық процестерінің даму сипаты.

  3. Жеткіншектер мен жасөспірім балалардың өзара жеке бастық қарым-қатынасының ерекшеліктері.


Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабақтарға даярлану барысында әдістемелерді мұқият оқып шығыңыз, өзіңізге жүргізіп, диагностиканың нәтижесіне рефлексия (өзіндік баға) жасап, мүмкін болатын қиындықтар мен қателіктерді қарастырыңыз. Осы жас кезеңдегі балалармен психодиагностикалық жұмыстың ерекшеліктеріне назар аударыңыз

Әдебиеттер:

1. Немов Р.С. Психология. Кн.3 1998.



2. Рогов А.В. Настольная книга практического психолога в образовании- М, 1993

Тақырып 15. Кәсіби психодиагностика.

15-апта

Жоспар


  1. Кәсіби іріктеу мен кәсіби бағыт-бағдар психодиагностикасы.

  2. Жұмысқа қабілеттіліктің темпераментпен байланысы.

  3. Адамды нақты психологиялық типтерге жатқызуды құру тестері.

  4. Дифференциалды-диагностикалық сұрақнама (ДДО).

  5. Холландтың «Мамандықты таңдау» сұрақнамасы.

  6. Стандартталған және эксперттік әдістер.


Әдістемелік нұсқау:Кәсіби іріктеу, кәсіби құпиясы, әдістердің жариялануы мен таралу ережесіне, жұмысқа қабілеттіліктің темпераментпен байланысына, ақпараттың психодиагностикалық конфиденционалдылығына назар аудару керек.

4. Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

    • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

    • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

    • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

    • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

    • Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

    • Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

    • Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

    • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.


Бақылау жұмысының тақырыптары

  1. Психодиагностика пәні, оның теориялық және қолданбалы міндеттері.

  2. Психодиагностиканың даму тарихы және бүгінгі жағдайы.

  3. Психодиагностиканың зерттеу әдістері.

  4. Дифференциалды психодиагностиканың даралық мәселесі.

  5. Оқыту диагностикасының әдістерін құру қағидалары мен әдістері.

  6. Жақын аралық даму зонасы туралы және өзекті деңгейлері.

  7. Адамның потенцалды мүмкіндіктері және оқыту (обучающий) эксперименті.

  8. Дифференционалды психологиядағы жас мәселесі.

  9. Психологтың кеңес беру мен диагностикалық жұмыстары.

  10. Дамудың нормативті түсінігі.

  11. Баланың психикалық дамуының бағыттары мен темптері.

  12. Индивидуалды-психологиялық дамуды зерттеудегі лонгитюдті әдісі.

  13. Темперамент туралы ілімнің дамуы мен негізгі теориялары.

  14. Адамның сенсорлық-перцептивтік қасиеттері.

  15. Көпке танымал интеллект тестісі.

  16. Конституционалды типтердің мәселесі.

  17. Жоғарғы нерв қызмет типтерінің қабілеттермен арақатынасы.

  18. Дарындылық адамның индивидуалды психологиялық ерекшелігі ретінде.

  19. Қабілеттердің классификациясы.

  20. Қабілеттерді өлшеу мәселесі.

  21. Мінездің құрылымы мен психологиялық қызметтер.

  22. Жеке адам, темперамент, мінездің арақатынасы.

  23. Дифференциалды психологиядағы ақыл-ой мәселесі.

  24. Адам конституциясының деңгейлері мен құрылымдық элементтері.

  25. Э.Кречмер мен У.Шелдон бойынша адам конституциясының типтері.

  26. Мінез акцентуациясының типтері.


Психологиялық-педагогикалық диагностика пәні бойынша емтихан сұрақтары.

    1. Психодиагностика пәні, оның теориялық және қолданбалы міндеттері.

    2. Психодиагностикалық әдістердің негізгі топтары.

    3. Психодиагностиканың пайда болу тарихы.

    4. Психолог жұмысындағы психодиагностиканың ролі.

    5. Проективті техникалардың пайда болу тарихынан.

    6. Контент-талдау құжаттары.

    7. Психодиагностика және аралас зерттеу бағыттары.

    8. Ақыл-ой дамуын диагностикалау мәселесі.

    9. Қарым-қатынас диагностикасы.

    10. Психологиялық тестік әдістердің пайда болуы.

    11. Ресейде психодиагностиканың даму тарихы.

    12. Л.С.Выготскийдің психологиялық-педагогикалық диагностикаға қосқан үлесі.

    13. Мектептегі психологиялық қызмет жүйесіндегі психодиагностика.

    14. Психодиагшностиканың Ресей және ҚР қазіргі жағдайы.

    15. Психодиагностикалық әдістерге жалпы сипаттама.

    16. Психодиагностикалық әдістерге қойылатын талаптар.

    17. Тест- стандартталған әдіс ретінде.

    18. Тест әдісінің түрлері.

    19. Психологиялық тестің обьективтілігі.

    20. Тест сенімділігі.

    21. Валидтілік түрлері.

    22. Қабілеттер тестісі.

    23. Жалпы және арнайы қабілеттер туралы түсінік.

    24. Темперамент және мінез-құлықты зерттеу әдістері.

    25. Интеллект түсінігі және ақыл-ой коэффициенті.

    26. Креативтілік диагностикасы.

    27. Отандық және шетелдік психодиагностикада креативтілік диагностикасы.

    28. Тест-сұрақнамалар, олардың түрлері.

    29. Эмоционалды ерік жігер сферасының диагностикасы.

    30. Тұлғалық сапалардың психодиагностикасы.

    31. Проективті әдістер.

    32. Мектеп жасына дейінгі балаларды психодиагностикалау ерекшеліктері.

    33. Мектепте оқуға даярлық мәселесі.

    34. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасын психодиагностикалау ерекшеліктері.

    35. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін психодиагностикалау ерекшеліктері.

    36. Кіші және орта мектеп жасындағы балаларды психодиагностикалау ерекшеліктері.

    37. Жеткіншектер мен жасөспірім балаларды психодиагностикалау ерекшеліктері.

    38. Кәсіби іріктеу мен кәсіби бағыт-бағдар психодиагностикасы.

    39. Психодиагностиканың кәсіби және этикалық нормалары.

    40. Тест жүргізуге қойылатын талаптар.

    41. Дифференциалды психодиагностиканың даралық мәселесі.

    42. Оқыту диагностикасының әдістерін құру қағидалары мен әдістері.

    43. Жақын аралық даму зонасы және оның өзекті деңгейлері.

    44. Клиникалық-зерттеу әдістері.

    45. психологиялық-педагогикалық диагностика әдістері.

    46. Мотивацияны зертту әдістері.

    47. Психодиагностикалық әдістерді топтастыру негіздері.

    48. Арнайы және жалпы қабілеттер диагностикасы.

    49. Тест әдістерін қолдану салалары.

    50. Қабілеттің факторлы теориясы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет